"Ұстаз ұлық емес, ұлы қызмет"

Тақырып бойынша 27 материал табылды

"Ұстаз ұлық емес, ұлы қызмет"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа Қазақстанның педагогі туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Ұстаз ұлық емес, ұлы қызмет"

Аялдамада автобустың кешіккеніне тыпыршып тұрмын. Кезекшілік болған соң, ертерек бару міндетім еді. Сағат зуылдап, уақыт тоқтар емес. Кенаттан жеңіл машина алдыма тоқтады. Ештеңе айтпастан отыра кеттім. Үнсіз мектеп жанына жетіп жол ақысын төлейін десем, рөлде отырған менің қарт ұстазым екен. Амандаса кеттім. Ұстазым жылы жүзімен жымия қарады. Қызметіңе адал болмысыңа ризамын. Біз аманбыз. Тіршілік баяулап өтіп жатқасын, бойымызды жалқаулық баспасын деп таңертең жол бойымен бір қыдырып қайтамын деді. Амандығын тілеп, көліктен түстім де бір аяқты жолмен жүріп келемін.

Екі өкпемді қолыма алып әзер мектеп алдына жеттім. Көзім ұзынша созылған коридордың басында тұрған сағатқа түсті. Әлі уақыт бар. Ентігімді басып баспалдақпен көтеріліп келе жатырмын.

Педагог болуды да, қызмет етуді де, борыш санаймын. Мен Жаңа Қазақстанның педагогімін.

Жаңа Қазақстанның педагогі қандай болу керек? Оқушы деген қап емес, не болса соны сыйғыза беретін, ол-шамшырақ оны жаға білу керек. Педагогтың негізі бағыты жүректен орын алу. Себебі мұғалім мектептің жүрегі. Алдымыздағы әр бір бала, бір тағдырдың иесі.

Сондықтан мен қоғамның қалыптасуына шәкіртке жол көрсетуші, оқушының заманына сай білім мен тәрбие алуына еңбек етіп келемін. Ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:" Жай мұғалім хабарлайды,жақсы мұғалім түсіндіреді,керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады "– дейді. Білім алушының шамын жағып, өмірге құштарлықпен шабыттандырып, қоғамға пайдалы азамат етіп шығуға үлес қосамын.

Егер мен Жаңа Қазақстанның оқушысы болсам? Заманауи педагогтан жаңашыл идеяға толы кеңістігінен бар мүмкіндіктерін алар ем. Ізденімпаз педагогтан еңбекқорлықты, шығармашыл мұғалімнен өнерді, білікті ұстаздан жан-жақтылықты үйреніп бәсекелеске қабілетті тұлға болатын едім. Яғни менің айтпағым қазіргі мұғалімнен оқушының алары көп.

Мен қарапайым ауыл мектебінің мұғалімімін. Жаңа Қазақстанның ауылдағы педагогі ретінде ауыл мектептерінің құрал-жабдықтары мен заманауи ақпараттық техникалармен қамтылу жағдайы жасалыну керек.

Ақпараттық қоғамда цифрлық әлем орнаған уақыт. Дегенмен ауыл мектептеріндегі интернет желісінің жылдамдығының баяулығы, заманауи педагогтың шығаршылығына кері әсерін береді. Әр түрлі ойлауы мен қабылдауы, деңгейі бар оқушыларға мүмкіндіктер қарастыра отырып сабақ өтемін. Менің мамандығым шыдамдылық пен төзімділікті талап етеді. Сабақ беру оңай, әр бір балаға білімді меңгерту, нәтижеге жұмыс істеу еңбек.

Сондықтан ғалым Генри Форт " Бұған дейін жасағандардың бәрін,оданда жақсырақ етіп жасауға болады" деген секілді білікті маман ретінде ғана емес,білім беруде өз тәжірибеме де сүйенемін.

Сонымен қатар оқушының қабілетін, деңгейін ескере отырып жан-жақты тиімді әдіс-тәсілдермен сабақ өтемін. Қажеттілік пен талап ету білім алудың алғашқы баспалдағы.

Оқушының білімді меңгеруі, өмірде қолдануын менің педагог ретінде жетістігім деп білемін. Ата-анамен де үшінші тірек ретінде байланыс орната білдім. Педагог пен ата-ана оқушының қос қанаты іспеттес. Не ексең, соны орасың.

Педагог қай кезде болсын алдыңғы қатарда бой көрсететін тұлға. Пайымы мен парқы, білімі мен біліктілігі сай педагог ол қоғамның сыйлы маманы. Өз мамандығыммен қызметім үшін еңбек етіп келемін.

Б.Момышұлының "Ұстаз ұлық емес, ұлы қызмет"-деген сөзімен қорытындылаймын. Жаңа Қазақстанның педагогы-өз ісінің шебері, білікті маман ретінде өз ұрпағымды оқытуға қызмет етемін.


«Алматы облысы білім басқармасының

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша» ММ

«Рахат орта мектебі » КММ

директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары

Оразалиева Алима Жумабаевна


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.04.2024
94
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі