Материалдар / Ұстаздарға арналған 50 әдіс
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ұстаздарға арналған 50 әдіс

Материал туралы қысқаша түсінік
Дайындаған: А.Ж.Егізбаев – Шымкент қ. ПШО филиалының аға менеджері «5 әдістен» - «50 әдіске»!!!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Желтоқсан 2017
6215
21 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дайындаған: А.Ж.Егізбаев – Шымкент қ. ПШО филиалының аға менеджері «5 әдістен» - «50 әдіске»!!!






Әдіс-тәсіл түрі


Мақсаты


Тиімділігі


Қолданылуы


Кіріктірілген модульдер, идеялар


1


«Миға шабуыл»(әдіс)
Қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша ой салу.Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамау керек, қағазға түсіріліп, талқылау жұмысы болады.Жаңа сабақ бастар алдында осы әдіс бойынша сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашуға болады.СТО, Диалогтік оқыту


2
«Шаттық шеңбері»(сергіту сәті)Бұл әдіс оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.Сабақ басталар алдында қолданамыз. Оқушылар үлкен шеңберге тұрады, кезектесіп тілек айтады.ЖАДА


3
«Ақылдың алты ойлау қалпағы» Эдвард де Боно бойынша

Оқушының сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Мәселені барынша мұқият талқылап, оқушының жалпы ойлау қызметін жетілдіру үшін ойдың/сананың түрлі аспектілерін жандандыру мақсатында қолдану.

Ұсынылған мәселе бойынша өз ойына талдау жасайды. Жасалған жұмыс бойынша өз көзқарасына рефлексия жасай біледі, толыққанды, жан-жақты түйіндеме жасайды, жасалған жұмыс бойынша өзінің шығармашылық қатынасын көрсетеді, таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі артады.Алты қалпақтың әрқайсысы ойлаудың түрлі элементтерін, аспектілерін білдіреді. Оқушыларға қалпақ беріледі (рас қалпақ немесе ойдан шығарылған), олардан мәселені талқылау барысында барлық ой операцияларын (ойлану, талдау т.б.) осы қалпақтың түсіне сәйкес келетін шекте жүргізу сұралады. Сынып топтарға бөлініп, бір топқа бір түсті қалпақ беріледі. Мұғалім әңгімені жүргізеді, бағыттайды.СТО, диалогтік оқыту, кері байланыс


4
«Гүлмен тілек»(сергіту және топқа біріктіру)Тыңдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, жағымды ахуал қалыптастыру. Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі.ЖАДА


5
«Сұраққа жетіп ал»әдісіА.Ж.Егізбаев бойыншаОқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту.Өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады. Ақпаратпен ықыласпен жұмыс жасайды. Мәтінге, әңгімеге сұрақ қояды, тұжырымдайды. Сыныптастарының жауаптарын ықылас қойып тыңдайды және сұрақтар қояды. Таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі дамиды. Оқушылар оқығандары бойынша бір-біріне сұрақ қояды және талқылайды.Мәтінді толық немесе бір бөлігін оқыту (мәтіннің күрделілігіне, оқушылардың даму ерекшелігіне қарай) оқылған мәтіннің мазмұнына әр деңгейлі сұрақтар қою. 1-ші доп – сұрақ қояды, 2-ші доп сол сұраққа жауап береді.СТО, диалогтік оқыту


6
«Галереяны шарлау» әдісіСаймон Браунхилл бойыншаТалқыланған мәселе, дайындалған постер бойынша қорытынды жұмыс немесе өнімді ұсыну арқылы өз жұмысын ұсыну, идеяларын қорғау, ерекше идеялар ұсыну.Сараптау, жинақтау, бағалау; Ақпаратпен тиянақты жұмыс жасалады.Сыныптастарын ұсынылған мәселе, ақпарат туралы елестетуімен таныстырады; ұсынылған мәселе туралы өзгелердің пікірін біледі; өз жұмысын сыныптастарымен талқылайды, жұмысқа терең сараптама жасау арқылы өз білімін, түсінігін кеңейтеді.Қабырғаға дайындалған постер ілінеді. «Галереяға саяхат» –топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі, қабырға газеттерін қарайды, сараптайды, талдайды және жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын жабыстырып кетеді. Галереяға саяхат аяқталған соң, топтар жұмыстарға шолу жасап, өз қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарының пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды.Жаңа әдіс-тәсілдер, СТО, диалогтік оқыту


7
«Биопоэма» әдісі Алғашқы сабақ кезінде бір-бірімен танысу, жан-жақты ақпарат жинақтау, ол ақпаратпен бөлісу.Топтағы таныстықты арттырады, өз ортасындағы ұқсастықты табады, ізденімпаздыққа жетелейді.А-4 парақты 8 бөлікке бөліп, әр бөлікке өзі туралы маңызды ақпаратты толтырады. Мәліметтерді толықтырып болған соң, бүкіл топ мүшелерінің біреуінен ұқсастықты байқау, саралау, мәліметті толықтырады. ЖАДА


8
«Менің есімімнің тарихы» әдісіА.Ж.Егізбаев бойыншаОқушыларды бір-бірімен таныстыру, олардың бойында құндылықтарды қалыптастыру, адамның туылған кезде есімін қоюға үлкен мән беруге бағыттау, тәрбиелік аспектісін дамыту.Оқушыларды бір-бірімен жақынырақ танысады, олардың бойында ұлттық құндылықтар қалыптасады, адамның туылған кезде есімін қоюға үлкен мән беру керектігін түсінеді, зерттеушілік дағдыларын дамытады.1 күн бұрын өзінің есімінің тарихы, кім және қашан қандай жағадайда қойғаны туралы зерттеу тапсырма беріледі.Сабақта жеке-жеке сұралады. Сонда әрбір оқушы өзінің есімінің тарихы туралы айтып береді.ЖАДА, құндылықтарды қалыптастыру


9
«Джигсо» әдісіЭлиот Аронсон бойыншаБерілген тақырыпты топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасау. Басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы туралы топта талқылау, идеялармен бөлісу, ынтымақтастықты дамыту.Ынтымақта бірлікте жұмыс жасауға, білгенін жолдастарымен бөлісуге, тақырыпты ортаға салып талқылауға, түйінді ойды саралауға жетелейді.Көлемді мәтін төрт бөлікке бөлінеді оқушыларда төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әр-қайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы құрылады,сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің № 1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау жүреді.СТО, Диалогтік оқыту, ЖАДА, Дарынды/талантты балаларды оқыту, Көшбасшылық пен басқарушылық


10
«INSERT» әдісіОқылған мәліметті түртіп алу жүйесі бойынша таным түсінігін қалыптастыру.Жаңа материалмен таныса отырып, түртіп алу жүйесімен мәлімет жинайды, саралайды, бағалайды.Тапсырманы оқып, түртіп алу жүйесі бойынша жұмыс жасалады:W- білемін; + жаңалық; - білмеймін; ?- білгім келеді; кесте жүйесі бойынша жұмыс жасайды.Жаңа әдіс-тәсілдер, СТО, Бағалау


11
«Кластер» әдісі Идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды жинақтау, тұжырымдау. Тақырыптардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап іздейді, идеяларды жинақтайды.Тұжырымды ойларын қарталарға түсіріп, топтық жұмыс қорғалады (постер)Жаңа әдіс-тәсілдер, СТО, Бағалау


12
«Фишбоун» әдісі (постерде)Жапондық профессор Исикава бойыншаЖаңа мәліметті, идеяларды сұрақ-жауап арқылы жаза отырып, қорытынды ойларын жинақтау.Берілген мәлімет бойынша өздері сұрақ қойып, жауабын топтық жұмыста талқылауға, ой қорытуға белгілі бір қорытындыға келуге жетелейді.Постерге балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырып жазылады. Денесінің жоғарғы жағындағы қанаттарға идеяның себептері, төменгі қанаттарға идеяның салдары жазылады. Түйінді ой құйрығына жазылады. Кейін ауызша, жазбаша кері байланыс беруге болады.Жаңа әдіс-тәсілдер, СТО, Бағалау, диалогтік оқыту


13
«Өрмекші» әдісі (постерде)Жаңа материалды пысықтау, түйінді ойларды бекіту. Өрмекші сұлбасына меңгерілген материалды пысықтау мақсатында кезең-кезеңдерімен пысықтауға тиімдіОқушылар постерге өрмекшінің сұлбасын сала отырып, басына тақырыпты, денесіне өзекті ойларды, аяқтарына тірек сөздер арқылы шешу жолдарын жазып, өз ойларын тиянақтап пысықтайды.Жаңа әдіс-тәсілдер, СТО, Бағалау, диалогтік оқыту
14«Үштік» әдіс(Ойлан, жұптас, бөліс)Оқушылар ойына келген жауаптар немесе идеяларды барынша көп жазу арқылы, кейін өз идеяларымен бөлісу.Оқушылардың есте сақтау қабілеті (мұқият тыңдалым) сақталады. Өз ойын ашық айта алады. Оқушылардың оқылым, айтылым, тындалым, жазылым дағдылары қалыптасады.Сынып бойынша тапсырманы оқиды. Оқушылар бірнеше жұптан бөлінеді:бірінші оқушы оқиды немесе айтады, екінші оқушы тындайды, үшінші оқушы түртіп алады, кейін өз пікірін айтады.Жаңа әдіс-тәсілдер, СТО, Бағалау, диалогтік оқыту
15«Эссе» немесе «Еркін әнгіме» әдісі Оқыған мәлімет бойынша өз ойларына талдау жасау.Оқыған мәлімет бойынша өз ойларына талдау жасай алады.Проблема бойынша өз қөзқарасына рефлексия жасай алады. Шығармашыл тұрғыдан ойлана алады. Таным әрекеті үдерісінде қарым-қатынаста шеберлігі артады. Оқылым, тындалым, жазылым дағдылары қалыптасады. Мәліметті әр оқушы өз ойымен 10-15 сөйлемен қағаз бетіне түсіреді. Эссе жазар алдында міндетті түрде нақты критерийлер беріледі. Соңынан сол критерийге сәйкес екендігі туралы кері байланыс жасауға болады.Жаңа әдіс-тәсілдер, СТО, Бағалау,
16«Қар кесегі»Ұжымдасып өз ойларымен бөлісе алады. Нақтылыққа үйренеді.Оқушылардың айтылым, жазылым, тындалым дағдылары қалыптасады. Ынтымақтастық қарым-қатынас түзеді. Әрбір топ окушылары басқа топтарға бағыттап параққа сұрақ жазып лақтырады. Сұрақтармен кезек-кезек алмасады.Жаңа әдіс-тәсілдер, СТО, Бағалау, диалогтік оқыту
17«Заряд алу» (сергіту сәті )А.Ж.Егізбаев бойыншаОқушыны ұқыптылыққа, мұқияттылыққа, сезімталдыққа үйрету.Ресурс қажет етпейді. Оқушылар ынтымақтасады. Көңілдерін көтереді.

Шаттық шеңберге барлығы тұрып, көздерін жұмады. Бастапқы бастаушы қолды 1 рет қысады, екінші айналымда 2 рет қысады, соңында 3 рет қысады, бұл бастапқы бастаушыға барғанда қанша заряд жібергені бойынша қайта келу керек.ЖАДА, жағымды ахуал қалыптастыру


18
«Бұзық телефон» ойыны(Сергіту сәті )Дұрыс тындалым, айтылымға бағыттау. Оқушыларды дұрыс тындауға ынталандырады. Сергиді. Шаттық шеңберге тұрып бастаушы келесі адам құлағына бір сөз сыбырлайды соңында бастаушыға қайта келгенде сол сөз жету керек, кейін сөзді ауыстырып жіберген адам анықталады.ЖАДА, жағымды ахуал қалыптастыру
19«Бэкроним» әдісі Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, сөз қорын дамыту.Ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры молаяды, жазылым дағдысы қалыптасады.Сөзде берілген әр әріптері бойынша мағыналы сөйлем құрылады. Сөздер бастапқы әріптен басталады.Жаңа әдіс-тәсілдер, СТО, Бағалау, диалогтік оқыту, Дарынды/талантты
20SMART-мақсаттар Мақсат құруда нақты, өлшемді, қол жетімді, шынайылыққа негіздеу.Нақты мақсатқа жете алады: SMARTТақырыпқа «ақылды» мақсат қоя алады.

21«Мюллердің ғажайып саны» тәсілі Харизма бойынша(А.Подгузов)7±2=5\9 ҚМЖ жазғанда сабақ мақсатын нақты қою. 5-9 сөзден аспау керек SMART-мақсаттар нақтыланады.

7±2=5\9 формуласы арқылы мақсат құрудағы сөйлемнің көлемі 5-9 сөзден аспау керек.

22«Константинополь»(Ыстамбул) ойыныОйлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.Оқушылардың ойлау қабілетін дамытады.Сөздік қорын арттырады.Берілген сөз бойынша сөздің әріптерінен зат есімдер құру. Сөздегі әріптерден асып кетпеу керек

23SWOT - талдау Оқушының бір мәселе бойынша ойлау, талдау, салыстыру қабілетін дамыту. Өз пікірін ашық айту.

Сабақты қорытындылау барысында және кері байланыс беруге қолданылады.

Бұл әдісті қолдану барысында мәселенің жағымды, жағымсыз жақтарына сараптама беріледі, мүмкіндіктері бағаланып, қауіп-қатерлері туралы нақты дәлелдер келтіріледі.

СТО, ОүБ. Кері байланыс


24
«Зерттеушілік конференциясы» әдісі Зерттеудің үдерістерін ескере отырып рефлексия жасауды дамыту. Ұсынылған мәселе бойынша өз елестетулерімен таныстыра біледі. Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Оқушының зерттеушілік шеберлігін анықтай отырып сауалнама өткізеді. 1-қадам.Тақырып беріледі. 2-қадам.Топтардың тапсырмаларын анықтау. 1.Ұсынылған мәселе бойынша түрлі адамдардың пікірін анықтау мақсатында жазбаша сауалнама өткізу. 2. Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтау. А.Берілген тақырыпқа сәйкестігі. В.жинақталған деректердің құндылығы. С.Оқушының зерттеушілік шеберлігі. 4.қадам.Топтардың тапсырманы орындауы. 5.қадам.Топтардың жұмыстарын бағалауы. СТО, диалогтік оқыту, Дарынды/талантты, Көшбасшылық
25«Кейс – стади» әдісіНақты болған немесе ойдан шығарған жағдаятты талдау, болжау.Оқушылардың есте сақтау қабілеті сақталады. Мәселелерді шешуге, баламасын анықтауға, мақсаттарын айтуға, талдауға мүмкіндік береді. Жұмысты жүргізу үшін бір жағдаят ұсынылады, оны бөліп-бөліп кезекпен оқиды, немесе айтады, қалғандары талдау жасап, өз ойларын ортаға салады.СТО, диалогтік оқыту, Дарынды/талантты, Көшбасшылық, АКТ
26«Дауыстап ойлау» әдісіОқи отырып ой түю, ой бөлісу.Оқушыларды дұрыс тындауға ынталандырады. Оқылым, тындалым дағдылары қалыптасады. Ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры молаяды. Жұптаса отырып берілген тақырыпты біреуі дауыстап оқиды, екіншісі тыңдай отырып ой түйеді. Бір- біріне түсіндіреді.СТО, диалогтік оқыту


27
«Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісіОқушыны алған білімін саралай білуге дағдыландыру.Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданның тұсына жазса, ал әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазады. Сонымен қатар керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазады. Осылайша мұғалім өткен сабақтан қандай білім алғанын біледі.ОүБ, кері байланыс


28



«Ыстық орындық -1, 2» әдісі

Оқытуда оқушы белсенділігін арттырумен қатар әр оқушының мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтау.

Оқушылардың сұрақ қою дағдысы қалыптасады және сұрақ қою арқылы өзара ашық пікірлеседі.Сыныптағы кез-келген оқушыны «Ыстық орындыққа» отыруға шақырады. Ең маңыздысы – өз еркімен шығу.Оқушы ортада тұрған үстелге отырып тапсырма бойынша қойылған сұрақтарына жауап береді. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру қажеттігін мұғалім түсіндіреді. Сұраққа жауап бере алмаған жағдайда «күйді» деп ескерту беріледі. Осылайша бес немесе алты оқушы «Ыстық орындыққа» отыру арқылы үй жұмысын немесе жаңа сабақты қорытындылауға бойынша сұрақтарға жауап береді. 2-ші нұсқа бойынша «Ыстық орындыққа» отырған оқушы сұрақтар қоя алады.СТО, диалогтік оқыту, Дарынды/талантты, Көшбасшылық
29«Бір минуттық әңгіме» тәсілі Иен Майлс бойыншаОқушының бір-бірінен ақпарат алу дағдысын қалыптастыру. Оқушылар бір-бірімен әңгімелесу арқылы ой қорыта алады, жұптық жұмыс жүреді.

Оқушылар қарама-қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, жұптық әңгіме жүргізеді. Үйге берген тапсырма туралы әңгімелесулеріне болады немесе жаңа сабақты бекіту мақсатында өз ойларымен бөліседі.СТО, диалогтік оқыту,
30«Кинометафора» әдісіХаризма бойынша(Н.Баринова)

Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады. СТО, диалогтік оқыту, АКТ
31«Қара жәшік» ішіндегі жұмысОқушының өзін-өзі бағалауын дамыту. Оқушының оқуға деген ынтасы мен өзін-өзі бағалауына ықпал етеді.Сабақ соңында оқушыларға бір-біріне тиімді сұрақ қойғызу арқылы кері байланыс жасатуға, оқуға белсенді қатыстыруға, өзін-өзі бағалауға қатыстыруға боладыОүБ, кері байланыс, диалогтік оқыту
32«Бес саусақ» әдісіОқушының бір-біріне бес саусақтай бірігуіне ықпал ету.Бас бармақ – басты мәселе Балалы үйрек – бірлесу Ортан терек – ойлану Шылдыр шүмек – шынайылықКішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалыБалалар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:1.«Бас бармақ»- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?2. «Балалы үйрек»- бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?3. «Ортан терек»- ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?4. «Шылдыр шүмек»-шынайылық. Сабақмаған ұнадыма? Неліктен?5 «Кішкентай бөбек»-көңіл-күй ахуалы.Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?ОүБ. Кері байланыс
33«Ашық микрофон» әдісіСаймон Браунхилл бойыншаОқушыны жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыландыру.Құнды ой жинақтап, ойын ашық айтадыОқушылар қолдарына микрофон ұстап, өткен сабаққа байланысты немесе үй жұмысына байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.ОүБ, кері байланыс, диалогтік оқыту, СТО
34«Шахмат» әдісіСаймон Браунхилл бойынша

Өткен тақырып бойынша қайталау, кері бай
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!