Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҮШТІЛДІЛІКТІҢ ДАМЫТУДЫҢ ТЫҢ ЖОЛДАРЫ. CLIL

Материал туралы қысқаша түсінік
Пәнаралық байланыс пен оқушы бойында жалпы құзіреттілікті қалыптастыруда тікелей байланыс бар. Оқу бағдарламаларында әр пәннің қалыптастыратын білім, білік, дағды мөлшері жеке анықталса да, тұлғаның өмір сүру аймағында олар өзара байланысты құзіреттілікке ие болады. Өйткені оқушы өмірлік мәселелермен кездескенде, әрбір пәннен алған білімін саралап жатпай, бойындағы интегративті білімнің кең, жалпы әлуеті мен дағдысын пайдаланады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҮШТІЛДІЛІКТІҢ ДАМЫТУДЫҢ ТЫҢ ЖОЛДАРЫ. CLIL


А.К.Абдыгулова Г.С.Бектасова, М.А.Жанали информатика

пәнінің мұғалімдері,

Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі

Жезқазған қаласы


Пәнаралық байланыс пен оқушы бойында жалпы құзіреттілікті қалыптастыруда тікелей байланыс бар. Оқу бағдарламаларында әр пәннің қалыптастыратын білім, білік, дағды мөлшері жеке анықталса да, тұлғаның өмір сүру аймағында олар өзара байланысты құзіреттілікке ие болады. Өйткені оқушы өмірлік мәселелермен кездескенде, әрбір пәннен алған білімін саралап жатпай, бойындағы интегративті білімнің кең, жалпы әлуеті мен дағдысын пайдаланады.

Content and Language Integrated Learning (CLIL)деп аталады. Content and Language Integrated LearningЖалпы CLIL әдісінің негізгі принциптерін анықтауда бес аспект белгіленді. Оның әрқайсысы оқушының жас ерекшелігіне, әлеуметтік-тілдік ортасына және CLIL әдісіне тереңдеу деңгейіне байланысты жүзеге асады.

Мәдени аспект

Әлеуметтік аспект

Тілдік аспект Пәндік аспект

Оқыту аспектісі

Осы әдісті тәжірибеде қолдану оның оң тұстарын айқындауға мүмкіндік берді. CLIL әдісінің ең негізгі оң тұстарының бірі екінші тілді меңгеруге оқушының талпынысы болып табылады. Бұдан басқаоқушы екінші тілде оқи отырып, оның мәдениетін тереңірек білуіне мүмкіндік алады. Пәнді оқи отырып, оқылып жатқан тақырыптарға сай терминдерді қайталау барысында, оларды өз ой пайымдауларында қолдана отырып, оқушының белгілі пән бойынша сөздік қорының молаятындығына көзім жетті. Тілдік дағдыны қалыптастырумен қатар CLIL әдісі мұғалімнен сабақтың өтілуіне байланысты жаңа тәсілді талап етеді. Пән мен тілді кіріктіріп оқыту

Soft - Сабақтын басын немесе, 50% ағылшын тілінде жүргізіледі.

Hard – Сабақтың 100 % жүргізіледі.

CLIL- екі мақсатты көздейтін оқыту әдістемесі

- Екінші немесе үшінші тіл арқылы пәнді оқыту

- Пән арқылы тілді оқыту

CLIL әдісінің артықшылықтары

  1. Оқушылырдың тілдік дағдыларын жетілдіреді

  2. оқушылардың сөздік қорын байытады

  3. Оқушылардың оқуға ынтасын арттырады

  4. Пәндік білімі бірінші тілде оқитын оқушылармен бірдей, кей жағдайда артық болады

CLIL әдісін қолдану барысында тапсырмалар:

мақсатқа бағытталған

  • -оқушылардың тіл деңгейлеріне сай

  • - орындауға қызықты

  • - ынталандыратын

  • - бір-бірімен логикалық түрде байланысқан болу қажет

І. Кіріспе

Үштілділік - заман талабы. Елбасы өзінің «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» атты жолдауында : «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі » деген болатын.

Елбасының сындарлы саясатының астары өте тереңде. Біз әлемдік аренаға шығу үшін ағылшын тілін жетік меңгерген мәңгілік елге айналуымыз керек. Өз тілің бірлік үшін, өзге тіл тірлік үшін қажет екенін естен шығармайық. Әуелі өз ана тілімізді құрметтеп, оны ардақтап, аялап үйренейік те, өзге тілдің бәрін білуге барынша құлшыныс жасайық.

Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен қалыс қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз керек. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз.

Қазіргі заманның ұстазға қояр басты талабы – ақпараттандырылған жан – жақты, дүниетанымы кең, тәрбиелі әрі саналы шәкірт сомдауы. Сапалы білімге жету жолында ұстаздың аянбай еңбек етуі керек.

Оқытудың тиімді әдіс–тәсілдерін, қазіргі заманауи инновациялық технологияларды меңгеруі шарт.Оқу жоспарларында мектепте оқытылатын ғылымдар да диалектикалық мазмұнды негізге сүйене отырып, филология, математика, жаратылыстану, қоғамтану, өнер, технология, дене шынықтыру салаларына бөлініп, жеке пәндерге тармақталып кетеді. Оқу жоспарында пәндер арасындағы кірігу анық көрсетілген және олар пәнаралық байланыстың моделі әрі білім мазмұнын жаңа сапаға көтереді.[1]

Декарттың «Барлық ғылымдардың байланыстылығы сондай,олардың бәрін бірден оқыту – олардың біреуін басқасынан бөліп оқытудан оңай» деген пікірін еске алсақ, пәнаралық байланыс білімберудің кіріктірілген технологиясының құрамына енеді. Оның ұғымының ауқымы кең.

Философиялық – педагогикалық ұстаным жағынан бұл технология – жеке тұлғаның ойлау дәрежесі мен бүкіл адамзат қауымы санасының сан ғасырлық даму дәрежесін ретке келтіруші, үйлестіруші қозғаушы күш.[2]

Кіріктіру ұстанымының басты қағидасы – ғылыми-жаратылыстану және қоғамдық гуманитарлық білімдерді жеке білім аймағында шартты түрде қарастыра отырып, оқушыларға әлемнің біртұтастығы жайлы ғылыми-синтездік білім беру болып табылады.

Бүгінгі жапппай қолданылып жүрген жаңа технологияның өзі кіріктірілген болып саналады. Қазіргі педагогикалық технологияда пәнаралық байланыс кіріктірілген білім берудің моделі болып саналады. Пәнаралық байланыс оқытудың кешенді жүйесін құрай отырып, әртүрлі білім салаларының ортақ тақырыптарын, кейде ортақ элемент, бөлім, дәйек, теория, ұғым заңдарды біріктіріп, құрылымдық және ғылыми-мазмұнды блоктар жасайды.

Оқу пәндерінің бірігуі төмендегі шарттарға байланысты:

-зерттеу нысандарына сәйкес келуі немесе өзара жақын болуы;

-кіріктірілген оқу пәндерінде зерттеу әдістерінің бірегейлігі немесе ұқсастығы;

-кіріктірілген оқу пәндерінің жалпы заңдылық, жалпы теориялық тұжырым негізінде құрылуы

CLIL әдіс

1. Ресурстарды кеңінен қолдануды

2.Тиянақты жоспарлауды

3. кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отыруды талап етеді.

Аталған әдісті алғашқылардың бірі болып тәжірибеге енгізген Дэвид Марш атты лингвист, еуропалық профессор. Бұл әдістің ерекшелігі CLIL - информатика физика, биология химия сияқты пәндерге қолдану арқылы тілді үйретуде өте тиімді болып келеді.

Тәжирибе жүзінде оқушылардың жас ерекшелігі мен жеке қызығушылықтарына мән беру оқушының мотивациясына әсер етеді. Алғашында индивидуалдық ерекшеліктеріне байланысты көру арқылы қабылдап есте сақтап оқитын, жазу арқылы немесе дыбысты тыңдау арқылы есте сақтайтын оқушылардың ерекшеліктері болады. Көбінесе есту арқылы есте сақтауға бейім балалар ағылшын тілінде тез сөйлейді де айтылымда қатесін аз жібереді, мұндай оқушылар ән айтуға музыкалық қабілеттері бар балаларды жатқызуға болады. Жазу арқылы және көру арқылы есте сақтайтын визуалдарды словарь және дәптерді кеңінен пайдалануға бағыттау қажет. Олар мұғалім сөйлеу барысында тақтаға жазып экраннан көрсетіп отыруды қажет етеді. Күнделікті сабақта қолданылатын сөйлемдерді оқушы есту арқылы есте сақтайды, оқушыға бүгін қандай күн т.б терминдерді қолданып ағылшын тілінде айту олардың есту арқылы есте сақтауын дамытады. Әдісті пайдалануда қатып қалған қағида жоқ, өйткені оқушылар әр түрлі дамиды, мұғалім бір немесе үш ай аралығында сабақты толық ағылшын тілінде өткізуге ауыса алады.

CLIL-әдісін қолданып сабақ өткізу кезінде аударма сөздік, translator, сөздіктер қолдануға рұқсат етіледі. Оқушының мәтінді аударуына электронды нұсқадағы сөздіктерді қолдануына болады. Мысалы, Алғашқы сабақтарда 5-7 минут тақырыпқа сай ағылшын тіліндегі видео материалдарды тыңдатудан бастаған тиімді.

CLIL әдісін қолдануда қарапайым диалог құрастыру, қысқа сөздік жазғызу, суретті әңгімелеу, ойындар ойнату, тиімді нәтиже береді.Күнделікті сабақта айтылатын, сабақтың құрылымы бастапқыда қайталанбалы болса оқушы тәртіпке үйренеді, әдістерді де өте қарапайымнан күрделіге қарай ауыстыруға болады. Өйткені белгілі бір қайталанбалы сабақты оқушы меңгергенге дейін сол сабақта қолданылатын қарапайым сөз тіркестері мен сөйлемдерге үйренеді. Педагогикалық тұрғыда қарастырсақ, сабақта белгілі дәрежеде қиындықтардың да болуы мүмкін. Сонымен қатар уақыттың жетіспей қалуы, мұғалімнің жоспарының толыққанды жүзеге аспауы мүмкіндіктері болуы. CLIL сабақтары барысында қалыпты деп есептеледі. Оқушыларда барлық тіл үйренушілерге қатысты қателіктер кездеседі, жазу мен сөйлем мүшелерінің орындарының ауысуы, айту кезіндегі қателіктер, орфографиялық, синтаксистик қателер көп жіберіледі. Бастапқыда сөйлеу кедергісі бар оқушылар сабақта белсенділік таныта бастаған кезде олардың қателіктерін сөзін бөлмей сабақтың соңына қарай барып түсіндірген жөн, өйткені ең бастысы сөйлеу кедергілерін жою мақсатында жұмыс жасау деңгейінде бұл қателіктергі аса назар аудармаған жөн.

Информатика пәнін ағылшын тілінде оқытуда тақырыпқа сай терминдерді видеолар мен мультфильмдер, оңай кинолар арқылы есте сақтауға үйретуге, мәтіндік тапсырмалар, түртіп алу әдістерін пайдалану арқылы оқытуға болады. Ағылшын тілі - әлемдік бизнес тілі, оны меңгеру - жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу — біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. Ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл ену үстінде. Сондықтан тиімді әдіс тәсілдерді қолдану арқылы оқыту нәтижеге жеткізеді. 1999 жылы профессор Ду Койл CLIL әдісі бойынша сабақтарды жоспарлаудың негізгі және маңызды 4 «С» қағидаларын дамытты. Яғни олар:

1. Content- мазмұн

2. Commynication-қарым – қатынас

3. Cognition-таным

4. Culture- мәдениет

CLIL әдісінің қағидалары аясында мазмұн (пәндік мазмұн, пәнаралық байланыс), тіл және таным (сыни тұрғыдан ойлау процесі) ұсынылған. Жоғарыда аталған ұстанымдар CLIL бойынша жүргізілетін сабақтың негізін анықтайды. Мәселен, сабақтың мазмұны пәнаралық байланыс, қарым-қатынас оқушылардың шетел тілі арқылы өз ойын білдіре білуі ол диалог немесе монолог әлде басқа да формада болуы мүмкін .

Қолдану

Task 1. Translate these terminologies into three languages

Мақсаты: Оқулыр сөздерді үш тілге аудара отырып, терминдерді еске сақтайды.

English

Kazakh

Russian

to encode

кодтау



мөлшер

количество

character


символ


жинақ

коллекция

measurement


измерение


өлшеу

измерять

uppercase

бас әріп

заглавная буква


кіші әріп

строчная буква


Task 2.

  • Complete the sentences with following words:

measurement measurements amount

Мақсаты: Сөйлемді толықтыра отырып, сөйлемді түсінеді, мағынасына сәйкес сөздерді орнына қояды.

Everyday _________ of information became larger and larger. Having a lot of bytes led to new________units. Today devices have __________ such as kilobytes, megabytes, gigabytes, etc.

Task3.

Label the pictures

М ақсаты: Суреттері сөздермен сәйкестендіре отырып, еске сақтайды.

mind map

т Shape1 able


c ycle



b ar chart



Қорытынды

Қазіргі таңда білім беру жүйесі барлық пәндерді өзара байланыстыра, кіріктіре, сабақтастыра отырып оқыту арқылы білім беріп, оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке үйрету, жекебас дербестігін дамыту, бойларына жауапкершілік, орнықтылық қалыптастыру мәселелерін шешу мақсатын көздеп отыр. Пәнаралық байланыста экологиялық білім беруді ұйымдастыру, жеке пәндер мазмұнының, мәтіннің бір-бірімен өзара үйлесімділігін қамтамасыз ететіндей белгілі бір жүйелілікті керек етеді.

Үш тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оны жүзеге асыру – ұстаздардың міндеті. Сондықтан да заманауй ұстаздарға тоқтаусыз ізденіс қажет.












Әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. (Қазақстан халқына жолдауы). Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. – Астана, 2007

2. Әбдуәли Т.Үштұғырлы тілден түңілмейік //Жетісу, №31. 2008

3. Тәңірбердіқызы Т. Ағылшын тілі мемлекеттік тілмен бәсекелес емес //Қазақ әдебиеті, №48. 2008

4. Ғабжәлелов Х. //Тасжарған, №18. 2008

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
364
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12