Материалдар / Үстел теннисі үйірмесінің жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Үстел теннисі үйірмесінің жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Үстел теннисі үйірмесінің жоспары, түсінік хат, тарихы , үйрету тәсілдері, қолданылған әдебиеттер.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қырқүйек 2024
444
8 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Үстел теннисі үйірмесінің күнтізбелік жоспары

Аптасына 1 сағат,барлығы 34 сағат

Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Теннисшілердің техникалық дайындығы

1




2

Қалақшаны ұстау тәсілдері

1




3

Қысқаша теориялық мәліметтер

1




4

Оқыту әдістемесі

1




5

Теннисшінің тұрысы мен қозғалысы

1




6

Қысқаша теориялық мәліметтер

1




7

Оқыту әдістемесі

1




8

Доп беру /подача/

1




9

Қысқаша теориялық мәлімет

1




10

Оқыту әдістемесі

1




11

Жазу /накат/

1




12

Қысқаша теориялық мәлімет

1




13

Оқыту әдістемесі

1




14

Топ-спин

1




15

Қысқаша теориялық мәлімет

1




16

Оқыту әдістемесі

1




17

Тіреуіш

1




18

Қысқаша теориялық мәлімет

1




19

Оқыту әдістемесі

1




20

Кесіп алу /подрезка/

1




21

Қысқаша теориялық мәлімет

1




22

Оқыту әдістемесі

1




23

Тактикалық дайындық

1




24

Ұтыс ұпайын ойнату тактикасы

1




25

Ұтыс ұпайын ойнату кезінде шапшаң соққыларды орындау техникасы

1




26

Шабуылға қарсы тұру тактикасы

1




27

Шабуыл соққыларды жазумен орындау тактикасы

1




28

Кездесу жарысын өткізу тактикасы

1




29

Жұпта ойнаудағы ерекшеліктер

1




30

Жұпта ойнау тактикасы

1




31

Жұпты ойнау кезінде негізгі тактикалық тәсілдер

1




32

Методикалық нұсқау

1




33

Жарыстарды өткізу ережесі

1




34

Жарыстарды ұйымдастыру

1






Үйірме жетекшісі







Қолданылған әдебиеттер



  1. А.Н. Амелин. Үстел теннисі (спорт әліппесі)/ А.Н. Амелин, В.А. Паншина. – М: ФиС, 1980.-112 б.

  2. Г.В. Барчукова. Үстел теннисін ойнауға үйрен/Г.В. Барчукова.-М.: Кеңес спорты, 1989.-48 б.

  3. Г.В. Барчукова. ЖОО үстел теннисі /Г.В. Барчукова, А.Н. Мизин.-М.: Спорт Академ Пресс, 2002.-132 б.

  4. Ю.П. Байгулов. Үстел теннисінің негіздері/Ю.П.Байгулов, А.Н. Романин -М.: ФиС, 1979.-160 б.

  5. Г. Гринберг. Үстел теннисі./Г.Гринбрг.-Кишинев, 1973.-94 б.

  6. К. Еременко. Кіші қалақшаның шеберлері/ К.Еременко, А. Силинков-Ташкент: Еш гвардия, 1988.-128 б.

  7. Ю.П. Байгулов. Үстел теннисінің негіздері/Ю.П.Байгулов, А.Н. Романин -М.: ФиС, 1979.-160 б.

  8. В.С. Иванов. Үстел тенниісі./ В.С. Иванов. М.:Ф и СД9707-196 б.

  9. В.С. Иванов. Теннис үстелде./ В.С. Иванов. М.:Ф и СД9707-160 б.

  10. Үстел теннисі. Сайыс ережелері. – М.:Ресей үстел теннисінің федерациясы, 2002.-191 б.

  11. Үстел теннисі. Спорт секциясы, дене шынықтыру ұжымына және спрот клубы үшін бағдарлама.-М.:СД978.40б.

  12. Үстел теннисі. ДЮСШ және СДЮСШОР үшін оқыту бағдарламасы.-М.:.Кеңес спорты, 1990.-47 б.

  13. Үстел теннисі. Сайыс ережелері.-М.:ФиС, 1971.-48 б.

  14. С. Силонов. Үстел теннисіндегі қалақша/Үстел теннисі.№2.-2002.

  15. Л.Орман. Заманауи үстел теннисі/Л. Орман.-М.: ФИС 1985.-175б.

  16. Б.М. Розин.Кіші қалақшаның кереметтері./Б.М. Розин. – Душанбе, 1986.64 б.















Теннис үйірмесіне қатысатын оқушылар тізімі



Қ/с

Оқушының аты жөні


сыныбы

жынысы

1

Әсілхан Диас


11

Ұл

2

Руслан Ерболат


9

Ұл

3

Қуанышбек Нұрберген


9

Ұл

4

Темірхан Гүлнұр


9

Қыз

5

Жумадилла Балнұр


9

Қыз

6

Қуанышбек Есімжан


8

Ұл

7

Жұмаділла Бауыржан


8

Ұл

8

Әніш Інжу


7

Қыз

9

Шүкірбек Олжас

7


Ұл

10

Жеңіс Жанеля


6

Қыз

11

Аубәкір Анел


6

Қыз

12

Төрехан Ақтөре


6

Ұл

13

Қуанышбек Рамазан


6

Ұл

14

Тұрсынхан Дидар


6

Ұл

15

Бекасыл Рамазан


4

Ұл

16

Қабылбек Құрал


4

Ұл

17

Жарылқасын Айзере


5

Қыз

18

Бердіхан Фариза


4

Қыз

19

Бекасыл Ғиззат


1

Ұл



Үйірме жетекшісі





«Келісемін» «Келісемін» «Бекітемін»

Сауран ауданының ДОІЖО мектеп директоры білім бөлімінің әдіскері

______________ _______________ ___________________

О.Үсенов Д.Смағұлов Қ.Рысбаев

«___» «______»2023ж «___» «______»2023ж «___» «______»2023ж











Үстел теннисі үйірмесінің күнтізбелік – тақырыптық жоспары





Пәні: Дене шынықтыру

Мұғалім:

Облыс,аудан,село: Түркістан облысы, Сауран ауданы, Майдантал ауылдық округі, Ынталы елді мекені, Д.Қонаев № 42

Мектеп: Сауран ауданы білім бөлімінің «Әйтеке би атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі















2023-2024 оқу жылы



Стол теннисі

1.Стол теннисінін көлемі 274-152,5 см, биіктігі 76см тік бұрыш столда ойналады. Тор столды тең екі бөлікке бөледі.

Ойын үшін кішкентай доп (шеңбері3,72 немесе 3,82см) және арнайы доп ұратын қалақша(ракетка) пайдаланылады.

Стол теннисі ойынын жалғыз (екі қарсылас ойыншы)және жұппенен (столдың әрбір жағында екі ойыншыдан ойнайды. Ойынның мәні мынада. Ойнаушылардың әрқайсысы ракетканың соққысымен қарсыласының столының кез келген бөлігіне допты тордан асырып, қарсы ойыншы столдың екінші жағынан тор арқылы допты қайтара алмайтын есеппен жібереді. Осы мақсатта жылдам орын ауыстыруымен үйлестіре отырып, ойыншылар күші мен сипаты жағынан әр түрлі болатын соққыларды қолданылады.

Стол көлемінің бір шама шағындағы, доптың үлкен шапшаңдықпен ауысуы,ойын жағдайларының жылдам алмасуы ойыншылардан қарсыластың іс – әрекетіне кенеттен қарсы іс – қимылмен жауап беруді, қозғалыстың жоғары үйлесімділігін,жан – жақты дене және ерік –күш даярлығын, ойын жағдайларын жылдам және дұрыс бағалау біліктілігін және осыған байланысты ең оңтайлы техникалық тәсілдер мен тактикалық іс-әрекеттерді қолдануды талап етеді.

Стол теннисінің алдында кішкентай доппенен бастапқыда еденде, кейін стол үстінде ойналатын әр түрлі ойындар болады. Пинг – пинг (стол теннисі ойыны ертеде осылай аталған) Европада, Америкада, Австралияда, Азияда кең тараған.

2. Бейне таспа көру.Бейне таспада ойын ережелері және екі жақты ойын бейнеленген

3.Топпен жаттығу.Оқушыларды 1және2ге санатып 2қатар шығарып алу.Ракетканы ұстау онымен жұмыс жасау тәсілдері.




   

а

 

Ракетканы ұстау тәсілдері

а-тігінен, б-көлденең



4. Шабуылдау тәсілі. Аяқ,қол қимылы. Қалыпты жағдай.Ыңғайлы қолдарын көтеріп,бір қадам алға, Қайта бастапқы қалыпқа келу. Қорғану тәсілі. Бастапқы қалып.Аяқты бір адым артқа қою және бастапқы қалыпқа келу.

5. Қиып алу тәсілі. Бастапқы жағдайы.Артқа шегіну,алу және қалыпқа келу т.б жаттығулар

     

а

   

б

оң жақтан қию

а - бүйірден қаралған көрініс, б - алдынан қаралған көрініс





     

а

   

б

сол жақтан қию

а - бүйірден қаралған көрініс, б - алдынан жоғарыдан қаралған көрініс



Қиып тастау (Срезка) қиып алу тәсілі секілді орындалады, тек үстелдің үстінде немесе үстелден жақын арақашықтықта және қысқа қиып тастауда қолдың қимыл - қозғалысында орындалады. Ойында бұл техникалық тәсіл дайындық ретінде қолданылады және шығып көтеріліп келе жатқан допқа қарсы жақын қашықтықта орындалады.



Накат – жақсы дайындалған техникалық тәсілдің бірі болып табылады, оны барлық теннисистер меңгеруі қажет. Накат қолдың алға – жоғары – жан – жаққа (оңға және солға) қимыл – қозғалыстар жасау арқылы орындалады. (сурет. 33, 34). Иық алға бір мезгілде жоғары қозғалады. Қол білезігінің бұрылу мәнері арқылы ракетка допты үстіңгі бетінен жасырады. Допқа жоғарғы жағынан айналып алға түсетін серпін беріледі. Дене салмағы артта тұрған аяқтан алдыда тұрған аяққа ауыстырылады. Қолдың қозғалысы дененің бір мезетте бұрылумен орындалады. Соққы доптың жоғарғы – бүйір бөлігіне жасалады.




   

Оң жақтан накат әдісін қолдану

   

Сол жақтан накат әдісін қолдану
















Свеча: а-оң жақтан, б-сол жақтан

Свеча – тәсілі бұрын күшті соққылардан қорғану тәсілі ретінде қолданылған болатын. Қазіргі таңда свеча тәсілі – тиімді, нәтижелі қорғаныс тәсілі болып табылады, оны қарсыласын қолайлы позициядан, тұрыстан шығару үшін қолданады. Спортшы допты төменнен-жоғары – алға, допты жоғары айналдыра және үстелдің әр бағытына соққы бағыттайды. Қол белден сәл төмен орналасқанда, доп ракеткаға қабылданады.









ТҮСІНІК ХАТ

«Дене шынықтыру» пән ретінде жалпы білім беретін мектепте маңызды рөл атқарады, оқушыныға жалпы адамзаттық мәдениет саласында өзін-өзі белсенді шығармашылық көрсетуге дайын тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.

Үстел теннисі адамды организмге тек қана биiк талаптарды көрсетедi. Әр түрлi тiзбектегi ойындары және байланыс, әртүрлi интервалдармен уақытында жаттығуларды кезектеседi, қарқын және ұзақтық бойынша бiрдей емес.

Мақсаты:

Үстел теннисі бұл дене тәрбиесiнiң құралы денсаулықтың жан-жақты дене құрылысының өсiп-жетiлуi және күшейтуiне мүмкiндiк туғызады. теннис ойнау қол-көз координациясын жақсартады, ойлау шапшаңдығын арттырады, ұжым бірлігін арттырады, Оқушылардың қимыл-қозғалыс әрекетін қалыптастырып, дамыту.Оқушыларды ептілікке,шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Міндеті:

-үстел теннис ойыны денсаулықты нығайту ,ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және негізгі физикалық қасиеттін дамыту.

- үстел теннис ойының дамыту және сауықтыру бағытындағы дене жаттығулары базалық спорт түрлерінің іс- қимыл әдістерімен техникасы арқылы қимыл тәжірибені байыту, қимыл қозғалыс мәдениетін қалыптастыру.

-денешынықтыру және спорт жайлы .олардың тарихы туралы қазіргі дамуы және салауатты өмір салтты жайлы білімдерді игеру.

-тұлғаны оң қасиетке тәрбиелеу ,оқужәне жарыс әрекеттерінде ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастық межелерін сақтау

Күтілетін нәтиже:

- Оқушылардың қимыл дағдыларын қалыптастырады.

- Теориялық білімдері артады.

- Оқушылардың төзімділігі, шапшаңдығы, ептілігі дамиды.

- Деңсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп жетілуі және ағзаның жұмыс қабілеті артады.

Кіріспе

Үстел теннисі «дене тәрбиесі» пәнінде оқушылардың білім жүйесінде өте кең тараған ойын. Бұл үстел теннисінің спорттық және қозғалыс ойындары ретінде аса көп материалдық шығынды және спорттық жарыстарда, жаттығуларда аса көп орынды талап етпейді. Сонымен бірге ойын кезінде жоғары қозғалыс белсенділігі мен ерекшелене отырып оқушылардың бойына жылдамдық, ептілік, қимылды басқарушылық, зейінділігін арттыру , әрекет жасау, көзбен мөлшерлеу, ойлау сияқты қабілеттіліктерін қалыптастырады.

Үстел теннисі өте қызықты, жан жақты, әр жастағы адамдар үшін қол жетерлік ойын. Ол өте құмарлы және назданбайды Қимыл қозғалыстың тездігі, шабуылдардың шапшаңдығымен, техникалық қиыстырулардың кенеттілігімен оқиғалардың әсерлілігімен өзіне қатты қызықтырады. Қимыл қозғалыс, дағдылардың әр түрлілігімен, түрлі үйлестік пен күшейте түсуімен, барлық физикалық сапалардың дамуына жағдай жасайды.Ойын кезінде ойыншы жалынды, жігерлі күшпен бірге дене қозғалыына қосымша күш береді. Оқушылар ойынның жаңа элементтері мен ойын тактикасын меңгеріп, ойынның негізгі ережелерімен танысуы қажет. Үстел теннисімен шұғылдану оқушылардың физикалық дамуына, пәнмен, күн тәртібімен, гигиена және өз өзін бақылауымен танысуға бағытталуы тиіс.

Үстел теннисінің даму тарихы.

Үстел теннисі – бұл спорттық ойын. Басқалары көп ойланатындай ойынмен жұмыс арасында сондай үлкен айырмашылық жоқ. Жақсы ойын жақсы жұмысқа ұқсайды, жаман – жаман жұмысқа деп, осылай педагог Анатолий Семенович Макаренко айтқан.

Ертеректе үстел теннис ойынын пинг – понг деп атаған. Бұл сөз қалайда болсын аударылмайды, бұл доппен соққы жасау кезіндегі қарапайым дыбыс белгісі.ол оңнан солға, солдан оңға ұшады, анда – мұнда пинг – понг.

Қазіргі теннис шеберлері денгейінде доп сондай көп ұшпайды. Жылдам соққы – бәрі бітті. Сондықтан бұл атау жойылған.

Сондай-ақ сіз үстел теннесі қайдан шықты деп сұрақ қоя аласыз.теннис сөзінің тура шыққан жері белгіленбеген, бірақ грек сөзінің лента дегеніне болжайды.осы арқылы доп бір ойыншйдан басқысына соққы жасалып отырған.

Үстел теннисінің дамуы туралы ақпараттар қарама – қайшы. Кейбіреулері Азияда яғни Жапония немесе Қытайда пайда болған деседі. Европадан шыққан деген туралыда мәлімет бар.

XIX ғасырда үстел теннисі Россияда пайда болды. Ойынның бірінші ережелері Англиядан шыққан, бір партия ойыны 21 ұпайға емес қазіргідей, ол 30 ұпайға дейін жалғасқан. Киім түрлері мынадай-әйелдерде ұзын көйлекпен, ерлер ұзын смокинг киген.

Ақырындап ракетканың формасы өзгере бастады. Ол жұқа тақтайдан жасалды(бұған дейін ракеткалар сымдармен болған), ұстайтын жерлері қысқартылды, жаңа материалдармен үстіңгі жақтарын жабыстырды – былғары, велфр, пергамент және т.б.

Үстел теннисінің бірінші ресми кездесуі 1900 жылы өткізілді. Ал 1901 жылы ресми турнир Индияда болып өтті. Оны бірінші халықаралық жарыс деп санауға болады.осы турнирде жеңіске Индиялық спортшы Нандо жеңіске жетті. Англиядан ойын Австрия-Венгрияға, одан Германия Чехословакияға жетті. Үстел теннисінің жылдам таралуынан міндетті түрде халықаралық ұйым құруға және бірдей ойын ережесіншығаруға әкелді.1926 жылы Берлинде халықаралық федерация пайда болды. Айвор Мантегю көрнекті ағылшын әдебиетшісі, қоғам қайраткері ИТТФ төрағасы болып сайланды. ИТТФ бірінші конгресі және әлем чемпионаты 1927 жылы желтоқсанда болды. Жарыс жекелей ерлер және әйелдер, жұптасып ерлердің және араласқан түрде өтті.

1. Үстел теннисін ойнау қол-көз координациясын жақсартады, ақыл-ойды сергітеді, концентрация мен тактикалық стратегияны дамытады. Бұл дегеніміз күні бойы компьютер алдында отыратын кеңсе қызметкерлері үшін таптырмас спорт деген сөз. Мәселен, компьютер алдында көп отыратын адамдар көзге арналған гимнастика жасауды әдетке айналдырғаны абзал. Ал үстел теннисін ойнағанда шапшаң қозғалған допты көру үшін көз қарашықтары еріксіз қозғалатыны айтпаса да түсінікті. Ал мұнымыз, өз кезегінде, көздеріміз үшін  керемет гимнастика.    

2. Ойлау шапшаңдығын арттырады. Үстел теннисін «high-speed chess» – «аса шапшаң шахмат»  деп бекерден бекер атамаса керек. Бұл спортта допты неғұрлым қатты жылдамдықпен соғу, айналдыра шиіру, үстелге дәл түсіру және қарсыластың соққысына шапшаң бейімделіп, шебер қайтара білу  төтенше маңызды. Бұның бәрі тез ойлау мен тез шешім қабылдауды қажет етеді. 

3. Рефлекстерді дамытады, яғни дене қозғалысы шапшаңдығын арттырады.  Себебі ойынның сипаты шапшаң ырғақты, қысқа қашықтықты болғандықтан ірі әрі ұсақ бұлшық еттердің қозғалысы жақсарады.

4. Буындарға аса пайдалы. Тізеңіз ауырады ма, арқаңыз тырыса ма, жауырыныңыз сыздай ма?  Онда үстел теннисін ойнаңыз. Ол Сіздің денеңізді лезде сергітіп, буындырыңызға аса ауыртпалық түсірместен-ақ, оларды шыңдай түседі.  

5. Калорияларды жағып, сымдай тартылып жүрудің керемет жолы. Салмағы 69 килограмды құрайтын адам 1 сағат теннис ойнаса, 272 калорияны оңай жағып жібереді екен.

6. Мидың саулығын сақтайды. Альцгеймер Уикли (Alzheimer’s Weekly) ақпараты бойынша үстел теннисін ойнағаннан мотор дағдылары мен сана сергектігінің шыңдалуы анық байқалған. Жапонияда өткізілген клиникалық  зерттеулер нәтижесіне сәйкес үстел теннисін ойнау миға қан ағымын айтарлықтай арттырады екен, тіпті алжудан да сақтауы ықтимал екен.   

7. Мидың түрлі бөліктерінің жұмысын ынталандырады. Қарсыластың соққысын қайтарғанда, ойыншы ми қабығының префронтальды (маңдайға үсті) бөлігін қолданады екен, өз кезегінде, мидың бұл бөлігі стратегиялық жоспарлауға жауапты. Ойынның физикалық белсенділікті қажет ететін ширақ қозғалыстары мидың гиппотоламус деп аталатын бөлігін ынталандырады екен, мидың бұл бөлігі ұзақ мерзімді фактілер мен оқиғаларды қалыптастыруға және сақтауға жауапты.  

8. Ұжым бірлігін арттырады. Әсіресе бұл қызметкерлері бірін-бірі тани бермейтін үлкен мекеме ұжымдарына оңтайлы болмақ. Жұмыс барысында ортақ істес болмағандықтан, әншейінде кездескенде тек амандасумен шектелетін қызметкерлер үзілісте үстел теннисін ойнау барысында ортақ қызығушылықтары пайда болып, шүйіркелесіп жатады. Оның үстіне үстел теннисі жас және жыныс ерекшеліктеріне келгенде аса демократиялық спорт. Яғни оны жас та, кәрі де, ер де, әйел де бір-бірімен ойнай береді.


Ойын ережесі.

1. Беру деп – ойынғак допты қосқанды айтамыз. Допқа ракеткамен соққы жасағаннан кейін, үстелден доп секіру керек те, берушінің жағынан, одан сетканың үстімен тимей қарсыласының жағының столға түсу керек.

2. Допты беру кезінде ракетка және доп үстел сызығының артқа жағында болу керек.

Беру басталады – алақандағы допты жоғары қарай лақтырып, одан бірден ракеткамен соққы кетеді. Соққы міндетті түрде төмен түскен кезде ғана орындалады. Негізгі беру допқа ракеткамен соққы орындауда саналады.

Беру кате болып саналады, егерде:

- Доп бірден берілсе.

- Доп лақтырылған жоқ немесе дұрыс лақтырылмаса.

- Беруші түсіріп алса, немесе допты ұстап қалса, беру үшін лақтыруда, допқа соққы жасау кезінде тигізе алмаса.

- Берілген доп қарсыласының жағына жетпесе.

3. Беру қайтан беріледі, егер – допты қабылдаушы берудеменің соққы жасағанға дейін, ол дайын емеспін деп ескертсе.

  • Допты қабылдауға дайын болу

  • Үстелден жарты метрдей қашықтықта тұру;

  • Доптың бағытына қарай қозғалу;

  • Бастапқы бағытқа оралу;

  • 2,3,4, пункттерін ойынның соңына дейін қайталау.

Ойын мақсаты ережеге сәйкес допты ракеткамен қағысу . Ойын 2 ойыншыдан тұрады немесе екі ойыншыдан құралатын екі командамен жүргізуге болады, баскетболдан айырмашылығы осында. Регби ойынынан айырмашылығы арнайы жасақталған бөлмеде кем дегенде 7,7 және 4,5 м аралығында аумақта ойын жүргізуге болады.

Ойынға қатысушы алғашқы болып допты ракткамен қарсыласына қағу арқылы басталады ( бірінші болып қағу жеребиемен анықталады) Содан кейін ракткамен жасалған соққы, допты секіртіп арнайы жасалған ортадағы сеткага тимей қарсыластың жағына тиіп барып түсу қажет.

Ойын барысында ойынға қатысушылар столдың шеткі тұсындағы сызықтан кейін тұрып ракеткамен допты қағысу керек. Әрбір жеңіліс қарсыласындағы ойыншыға ұпай алып келеді. ( немесе командаға). 2001 жылы бекітілген халықаралық ереже бойынша әрбір ойын 11 ұпайдан тұрады, бірақ та 21 ұпайдан тұратын ойын үлгісі кәсіптік тұрғыда (танымал) қолданысқа ие. Матч тақ саннан құралған ойыннан тұрады, ( негізі 5 немесе 7) биллярд ойыны іспеттес.



Үстел теннисі ойынындағы қауіпсіздік ережелері:

1 . Мұғалімнің рұқсатынсыз залға кіруге болмайды;

2. Теннис үстелінің жанына отыруға болмайды;

3. Ойыншылардың ойын кезінде біріне – бірі ракетка сілтеп, дөрекі қылық жасауға жол берілмейді;

4.Жаттығуларды орындауды ұйымдастыру барысында қойылатын бірыңғай талаптарды дәл орындау керек.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!