Ұстаз, ата – ана, оқушы үштігі ынтымақтастығының білім сапасын арттырудағы рөлі.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұстаз, ата – ана, оқушы үштігі ынтымақтастығының білім сапасын арттырудағы рөлі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Білім беру мекемесі мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастық әрекет арқылы тұлғаның дамуына жағдай тудыратын біртұтас білім кеңістігін құру арқылы білім сапасын арттырудың маңыздылығын ұғындыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепішілік ата – аналар жиналысы

Мектеп педагог-психологы: Оразаева Н.К.

Коучинг тақырыбы: Ұстаз, ата – ана, оқушы үштігі ынтымақтастығының білім сапасын арттырудағы рөлі.

Мақсаты: Білім беру мекемесі мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастық әрекет арқылы тұлғаның дамуына жағдай тудыратын біртұтас білім кеңістігін құру арқылы білім сапасын арттырудың маңыздылығын ұғындыру.

Психологиялық ахуал. Ата – аналар шеңберге тұрғызылып, қолдарына жүрек таратылады. Бір – біріне тілек айтып, жүректі мыжиды. Мыжылған жүректі жазып көрейік ол өз қалпына келмейді. Ендеше біз де бір – біріміздің жүрегімізге қаяу түсірмейік.

Ой – толғаныс. (Слайд) 1. Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Абай

2. Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы.

3. Бала әкеден ақыл, анадан мейір алады.

4. Балапан қыран болу үшін, оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек.

5. Баланы 5 жасқа дейін патшадай күт, 10 жасқа дейін құлыңдай жұмса, 15 жастан асқан соң досыңдай сырлас.

Бейнежазба тамашалау: «Бала тілегі». Бейнежазба бойынша ой бөлісу.

Мектеп директорының сөзі: Білім беру мазмұнын жаңарту – заман талабы.

Топпен жұмыс: Отбасылардың суретін құрастыру арқылы топқа бөлінеді.

Ата-аналарға тапсырма: Білім беру мен білім алуда өзгерістер қажет пе, қандай өзгерістер қажет деп ойлайсыздар ? Білім сапасы неге төмен болады, нені өзгертсек білім деңгейін жоғарылатуға болады ?

І топ: Ұстаздардың көзқарасымен.

ІІ топ: Ата – аналардың көзқарасымен

ІІІ топ: Оқушылардың көзқарасымен


Сергіту сәті. «Таяқ жүгірту» ойыны. Таяқты шеңбер бойымен жүгірту. Таяқты ұстаған ата – ана тәрбие, мектеп, білім туралы бір мақал айтады.

Мысалы: Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні кәріп.


Қорытынды: Тренинг «Ақ орындық пен қара орындық» деп аталады. Ақ орындыққа отырған ата – ана мектептің жағымды жақтарын, қара орындыққа отырған ата – ана мектептің жағымсыз жақтарын айтады.

Кері байланыс:

  1. Сауалнама алу.

  2. «Конверттегі сұрақ» әдісі арқылы әр ата – ана стикерге бір тілек және бір сұрақ жазып конвертке салады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
945
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі