«Үздіксіз даму - мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің негізі» тақырыбына эссе
Бауыржан Момышұлы айтқандай: «Ұстаздық ұлы құрмет»- деген себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымға да, еңбекқор егіншіге де, кеншіге де білім берген, тәрбие берген – ұстаз. Балабақшада берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан- жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Еліміз егемендік алып, өз мәртебесі биіктей түскен шақта ең алғашқы міндеттің бірі - бала тәрбиесі. Еліміздің болашағын жақсартушы ұрпақ тәрбиелеу. Бала еліміздің бүгіні мен ертеңі, мемлекетіміздің басты байлығы әрі тірегі. Әрбір баланың өмірін жақсарту үшін, сапалы білім мен саналы тәрбие беруі қажет. Біздің өскелең ұрпағымыздың алғашқы сатысы, білім мен тәрбие көзі осы балабақшадан бастау алады. Егеменді еліміздің өскелең ұрпағын тәрбиелеу үшін, тәрбие жұмысының қыр-сырына терең бойлай алатын шығармашыл, жан-жақты, озық ойлы жаңа тәсілді жетік білетін сенімді, білімді маман болуы қажет. Сол себепті бала тәрбиесінде кездейсоқ адамдардың тәрбие беруі мүмкін емес. Француз педагогы Жан Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстінде шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді»,- деген.
Мен тәрбиешімін... Осынау мамандықтың қызығы мен қиындығын өзі бала ортасында жүрген жан ғана түсіне алады. Әр күні кішкентай бөбектердің сүйкімді жүзін көргенде еріксіз күлімсіреймін. Өйткені олар мені қуана қарсы алады. Қуанышын жасыра алмай еркелей алдыма келеді. Мен олармен бірге жүрсем, балаша қуанып, мына өмірге балаша қарағым келеді. Мен Семей қаласындағы «№15 балабақшада» тәрбиеші болып жұмыс істеймін. Бұл балабақшаның басқа балабақшалардан ерекшелігі - балабақшаға туб.диспансердің сынамасында кері әсер көрсеткен балалар келеді.Сондықтанда санаторлық туберкулезді балабақша деп аталады. Балалар мекемеге 6-10 ай аралығында ғана болады. Осы қысқа мерзім аралықта балаларға білім беріп, тәрбиеге үйретіп, шыныққан, шымыр бүлдіршінді тәрбиелеу біздің баст ы міндетіміз болып табылады. Яғни біз балаларға білім беру үшін баланың іс- әрекеті ойын арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін, денсаулығын арттырып, көздеген мақсатқа жеткізу. Баланы балабақшадан бастап жақсы мінез- құлыққа, мейірімділікке, инабаттылыққа, жасы үлкенді және бірін - бірі сыйлауға үйрету ата- аналар, ұстаздар мен тәрбиешінің міндеті.
Мен «Ақбота» есресектер тобында жұмыс атқаратын жас маманмын. Мен білімді де тәжірибелі педагог-тәрбиеші Тайтөлеуова Айнур Қадырқызымен бірге бүлдіршіндерді тәрбиелеймін. Айнур Қадырқызы – балаларды тәрбиелеп, оқытуда 20 жыл қызымет еткен. Осындай білікті де саналы педагогпен жұмыс атқарып, тәржірбие жинау мен үшін үлкен мақтаныш. Тобымыз «Музыка арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың білім алу барысында заманауи сауықтыру технологиясын нығайтып, қалыптастыру» тақырыбында сауықтыру, денсаулықтарын нығайту мақсатында жұмыс атқарады. Музыка – адам өмірінің серігі, эстетикалық тәрбие негізі болып табылады. Музыкаға деген сүйіспеншілік, музыкаға жетік болу қабілеттері туа бітпейді, ол өсу, даму процесінде қалыптасады. Балаға ойын барысында қолданылған музыкалық шығармаларды саналы қабылдау, түсіну, есте сақтау мақсатында музыкадан алған әсерін, ерекшеліктерін белгілі түр-түс, бейнелеу өнері, қимыл-қозғалыс арқылы ой-толғаныс тудыруға, өздігінен ізденіс жасауға, өз қалауынша белсенді етуге мүмкіндік береді. Мектепке дейінгі балаларға музыкалық тәрбие бере отырып, денсаулықтарын нығайту, салауатты өмір салтын ұйымдастыру мақсатында күн тәртібіне сай таңертеңгілік жаттығуларға музыкалық аспаптарды күнделікті қолдануға тырысамын. Балалармен күнделікті таза ауада, ұйқыдан кейінгі сауықтыру шараларын, жаз мезгілінде табиғат аясында үнемі болып, балалардың денсаулығын арттыру үшін күнделікті көңіл бөлуді алдыға қоя отырып, үнемі осы бағытта жұмыс жасаймын. Балалармен жұмыс тәрбиешіден көп күш пен қуатты талап етеді. Осы орайда «басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз үйренеміз» деген қанатты сөзді ұстана отырып, осындай балабақшада жұмыс атқарып, тәжірибе алмасып жатқаныма қуанамын. Күнде ертеңгісін балабақшада жас бүлдіршіндерді қарсы алып, олардың жағымды үндерін, сыңғырлаған тәтті күлкілерін, «Сәлеметсіз бе?», «Қайырлы таң!» деген сөздерін естігенде, бойым бір серпіліп қалғандай болады. Балалармен болған әрбір уақытым мені жаңа бір әлемге жетелегендей. Әрдайым балалардың маған деген ықыласын, маған ұмтылған үмітке толы көздерін, не нәрсені білуге құштар шабытты, сұраулы жанарларын байқаймын. Олардың менен күтетіндері өте көп екенін сеземін... Балабақшаға бара жатқанда басыма сол күннің жұмысы туралы неше түрлі ойлар келеді. Ойларым сан түрлі болады: менің кішкентай достарым қандай көңіл күймен келер екен? Күніміз қызықты өту үшін оқу іс - әрекетін, ойын түрлерін қалай өткізсем екен?.. Әрине әрбір оқу қызметіне жауапкершілікпен қарап, дайындалуды еш жадымнан шығарған емеспін. Әрбір оқу қызметтерім жас бүлдіршіндер үшін өз құпиясын ашқан сыр сандықтай болса, өзім сол тылсымы мол жұмбақ әлемнің сиқыршысындай боламын. Әр күннің сәтті шығуы, әрине өзіме байланысты. Педагогикалық шеберліктің мәні алдымен қызықтыру, сонан соң үйрету деген тұжырымдамасын негізге аламын. Менің негізгі мақсатым – балаларға жақсы көңіл - күй сыйлай отырып, саналы тәрбие, сапалы білім беру. Өзімді жұмыс барысында балаларға бағыт беруші, жол сілтеуші сезінемін. Бұл балалардың өзіне деген сенімін арттырып, оқу іс - әрекеттеріне деген тұрақты зейінін қалыптастыруға, қызығушылығын оятуға жағдай туғызады.
Музыкалық тәрбие беру саласында, музыкалық аспаптар ойындарда кеңінен пайдалану, әр түрлі аспаптарды ойната отырып ән үйрену, музыкалық – ырғақтық іс – әрекетін меңгеру, музыка сипатын ажырата білуге, қолжетімді және қызықты құрал болып табылады. Музыкалық аспаптармен ойынату арқылы оқу процессі неғұрлым жарқын және эмоцияға бай болады. Тобымызды әдістемелік тақырыбымызға сай безендіре отырып, үнемі балалардың денсаулығы мен білім дағдыларын дамытуға қажетті құрал -жабдықтармен толықтырып отырамыз. Осы орайда балабақшамыздағы топтар арасында ұйымдастырылған «Ең үздік заттық-дамытушы орта» сайысына қатысып, «Ең үздік заттық-дамытушы орта» атты номинациямен марапатталдық.
Сондықтан мақсатыма сай «Өзгелерді үйрете жүріп, біз өзіміз үйренеміз! атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткіздім. Ұйымдастырылған оқу қызметінде балалардың білім деңгейін көрсетіп ғана қоймай, олардың денсаулықтарын арттыру үшін музыканың ырғағына сай, фитбол добымен жаттығулар жасаттым.
«Баланың денсаулығын арттыру үшін музыкалық қабілеттерін пайдалану» бағытында жұмыс істей жүріп, өз тәжірибемді жетілдіру үшін «Педагогикалық идеялар» атты қалалық сайысқа қатысып, 3-орын иелендім.
Баланың денсаулығын арттыру бірнеше басылымдарға жазылып, өз тәжірибеммен алмастым:
-
2018 ж. .Международный педагогический портал «Мультиурок» Тақырыбы: «Ата-ананың сөзі-тәрбиенің көзі», Свидетельства
-
2018 ж. .Международный педагогический портал «Мультиурок» Тақырыбы: «Жапония-күншығыс елі» Свидетельства
-
2018 ж. Копилька уроков -сайт для учителей, «Жапония-күншығыс елі» Свидетельства
"Салауатты өмір салтын қолдаймыз!" атты ата-аналармен бірлескен спорттық іс-шараны ұйымдастырдық. Бұл іс-шараны ұйымдастыруымыздың мақсаты салауатты өмір салтын сақтауға , балалардың денсаулығын отбасы мен балабақша болып бірлесіп нығайтуға тәрбиелеу. Спорттық іс-шарада әртүрлі әдіс-тәсілдермен ойындар арқылы ата-аналарды балалардың денсаулығы үшйін қажетті мәліметтерді бере білдік деп ойлаймын! Өзін-өзі жетілдіру тақырыбыма сай «Сиқырлы музыкалық сандық» әдістемелік нұсқаулық құралын құрастырып шығардым. Бұл әдістемелік құралда үш тілдегі және аударма әндер, жұмбақтар, музыкалық-дидактикалық ойындар жинағы және сергіту сәттері бар. Олар балалардың ой дағыдысы мен қоса денсаулықтарын арттыру үшін де қолданылады.
Балабақшамыздағы бірнеше жылдан бері жұмыс атқарып жүрген педагогтардың өткізген ашық сабақтарын қатысып, тәжірибелерімен бөлісіп, өзімнің қоржынымды көптеген білім-білікпен толықтырдым. Дән егіп өсіруден, балапан салып ұшырудан бала тәрбиелеп, балабақшада бүлдіршіндерге өмірде не дұрыс, не бұрыстығын түсіндіріп өсіру ең қиын іс дер едім. Өйткені егінші көктемде алдағы жайма шуақ жазға арқа сүйеп егін егеді. Ал құс көктемде ұя салып, күздің суығында балапанын қатайтып ұшырады да нәтижесі бірден көзге көрінеді. Ал тәрбиеші ше? Күздің қоңыраулатқан күніне де, қыстың қаһарына да, көктемнің лайсаңына қарамай табиғат ананың жаңаруымен бірге құстарын баптайды. Бір қарағанда, тәрбиеші тірлігі диқан мен құс сияқты болғанымен, табиғат кезеңіне қарсы жүзіп өз дәнін шашатын диқан, балапанын баптаған құс сияқты. Бірақ нәтижесі бірден көзге көріне қоймайды. Көп жылдар өте, кезінде алдында бүлдіршін болған азамат асқар таудай өсіп, еліміздің мақтанышына айналса - міне, нәтиже
Тәрбие – отбасынан басталатындықтан қашанда тәрбиеленушінің ата - ана, жанұясымен жете танысып, үнемі қарым қатынаста болуды өзіме басты мақсат етемін. Ол біздің ортақ баламыз екендігін сезінуге үйретуге тырысамын. Кез - келген бала – дарынды немесе дарынсыз болсын, жылдам немесе ақырын қимылдасын – бәрібір өзіне деген сүйіспеншілік пен құрметті қалайды. Сондықтан да әр баланың жанын түсініп, мақтап, қолпаштап, көмек көрсету арқылы қызметімде тек қана жақсы жетістікке қол жеткізетініме сенемін. Тәрбиеші деген сөздің мағынасына үңілсек, мақсаты тәрбие беру екенін түсінеміз. Адамның жаны мен тәні қашанда тәрбиеге мұқтаж екендігін ескерсек, тәрбиешіге артылар жүк жеңіл еместігіне көзіміз жетеді. Балабақшада дұрыс тәлім - тәрбие бере алсақ, ол ертең мектепке барып саналы түрде сапалы білім алуға тырысады. Соның нәтижесінде елін сүйген азамат болып шығады. Егер мамандық қайта таңдау қажет болса, мен осы ұстаздық мамандықты ойланбастан тағы да таңдар едім. Басқа мамандық туралы бала кезден бастап ойыма да кіріп шықпапты. Қоғам үшін өзіңді жауапты санаудан артық бақыт бола ма? Адам өмірінде мамандық таңдаудан қателеспеу керек деген сөз бар ғой, ол шындық екен. Жұмысыңды аңсап бару, қуанып қайту, өзіңнің не бітіргеніңді, енді не істейтініңді білу, бұл — мамандығын сүйген адамның ісі. Қорта айтқанда, жыл сайын өз біліміді толықтыруды, жетілдірді тоқтатпау керек. Менде, ұстаз ретінде алдымдағы бүлдіршіндерге не беремін? деген сұраққа күнделікті ізденіспен жауап беретін боламын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Үздіксіз даму - мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің негізі» педагогтарға арналған кеңес

шағым қалдыра аласыз