Үштұғырлы тіл
саясаты
Тіл – ұлттың жаны, ұлттың
қазынасы, баға жетпес байлығы. Сол қазынаның бағалық дәрежесін,
құнды дүниесін білуіміз шарт. Әрбір пенденің дүниеге келе сала
өзіндік ана тілі болады. Ал сол ана тілінің кіріпішін мықтап қалап
алып, кейінгі орында шетел тілдерін үйренуді қолға алу шарт. Себебі
көп тіл білу деген сөз көптеген мәдениет пен әдебиетті білу дегенге
саяды. Көп елдермен еркін түрде қарым-қатынас орнатудың өзі
пенденің тұлғалық болмысын аша түсетіні сөзсіз. Қазіргі таңда көп
тіл білу сәнге айналып бара жатыр. Мұның өзі жаһандануға қабілетті
болудың бірден бір жолы немесе алтын
көпірі.
Ықылым заманда ұлыларымыз,
дараларымыз бен даналарымыз бірнеше тілді қатар меңгерген. Мысалы,
әл-Фараби жеті тілді, Абай Құнанбаев төрт тілдерді еркін меңгерген.
Тағы да басқа ғұламаларымызды бұл тізімге моншақтай жалғай
беруімізге болады. Себебі бірнеше тілді қатар меңгерген, шығыс және
орыс әдебиетінің жазба өнерін бірнеше ақын, жазушыларымыз қазақ
нұсқасына аударып, қазақ арасына жаңаша екпін әкелген болатын.
Қазіргі таңда да жас ақындарымыз халықаралық деңгейде шет ел
әдебиеттерін аударып жүрген жайлары бар.
Үштұғырлы тіл үйретуді
балабақшадан бастау алғызуымыз шарт. Мектеп жасына дейінгі
балаларға үш тілділікті қатар игерту арқылы болашақ Қазақстанның
кемел ұрпағын жаһандық бәсекеге қабілетті болуға дәріптеу.
Балабақша қабырғасынан бастап-ақ бірнеше тілді қатар меңгертіп,
озық ойлы ұрпақ дайын болып табылады. Сондықтан бүгінгі күннің
басты талабы мектепке дейінгі ұйымдарды жаңа бағдарламалармен,
технологиялармен қамтамасыз ету арқылы білім сапасын арттыру болып
табылады. Осыған орай, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіне
«Мектепке дейінгі ұйымдарда үш тілді қатар меңгерту» қолға алынды.
Осы арқылы бала мектеп қабырғасына барғанға дейінгі аралықта
қарапайым заттық атауларды біліп баратын болады. Сол арқылы бала
тілдік дағдыларды әрмен қарай оңай үйренетін болады. Оңай үйрену
деген сөз оңай оң нәтижеге жету деген сөз. Дипломдық жұмысымды осы
тақырып аясында қорғап, ең жоғары балл жиынтығын жинаған
болатынмын. Бұл тақырыпты таңдаған себебім қазіргі қоғамда өте
өзекті әрі орынды мәнге ие болғандықтан. Бұл тақырып аясында үш
тілде ғылыми, саяси мақалалардың авторы атандым. Академиялық
ұтқырлық бойынша Элиста қаласында бір семестр біліп алып келіп, сол
білімді қолледж қабырғасындағы студенттерге ілген, тергенімді
тілдік дағдылар бойынша және жаңаша әдістер тұрғысында үйретіп
жатырмын. Жаңадан өтілген тақырыптардың ең өзекті сөздерін үш тіл
бойынша жаңаша ұғымдар атты бес минуттық айдарымда қолданамын.
Еуропалық мәдениеттің жоғарғы көкжиегін осы тіл арқылы игердім.
Ағылшындардың мәдениетті қарым-қатынасын үйрендім, ал
қытайлықтардың еңбекқорлығына, француздардың өнеріне басымды идім.
Әр елдің білім мен мәдениеттің жоғары қаспағын теріп, өз еліміздің
ұлттық менталитетімізді, ана тілімізді, ұлттық дағдыларымыз бен
асыл дінімізді тал бесіктен санаға сіңіртуіміз шарт. Қазіргі таңда
ұлттық ұғым мен шет ел ұғымдарын шадастырмауымыз абзал. Уақыт пен
сапаға бағынатын кезең келіп жетті. Біз үшін алдымызда үлкен
міндеттер тұр. Сол міндеттерді білім берудегі озық ойлардан бастау
алғызуымыз шарт. Себебі жаһандық қабілетке қажетті ұрпақты
дайындауды үш тілден бастау алғызуымыз алдынғы қатардың мұраты. Осы
жолда колледжішілік «Сырсандық» газетін жарыққа шығарып,
студент-жастар өз ойларын газет парағына үш тілде мақала жазып,
қалам тербеп жүр. Газеттің бас редакторлық қызметін қатар алып
жүрген жайымыз бар. Сөзіме дәлел «Мектепке дейінгі оқыту және
тәрбиелеу» мамандығында оқитын студенттер газеттен арнайы «Garden
baby» айдарына өз мақалаларын орналастыра алады. Ал «Бастауышта
оқытудың әдістемесі» мамандығының студенттері «Рrimary class»
парағына өз туындыларын оқырманмен бөліседі. Тағы сол сияқты әр
мамандықтың өзіне тән жеке айдары бар тұғын. Ал студенттер үш тілде
де өз ойларын еркін түрде мақалаларын газет бетіне жария қыла
алады. Қазіргі таңда сабақ беру үрдісімде еркін форматта тілдік
дағдыларды қолданамын. Білім үйренуші мен білім игерушінің арасында
көрінбейтін байланыс болады. Ол байланыс мимика. Сол мимика сабақ
үдерісінде тілдік функциялармен қатар басқаруды негізге санаймын.
Үштұғырлы болу үш елдің әдебін жатқа білу деген сөз емес, үштілде
еркін қатынас орнату асыл қаймағы болып табылады. Қазіргі таңда
тілдік дағдылар мен тілдік үйренушілікке қызығушылық жы өткен сайын
сұранысы мен қызығушылығы артып келеді. Уақыт талабы сапаға
негізделген білім. Сол білімді толыққанды үйретуде тілді сауатты
қолдануды алға тартамын. Қазіргі таңда Б.Б.Городиков атындағы
Қалмақ мемлекеттік университетінде магистратурамды сырттай бағытта
жалғап, үш тілділікті қатар үйреніп те үйретіп те жатырған жайымыз
бар. Біз, жаһандануға қабілетті озық ойлы жастармыз. Тұрып жатқан
еліміз зайырлы, демократиялы, тәуелсіз ел болып табылады. Ұлт пен
ұлысқа бөлінбейтін, үш тілді қатар меңгерген, қатар меңгерткен
тұлғалар санатынанбыз. Әлемдік деңгейде үштұғырлы тіл саясатының
маңызы ең жоғарғы межеде. Сол себепті елдікті ерлікпен дәлелдеуіміз
абзал. Егемендігіміз тұғырлы, жастарымыз озық ойлы
болғай...
Хасанова Аида Жантурина,
Орал гуманитарлық колледжінің
оқытушысы