Материалдар / ҰСТАЗДЫҚ ҚЫЗМЕТ – ҰЛЫ ҚҰРМЕТ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҰСТАЗДЫҚ ҚЫЗМЕТ – ҰЛЫ ҚҰРМЕТ

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ МҰҒАЛІМДЕРІ ЖӘНЕ СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕРГЕ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Ақпан 2019
268
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҰСТАЗДЫҚ ҚЫЗМЕТ – ҰЛЫ ҚҰРМЕТКенжебекова Жұлдызай ҚұдабайқызыАстана қаласы№75 мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәні мұғаліміБайланыс тел: 8701-168-51-51Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен – тарихтағы ең ұлы істің біріК. Ушинский Ұстаз – ақылдың тозбайтын асылы, қасиетті мамандық иелерінің жауһары.Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып,адамгершілік рухта бағыт-бағдар беретін – қасиетті тұлғалар. «Мұғалім –мектептің жүрегі»- деген сөзден-ақ, ұстаз деген – ұлы есім екенін аңғаруға болады. Өйткені ұстазға деген құрмет бәрінен биік тұрады. Қазақ халқының осы жаңа заманға ең құнды болып есептелетін тарихынан, тілінен айырылмай, ұлттық намысын сақтап қалуы- ұлы ұстаздарымыздың арқасы. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, өмірімде бағындырған зор асуларыма ұстаздарымның сіңірген еңбегі зор деп білемін. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімде армандадым. Сол арманыма жетіп, Астананың төрінде ұстаздық еңбегімді атқарып жатырмын.Ұстаздық ету – үлкен қажыр-қайраттылықты , төзімділік пен табандылықты талап етеді. Шәкірттерді білім нәрімен сусындатып, сонымен қатар, тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп,одан бөлек қоғамдық жұмыстарға жұмыла кірісіп, егеменді еліміздің дамуына, көркеюіне, өркендеуіне үлес қосып келемін. Қазақстанның болашағы – жастар десек, сол жастар – ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын, білімі терең, тәрбиесі тәлімді тұлғаға айналуына ұстаздың атқарар рөлі ерекше. Елімізде ұстаздың дәрежесін көтеруге, сол арқылы бүкіл мемлекеттің дәрежесін көтеруге қарымды қадамдар жасап жатыр.Ұстаз абыройы биік болуы – бүкіл елдің абройының асқақ болуының кепілі.Өркениетті елдердің барлығында ұстазға деген құрметі өте биік дәрежеде, өйткені ұстаз бүкіл бір ұлтты тәрбиелеп отырған басты тұлға. Елбасымыз Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет те ауыр» деген болатын. Мемлекетіміздің тарапынан жылдан- жылға мол қаражат бөлініп, заманауи мектептер мен бала бақшалар салынып, мұғалімдердің жалақысы жылдан- жылға көтеріліп, бізге құрмет көрсетіп отыр. «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу.Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады»- деп Ыбырай Алтынсарин атамыздың нақыл сөзінен, ең алдымен, мамандықты, баланы барынша жақсы көру қажет екенін аңғарамыз. Қай кезеңде, қай қоғамда болмасын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласында түбегейлі өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан- жақты ізденетін алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу, заманауи қоғамның зиялы азаматын білім беру сана әлеуетін жоғары дамыған, сын тұрғысынан жаңаша ойлай білетін рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адам тәрбиелеп шығару – біздің міндетіміз.Сондықтан да, ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың , елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлуіміз қажет. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – тағы да ұстаз. Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!