Материалдар / Үздік информатика
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Үздік информатика

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


МКҚК Теректі колледжі


«Келісілді» ________И.М.Баймулдина

колледж әдіскері



«Бекітемін» ______________О.И.Мацкевич

Директордың ОІЖ орынбасары








Сыныптан тыс шара дайындамасының тақырыбы:


«Үздік информатика» зияткерлік сайысы













Дайындаған: ө/о шебері Жусупкалиева Ш.М.










Подстепный 2019 ж



«Үздік информатика » зияткерлік сайысы.


Мақсаты: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.

Ойын барысы: Ойынға 6 адамнан тұратын 4 топ қатысады. Ойын 4 турдан тұрады.

І-тур Білім сайысы. Экономикалық ойынның шартымен оқушыларға 4 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы топ ұпай жинайды.

ІІ-тур. Эрудиттер сайысы. Топтар шапшаң түрде берілген сұрақтардың жауабын айтуы тиіс.

ІІІ-тур. Таңдау-табыс. Әрбір топ информатика пәні бойынша әртүрлі тапсырмалар орындайды.

ІҮ-тур. Венгр сөзжұмбағы. Топтар сөзжұмбақ арқылы сөздер табады.

Техникалық құрал: компьютер, интерактивті тақта.

Бағдарламалық жабдық: MS PowerPoint-та жасалған слайдтар.


Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!


«Үздік информатика» атты зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер!


Төрт топ мүшелерімен таныс болыңыздар:

I топ.ЭВМ –тобы

II топ.Болашақ

III топ .Google

IVтоп.Болашақ хоккерлер

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,

Соқ қолыңды білімді жас талантқа!


Алдарыңызға өз білімімен, ақыл-ойымен, эрудициялық ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары. Ендеше кезек оқушыларда (Әр топ өз аты мен ұранымен таныстырады).


«Болашақ» дарындылар тобы:

Ұраны:

Болашақтың ұрпағымыз білімді,

Сайыста көрсетпекпіз информатикадан алған білімді.


«ЭВМ»- тапқырлар тобы

Ұраны:

Тапқырлық таныту мақсатымыз,

Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.


«Google» тобы

Ұраны:

Желілердің ішіндегі үздігі

Іздегеннің бәрі сонда тізілді.

«Хокер» тобы

Ұраны:

Бізге құлып сөз емес

Біз бәрінде бұзамыз

Бізге ешкім тең келмес

Біз болашақ хокерміз.


«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы- білім»,- деген екен шығыс ғұламасы Әбу-Райхан әл Бируни.

Ойынның шартымен таныс болыңыздар. Бүгінгі ойынымыз ұпай арқылы жүргізіледі.

Өз ұпайларынызды көбейту- өз қолдарыңызда.

Зияткерлік ойында информатика пәндерінен алған білімдерінді көрсетесіздер.

Информатика пәнінен сұрақтардың бастапқы ұпайы - 10 балл болып есептеледі. Егер дұрыс жауап айтылса- ұпай сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, ұпай есептелмейді.

Сонымен, «Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік- сол білімді іске асыра білу дағдысы», деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Білім сайысы» атты І турды бастайық.

Сайыс №1 лот- ЕТ даму тарихы бойынша сұрақ қойылады. Бастапқы ұпай – 10баллмен есептеледі.

1 лот. Сұрағы: Бұл санау құрылғысын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан», деп атаған, ал жапондықтар серобян деп атаған? (Есепшот).


2 лот. Информатикаға анықтама бер. (Ақпараттық процестерді зертейтін ғылым информатика деп аталады).


3 лот. Ұлы тұлғалар галериясы.

Ол 1955 жылы қазан айында Сиэтледе қарапайым ұстаздар отбасында дүниеге келді. Ол 13 жасында алғашқы программасын жазып үлгерді. 1975 жылы ол Пол Алленмен бірігіп, университет бітірулеріне 2 жыл қалғанда Microsoft деп аталатын фирма ашты. Алғашында ол программа құрып, көп ізденсе, кейіннен басқа әдіс ойлап тапты. Ол программасымен авторларды да қоса фирманы сатып алды. Осылайша “Microsoft империясы” пайда болды. (Билл Гейтс)


4 лот. Компьютер деген не? (Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрылғы)

Осымен І-тур аяқталды. І- турдың қорытындысын эксперт мүшелерінен сұрайық.

Біздің екінші турымыз «Эрудиттер сайысы» деп аталады. Әр топқа берілген уақыт-3 минут.

Әрбір дұрыс жауап – 10ұпай есептеледі. Сұрақтың жауабын білмеген жағдайда «келесі» деп айту сұралады. Ендеше, «Тіл қаруы-сөз, сөз қаруы-ой, ақылды ой, алғыр сөз- адамның ең жоғарғы қасиеті», -деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен сайысты ең көп капиталы бар топтан бастаймыз. Дайынбыз ба? Уақыт.


ІІ тур. Эрудиттер сайысы.

1 топқа арналған сұрақтар.

  1. Компьютердің миы. (Процессор).

  2. Google-дың негізі қай жылы қаланды.(1998)

  3. Компьтердің экранына ақпарат қандай құрылғының көмегімен шығады? (Монитор)

  4. Принтердің неше түрі бар? (3 түрі)

  5. Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранына шығаруға арналған құрылғы. (Сканер)

  6. Алгоритм қай ғасырда пайда болған (IX)

  7. Әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, редакциялауға мүмкіндік беретін бағдарлама. (Paint)

  8. Google қандай қоғамдық корпарацияға тиесілі. (Google Ins)

  9. Бүкіл жер шарын қамтитын көптеген әр түрлі компьютерлер және компьютерлік желілердің жиынтығы. (Интернет)

  10. Бағана мен жолдың қиылысқан орны (Ұяшық)


2 топқа арналған сұрақтар.

1. Бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым. (Логика).

2. Жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. (Пікір)

3. Есептеуіш машиналар неше түрге бөлінеді? (4 түрге)

4. Дыбыс жазу құрылғысы. (Микрофон)

5. Windows-та өшірілген құжаттар қайда жіберіледі? (Себетке)

6. Google компаниясының бейресми ұраны “Don’t be evil “ қандай мағына береді (Қатыгез болма)

7. Көбейтілуге және басқа компьютерге жұғуға қабілетті, өлшемі шағын арнайы компьютерлік бағдарлама. (Компьютерлік вирус)

8. Google ақпараттарды қанша тілде іздеу мүмкіндігіне ие

. (191)

9. Компьютерге мәтін енгізу құрылғысы. (Пернетақта)

10. Интернетке телефон арқылы шығу құрылғысы. (Модем).


3 топқа арналған сұрақтар.


  1. Компьютерде сақталып қалған ақпарат ,неде сақталып қалады.

(Себетте)

  1. Гректердің есептеу құралы? (Абак)

  2. Google іздеу жүйесін кім шығарды. (Ларри,Сергей)

  3. Компьютердің ішкі жады. (Жедел жад)

  4. Google.com домені қай жылы тіркелді . (1997)

  5. Танымалдығы бойынша бірінші орында тұрған іздеу жүйесі?

(Гугл)

  1. Вирустарды жоюға және табуға мүмкіндік беретін программа

(Антивирустық бағдарлама)

  1. Баспа құралы? (Принтер)

  2. Компанияның қазіргі Штаб-пәтері қайда орналасқан?

(Калифорния)

  1. Арнайы кілемше бетінде жылжитын құрылғы? (Тышқан)



4 топқа арналған сұрақтар.

1.ЭЕМ- мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек? (60-70см)

2. Компьютердің “ақыл-ойы”,ең басты бөлігі? (Процессор)

3. ”Алгоритм “ ұғымы кімнің есімімен аталады ? (Әл-Хорезми)

4. Заманауи ақпарат тасымалдайтын құрылғы? (Флэшка)

5. Ақпараттың неш түрі бар ? (4)

6. Жұмыс үстелі бұл .....? (Экранды бейнелеу)

7. Windows жүйесіндегі ең кіші өлшемі қандай ? (800*600)

8. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі қалай аталады? (Бит)

9. Дыбыстық ақпартты шығару құрылғысы? (Колонка)

10. Вирустың әсерін жоятын программа? (Антивирус )

ІІ-турдың қорытындысын

Енді, «Білекке сенген заманда- ешкімге есе бермедік,

Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», -деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі турымызға көшейік. Әр дұрыс жауап таңдаған санымыз бойынша есептеледі.






ІІІ-тур «Таңдау-табыс»


Ғалымдар

тарих

Ақпарат

әр түрлі

10

10

10

10

20

20

20

20

30

30

30

30

40

40

40

40

ҒАЛЫМДАР

10 –Әлеуметтік желінің атасы? (Тим Бернерс -Ли )

20 -19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым (Блез Паскаль)

30 -XVII ғасырдың басында логарифм түсінігін енгізген шотландиялық математик. (Джон Неппер)

40 - Компьютердің атасы. (Чарльз Бэббидж)


ТАРИХ

10 – Бұл машинаның жобасын 1833 жылы Чарлз Бэббидж жасаған. Ол ағдарлама

арқылы басқарылады.

20 –Есептеуіш техникаларының қарқынды дамуы қай ғасырдан басталды? (XIX)

30 –Ада Лавлейс Бэббидж машинасына бағдарламасын қай жылы жазды? (1846 жылы)

40 - Оны жиі сандық көмекші деп атайды.олар батариямен жұмыс жасайды,өте ықшам болады,телефон нөмерлер,ойындар сақтауға болады? (қалта компьютерлар)


АҚПАРАТ

10 –Адам ақпаратпен не істейді? (1. сақтайды, 2. жеткізеді, 3. өңдейді).

20 –Excel бағдарламасында кестені қалай форматтауға болады,Формат –Ұяшықтар,,(1.Шекара,Түр,Қаріп)

30 – Ақпараттың өлшем бірліктері (1. Бит, 2. Байт).

40 - Адам қабылдайтын ақпарат неше түрге бөлінеді? (1. Таңбалы; 2. Бейнелік.)


ӘР ТҮРЛІ

10 – Пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орыс алфавитіне

ауыстыру пернелері (Alt+Shift )

20 – Монитор бетіндегі түрлі түсті нүктелер (Пиксель)

30 – Мәтін, радио арқылы хабар, арифметикалық мысал графикалық ақпаратқа жата ма? (жоқ)

40 - Бір немесе бірнеше файлдарды сығу,реттімен қаттауға арналған файл (Архиф)



Эксперттерден ІІІ-турдың қорытындысын сұрау.

IV кезең «Венгр сөзжұмбағы» Бұл сөзжұмбақта информатикаға байланысты көптеген сөздер берілген сол сөздерді табайық.

Бұл сайыс көрермендермен сайыс. Төрт топ өз ойларын әзірлеп болғанша көрермендермен жұмбақ шешейік.

Лоттардағы жұмбақтардың шешуін тауып көрейік.


Тұңғыш елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030 жылы барысқа апаратын- бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей зияткерлік сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік. Ендеше, ендігі кезек эксперттерде. (Марапаттау рәсіміне кезек беріледі).

«Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма»,- деген Н.Д.Зилинскийдің сөзімен «Үздік информатика» ойынын аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыздар!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!