
Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға...
Ұстаз болу – жүректің
батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғ.Қайырбеков
жырлағандай, ұстаз жолы қиындығы да, қызығы да қатар жүретін
мамандық.
Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде көп жылдан бері ұстаздық етіп келе жатқан Жұмақаева Баян Дәуітқызының еңбегін ерекше атап өтуге болады. Осы жылдар ішінде бірнеше түлектерді қанаттандырып, биыл да 11 – сыныпқа қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп жүр. Зейнеткерлік жасқа таяп қалса да, оқушыларға өз бойындағы бар жақсылықты үйретуден бір жалықпайтын ұстаз. Баян Дәуітқызы өзі де өлең жазып, шығармашылықпен айналысқанды ұнатады.
Биылғы 11 – сынып 7 – сыныптан бастап 2 сағат тереңдетілген бағдарлама бойынша оқытылып келеді. 2 сағатты ұстаз оқушыларға тиімді жағын қарастырып, көбінесе шығармашылыққа қарай бейімдеуді көздеген. Соның нәтижесінде Макешова Адель үнемі газетке мақалаларын, өлеңдерін жиі жариялап, өзінің шығармашылыққа деген ынтасы арта түсті.
Биылғы оқу жылында 11 – сынып оқушысы Макешова Адельді аудандық олимпиадаға қатыстырып, одан І орын алған Адель облыстық олимпиадаға жолдама алды. 5-6 қаңтар аралығында облыста өткен олимпиадаға қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиаданың жүлдегері атанды. Сонымен қатар2017-2018 оқу жылына Инновациялық Еуразия университетінде оқуға грант берілді.
Осының барлығы пән мұғалімі Баян Дәуітқызының ерен еңбегінің нәтижесі. Адель оқушымыздың осындай жетістікке жеткеніне сынып жетекшісі атынан, жалпы ұстаздардың атынан шексіз ризашылығымызды білдіремін. Пән мұғалімі Баян Дәуітқызының отбасына амандық, мықты денсаулық, еңбегіңізге шығармашылық табыс тілеймін.
Егіндібұлақ жалпы орта білім беру мектебінің
Қазақ тілі және қазақ әдебиеті
пәнінің мұғалімі: Елеукешова Нұргүл Ертайқызы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға...
Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға...

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға...
Ұстаз болу – жүректің
батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғ.Қайырбеков
жырлағандай, ұстаз жолы қиындығы да, қызығы да қатар жүретін
мамандық.
Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде көп жылдан бері ұстаздық етіп келе жатқан Жұмақаева Баян Дәуітқызының еңбегін ерекше атап өтуге болады. Осы жылдар ішінде бірнеше түлектерді қанаттандырып, биыл да 11 – сыныпқа қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп жүр. Зейнеткерлік жасқа таяп қалса да, оқушыларға өз бойындағы бар жақсылықты үйретуден бір жалықпайтын ұстаз. Баян Дәуітқызы өзі де өлең жазып, шығармашылықпен айналысқанды ұнатады.
Биылғы 11 – сынып 7 – сыныптан бастап 2 сағат тереңдетілген бағдарлама бойынша оқытылып келеді. 2 сағатты ұстаз оқушыларға тиімді жағын қарастырып, көбінесе шығармашылыққа қарай бейімдеуді көздеген. Соның нәтижесінде Макешова Адель үнемі газетке мақалаларын, өлеңдерін жиі жариялап, өзінің шығармашылыққа деген ынтасы арта түсті.
Биылғы оқу жылында 11 – сынып оқушысы Макешова Адельді аудандық олимпиадаға қатыстырып, одан І орын алған Адель облыстық олимпиадаға жолдама алды. 5-6 қаңтар аралығында облыста өткен олимпиадаға қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиаданың жүлдегері атанды. Сонымен қатар2017-2018 оқу жылына Инновациялық Еуразия университетінде оқуға грант берілді.
Осының барлығы пән мұғалімі Баян Дәуітқызының ерен еңбегінің нәтижесі. Адель оқушымыздың осындай жетістікке жеткеніне сынып жетекшісі атынан, жалпы ұстаздардың атынан шексіз ризашылығымызды білдіремін. Пән мұғалімі Баян Дәуітқызының отбасына амандық, мықты денсаулық, еңбегіңізге шығармашылық табыс тілеймін.
Егіндібұлақ жалпы орта білім беру мектебінің
Қазақ тілі және қазақ әдебиеті
пәнінің мұғалімі: Елеукешова Нұргүл Ертайқызы
шағым қалдыра аласыз













