Ұстаз болу – жүректің
батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің
ақылдығы.
Ұстаз болу – мінездің күн
шуағы,
Ұстаз болу – адамның асылдығы, -
деген
Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын оқығанда,
мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені
ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық. Адам
Ата Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені ойландырып, толғандырып
келе жатқан, қоғам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен мәселе –
шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау. Бұл –
қиынның қиыны. Себебі әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі
- өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шар - тарапқа жетелеуші.
Ұстаз - бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт - бағдар беруші, ата
- ананың сенімді көмекшісі.
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан -
жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше
шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та –
ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден,
адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім
беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым - қатынаста
болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына
басшылық етуді мойнына алған
маман.
Ал қазіргі заманның мұғалімі қандай болмақ
керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш -
жігерін, парасат - қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл
- әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін,
бай қиялды адамға тән
қасиет.
Сондай - ақ ұстаз күнбе күнгі өзінің көп
қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап
отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға
дайын болуға тиіс. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан - дүниесін
танып - білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел
болашағының мүсіншісі деуге
болады. Педагог әрқашанда өзін қоғам талабына сай
үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым
- қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз
пәнін жетік білетін әрі уағыздаушы, таланты мен тәжірибесі
тоғысқан, өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі
мен жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы
керек.
2
Қазіргі кездегі оқушылар
білімінің төмендеп кету себептерін «жаһандану мен әлемде болып
жататын өзгерістерге сәйкес мектеп жүйесінің кешенді түрде
өзгертілмегендігінен», «мектептерге оқытудың жаңа мазмұны енгізіліп
жатпағандығынан», «мұғалімдердің заманауи оқыту әдістері мен
формаларын пайдаланып оқытпағанынан», т.б. сияқты қол жетпес
«қияннан» іздеп жатамыз. Оқушылар білімінің нашарлауын
мектептің іші-сыртынан іздеу керек. Оларды табу да қиын шаруа емес,
күнделікті оқыту үдерісінде қадам сайын кездесіп те жатады, бірақ
оны ескере бермейміз. Солардың негізгілеріне
тоқталайық. Қазіргі кезде мұғалімнің де, мектептің де,
одан жоғары оқу-ағарту ұйымдарының да білім сапасының нәтижесі
оқушылар үлгерімінің пайыздық көрсеткішімен өлшенетіндігі белгілі.
Мәселен, тоқсанда екілік баға алған оқушысы бар мұғалім нашар
мұғалім атанатын болды. Үлгермейтін оқушыларының пайыздық
көрсеткіші жоғары мектеп – артта қалған мектеп. Тәжірибеде
мұғалімдер «жақсы мұғалім» атанудың оп-оңай жолын тауып та алған.
Ол – оқушыға нашар баға қоймау. 100% үлгерім беру! Оқу
жетістіктерін бағалаудың пайыздық көрсеткіші оқушылар біліміне
қойылатын талаптың әлсіреуіне әкеліп соқтырды. Кейбір оқушылар
біліміне сай бағаланбады. Керек десеңіз, «кітап бетін ашпағандар»
да кездеседі. Оқушыларды біліміне сай әділ бағалау деген мәселе
өткен ғасырдың 80-жылдары қолға алынған да болатын. Ол «оқытудың
міндетті нәтижесі» деп аталды. Онда әрбір тақырыпты оқып-үйрену
кезінде оқушылар не білуі, қандай біліктіліктер мен дағдылар
қалыптасуы керек екендігін дәл анықтау керек деген ой болды. Егер
оқушы «оқытудың міндетті нәтижесіне» қол жеткізе алмаса, оған
«үштік» баға қойылмайды деп болжамдалған да еді. Бірақ бұл
әдістемелік жүйені жүзеге асыруға «жалпыға бірдей міндетті орта
білім беру» науқаны мүмкіндік бермеді. Мүмкін, қазіргі жағдайда,
оқушылар үлгеріміне қойылатын талапты күшейту мақсатымен барлық
оқушы үшін міндетті, әрбір тақырыпты меңгерудің ең төменгі
(минимум) деңгейін дәл анықтап алу керек шығар. Оқу минимумын
орындай алмаған оқушыға оң баға қойылмайды. Сонда оқушының өзінің
де және ата-ананың да жауапкершілігі артады. Бұл жоғары сыныптарға
(кейін бейіндік сыныптар мен мектептерге) білімі төмен оқушылардың
келуіне де тосқауыл болар еді. Сонда қазіргі кездегідей орта
білімге сәйкес білімі жоқтардың «жоғары білім» туралы диплом
алуының төлемақыға тәуелділігі де жойылуы мүмкін. Мектепте
үлгермейтін оқушының болуы да ешкімнің үрейін ұшырмайтын болуы
керек. Сонда үлгермейтін оқушының сыныптан сыныпқа көшпей қалуы да
«төтенші жағдай» болудан қалып, қалыпты жағдайлардың біріне
айналады. Үлгермейтін оқушы үшін мұғалімді кінәлаудың да, мектеп
директорын жазалаудың да қажеті болмайды. Ондай жағдайда
оқушылардың үлгерімін бақылау және қадағалау комитетінің тексеріп
тұруының да керегі болмай қалады. Егер «оқу қонбайтын» оқушы болса,
оларды ерте бастан кәсіпке баулу да ізгіліктілік қағидасын жүзеге
асырудың бір көрінісі. Қазір айтылып жүрген «оқытудың күтілетін
нәтижесі» де «оқытудың міндетті нәтижесін» меңгеруді көздейді.
Бірақ оқушы білімін бағалаудағы пайыздық, әріппен, сандық шкала,
соңында цифрмен баға қою сияқты басы артық жұмыстар білім сапасын
арттыруға тигізер әсері мен өзіміздегі қалыптасқан бағалау
жүйесінен артықшылығы болмайды-ау,
шамасы