"Үштілділіктің негізін мектепке дейінгі ұйымдарға енгізу-мектеп бағдарламасына нәтижелі дайындық" атты мақала

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Үштілділіктің негізін мектепке дейінгі ұйымдарға енгізу-мектеп бағдарламасына нәтижелі дайындық" атты мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
"Үштілділіктің негізін мектепке дейінгі ұйымдарға енгізу-мектеп бағдарламасына нәтижелі дайындық" атты мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Үштілділіктің негізін мектепке дейінгі ұйымдарға енгізу-мектеп бағдарламасына нәтижелі дайындық

Үштілділік жөніндегі сөз Елбасымыздың «Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыру керек. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс.Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі» деген үндеуінен бастау алған болатын. Қазіргі таңда елімізде «Көптілділік» мәселесі көкейкесті мәселелердің бірі екендігі белгілі.Соның ішінде ағылшын тілі – бүгінгі заманымыздың кілті, ақпараттық технологияның кілті деуге болады. Бүгінгі әлемде мыңдаған адамдар ағылшын тілін жұмыста немесе оқуда пайдаланады және ана тілі ретінде меңгереді. Қазіргі заманда ағылшын тілі «21 ғасырдың» халықаралық байланыс, бизнес, қазіргі ғылым мен технологиялар тілі мәртебесіне ие болды. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында да «Үш тілде білім беру» бағдарламасын – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы деп атап көрсеткен болатын.Көптілділікке көшудің негізгі мақсаты- бірнеше тілді меңгерген,бәсекеге қабілетті,мәдениетті, тілдік тұлғаны қалыптастыру. Осы орайда үштілді білім беруді тек қана жоғары оқу орындары мен мектептерде ғана емес, мектепке дейінгі ұйымдардан бастауды ұсынамын. Бұл ұсыныс кейбір ата-аналар тарапынан дау тудыратыны да анық. Алайда, өз тәжірибемізге сүйеніп, 3 жастағы балалардың ағылшын тілін жаңа технология арқылы оңай меңгеріп отырғанын байқап, ұсынып отырмыз.
Мемлекеттік бағдарламамен оқытатын «Айназ» жекеменшік балабақшасында ағылшын тілін интерактивті стильде,ойын түрінде оқытатын қосымша халықаралық «FasTrackEnglish» бағдарламасы ашылған болатын. Аталған бағдарлама 3жастан бастап қатысып отырған тәрбиеленушілеріміз қызығушылық танытып, оңай әрі, жеңіл меңгеріп отыр. Мысалы: түстерді , адамның дене мүшелерін, пішіндерді, т.б. оңай үйреніп, атай алады. Сонымен қатар, тек мектептер де ғана емес, мектепке дейінгі ұйымдарда да 3 тілді білім беруді педагогтар дайындау қажет деп есептеймін.
Ана тілің арын бұл,
Ұятың боп, тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!- деп Қадыр Мырза Әли ақын айтқандай –өз тіліңді таза білу, өзге тілге де құрмет көрсетуді осы төменгі буыннан бастаған дұрыс деп санаймын.Сол төменгі буындағы мектепке дейінгі ұйым балаларына барынша жаңа технологияларды пайдалана отырып, ана тіліне деген қызығушылықты бойына сіңіре алсақ,болашақтағы жан-жақты жеке тұлғаның қалыптасуына өзіндік әсерін тигізері сөзсіз деп білемін.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.00.2018
346
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі