жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
В есебі Тізбектелген сабақ жоспарына "Диалогтік оқыту" әдісі ықпалдастырылған сабақ
«Жаңа дала» жалпы орта мектебі В есебі
Каримова Раушан Тұрғанбайқызы ІІ топ
Тізбектелген сабақ жоспарына «Диалогтік оқыту»әдісі ықпалдастырылған сабақ. Диалогтік оқытуды оқу үдерісіне ендіру мақсатында тізбектелген сабақтар топтамасына негізделген жоспар құрдым. «Диалогтік оқыту» әдісін тиімді қолдана отырып 6 «б» сыныбында биология пәнінен «Жасушасыз тіршілік құрылымы» тақырыбында сабақ өткіздім. Сабақтың басталуында оқушылар шаттық шеңберін құрып, бүгінгі сабаққа сәттілек тілей отырып, «Жеміс салаты» әдісі арқылы «Алма»,»Банан», «Алмұрт» топтарына біріктірдім «Қар кесегі»әдісімен үй тапсырмасына шолу жасадым. Топтар бірін бірі «смайликтер» арқылы бағалады. Оқушылар диалог құру нәтижесінде сыни тұрғыда ойлауына ықпал ететіндей сұрақтар қойып 1.Вирус туралы не білесіңдер? 2.Ұсақ ағза деген не? 3.Олар қалай тіршілік етеді? жаңа сабақ тақырыбын аштым.Сұрақтар легі оқушылардың тақырып бойынша ойларын білдіруіне,түсінуіне мүмкіндік береді. Тақырып бойынша әр топқа тапсырма берілді. 1 топ: Вирустардың қоректенуі, көбеюі 2 топ; Вирустың құрылысы мен пішіні 3 топ: Фаг немесе Бактериофаг топтық жұмыс барысында кластер жасап қорғайды .Оқушылар топта Фаг немесе бактериофаг, вирустардың коректенуі,көбеюі,құрылысы мен пішінін кластер жасау барысында қорғап шықты..Бірлесіп ойлау оқушылармен диалог құру арқылы іске асты. Сондайақ оқушылар бірлескен зерттеу барысында вирустар дуниесін анықтауына септігін тигізді. Берілген дискрипторга сәйкес топтар бірін бірі басбармақ арқылы бағалады. Екінші тапсырма бойынша оқушыларға «венн диаграмасын ұсындым» .Оушылар « венн диаграмасы» арқылы вирустар мен бактериялардың ұқсастығы, ортақбелгілерн,айырмашылығын жазды.Жұптық жұмыста оқушылар жұмыстарын өзара тексеріп шығып,тапсырманың дұрыс орындалуына көз жеткізе отырып бағалап отырды.Сабақ барысында алған білімдерін қаншалықты меңгергендігін, білу мақсатында тақырып бойынша өз ойларын дәлелдей алатындығына көз жеткізу үшін «Ашық микрафон» әдісін пайдаландым.Бұл әдісте оқушылыр сұрақтарды қою арқылы диалогтік қарым қатынасқа түсе отырып топтардың бір бірімен өзара білім деңгейлерін анықтады.Смайликтер арқылы бағалады«Екі жұлдыз бір тілек»әдіс арқылы сабақтан алғанәсерлерін стикерлерге жазу арқылы кері байланыс жасадым.
Тізбектелген сабақ жоспарына «Диалогтік оқыту»әдісі ықпалдастырылған сабақ.
Тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша «Вирустық жұқпалы аурулармен зақымдану және аурудың таралуы».тақырыбындағы екінші сабағымда психологиялық ахуал тудыру мақсатында шаттық шеңберін бүгінгі сабаққа сәттілік тілей отырып қызыл, жасыл, сары түсті конверт арқылы «Вирус», «Бактерия» , «Паразит» деп үш топқа біріктірдім.Үй тапсырмасын сұрау үшін берілген конверттегі сұрақтарға «Моншақ тізу» әдісі арқылы жауап берді.Оқушылар өздерін смайлик арқылы бағалады. Бейне таспадан вирустардың таралу жолдарын көрсету арқылы жаңа сабақтың тақырыбын аштым.Бейнетаспада көрсетілгендей вирустардың қалай таралатындығы,және жұғу жолдары жайлы оқушылар өз ойларын айтты. Жаңа сабақты «Жариялау» әдісі бойынша бастай отырып оқулықтағы мәтінді мынадай тапсырмалармен 1. Адамдарда вирус тудыратын аурулар. 2.Өсімдіктерде вирус тудыратын ауру түрлері.3.Жұқпалы аурулардың алдын алу осы тапсырмалар бойынша оқушылар өз ойларын ортаға сала отырып кластер қорғау барысында диалогтік әңгіменің үш түрі:әңгіме дебат,куммулятивтік әңгіме,зерттеушілік әңгіме жүзеге асты.Әр топ бір бірінің жауаптарын тыңдай отырып,берілген дискрипторға сәйкес «басбармақ» әдісімен бағалады.Екінші тапсырмада оқушылар Вирус тудыратын ауру түрлері: «Тұмау» Қызылша» «Сары ауру» жұғу жолдары,алдын алу шаралары бойынша кесте толтырды.Кестені толтыра отырып оқушылар өз ойларын толық жеткізді.1.Вирус тудыратын ауру түрлерін біледі,2.Жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын,жұғу жолдарын ажырата алады.дискрипторға сәйкес «басбармақ»арқылы топтар бірін бірі бағалады.Жаңа сабақты қортындылау мақсатында « ұшақ» әдісін пайдаландым.Бұл әдісте оқушылар ұшақ жасап қанаттарына сұрақ жазып бірін бірне ұшырады.Ұшақ кімнің қолына қонса,қанатындағы сұраққа жауап береді.Әр оқушы өзіне берілген сұраққа сыни тұрғыдан ойланып,өз пікірін білдіріп жақсы жауап берді.Оқушылар бір бірін «басбармақ»әдісі арқылы шынайы бағалады.Сабақ соңында: «Білім теңізіне қайқты жібереміз» әдісі бойынша оқушылар сабақтан алған әсерлерін ой елегінен өткізе отырып,жаңа сабақты қаншалықты түсінгендігін,нақтылау үшін, қайықтарға жазып білім теңізіне жіберу арқылы кері байланыс жасадым.
Тізбектелген сабақ жоспарына «Диалогтік оқыту»әдісі ықпалдастырылған сабақ.
Тізбектелген сабақтар топтамасындағы үшінші сабағымды «Диалогтік оқытуды» кірістіре отырып 6 «б» сыныбына «Бактериялар» тақырыбында сабағымды өттім.Сабақты бастамас бұрын шаттық шеңберін құра отырып оқушыларды «Мозайка» әдісі бойынша «Қызғалдақ», «Бәйшешек», «Түймедақ» топтарына біріктірдім.Үй тапсырмасын сұрау мақсатында «Шынжыр» әдісін пайдаландым.Бұл әдісте оқушылар түрлі қағазды қиып, қиылған қағазға сұрақтар жазылады.Сол сұрақтарға жауап берген оқушылар бір бірімен қиыстырып шынжыр жасайды.Топтар смайликтер арқылы бірін бірі бағалайды. Оқушылар диалог құру нәтижесінде сыни тұрғыда ойлауына ықпал ететіндей сұрақтар қойып 1.Бактерия дегеніміз не? 2.Бактерияны кім ашты? 3.Бактериялар қандай жерлерде кездеседі? 4.Паразит бактериялар қандай бактериялар? Сұрақтар қоя отырып жаңа сабақ тақырыбын аштым..Сұрақтар легі оқушылардың тақырып бойынша ойларын білдіруіне,түсінуіне мүмкіндік береді.Жаңа тақырыпты ширату мақсатында оқушыладың қызығушылығын ояту үшін тақырып бойынша әр топқа тапсырма берілді. 1 топ Бактериялардың қоректенуі, көбеюі 2 топ; Бактериялардың құрылысы мен пішіні. 3 топ: Бактерияның ашылу тарихы,тыныс алуы топтық жұмыс барысында кластер жасап тақтада қорғау. Оқушылар топта бактериялардың ашылу тарихы тыныс алуы, бактериялардың коректенуі,көбеюі,құрылысы мен пішінін кластер жасау барысында қорғап шықты..Бірлесіп ойлау оқушылармен диалог құру арқылы іске асты. Сондайақ оқушылар бірлескен зерттеу барысында бактерияларды анықтауға септігін тигізді. Берілген дискрипторга сәйкес топтар бірін бірі басбармақ арқылы бағалады. Екінші тапсырма бойынша оқушыларға зертханалық жұмыс барысында бактериялардың көрінуін суретін салып сипаттау.Тапсырманы талқылау барысында әртопта зерттеушілік әңгіме өрбіді.Оқушылар топқа құнды өз пікірлерін салды. Топтар бірін бірі «басбармақ» арқылы бағалады. «Доп лақтыру» әдісі арқылы оқушылар жаңа сабақта игерген білімдерін зерттеген жұмыстарын дәлелдеген пікірлерін сұрақ жауап арқылы нақтылады.Топтар бірін бірі «бағдаршам» арқылы шынайы бағалады. «Кемпірқосақ»әдісі арқылы сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып жапсыру арқылы кері байланыс жасадым.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген