Материалдар / "Үздік оқырман" сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Үздік оқырман" сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
8-9 сынып оқушыларына арналған сайыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Наурыз 2024
229
1 рет жүктелген
1300 ₸
Бүгін алсаңыз
+65 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +65 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҮЗДІК ОҚЫРМАН

Мақсаты: Кітап –сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.

Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы

жайлы түсіндіру.

Көрнекілігі: «Менің сүйікті кітаптарым» атты кітап көрме ұйымдастыру. Оқырман формулярының макеті, кітапханадан алып оқыған кітаптары көрсетіледі. Кітаптар туралы цитаталар жазылып ілінеді.

Жүргізуші:

Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы

Кітабыңның әр бетін,- деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сіздерге білім көзі, рухани қазына.Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі - өнеге мен тәрбие аламыз. Оқыған – тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз «Батыр –бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек «Мектепте оқу керек, ал мектептен шыққан соң, онан да көп оқу керек!» - дейді белгілі ғалым, сыншы Д. М. Писарьев.

Кітаптан не іздесең, бәрін табасың. Кітаптың білмейтіні бар ма!

Кітап – шебер ұстаз, тілсіз мұғалім. Кітап – жан айнасы, оған қарап ойыңды да, бойыңды да түзетуге болады, оған қарап оғаш мінезіңді, ерсі қылығыңды мінейсің, тұрпайы пейілді көріп жиренесің, түзейсің. Айналадағы адамға мейіріммен қарауға үйренесің. Кейде жаңсақ, жаңылыс басқан қадамдарың болса, оны оп- оңай аңғарасың.

Кітап – тар үйіңнен кең дүниеге алып баратын ұлы арна. Ол тар пейіліңді кеңейтеді, әуел бастағы тар жолдан кең адамдық жолыңа түсіреді.

Кітап арқылы үйіңде отырып, бүкіл дүниені болжап көресің, бүкіл дүниемен сөйлесесің. Кітап сені кең әлеммен, кең дүниемен жалғастырады.

Қазақ: «Ырыс ауысады, білім жұғысады», - дейді. Расында да білім біреуден-біреуге жұғысады. Осыны білетін халық: «Білмегенді білгеннен сұрағанның айыбы жоқ, сұрамасаң, білмейсің», - дейді. Сенің білмегеніңді алғаш сұрап білетін ғалым досың да – кітап.

Олай болса, қымбатты оқырмандар! Бүгінгі « Ең үздік оқырман» атты сайысты бастаймыз.

Бүгін 8-9 сынып оқушыларының арасынан кітапқұмар оқушыларды таңдап,ең үздігін анықтаймыз.Оқушылар мына 4 шығарма бойынша тапсырмаларды орындайды:

  1. М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы

  2. Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» повесі

  3. М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

  4. Б.Майлин «Шұғаның белгісі» повесі

Сайыс 3-кезеңнен тұрады.

1-кезең Тест

2-кезең Шығарманы жалғастыр

3-кезең «Қызықты ұяшықтар»

«Қызықты ұяшықтар» кезеңінің тапсырмалары

«Бақытсыз Жамал» романы

  1. Қай кейіркер туралы айтылған? 10 ұпай

Орта бойлы,қияпатты,бетінде азырақ қорасан дағы бар,жаңа мұрт шығып келе жатқан,сөйлеген сөзі сыпайы,әдепті, киімі ноғайшалау.(Ғали)

2.Романдағы оқиғаның шиеленісуін анықта

(Сәрсенбайдың билік үшін Байжанмен құдаласуы) 20 ұпай

3.Мінездеудің қай түріне жатады? 30 ұпай

  • Қалампыр әр уақыт Шолпанды күндестікпен сөзімен де, қолымен де ренжітіп жүрді.(жанама)

  • Ғали инабатты жігіт болып, әрдайым алыс-беріс істерінде уағдаласында опашыл болғандығы көрінгенге, байлар шамалап несие беруден тартынбаушы еді.(тура)

4.Үзіндіде қолданылған көркемдегіш құралдардың ретін анықта.

Сипатыңа қызықпас қандай жігіт,

Хор қызындай нұрлы жүз, қолаң шашқа,

Сөзің бұлбұл секілді, жүзің айдай,

Сені сөккен пенде де һеш оңбас та. 40 ұпай


(теңеу,эпитет,теңеу)


1.«Ұшқан ұя» шығармасының жанры қандай? 10ұпай

(проза,повесть)

  1. «Ұшқан ұя» шығармасының идеясы қандай? 20 ұпай


(Шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетін, сөйлеген сөзін, басынан өткен түрлі оқиғаларды еске ала отырып, ұлттық құндылықтарымызды: мәдениетімізді дәріптеу, намысымызды қорғау, отбасылық және адамгершілік сияқты ізгі қасиеттерді үлгі ету.




  1. «Ұшқан ұя» повесінің кейіпкерлері кімдер? Толық ата.30 ұпай

(Имаш – атасы, Қызтумас – әжесі, Момыш – әкесі, Разия – анасы, Момынқұл – көкесі, әпкелері, ауыл тұрғындары, т.б.)



4.Шығармада кездесетін салт-дәстүрлер мен ұлттық ойындар 40 ұпай



(Сүйінші сұрау, бата беру, қыз ұзату, келін түсіру, сыңсу, жар-жар, беташар, көкпар, бәйге, т.б.

«Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

    1. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының тақырыбын ашатын сөздерді анықта. 10 ұпай

(Қоғам,сұлулық,тарих,кек,махаббат,өшпенділік,еркіндік,жауыздық,әлеуметтік теңсіздік)

    1. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының тақырыбы мен идеясын анықта. 20ұпай

    2. Шығармадағы құндылықтарды анықтап айт. 30ұпай

    3. Перифраз жолымен алмастырылған сөзді анықта 40 ұпай

-Апыр-ай,қалай барам,қалай барам?!

Атармын аққу құсты қалай ғана?!

Айдынның аққулары ұйықтағанда,

Өрген мал,өскен шырша абайлаған,

Барлығы қасиетке қарайлаған.

Апыр-ай,қалай барам,қалай барам?!

Атармын аққу құсты қалай ғана?!

Қасиетке қарайлаған.

«Шұғаның белгісі» хикаяты

1.Шұға жөніндегі хикаяның басталуына не түрткі болады? 10ұпай (Екі жолаушының жер,жол жайын сөз етуі)

2. Шығарманың шарықтау шегі 20ұпай

(Әбдірахман Күлзипаға қарамай қойған соң,әрі Шұға мен Әбдірахманның махабаты елге мәлім болып,Айнабай «Түріктерге жасырын ақша жинап беріп жүр» деген сылтаумен Әбдірахманды жер аудартып жібереді)

3.Шұғаның өліміне кім кінәлі деп ойлайсың? 30ұпай

4.Қай кейіпкерге берілген сипаттама екенін анықта. 40 ұпай

...отыз-қырықтардың шамасындағы жер ортасы адам,сиректеу сақал,мұрты бар;қара бұжыр,күлімсіреп дөңгеленіп тұрған қара көзді,пішініне қарағанда бір түрлі сөйлемпаз адам секілді.Астында қойшылар мінген қаракер бесті,үсті-үстіне ұрып отырмаса кейін қалып қала береді. (Қасымжан)

2326662225рамор2.1117ПР1ДО13..11;LNNMауабын көрсету

3-кезең «Үзіндіні жалғастыр»Берілген үзіндінің қай шығармадан екенін,авторын анықтайды және оқиғаны жалғастырады.


1.Бір күні мәжілісте отырған уақытта бір құрдасының қымыз ішіп қызып отырып, әзілмен болса да, шынымен болса да сөз арасында: «Әй, қубас! Сонша малды айдап жүріп, дұрыстап зекет бермейсің, қажыға бармайсың, кім үшін жинап жүрсің? Ақырында Қалампырдан қорқып, тоқал да алмадың», – деген сөзін естіп, ол күні үйіне бек мұңайып келіп, қатынымен сөйлеспестен жатып қалып еді.

жиналыс, отырыс



2.Қорқыныштың не екенін һәм жан-тән рақатын ұмытқан Жамалдың ойында Ғали ғана болып келе жатқан уақытта аты бір жерге келіп тұрып қалды. Сол уақытта ғана байқаса...


3.Біздің ауылдың Байтоқ деген кісісі алпыс шақырым Әулиеатаға ат сабылтып жетіп, әкем жатқан үйге кіріп келіп, бір ауыз сөз айтуға дәрмені келмей, Момышты құшақтап жылай беріпті.

Жауабын жасыру

4.Әңгіме қандай құс төңірегінде болғанын анықта.

Е-е! Жаман бала болмасаң етті! Бұзақының тірлігі ғой мынауың, – деп әжем қолымнан ұстай алды. Бұның киелі құс екенін, адамның досы екенін білмеуші ме ең, сен бейбақ? Балапанын емін-еркін ұшырып, бақытын тапқанша, бұл құс менің үйімнің төріндегі ең қадірлі қонағым ғой. Қонағыма қол көтергенің – мені де сыйламағаның емес пе, шұнағым, – деп ұялтып тастады.

(қарлығаш)


5.Шұғаның әке-шешесінің бір артық жері,он алтыға келгенше Шұғаны күйеуге бермейді.Осы күні байлар,қызы шырылдап жерге түсісімен біреудің малын алады ғой...

6.Сол жылы қыс Әбдірахманның әкесі шөп іздеп жүріп айнабайдың үйіне келсе,Айнабайдың қатыны қос қазыны бұзбастан салып етпен сыйлап,ақысыз-пұлсыз бір шана шөп беріп жібереді. Айнабайдың қызының ержеткендігіне және дәулетіне қызығып,Әбдірахманның әкесі құда болуға өте құмарланады.

7. Адуынды жан екен алған жары:

-Жалғыз ұлдан артық па,жалған бәрі!

8. «Сірә,сорлы жоқ шығар менен өткен,

Құлынымның қасынан неге кеткем?!







«№34 Бірлік жалпы білім беретін мектеп» кмм

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пошанова Айжан Шарибаевна





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!