1Жүргізішілер бір бірін
таныстырып өтеді
2 Презентация бойынша
студенттерге мағлұмат беру
3Бецне ролик
көру
4Сұрақ жауап
сұхбат
5Қортынды ой
түйін
Мақсаты: оқушыларға темекі қазіргі таңдағы адамзаттың басты
проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне
айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды
заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта
түсу.
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, студенттер Бүгін біз 1-2 курс
студенттері арасында «Электронды темекі және энергетикалық сусынның
зияны» туралы семинар өткіземез
2-жүргізуші: Осы отырыста өз ойларыңызды, сіздерді толғандырып жүрген
мәселелерді толық шешуге, сұрақтарыңызға қатысып отырған
қонақтарымыздан жауап алуға болады.
1-жүргізуші: Алдымен «ғасыр дерті» деген не, соған тоқталып өтейік.
Оқушылардан қандай жауап болар екен.
Дұрыс айтасыздар! Ғасыр дерті
дегеніміз қазіргі таңда бүкіл әлемге кеңінен қанат жайып, ушығып
тұрған арақ, темекі, есірткі, СПИД мәселелері. Ендеше алдыңғы
кезекте темекінің зиянына тоқталайық.
2-жүргізуші: Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында
«Жалпы адамдар неліктен өз денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға
төзіммен қарауға тиіс? Мен барлықтарыңызды шылым шегушілерге
ымырасыз болуға шақырамын», - деп есірткі, шылым, ішімдік сияқты
денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерге қарсы күрес бар екенін
айтқан.
1-жүргізуші: Адам алғаш рет темекі тартқанда уланады, басы айналады,
жүрегі қағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді. Темекі тыныс алу
мүшелерінің бәріне зиянды әсер етеді. Никотин тыныс алу жолдарының
сілемейлі қабықшасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Никотин қан
тамырларын тарылтады. Бұл ауа тамыр және өкпе, рак ауруларына
шалдықтырады. Шылым шегетіндердің 97% өкпе рагымен ауырады. Темекі
түтіні өкпе тарамдарымен тыныс жолдарын бітеп, адам ағзасына
қажетті оттекті мөлшерімен қамтамасыз ете алмайды. Радиоактивті
заттар да бар. Күніне 1 қорап темекі тартқан адам жылына өкпесіне 1
литр қара май жинайды.
2-жүргізуші: Өкпенің қатерлі ісігімен ауыратындардың 80% темекі
тартатындар. Бүкіл дүние жүзінде 1 миллиард адам темекі тартады.
Темекі зардабынан жылына 25 мың адам қайтыс болады. Жүрек ауруына
шалдыққандардың өлімі 20% . Қатерлі ісік ауруынан болатын өлім 30%,
өкпе рагы 90% темекі зардабынан болады.
2-жүргізуші: Бұл тыңдағандарыңыз шылым шегудің зияны туралы әннің бір
шумағы. Бүгінгі әңгімеміз осы қоғамдық құбылыс туралы болмақ.
Темекі шегу сәнге берілу ме, әдет пе, әлде ауру ма? Сол туралы
болмақ. Темекі шегу біздің тұрмысымызға ғана кіріп қойған жоқ,
мәдениетімізге де кірді. Бір кезде ой-өрісі дамыған, мәдениетті
шегу адамға шылым
1-жүргізуші: Жасөспірімдер біреу-міреу байқап қалмау үшін темекіні
жасырынып, асығыс терең тартады. Темекінің зардабын өкпеден артық
тартатын ешбір мүше жоқ. Темекі шегетіндер демікпе, қатерлі ісік,
бронхит, туберкулез сияқты тыныс жолдарының ауыр науқастарына
шалдығуы мүмкін.
Бронхит:.
Қатерлі
ісік:
Туберкулез:
Арқа және бел
ауруы.
Простаттың қатерлі ісік
(рак) ауруы.
Жатырдағы қатерлі ісік
(рак) ауруы.
Төстегі қатерлі ісік
(рак) ауруы
Балалардың тыныс алу
жүйесіндегі проблемалар.
2-жүргізіші
Ал энергетикалық сусындар – адамзаттың
бертінде ойлап тапқан өнертабысы. Алайда олардың құрамындағы заттар
жүйке жүйесін ынталандыру үшін бұрыннан пайдаланылып келеді.
Энергетикалық сусындар емтиханға дайындалып жүрген студенттерге,
жұмысын уақытында тапсырып үлгермей жүрген қызметкерлерге, спорттық
рекордтарға ұмтылған спортшыларға, шаршаған жүргізушілер мен түнгі
клуб қыдырмаларына нағыз құтқарушы болды... Бір сөзбен айтқанда,
шаршаса да өзін сергек сезінуі керек адамдарға арналады. Сусынның
бір құтысынан бар шаршағаныңыз кетіп, ұйқы қысу басылып, жаңа
әрекеттерге дайын боласыз. Энергетикалық сусындардың зияны
жайлы естісек те, олардың нақты қандай зияны бар екенін біле
бермейміз. Ал дүкендерде бұл ғажайып сусынның еркін таралуы мен
қолжетімділігі денсаулыққа алаңдамауға болатындай әсер береді. Осы
мәселе төңірегін зерделеп
көрейік.
.І. Сұрақ – жауап
1. Энергетикалық сусындардың құрамы туралы не білеміз?
2. Бұлар қандай сусындар?
3. Шөл қандырам деп жүріп денсаулығымызды бүлдіріп алып жүрмейміз бе?
4. Бұл туралы мамандар не дейді екен?
5. Адамға келтірер қандай зиянын білесіңдер?6. Энергетикалық сусындарды тұтынудың ережелерін білеміз бе?