Материалдар / “Ұстаздан шәкірт озар ” сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

“Ұстаздан шәкірт озар ” сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайыстың мақсаты: Мұғалімдер мен оқушы арасындағы байланысты нығайтушапшаңдыққа баулу. Оқушылардың пәніндерге деген қызығушылығын, ынтасын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілеттерін, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру, әділдікке, намысқойлылыққа жетелеу. Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Ұстаздан шәкірт озар» атты білгірлер мен тапқырлар кешіне қош келдіңіздер! Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Жүргізуші: Уа, Халайық, халайық, Бәріне жар салайық, Бүгінгі кеш төрінде есеп шешіп , аңдысып, Шабыт тасып шалқысып Көнілді кеш жасайық! – деп алған білім, өлең-жыр, жұмбақ, өнерімізді барымызды ортаға салайық. Қазылар орнықтырар әділдікті Кімдердің жауаптары кәміл шықты Білім мен тапқырлықтың сайысында Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты дей отырып, әділқазы алқаларын таныстырып өтейік:
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2018
1800
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұстаздан шәкірт озар сайысы

 Сайыстың мақсаты:          Мұғалімдер мен оқушы арасындағы байланысты нығайтушапшаңдыққа баулу. Оқушылардың пәніндерге деген қызығушылығын, ынтасын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілеттерін, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру, әділдікке,  намысқойлылыққа жетелеу.

Жүргізуші:   Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Ұстаздан шәкірт озар» атты білгірлер мен тапқырлар кешіне қош келдіңіздер! Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші:        Уа, Халайық, халайық,

Бәріне жар салайық,

Бүгінгі кеш төрінде

есеп шешіп , аңдысып,

Шабыт тасып шалқысып

Көнілді кеш жасайық!  – деп алған  білім, өлең-жыр, жұмбақ,  өнерімізді  барымызды ортаға салайық.

Қазылар  орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты

Білім мен тапқырлықтың сайысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты дей отырып, әділқазы алқаларын таныстырып өтейік:

Жүргізуші:         Сәлем бер, елге сәлем бер,

Таныстыр көпке атыңды

Сәлем бер, көпке сәлем бер

Шығаршы кәне атыңды  – дей келе

Алдарыңызда Мұғалімдерден құрылған «Ойшылдар»  тобы.

Оқушылардан құрылған «Күн әлемі»  тобы.

Мұғалімдер мен оқушыларды атымен таныстыру.

1 сайыс Қызықты жұмбақтар (жұмбақтар оқылады, жылдам жауап берген топ ұпай санына ие болады.)

  1. Сыныптан бір шықпайды, тимесең жұқпайды,

Жәрдемсіз бұл затсыз оқушы сабақ ұқпайды.  (Бор)

2.Қабат-қабат қаптама

Ақылың болса аттама (кітап)

3.Теңіздей түбі терең,

Сүңгіген жетер әрең (Білім)

4.Астында төсегі бар салған тағы,

Адамша сөз сөйлейді тілі жоқ жағы

Теңізден салған жолы сайрап жатыр

Мүдірмей ойлап тапшымұны-дағы (қалам)

5.Өзгені бақытты етем деп,

Өзі қажалып қалыпты. (қарандаш)

6.Бір сирағы біз

Бір сирағысалады із (циркуль)

Сайыс «Сөз тапқанға қолқа жоқ» (сайыс шарты: сұрақ қойылады, ал сіздер тек берілген үш әріпті пайдаланып жауап берулеріңіз қажет)

Шарты: Командаларға үш әріп беріледі. Әріптерді байланыстырып сұрақтарға жауап беру. (Мысалы Ж , А, Қ  әріптері)

Ұстаздар тобына ( Ж , А, Қ  әріптері)

1 сұрақ:  Наурыз мерекесі қандай мейрам?

(жаңа жыл, ақ қар ериді, қыс  кетеді)

2 сұрақ: Қазақтың ұлттық тағамдарын атаңыздар?

(жал-жая, айран, қазы-қарта)

3 сұрақ: Кімге еркелейміз? (жолдасыма, анама, қызыма)

4 сұрақ: Тілек айтыңызшы? (жаман болма, қатты болма, ақ жол болсын)

Оқушылар тобына ( Т, Б, С  әріптері)

1 сұрақ: Наурыз мейрамының ерекшелігі неде?

(таң тез атады, бүршік жарады, су ағады)

2 сұрақ: Ауылда адасу мүмкінбе?

(бәрі мүмкін, Серік адасты, тіпті мүмкін емес)

3 сұрақ:  Арманыңызы не?

( сырға алу, тақия сатып алу, білім алу)

4 сұрақ: Қазақ тілі не үшін керек?

(білім алу, тапқыр болу, сөйлесу үшін.)

Сайыс «Образға ену»  (әр топтан  сайыскерлер  біреуі шығып, қағаз таңдап алады да, қағаздағы берілген тапсырманы орындауы тиіс)

1.Машина

2.Қоян

3.Кітап,

4.Жүзу

5.Әнші,

6.Бақыт

7.Жылқы

8.Қатаң мұғалім

9.Білім басы- бейнет, соңы -зейнет

10.Ғылым- теңіз, білім -қайық

1.Ат арба

2.Кенгру

3.Компьютер

4.Актер

5.Реніш

6.Ұялы телефон

7.Есек

8.тентек бала

9.Білімім инемен құдық қазғандай

10.Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей .

Сайыс . «Полиглот»

Келді кезек жұмбақтарды шешуге,

Жауаптарды аударыңыз үш тілге.

Қазақ, орыс, ағылшын тілін білгенде,

Ұпайларым көбейеді деп тіле.

1.      Бағалы  ең қымбат металл?                  (алтын-золото – голд)

2.      Кітап ненің бұлағы? (білім, знание, knowledge)

3.      «Ас –адамның арқауы» , ал компьютердің асы не? (тоқ, ток, currend)

4.      Жіпке ілдім мен өзін, Кіп-кішкентай күн көзін. (шам, лампочка, lamp)

5.      Көк лағым көгенде жатып семірген.     (қарбыз-арбуз-water melon)

6. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.   (ауа – воздух – air)

8. Жазда жатсаң, көлеңкесіне алады,

Қыста жақсаң, жаның рахат табады.   (ағаш-дерево-tree)

9. Бетін адам ашады

Білім нұрын шашады.                     (кітап-книга- бук)

Сайыс "Ғажайып"тәжірибелер

Өнерге  бағынарсың

Жас өнерпаз танылады.

Өнерпаздар арада озып шабар,

Орын алсын кәне кім бар? – деп өнерпаздарға кезекті береміз.

  1. Ұстаздар тобы өзінің қызықты тәжірибесімен бөліседі.

Кемпір қосақ, Ұшқыш пакеттер, Жанбайтын орамал

  1. Оқушылар тобы

От, өмір, айна, шуақ







Жүргізуші: Заман қанша қиын –қыстау болса да,

Игі істер болып жатыр қаншама.

Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар танылған,

Жүлдегерді танытпасақ бола ма?

Сөздің кезегін әділ-қазыларға береміз. (Әділқазылар алқасы шешімдерін айтады)

Құрметті Ұстаздар мен оқушылар мен сіздерге дән ризамын. Алда әлі де биік –биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіремін . Осы беттен таймаңыздар.

Жүргізуші: Сонымен бүгінгі «Ұстаздан шәкір озар »  сайысы өз мәресіне жетті.

 Қош сау болыңыздар!











































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!