Ұстаздардың жетістігі - мектеп мәртебесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұстаздардың жетістігі - мектеп мәртебесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестеріне пікір
Материалдың қысқаша нұсқасы



Алматы облысы,Талдықорған қаласы Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектеп ұстазы Әлия Дүйсенбекова


ұСТАЗДАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ-МЕКТЕПТІҢ МӘРТЕБЕСІ

Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы- мектеп десек, мектептің жүрегі –мұғалім. Адамның адам  болып  қалыптасуына   ата- аналармен  қатар,  мұғалімдердің  рөлі зор. Ал дені сау, мықты, шымыр жас ұрпақтың қалыптасуы ол дене шынықтыру ұстаздарының қолында.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану-деніміздің сау болуының негізгі кепілі. Осы мақсатты басшылыққа ала отырып, Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебінің дене шынықтыру пән бірлестігінің ұстаздары жұмыс істеуде. Дене шынықтыру пән бірлестігінде жоғары білімді 12 мұғалім жұмыс істейді. «Дене тәрбиесі – өте жауапкершілікті талап ететін пән. Жас ұрпақты спортқа баулып, ауыл жастарына салауатты өмір салтын насихаттауда дене тәрбиесі мұғалімдерінің еңбектері зор. Мектеп жанында каратэ, волейбол, футбол, жеңіл атлетика, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақтан тегін үйірмелері тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Соның ішінде Абдрахман Нұрсұлтан, Басшыбай Гүлден, Серік Аяулым қалалық, облыстық оқушылар арасында өткен тоғызқұмалақ жарысында жүлделі І,ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Аталған оқушылардың жетекшілері: Тұңғышбаева Гүлнар Көшербайқызы мен Тұрлыбеков Асхат ағайымыздың жетістіктері.

2016- 2017 оқу жылында қыздар арасында өткен баскетбол жарысында Мауленбаев Қатай Қуатұлы мен Дюзгенбаев Сержан Тоқтамысұлының дайындаған қыздар командасы баскетбол жарысында қаланы,облысты жеңіп, сәуір айында Астана қаласына барып, Республикалық қыздар арасында өткен баскетбол жарысында ІІ дәрежелі орынға ие болып,облысымыздың атын қорғап, ел мақтанышына айналды.

Шәкірттерін мықты баптап, воллейбол үйірмесін жетекшілікке алып, дайындап жүрген ұстазымыз Еркінбеков Ерлан Сатайұлының қыздар командасы қалалық воллейбол жарысында жылда ІІ, ІІІ орынды иеленіп, ұстаздың еңбегін ақтады.

Біздің №11 мектептің дене шынықтыру ұстаздары спорт жағынан өте мықты, әдіс-тәсілдері керемет. Соның дәлелі қала ұстаздары арасында өтетін

спорттық жарыстарға өте белсене қатысып, жоғары нәтиже көрсетуде. Атап айтсақ: қараша айында қала мұғалімдері арасында өткен тоғызқұмалақ жарысында Г.Тұңғышбаева, С.Дюзгенбаев, Е.Еркінбеков І орынды жеңіп алды. Сондай-ақ теннис жарысынан Мөлдір Есімхан, Батыршаев Асхат, А.Нысанғалиев теннистен командалық жарыста І орынды жеңіп алды.

Мұғалімдер арасында дойбыдан Е.Еркінбеков, М.Есімхан, С.Дюзгенбаев ІІІ ІІІ дәрежелі орынды алып келді. Осындай мұғалімдер арасында өтетін жарыста жылда мектебіміз дене шынықтыру спорт жағынан І орынды жеңіп, кәсіподақ ұйымының ақшалай сыйлығын ие болуда.

Ұстаздарымыз тек спортпен ғана шектелген жоқ, сонымен қатар былтырғы оқу жылында дене шынықтыру пән бірлестігі қала,облыс көлемінде семинар өткізді. Нәтижесінде: Мауленбав Қатай Қуатұлы мен Дюзгенбаев Сержан Тоқтамысұлының өткізген «Ұлттық ойындардың құндылығы» деген ашық сабақтары жоғары бағаланып, Республикалық дене шынықтыру пәндері арасында өткен семинарға қатысып, өз іс- тәжірибиелерін таратты. Осы жетістіктерінің арқасында Қатай Қуатұлы мен Сержан Тоқтамысұлы Облыстық білім басқармасының мақтау қағазымен, қала әкімі Б.Қарасаевтың алғыс хатымен марапатталды.

Сондай –ақ жаңартылған бағдарлама бойынша мектеп арасында өткен онкүндікте Аукен Ерсұлтан, ТайырҰлан, Оразғали Елнұр Мелісұлының өткізген ашық сабақтары жоғары бағаланды. Оразғали Елнұр ағайымыз дене шынықтыру сабағында ойын түрлерін көп, әрі қызықты қолданатын ұстаздың бірі.

Ұстаздың бойындағы жүректің батырлығы да, көңілдің ақындығы да, өмірдің күн шуағы да, азбайтұғын адамның алтындығы да бір жерге топтасқан.



































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.10.2018
547
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі