400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұстаз-ұлағатты есім

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстазым туралы мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы





ҰСТАЗ – ҰЛАҒАТТЫ ЕСІМ



Ұ стазы жақсының ұстамы жақсы деген дана халқымыз. Нағыз ұстаз болу-бақыт әрі абырой. Ұстаздың бейнесі біздер үшін адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны-әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Ұстаз-бұл қасиетті мамандық иесі.

Менің ұстазым – Гульзира Муратовна. Ол – ұлағатты ұстаз. Өйткені болашақ буындарды оқыту мен тәрбиелеу ісіне арнап келеді. Мейірімді, кішіпейіл, ақ жарын жан. Гульзира апайдың кішіпейілдік қасиеті маған ұнайды. Кішіпейіл мінезімен бәрімізді бауырына баурап алатын жанның орны мен үшін қашан да ерекше.

-Ұстазымның тағы бір жақсы қасиеті ұқыптылығы. Сабақ барысында жүріп, тұруы, салмақтылығы, ұстамдылығы, сабырлығы менің жанымды баурап алады. Ұстазымның сол қасиетін бойыма сіңіргім келеді.

– Гульзира Муратовна-күнделікті бізге сабақ бергенде, яғни оқу үрдісінде оқушылармен қарым-қатынаста жүрек жылуына толы және үйлесімділік кұрған ұстаз. Апайымның әр бір сөзін көкірегіме құйып алғым келетін. Гульзира апай өз ісінің асқан шебері. Себебі, бізге сабақта түрлі тапсырмаларды түсінбеген қиын кезеңдерде қол ұшын созудан шаршаған емес және шаршамайды да.

-Сыныптан тыс тапсырмалар беріп, кітапханаларға барып шығармашылығымызды шындауды, өз бетінше ізденуді, еңбектенуді үйретті.

Әрбір шәкірттің өзі сүйген, жылдар бойы тәлім алған ұстазының аяулы бейнесі көкірек көрігінде, жүрек түбінде сақталуы заңдылық. Себебі, Гульзира Муратовнадай асыл ұстаз - баланы адам қылып тәрбилеп, күлімдеген, күнім деген, сенің жүрегіңе болашаққа мақсат қоя білуге сенім ұялатқан зор тұлға. Гульзира апайымдай үлкен тұлға болып қалыптасып, өз еліме үлесімді қосқым келеді.



Совет Гүлім

Босаға ЖББ мектебінің 10-сынып оқушысы.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 наурыз
217
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі