|
|
Тайботанова Асыл Нургизариновна Информатика пәнінің мұғалімі Қарабұлақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар ММ Алматы облыс,Алакөл ауданы |
«Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де: қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін – жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек».
Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
Үш тілділік- заман талабы
Бүгінгі күні көптілді білім беру тек балабақша мен жалпы білім беретін мектептерге ғана емес, жоғары оқу орындарына да белсенді енгізілуде. Осыған қарап үштілділік – заман талабы екендігін мойындамауға еш қақымыз жоқ
Үштілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашылатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі.«Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Бүгінде осы үштілділікті қолдау, қолдану мақсатында біз,ұғалімдер өз үлесімізді қосуға, оқушыларға аталған жаңа талаптарға сай білім беруге бір кісідей ат салысып жатырмыз. Біз білімізді жетілдіріп,ағылшын тілін меңгеріп жатқан “Caspian Training Group”халықаралық білім беру орталығының жұмысы дұрыс жолға қойылған.Тілді жетілдіруге кәсіби мамандар таңдалып,атап айтсақ біздің тобымызға дәріс берген Ламин Бангура мырза алғысымыз шексіз. Тілді меңгерту барысында Ламин мырза әр қайсымызбен жеке және топтық жұмыстарды кәсіби деңгейде жүргізіп,дұрыс ұйымдастыра білді. Бүгінгі таңда тілді меңгеріп,оқып, жаза аламыз.Ағылшын тілінде өз ойымызды еркін айтып, әр-түрлі пікір-сайыстарды ұйымдастырамыз.Пәнімізге байланысты арнайы терминдерді біліп, сабақ жоспарын құрып,ағылшын тілінде сабағымызды ұйымдастырып,практикалық іс-әрекеттерімізді машықтандырдық. «Келешекке кемел біліммен», - деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұстаным еткендей, келшекке терең біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген құзіретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірегейі болып отыр.Осы орайда, біз ұстаздар қауымы көптілділік заман талабына айналып отырған кезеңде ана тілімізді ардақтай отырып, өзге тілдерді білгеніміз әлемдік мәдениетке, өркениетке, білім кеңістігіне еркін кірігіп, болашақта алдыңғы қатардағы бәсекелестікке қабілетті дамыған 30 елдің қатарына енуімізге, жаһандану үрдісінде өмірдің барлық жағынан бәсекелестікке төтеп беруге мүмкіншілігімізді арттырып салиқалы, саналы ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесімізді қосамыз деп білемін.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Үштілдідік туралы эссе
Үштілдідік туралы эссе
|
|
Тайботанова Асыл Нургизариновна Информатика пәнінің мұғалімі Қарабұлақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар ММ Алматы облыс,Алакөл ауданы |
«Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де: қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін – жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек».
Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
Үш тілділік- заман талабы
Бүгінгі күні көптілді білім беру тек балабақша мен жалпы білім беретін мектептерге ғана емес, жоғары оқу орындарына да белсенді енгізілуде. Осыған қарап үштілділік – заман талабы екендігін мойындамауға еш қақымыз жоқ
Үштілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашылатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі.«Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Бүгінде осы үштілділікті қолдау, қолдану мақсатында біз,ұғалімдер өз үлесімізді қосуға, оқушыларға аталған жаңа талаптарға сай білім беруге бір кісідей ат салысып жатырмыз. Біз білімізді жетілдіріп,ағылшын тілін меңгеріп жатқан “Caspian Training Group”халықаралық білім беру орталығының жұмысы дұрыс жолға қойылған.Тілді жетілдіруге кәсіби мамандар таңдалып,атап айтсақ біздің тобымызға дәріс берген Ламин Бангура мырза алғысымыз шексіз. Тілді меңгерту барысында Ламин мырза әр қайсымызбен жеке және топтық жұмыстарды кәсіби деңгейде жүргізіп,дұрыс ұйымдастыра білді. Бүгінгі таңда тілді меңгеріп,оқып, жаза аламыз.Ағылшын тілінде өз ойымызды еркін айтып, әр-түрлі пікір-сайыстарды ұйымдастырамыз.Пәнімізге байланысты арнайы терминдерді біліп, сабақ жоспарын құрып,ағылшын тілінде сабағымызды ұйымдастырып,практикалық іс-әрекеттерімізді машықтандырдық. «Келешекке кемел біліммен», - деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұстаным еткендей, келшекке терең біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген құзіретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірегейі болып отыр.Осы орайда, біз ұстаздар қауымы көптілділік заман талабына айналып отырған кезеңде ана тілімізді ардақтай отырып, өзге тілдерді білгеніміз әлемдік мәдениетке, өркениетке, білім кеңістігіне еркін кірігіп, болашақта алдыңғы қатардағы бәсекелестікке қабілетті дамыған 30 елдің қатарына енуімізге, жаһандану үрдісінде өмірдің барлық жағынан бәсекелестікке төтеп беруге мүмкіншілігімізді арттырып салиқалы, саналы ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесімізді қосамыз деп білемін.
шағым қалдыра аласыз














