Векторлар арасындағы бұрыштар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Векторлар арасындағы бұрыштар

Материал туралы қысқаша түсінік
Турбо Паскальда графикалық бейнелерді салу үшін стандартты кітапханалық Graph модуліарналған. Ол әр түрлі адаптерлі дисплейлерде графикалық режимдерді толығымен басқарудықамтамасыз ететін программалардың кітапханасы. Ал Crt модулі экранға ақпарттарды шығаруды, пернетақтадан берілгендерді енгізуді, сол сияқты терезелермен жұмыс істеуді, дыбыстық сигналдармен түрлі-түсті текстік жолдарды экранға шығаруды қамтамасыз етеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Цифрлық Қазақстан» болмақ елде IT мамандар тапшы

19 шілде, 2017

Shape1

Компьютер процессорының жанында отырған адам. (Көрнекі сурет)

Бөлісу

 Принтерден шығару

Интернет қолданушысы елде қарапайым веб-сайт жасайтын адам табу оңай емесін айтады. Ал IT мамандарының сөзінше, ол салада бұдан басқа мамандар да жетіспейді.

Журналист, Қазақстандағы спорт тақырыбына арналған қазақтілді сайттардың бірі – statsport.kz сайтының иесі Есей Жеңісұлы бұл сайтты жасар кезде көптеген ақпараттық технология (IT) мамандарының көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.

- Жоспарым бойынша, сайттың әр айдары бір-бір бет болуға тиіс еді. Әрбір бет ішінен парақшаларға бөлініп, энциклопедия жүгін арқалауға тиіс болатын. Жасаушылардың басым бөлігі мұндай типтегі сайттармен ұшыраспағанын айтып, әңгімені ұзартқан жоқ. Спорт сайттарын жасауға маманданған бір топтың өкілі арнайы келіп, түгел спецификасын қағазға сызып, аванс ақшасын алды да, содан кейін төбе көрсеткен жоқ, – дейді ол.

Есей Жеңісұлы ақыры сайтының алғашқы нұсқасын бір адамға жасатып, кейін оны өзге маманға оңдатқан.

Қазіргі қалпында сайттың дизайны, мүмкіндігі өзіме ұнайды. Бірақ әлі толық ойымдағыдай болған жоқ. Алдағы уақытта сөзсіз жетілдіру керек, – дейді ол.

«НАҚТЫ БІР САЛАҒА МАМАНДАНҒАН АДАМДАР АЗ»

Қазақстанда ақпараттық технология саласын меңгерген адамдарға мұқтаждық бар екенін IT маманы, Surak-zhauap.kz жобасының авторы, Ербол Серікбай да растайды. Оның айтуынша,Қазақстанда бұл салада әсіресе нақты бір бағытқа маманданған адамдар өте аз.

VPS (виртуал жеке сервер) баптайын маман, веб-программист, дизайнер, SEО-оптимизатор өте тапшы.

VPS (виртуал жеке сервер) баптайын маман, веб-программист, дизайнер, SEО-оптимизатор өте тапшы. Көбісі ананы шұқылап, мынаны шұқылап, осы салаға келіп қалған, – дейді ол.

Ербол Серікбайдың сөзінше, елде IT саласында бәсекелестік мүлдем дамымаған, жаңа технологияларды білетін техникалық мамандарға сұраныс өте көп – жергілікті компаниялар ол жоқтың орнын өздерінше толтыруға мәжбүр.

Сондықтан кейбір қазақстандық интернет ресурстар техникалық проблемаларын шешу үшін ресейлік не украиналық IT компаниялардың көмегіне жүгінеді. Ол компаниялар бөлімшелерін ашып, Қазақстанға қызмет көрсетіп жүр, – дейді Ербол Серікбай.

IT маманы Қазақстанның жаңа технологияны меңгеру қарқыны ақырын екенін, елдің бұл салада танымал өнім жасай алмай, әлі тұтынушы болып келе жатқанын айтып өкініш білдірді. Оның мәліметінше, қазақстандық сайттардың 70-80 пайызы тегін Open Source (ашық бағдарламалар) жүйесі негізінде, мәселен, Wordpress платформасы арқылы жасалған.

Компьютер қарап отырған студенттер. (Көрнекі сурет)

IT бойынша Қазақстанда бірнеше университет қана білім беретінін айтқан Ербол Серікбай «бұл нарықтағы кадр тапшылығынан құтылу үшін белгілі бір салаға маманданған адамдарды көбірек оқыту керек» деп біледі.

Жаңа технологияларды салаға бөліп оқыту керек, бағдарламасын үнемі жаңарып отыруы керек, ол жаққа ІТ меңгерген жақсы мұғалімдер керек. Бұл саланы өз бетімен меңгергісі келген адам әсіресе ағылшын тілін үйреніп, интернеттегі тегін ресурстардан оқып, маман бола болады, – дейді ол.

Ербол Серікбай «Қазақстанда әзірше IT саласы бойынша ішкі сұранысты қанағаттандыра алатын мамандар жоқтың қасы болса да, белгілі бір саланы меңгерген жас мамандар ақырындап шығып келе жатыр» деп тәуба етеді.

«АҒЫЛШЫНША ТҮСІНЕТІН, КОМПЬЮТЕРЛІК САУАТЫ БАР 30 БАЛА»

Елдегі кей ІТ мамандар өздері жұмыс істейтін саладағы кадр тапшылығын өз беттерінше шешуге кіріскен. Мәселен, қазір Үндістанда жұмыс істеп жүрген IT сарапшысы Садық Шерімбек «өзгерістерге дайын, білімге құштар, техносүйер, білгенін өзгелермен бөлісе алатын жас буын өкілін» сол елде оқытқысы келетіні жайлы Facebook-парағында жазды.

«Үндістандағы бүкіл алты айлық білім алуы мен өмір сүру шығынын өз мойныма аламын. Бір ғана шарт бар. Үндістандағы оқуын аяқтаған соң, менің туған ауылым Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Бірлік ауылында бір жыл тұрып, сол жақтағы мектеп жасындағы балаларға ағылшын тілі бастамалары, компьютерлік программалау мен робототехника негіздері саласын үзбей оқытып, жақсы жетістіктерге жеткізуі керек... Үндістанның нарығын көрген бала Қазақстанда жүрген Ресей мен Украина компанияларын қуып шығатын деңгейге жетеді біраз жылдан соң» дейді ол.

Садық Шерімбек бұл бастамасын Қазақстандағы IT саласы мамандарын даярлауға көңілі толмауымен түсіндіреді. Оның сөзінше, бұл салада әсіресе өндірісті автоматтандыру ісінің мамандары өте тапшы.

Автоматизация – табиғатынан өте қажет мамандық. Тек біздің елдің жоғары оқу орындарына ол мамандыққа түскен студенттер соңына дейін өздерінің не істейтіндіктерін білмей кетеді. Hyundai, Hitachi, Siemens-тердің автоматизация жүйелерін оқытпайды бізде. Алматыда бірен-саран оқу орындары ғана Siemens-тің курстарына жолдама беріп тұрады, – дейді ол.

Смартфон ұстап отырған жастар. (Көрнекі сурет)

Қазақстанда автоматизация ісі мамандарына сұраныс жоғары екенін айтқан Садық Шерімбек «біздің технологияда пилоттармен айлықтары бірдей мамандық иелері – осылар» дейді. Ол өзі жұмыс істейтін саланың Қазақстандағы дамуына оптимистік көзбен қарайды. Маманның пікірінше, өзі Үндістанға оқуға шақырған жас ол жақтан білім алып келіп, бір жылдың ішінде бір ауылдан ағылшын тілін түсінетін һәм компьютерлік сауаты бар 30 оқушы тәрбиелесе, «бұл – саналық революция».

«МАМАНДАР ЖЕТКІЛІКТІ, БІРАҚ МЫҚТЫЛАР АЗ»

Елдегі ірі ұлттық байланыс операторы «Қазақтелеком» телекоммуникациялық компаниясының IT маманының (аты-жөнін жарияламауды өтінді) айтуынша, елде ақпараттық технология мамандары жеткілікті, гәп – олардың сапасына қатысты.

Мамандар бар, бірақ соңғы технология мамандары жетпейді. Мысалы, жасанды интеллект, big data, data science саласындағы мамандар керек.

Мамандар бар, бірақ соңғы технология мамандары жетпейді. Мысалы, жасанды интеллект, big data, data science саласындағы мамандар керек, – дейді ол.

Сұхбаттасымыз «жобаның қиындығына байланысты бізде болмаған технологиялар қолдану керек болса, кей компаниялардың шетелден мамандар шақыратыны рас» екенін айтады. Оның сөзінше, елдегі ІТ саласындағы мықты мамандардың көбі шетелге кетіп жатыр.

Қазақстандағы жалақы мықты ІТ мамандарға аз болады. Мен танитын біраз адамдар шетелге жұмысқа кетті. Күшті мемлекеттер – АҚШ, Канада, Австралия, Еуропа мамандарды өздеріне тартады. Олар шетелде жаңа технология үйренеді, жалақысы мықтылығына қарай өсе береді. Бұған ешнəрсе істей алмайсың, – дейді ол.

Қазақстанда IT саласын дамыту жайын билік те жиі сөз қылады. Мысалы, ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын жолдауына қарағанда, Қазақстан ақпараттық технологияны дамытуды «30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеудің» басты құралы деп біледі. Елдің «цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуі тиіс» екенін айтқан Назарбаев үкіметке ІТ саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауды, «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырған.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дамуы индексі бойынша әлемде 1-орында тұрған Оңтүстік Кореядағы интернет қауіпсіздігі агенттігі. Сеул, 28 маусым 2017 жыл. (Көрнекі сурет)

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі сайтындағы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жобасынша, елде 2021 жылы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында 182 мың адам жұмыс істеуі керек, бұл саланың табысы жалпы ішкі өнімнің 4,9 пайызын құрауы тиіс. Министрлік төрт жылдан кейін Қазақстанда интернет желісінің пайдаланушылар үлесі 81 пайызға, халықтың цифрлық сауаттылығы деңгейі 81,5 пайызға жетеді деп жориды.

Әзірше БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі – Халықаралық телекоммуникация одағының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дамуы индексіндегі 30 озық елдің қатарында Қазақстан жоқ. Бұл ел осы индекске кірген 175 елдің арасында 52-орында. Бұрынғы постсоветтік елдер бойынша бұл тізімде Қазақстаннан озғандар – Беларусь (31-орын) пен Ресей (43-орын). Тізімнің басында Оңтүстік Корея, Исландия мен Дания тұр.





























































еспубликасының «білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттың және жалпы адамзаттың құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.
Шет тілді оқытудағы негізгі мақсат – шет тілді коммуникативті қалыптастыру және дамыту, оны еркін игеру. Шет тілі – қазіргі  заманның талабына сай, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет дамуының қайнар көзі. Қазір шет тілін оқыту әдістемесінің деңгейі жоғары. Тілді оқытуда интерактивтік тәсіл, ойындар, екеуаралық пікірталастар, сонымен бірге ақпараттық технология, интернет, компьютер қолданылуда.
Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).
Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.
Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.
ХХІ ғасыр оқыту үдерісіне компьютерлік технологияны пайдаланумен қатар елде болып жатқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да заңды үрдістегі өзгерістер  білім жүйесіне сол өзгерістер негізінде дамытуды талап етіп отыр. Атап айтқанда, виртуалды кеңістік, аутентті вируалды интерактивті тілдік орта болып табылатын Интернетке ену аталған компетенцияны дамытудың тиімді құралы ретінде арастырылады.
Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолдаумен көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Шын мәнінде бәрі керісінше, оқытудың ақпараттық технологияларының бағдарламалық құралдары және білім технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына – ақпараттық білім жүйесінен бөлінген жүйешелер түрінде қосылады.
Шетел тіліне оқытуда Интернет беретін мүмкіндіктер мен қызметтерге тоқталып өтейін. Мысалы: оқушылар Интернет талаптарында берілетін құжаттардағы тапсырмалар мен жаттығуларды орындай алады, үйреніп жүрген тілінде электронды пошта арқылы хат алысып, виртуалды қатынас клубтары – конференцияларға қатыса алады. Сонымен бірге белгілі бір уақытта мәтіндік хабарламалар мен алмасуға. радиобағдарламаларды тыңдауға, бейнероликтер көруге, яғни ақпараттың кез келген түрін қолдануына толықтай мүмкіндіктері бар. Ақпаратты қандай да арақашықтыққа тез арада жеткізу, алыстағы ақпарат көздерін пайдалану мүмкіндігі интерактивтік іздеу жүйелері мен өз бетімен іздеу, сондай – ақ алынған материалдарды түрлі тіл тасушыларға ауыстырып салу мен т.б. сол сияқты Интернеттің артықшылық көздері пайдаланылады.
Интернет шетел тілін үйренушіге аутентті мәтіндерді қолдану, тіл тасушыны тыңдау, олармен қарым – қатынас жасау табиғи тілдік ортаны қалыптастырады.
Е.С.Полат «Қандай да болмасын оқыту құралы, ақпараттық – тақырыптық ортаның қандай да қасиеттерге ие болғанына қарамастан дидактикалық мәселелер, білім берудің нақты мақсаттарымен шартталған танымдық қызметтің ерекшеліктері бірінші кезекте болып табылады» – деп көрсетті. Демек, Интернет өзінің барлық мүмкіндіктері және қорларымен қоса, осы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырудың құралы болып табылады.
Шет тілін оқытуда заманына сай көрнекі құралдар, аудио материалдар қолдану, мультимедиялық құралдарды пайдалануға үлкен мән беру керек. Сабақ барысында светотехникалық және дыбысты техникалық құралдарды (бейне магнитофон, теледидар, проектор, мультимедиялық проектор, компьютер) пайдалану студенттердің өз тілінде сөйлейтін адамдардың тілін тыңдап, оны көзбен көре отыра ақпарат алуына көмегі тиеді. Бұл жағдай студенттердің сөйлеу деңгейін жақсартуына көмектеседі. Тыңдау арқылы олар өздерінің сөйлеудегі қателерін жөндей алады. Бұл «аудирование» терминінің өзі де шет тілін тыңдап, оны түсіну деген мағына. Аудио немесе бейне таспаларды тыңдағанда коммуникативті жаттығулар жасалу керек. Алынып отырған тапсырмалардың жеңіл-қиындығын ескере отыра, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, диалог және монолог құрастыру сияқты жаттығулар жасалуы қажет. Бейне фильмді көріп отырып, жаңа сөз немесе сөз тіркестері кездескенде тоқтап, сол сөздерді қайталап және әрбір көріністен кейін сұрақтар қойып отырған жөн. Сабақтың қорытындысы ретінде тест сұрақтарын беріп, нәтижесін тексеріп, бағалау қажет.
Сонымен бірге, ғаламдық желінің ақпараттық ресурстарын қолдануда оларды оқу үдерісіне енгізіп, дидактикалық түсініктеме беру арқылы дидактикалық мәселелерді шешуге болады.
а/ күрделі материалды тікелей пайдаланып оқу дағдылары мен біліктерін қалыптастыруға;
ә/ желіден алынған материалдарды мәселелік талқылаудың негізінде монологтық және диалогтық айтылым білігін жетілдіруге;
б/ жеке түрде немесе жазбаша серіктеріне жауап жазу, реферат, шығарма және серіктердің бірлескен қызметінің нәтижесінде ойлау дағдысы мен жазу дағдысын жетілдіруге;
в/ актив пен пассив сөз қорын қоғамның саяси-әлеуметтік  құрылысын, мәдениет дамуын білдіретін қазіргі шетел тілі лексикасымен толықтыруға;
г/ түрлі халықаралық қатынас жасау жағдайында тілдік үйретудің ерекшеліктерін, оқытылатын тіл елінің мәдениеті мен дәстүрлерінің ерекшеліктері  қамтылған мәдени-танымдық біліммен танысуға;
Бұдан біз Интернеттің оқу бағдарламасына қатысты тәжірибелік сабақтың мазмұнына желі материалдарын қосу арқылы ендірілуде қолданылатын келесі мүмкіндіктерді атауға болады.
—    оқытушыныңтәжірибелік сабақ өткізу үшін қандай да бір аутентті материалды таңдай алу мүмкіндігі;
—    дыбыстық ақпаратты жазып алу мүмкіндігі;
—    желіден алынған түрлі мәселелі ақпаратты ауызша талқылау арқылы пікірталас өткізу мүмкіндігі;
—    тіл тасушыларының оқытылатын тіл халқының мәдениетінде оның қызмет ету ерекшеліктерін көрсететін идиомалар, мәтелдер, неологизмдер және т.б. тұратын нақты хабарламаларына лингвистикалық талдау жүргізу мүмкіндігі;
—    тәжірибелік сабаққа қосу үшін электронды грамматикалық, лексикалық анықтамалардан, сөздіктерден, елтанымдық анықтамалардан алынған материалдарды пайдалану мүмкіндігі;
ХХІ ғасыр – озық технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа компьютерлік технологияларды тиімді пайдаланудың шетел тілін үйретуде маңызы зор.
Ақпараттық ортаны құруға негізделген білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру мен педагогикалық практикаға жаңа ақпараттық құралдарды енгізу білім жүйесін дамытудағы стратегиялық тапсырма болып саналады.
Қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламалар мен Интернет желісінің оқыту тиімділігі өте жоғары. Дегенмен басты мәселе компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етілген білім ордасында оқытушының оларды пайдалану әдістемесін меңгеруі мен өз тәжірибесінде жүзеге асыра алуы.
Ақпараттық технологияны меңгерген педагогта интеллектуалдық, рухани  азаматтық  және  басқа да  көптеген  адами келбеті қалыптасады. Ақпараттық  технология  құралдарын  қолдау  адамзаттың  әртүрлі  сферасында, соның ішінде  білім  беру  саласында  көптеген  өзекті   маңыздылыққа  қол  жеткізіп  отырғаны  белгілі.
Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, оқытушының көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады. Ағылшын тілі сабақтарының лексика бөлімін меңгертуде ақпараттық технологиялардың алатын орны зор.  Интернет арқылы оқушы грамматикалық, лексикалық, фонетикалық жаттығулар, оқуға және грамматикаға арналған тесттер, IQ-тесттерімен жұмыс істей алады. Бұндай жұмыстарды WWW (World Wide Web)сайтынан аламыз.
Интернеттің бізді мәтіндік, графикалық және дыбыстық ақпаратпен  қамтамасыз ете алуы, оның басты және маңызды ерекшелігі аутенттілігінде. Жаңа ақпараттық технологияда компьютер негізгі рөл атқарады. Бүгінде Интернет жүйесі арқылы білім алудың жаңа түрі – қашықтан оқыту пайда болды. Мұнда мультимедиа материалдары, электрондық оқулықтар, интерактивтік бейнеконференциялар арқылы білім алуға мүмкіндік бар. Интернет шет тілін үйренушіге көптеген мүмкіндіктер береді. Олар: ана тілі болып саналатын шет ел адамдарының тілдерін тыңдауға, олармен қарым-қатынасқа түсуге, керекті мәтіндермен жұмыс істеуге қол жеткізеді. Интернет арқылы оқушылар тілдік қарым-қатынасқа түсе алады. Сол сияқты, тілдік қорын дамыта алады. Осыдан жазу іскерлігімен дағдысын жоғары деңгейде қалыптастыра алады. Ақпараттық жүйе ретінде, Интернет өз қолданушыларын жан-жақты ақпараттармен қамтамасыз етеді. Оған: электронды пошта (e-mail), телеконференция (usenet), бейне-конференция, анықтама каталогтары, жүйеде сөйлесу (Chat).
Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қай қайсы болмасын өз мазмұнынан грамматикалық жұмыс жүргізуді тыс қалдырмайды, белгілі бір грамматикалық құрылымның жұмыстарын қамтиды.
Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологияның мүмкіндіктері:
Әр бір адамға  білім  алудың  өзіне  тиімді  жолын  таңдауға ü мүмкіндік  беретін  білім  берудің  ашық  жүйесін   орнықтыруға;
Білім алудың техникасын  түбірімен   өзгертуге;ü
Оқыту  үрдісінде  оқушылардың  танымдық  іс-әрекетін  тиімді  ұйымдастыру;ü
Электрондық  білім  беру  пайдалану  арқылы  даралып  оқытуғаü
Ақпараттық – коммуникациялық  технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
1.    Мультимедиялық  мүмкіндіктерді  қолдау ( музыкалық немесе  дикторлық  дайындау, анимация  бейне- клиптер,слайд –шоу).
2.    Жүйенің  басқару  құрылымы – оқытушы  өз  ойын,көзқарасын,өз кезегіндегі   материалдық   ұсынылымын,әртүрлі  аудиторияға  бір ғана  оқу  мәлеметтерін  ұсынуға  мүмкіндік алды .
3.     Білімді бақылау арқылы нәтиже алу, бағалау.
Ақпараттық технологияны шетел тілі сабақтарында пайдалану нәтижесінде төмендегідей жетістіктерге қол жеткіземіз.
1. Сөзжұмбақ, кестелерді құру  үшін  дербес  компютерді   қолдану  арқылы  грамматикалық және  лексикалық  оқу  материалдарын өңдеу.
2. Ағылшын  тіліндегі  сөздерді  сауатты жазу мен  көркемдеп  безендіруді  үйретеді.
3. Дербес  компютерді  пайдалану арқылы   оқушылардың   өзіндік және  жұмыс жасауды  игеру мен білім  алуды кеңейту.
4. Интернет  желісін  пайдалану  арқылы    оқушылар  электрондық  пошта  арқылы  оқушылар  хат-хабарлама  алмасу, өзінің ойын еркін  жеткізу.
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен-күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.
Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезендерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.
Шет тілін оқытуда интернетті сабақта пайдаланудың негізгі артықшылығы сол  жан-жақты ақпараттар алу. Интернетті сабақта пайдаланғанда шет тілінде электронды оқу курстарымен оқушы жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Шет тілін оқытуда бұл ел тану, әр түрлі энциклопедиямен танысуға мүмкіндік береді. Chat (ағылшын сөзі – «әңгіме») электронды поштаға шығу арқылы оқушылардың жүйеде басқа шет ел оқушыларымен сөйлесе алады. Олар сөз қорларын кеңейтіп, өз бетінше сабақ материалдарын таңдауға мүмкіндік алады.





«Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек»   Н.Ә.Назарбаев Елестетіп көріңізші: Қазақстан. 2022 жыл. Халықтың 80 пайыздан астамы компьютерлік сауатты. Еңбектеген баланы есептемегенде, әріп пен сан танитын Қазақстанның кез келген тұрғыны интернетпен қамтылған. Үйден шықпай-ақ коммуналдық қарызын төлеп, керек десеңіз, сотқа да арызды үйде отырып жазады. Бұрынғыша баласының күнделігін сұрап әуре болмай, интернеттен-ақ бағасын көріп отырады. Міне, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының алға қойған мақсаты – осы. Бұл бағдарлама цифрлық, ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қолжетімділікті арттыруды, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуды көздейді. Елбасының өткен жылғы жолдауында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске қосу жайлы айтуының да мәні осында. Биылғы жолдауында бұған тағы да тоқталды. Осылайша бағдарламаны жүзеге асыру басталып кетті. Бағдарламада 2022 жылға дейін еліміздің барлық аумағын кеңжолақты интернетпен қамту, инфрақұрылым мен технологияны дамыту, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, ақпараттық қолжетімділікті арттыру, электрондық төлемдер жүйесін дамыту мақсаттары көрсетілген. Ауыл шаруашылығы мен өндіріс салалары және көлік логистикасы жүйесін автоматтандыру, электронды сауда-саттықты жетілдіре түсу жоспарланып отыр. Олар 2018-2022 жылдар аралығында жасалуы тиіс. Бұл үшін бюджеттен 141 048 387 мың теңге қаржы жұмсау жоспарланған. Сондай-ақ жұмыспен қамту саласында да елеулі өзгерістер болады деп күтілуде, яғни 2022 жылға қарай цифрландыру есебінен бірнеше жұмыс орны құрылмақ. Өйткені 2020 жылы еліміздегі жалпы ішкі өнімнің 4,7% ақпараттық-коммуникациялық сектордың үлесіне тиеді.  Бұл саланың еңбек өнімділігі  34% артады деген жоспар бар. «Цифрлық Қазақстан» бес бағыттан тұрады Бағдарлама бірнеше негізгі бағыттан тұрады: экономика салаларын цифрландыру; цифрлық мемлекетке көшу; цифрлық Жібек жолын іске асыру; адами капиталды дамыту; инновациялық экожүйені құру. Мәселен, экономика саласын цифрландыру бағытында тау-кен өнеркәсібі, мұнай-газ, электр энергетикасы, көлік және логистика салаларына жеке-жеке тоқталған. Болашақта тау-кен өнеркәсібінде кеншілердің кейбір жұмысын автоматтар орындайтын болады. Сол сияқты мұнай саласында барлау, өндіру шығындарын азайту үшін деректерді жаңа құралдар жылдам өңдеп отырады. «Цифрлық Жібек жолы» бағыты елді-мекендерді интернетпен қамтамасыз етуге негізделеді. Сондай-ақ көлік пен логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы, электронды коммерция секілді бағыттарды қамтымақ. Сонымен қатар жоба аясында өнеркәсіп пен электр энергетикасы, ауыл шаруашылығы мен мемлекеттік органдардың ішкі қызметтері цифрландырылады. «Ақылды қалалар» қалыптасып, білім берудегі және жалпы халықтың цифрлық сауаттылығы арттырылмақ. Қаржы үнемдейтін көше шамдары, көліктің жылдамдығын бақылауда ұстайтын жолдар мен бейнебақылаулар, көшелердегі тегін интернет желісі сынды артықшылықтар ақылды қаланың жетістігі болмақ. Ал денсаулық сақтау саласының цифрландырылуы бұл саладағы қателіктер санының азаюына, қызмет көрсету сапасы мен жылдамдығының артуына, сонымен қатар әрбір адамның денсаулығы туралы толыққанды ақпараттық жүйенің құрылуына ықпал етеді. Мәселен, қазіргі таңда SMS арқылы баланың жөргекпұлын алуға, балабақшаға тіркеуге, тіпті баланың туу туралы куәлігін шығартуға болады. Жалпы жаңа технологиялардың пайда болуы қызметтің жоғары сапалы әрі тез көрсетілуіне мүмкіндік береді. Осы мақсатта халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру үшін Білім және ғылым министрлігі тарапынан бірқатар бастамалар жүзеге асырылып жатыр. Мектептерге «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні енгізіліп, осы салада білім гранттары көбейтілген. Мамандар не дейді? Бағдарлама алдағы 5 жылға бірқатар мақсат-міндеттерді жүктеді. Нәтижесінде еліміздегі бірнеше жүйені цифрландыру қажеттігін көрсетті. Осы орайда «Бұл уақыт аралығында бағдарлама діттегеніне қол жеткізе ала ма?» деген сұрақ та туындауы ықтимал. Мамандардан сұрап көрдік. — «Иә» деп жауап бере аламын. Себебі «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы тың түсінік емес, өйткені Қазақстан ИТ-технологияларға бүгін кірісіп жатқан жоқ қой. Бұған дейін де талай ИТ жобалар, технологиялық шешімдер әр салада азды-кемді қолданысқа енгізіліп, халықтың жұмысын жеңілдетіп жүр – онлайн сервистер, әлеуметтік ортада интернет арқылы төлемдер, мемлекеттік қызметтердің бірыңғай түрлері және т.б. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының басты мақсаты да – осы, әр бағытта қалыптасқан технологиялық шешімдерді өзара интеграциялау арқылы ортақ жетілдіру, қамтылмаған бағыттарды әрі қарай цифрландыру және оның біртұтас болуына мүмкіндік жасау деп түсінемін, — дейді Mediana.kz компаниясының техникалық директоры Өмірбек Құрбанбаев. Бағдарлама жүзеге асқан тұста көптеген қызмет түрлері компьютер құзырына кірмек. Осыған байланысты көпшілік арасында «Соның ықпалынан жұмысшы адамға деген қажеттілік азаймай ма?» деген пікір қалыптасуы да заңдылық секілді. Бұл біздің, Қазақстанның жағдайында қаншалықты мүмкін? ІТ мамандар бұған алаңдаудың еш қажеті жоқ дейді. «Бір жағынан солай, жасырып қажеті жоқ. Бірақ өз басым басқаша аргументті алға тартамын. Ойланып қараңыз, қазіргі заманда кез келген мемлекет заманауи технологияларды өзінің даму жолын жетілдіру мақсатында қолданады. Қай ел болса да, технологияларды экономикасының жақсаруына септігін тигізу үшін енгізіп жатады. Яғни, экономика дамиды, бірақ адамдардың жұмысы азаяды. Бұл, логикаға салып қарасаңыз, әлеуметтік қаржы көлемі ұлғаяды деген мағына. Адамдар аз жұмыс істесе де, экономиканың кіріс көлемі үлкен болғандықтан, адам басына бөлінуі қажет мемлекеттік және әлеуметтік пакеттердің, социалдық шарттардың нығаюына алып келеді. Қазіргі дамыған елдердің адамдары сияқты, аз жұмыспен көбірек кіріс пен қаржы көздеріне қол жеткізетін боламыз. Екінші жақтан, адамдардың көбірек саяхаттарға шығуына, уақытылы дем алуына, денсаулығына көбірек көңіл аударуына деген көзқарас қалыптасады», — дейді Өмірбек Құрбанбаев. Ал бұған қатысты ІТ эксперт, “Timur Academy” оқыту орталығының басшысы Тимур Бектұр «Индустрияны цифрландыру, адам жасайтын жұмыстарды роботтандыру, смарттандыру — осыған дейін ол жерде жасап жүрген адамдардың жұмыссыз қалуына әкеледі. Бірақ біздің елде көп нәрсе дұрыс емес екенін бәріміз білеміз. Яғни, әлемдегі қалыпты нәрселер бізде керісінше жұмыс жасайтынын қаперге ала отырып, елімізде жақын арада дәл осы цифрлануға қатысты жұмыссыздық артпайды деп нық сеніммен айта аламын» деген пікірде. Ол әкімдіктер мен министрліктердің вакант орындары күн санап көбейіп жатқандығына байланысты, цифрландыру жұмыссыздыққа әкеледі деуге біз үшін әлі тым ерте деп санайды. «Себебі, біріншіден, біздің елде кадр мәселесі, жұмысшыларды, еңбек күшін ұйымдастыру — адам жыларлық деңгейде. Жергілікті әкімдіктер мен министрліктердің вакант орындары күн санап көбеюде. Мысалы, Маңғыстауда 192 мемлекеттік қызмет бос тұр. Ал жеке бизнесте үш тіпті төрт адам жасайтын жұмысты бір адам жасап жүргенін жұрттың барлығы біледі. Себебі, жеке бизнесте HR атымен жоқ және жалақы үнемдеу арқылы еңбек күшіне көп ресурс бөлмейтіні ешкімге жасырын емес. Осынша еңбек күшіне дефицит боп тұрғанда, цифрландыру жұмыссыздыққа әкеледі деуге біз үшін әлі тым ерте». Айта кетейік, кадрларды қайта даярлау саласында жергілікті атқарушы органдар тұрақты негізде халықты, оның ішінде жұмыссыздарды қажет деген цифрлық дағдыларға оқытатын болады. Ал басқа мемлекеттерде қалай болды? Қазіргі таңда дамушы елдерде интернет жедел қарқынмен өсіп келеді. Ғаламторға қосылған 35 миллиард құрылғы өзара деректер алмасып отыр. Әлем тұрғындары бұл көрсеткіштен 5 есе аз. Әлемде 15-тен астам ел қазір цифрлық жобаларды қолға алды. Олардың алдыңғы қатарында Қытай, Сингапур, Дания, Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия, Канада сынды мемелекеттер бар. Мәселен, Сингапур «Smart Nation», Оңтүстік Корея «Креативті экономика» жобасын іске асырса, Дания 2015 жылдан бері барлық азаматты мемлекеттік органдармен тек интернет арқылы тілдесуге міндеттеген. Сингапур «ақылды экономика» қалыптастырып үлгерсе, Қытай «интернет плюс» жүйесін жүзеге асырды. Жаһандық ауқымдағы құбылыстың ізгі жалғасы «Цифрлық Қазақстан» жобасы бізде де өз жұмысын бастады.

Барлық құқықтар қорғалған. mangystaumedia.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз
https://mangystaumedia.kz/22/46893/







5 жылдан соңғы цифрлы Қазақстан қандай болмақ? Технологияландыру еліміздің барлық секторына қатысты болмақ. Сондықтан 2022 жылға қарай білім беру, денсаулық сақтау, элеуметтік, экономикалық салалардың сапалы дамуы күтіліп отыр. Қазір елімізде 6-74 жас аралығындағы ерлердің 77,6%-ы, әйелдердің 74,8%-ы компьютер қолданады. Бұл мәлімет ерлердің ақпараттық технологияларды қолдану көрсеткішінің басымдығын көрсетеді. Бұл туралы profit.kz сайты ҚР Статистика комитетіне сілтеме жасап 2017 жылдың мамыр айында хабарлады. Бағдарлама жасақтаушылардың бірі «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ басқарма төрайымы Әсел Жиенбаева бір сөзінде «Жеткілікті ресурстар болса, бағдарлама дұрыс басқарылса, онда ішкі жалпы өнім де 5 пайыз үлеске жетпек. ІТ секторында қосымша 150 мың жұмыс орны ашылады. Мұнымен қоса, еңбек өнімділігінің өсімі 37 пайызды құрап, халықтың компьютерлік сауаттылығы 85 пайызға дейін артады«, — деген болатын. Бағдарламаны енгізудегі басты мақсат — бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылу. Бүгінде Қазақстан электронды үкімет индексі бойынша 33, желі дайындығы бойынша 39 орында екен. Компьютерлік сауат көрсеткіші – 76,2%. Егер «Цифрлық Қазақстан» жобасының жұмысы жоспар бойынша жүргізілсе, осы салада әлемдегі ең озық 15 елдің қатарына кіру мүмкіндігіміз молаймақ.

Барлық құқықтар қорғалған. mangystaumedia.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз
https://mangystaumedia.kz/22/46893/







Материалдың мәтіндері

Робототехника- жаңа заман талабыЫрғыз ауданы№1 қазақ ЖББОМматематика пәні мұғалімі IKAZ.KZ Робототехника туралы Робототехника (робот және техника; ағылш. robotics — роботика) – роботтардың құрылысымен, жұмысы мен қолдануымен айналысатын, оған қоса олардың басқару, сезіну мен мәлімет өңдеумен айналысатын механикалық, электр және электронды инженерия мен компьютер ғылымдарының біріккен саласы. Робототехника роботтардан басқа автоматтандырылған техникалық жүйелер мен өндірістік үдерістердің ең жаңа техникалық жиынтықталуын әзірлеу мен қолдану жолдарын зерттейтін ғылым.Автоматтандырылған машиналар, басқа сөзбен айтқанда роботтар, адамдардың орнына қауіпті жерлерде, немесе зауыттағы құрастыру үдерістерінде жұмыс істей алады. Этимологиясы «Робототехника» (немесе «роботика», «robotics») сөзі ең бірінші рет Айзек Азимовтың 1941 жылы жарық көрген ғылыми-фантастикалық «Жалғаншы» («Лжец») атты әңгімесінде қолданылған.«Робототехника» сөзінің негізін қалайтын «робот» сөзін 1920 жылы Карел Чапек деген чехиялық жазушы алғаш болып ойлап тауып, өзінің 1921 жылы қойылып, көрермендердің ілтипатына ие болған ғылыми-фантастикалық «Р. У. Р.» («Россумские универсальные роботы») атты пьесында қолданған. Робототехника саласына кейіннен кірген идеялар көне заманда пайда болған. Мысалы, Гомердің «Илиадасында» Гефест деген құдай үй қызметкерлерін атлыннан жасап, сөйлеу қабілетімен қоса оларға күш пен ақыл берген (қазіргі тілмен айтқанда - жасанды ақыл). Кейбір әңгімелер бойынша, ежелгі Грекия елінің инженер-механигі Архит Тарентский ұшу қабілеті бар механикалық көгершінді құрастырған (б.ғ. 400 ж.). Робототехника тарихы 1942 жылы ғылыми-фантастикалық мәнерде жазатын жазушы Айзек Азимов робототехниканың үш заңын ойлап табады. 1948 жылы Норберт Винер тәжірибелік робототехниканың негізін құрайтын кибернетиканың қағидаларын тұжырымдаған. Толығымен автономды роботтар XX ғасырдың екінші жартысында ғана пайда болды. Ең бірінші сандық басқаруы бар бағдарламанатын робот Unimate болған. Ол робот ыстық темір бөлшектерді балқыту машинасынан көтеріп, жинауға арналған. Қазіргі таңда коммерциялық және индустриалдық роботтар кеңінен тараған. Ол роботтар адамдарға қарағанда жұмысты арзанырақ, жинақы және нық орындайды. Сол салада қолданылатын роботтардың кейбір жұмыстары адам үшін лас, қауіпті және жалықтыратын болып табылады. Роботтардың ең басты таптары 1.Әр робот механикалық негізі - құрылғы, рамадан тұрады. Сол раманың түрі қолданылатын мақсатына қарай өзгереді. Мысалы, робот лай мен құмның үстімен жүретін болса, шынжыр тракторлар қолданылуы мүмкін. Механикалық жағы ойлап табушының бір бөлек мәселенің шешімі, робот жүретін жердің қоршаған ортасына байланысты. Роботтың формасы атқаратын функциясымен тікелей байланысты. 2. Әр робот электр бөлшектерден тұрады. Сол бөлшектер робот жүйелерін толығымен бақылайды. Мысал ретінде шынжыр арқылы жүретін роботты алсақ, сол шынжырларды жүргізу үшін күш керек. Сол күш электр қуаты ретінде келіп, сымдар арқылы өтіп, батареяда сақталады; осы негізгі схема. Газбен істейтін машиналар да газды қолдану үдерісі үшін токты керек етеді. Сол себептен, газбен жүретін көлік сынды машиналарда да батареялар бар. Электр жүйесі роботтың қозғалуында (мотор) қолданылады, өлшеу үшін (электр сигналдар жылу, дауыс, тұрған жері мен энергия мөлшерін анықтау үшін) және жалпы қолдану үшін (робот жалпы негізгі операцияларды жасау үшін өз мотор мен сенсорларына біраз энергия жолдауы керек). 3.Барлық роботтар кішкене болса да компьютер кодын керек етеді. Сол алгоритмде робот қалай жұмыс істейтіні көрсетіледі. Код жазған адам программаның ішінде робот шешімін қалай және қашан қабылдап, әрекет ететінін жазады. Сол шынжыр арқылы жүретін робот өзінің механикалық дизайны мен құрылысының арқасында лайды керемет етіп, өзінің батареясынан сымдар арқылы керек мөлшерде энегия алса да, компьютер программасынсыз орнынан жылжымайды; өйткені программа роботқа қашан, қайда жылжу керек екендігін айтады. Программа роботтың негізгі мәнін құрады. Роботтың механикалық және электр бөлшектері керемет әрленіп, бірақ жазылған программасы нашар болса, роботтың жұмыс істеуі екі талай, істесе де, қозғалуы мен жұмыс істеуі ретсіз болады. Негізгі үш түрлі алгоритмдер бар: қашықтан басқару, жасанды интеллект және гибрид.  Назарларыңызға рақмет!!! IKAZ.KZ

Бүгінде «ақылды» ойыншық көліктер өмірімізге дендеп ене бастады. Сан салада медицинадан бастап космонавтикаға дейін адамдар роботтардың көмегіне жүгінеді. Төбеде қалықтап жүріп, мерекелік шараларды бейнеге түсіретін робот-дрондарға, күрделі механизмдерді көз ілеспес жылдамдықпен және асқан дәлдікпен құрастыратын робот-қолдарға көз үйрене бастады. Оны айтасыз, сарапшылар алдағы 20 жылда адам істейтін жұмыстың тең жарымын роботтар атқаруы мүмкін деп отыр. Қысқасы, біздің заманымыз – робототехника заманы десек артық болмас. Қазіргі таңда бүкіл дүние жүзінде робототехника ғылымы кең қолданыс тауып отыр. Біздің мемлекетімізде осы бағытта дамыған елдер қатарына қосылу мақсатында ғылыми-техникалық прогресстің осы бір маңызды бағытынан құр қалмауда.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты былтырғы Жолдауында «балаларға арналған технопарктері желісін» қалыптастыру арқылы әлемнің озық ғылымында бәсекелестікті арттыру қажеттілігін тапсырған болатын. Осы бағыт-бағдарда оқушылардың интеллектісін дамытып, ой-өрісін кеңейту мақсатында инновациялық үйірмелер пайда бола бастады. Оның бір айғағы, Алматы қаласы бойынша бірнеше филиалдары бар «RobotX» робототехника мектебін айтуға болады. Таяуда жоғарыда аталған мекеме біздің ауданымыздағы ең алдыңғы қатарлы білім шаңырағы – Сүлеймен Демирел университеті әкімшілігінің демеушілігімен осы ғимаратта тағы да бір филиал ашты. Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында ашылған бұл мектептің негізгі мақсаты командалық жұмысты және кеңістіктік ойлауды дамытып, балаларды шабыттандыру және интеллектуалдық әлеуетті ашу.
«Робототехника мектебінде» жеткіншектер көптеген зерттеулер жүргізіп, өз жобаларын жүзеге асырады. Сабақ барысы балалардың жобаларды бірлесіп әзірлеуіне және ойлау еркіндігін дамытуға бағытталған. Бұл мектепті ашқандардың тағы бір мақсаты ол жас жеткіншектерге тек ғана жаңа технологияларды үйретіп қана қоймай, оларды республикалық және халықаралық жарыстарға қатыстыру. Мұнда оқыған балалар түрлі жобаларды жоспарлап, оны дамытуды, әр түрлі бағдарламалармен жұмыс жасауды меңгереді. Сондай-ақ, ұялы телефонға және компьютерге арналған ойындар құрастыруды, «Maceblok» конструкторы арқылы роботтарды жинап, әрі бағдарламалауды, 3D обьектілер мен интерьерді моделдеуді де меңгеріп шығатын болады.
«Робототехника мектебінде» бастапқы кезенде балалар механика немесе алгоритмдер туралы негізгі білімдер оқытылады. Екінші кезеңде оқушылар «Makeblok» жиынтығынан робот жасайды. Бұл қызықты, креативті кезең оқушыға жақсы көңіл-күй сыйлап, оның моторикасын жақсартады. Одан бөлек, осы кезеңде балалар арасында командалық қарым-қатынастар қалыптасады, ал ересектерде топтық жұмыс жақсарады. Осы кезендерден кейін роботтарды басқаратын бағдарламаны жазу басталады. Қызықты және дұрыс бағдарламаны жазуды осы жердегі оқытушылар жеке дара әр оқушыға түсіндіріп, көрсетеді.
Жалпы, «Робототехника мектебі» жоғары технологиялармен жабдықталса, су жаңа «Makeblock» құрылғысын қондырғысының көмегімен балаларды халықаралық сайыстарға дайындайды. Заманауи балалардың қиялына шексіз мүмкіндіктер беретін робототехника мектебінің жоба менеджерінің айтуынша жеткіншектерді байқауларға баптайтын СДУ университетінің Инженерлік және жаратылыстану факультетінің белді ұстаздары мен түлектері.
Ал, жоба менеджері Мұрат Айтбаев: «Балаларды аптасына бір жарым сағаттан екі рет оқытамыз. Алдағы уақытта аудан, республика көлемінде сайыстар өткізіп, балалардың білім деңгейін халықаралық дейін көтеру ойымызда бар. Балаларды ең кемі 7 жастан бастап қабылдаймыз. Мектебіміз ақылы, айына 20 мың теңге. Оқушылардың алғашқы сауатын «Maceblok» жинағынан бастап, кейін сатылы түрде жоғары деңгейге көшіп отырады. Білімнің 80 пайызы – тәжірибе, 20 пайызы – теория жүзінде беріледі. Бағдарлама бойынша бастапқы кездері робототехниканың негіздерін үйретеміз. Кейін кәсіби білімге көшеміз», – деді.
Оның айтуынша, балаларын үйірмеге бергісі келетін ата-аналар RobotX.kz сайты арқылы тіркеліп, барлық керек ақпаратты ала алады.
–Мектеп құрылымы «Makeblock» жиынтығымен ерекшеленеді. Себебі, ол эксклюзивті құрылғы болып есептеледі. «Makeblock» жиынтығын қытайлық инженер ойлап тапқан. Әлемде білім саласында қолданысқа енген бұл құрылғы Қазақстанда да қолданысқа енгізіле бастады. Мұнда белгілі бір нұсқаулық жоқ. Қиялыңыздағы кез-келген роботты осы бөлшектерден құрастыра аласыз– дейді роботехника мектебінің оқытушысы Ләйла Қамбар.
Осы мектепте жан-жақты ақпарат алған тәлімгерлер болашақта қандай мамандық иесі болуын өз бетінше таңдап, жаңа технологияларды толыққанды меңгеріп шығады. Ал, оны меңгерген ұрпақ көштен қалмай, еліміздің көркеюіне үлес қосары сөзсіз.
Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ.



Матрица” фильмі шындыққа айналуы мүмкін”

Жасанды интеллект қазіргі кезде қарқынды дамып келеді. Жақында Facebook желісіндегі жасанды интеллект бағдарламасын жауып тастады. Өйткені роботтар өз тілін құрастырып алды. Бұған дейін жасанды интеллект роботтар бір-бірімен ағылшын тілінде сөйлесетін. Бір күні байқаса, ешкім түсінбейтін тілді ойлап тауып, өзара байланысатын болған.

Робот ешқашан шаршамайды, бар керегі интернет пен ток болса – болды. Адамнан қарағанда, мың есе тез жұмыс істейді. Бұл жаңалықты естігеннен кейін, тіксініп қалдым. Бес жыл бұрын мақалалар оқып жүргенімде, жасанды интеллект қойдан ақылды болмаған. Осындай құбылыс орын алғаннан кейін, алдағы бес жылда не болатынын білмеймін.

Жасанды интеллектке қатаң шектеу керек”

Кодты біз өзіміз жазамыз. Робот оны орындайды. Біз оған код берсек, ол өзінің кодын жасап алатын деңгейге жетті. Қарабайыр түсіндірер болсақ, біз оған әліпбиді үйреміз, сөзді өзі ойлап табады. Одан кейін сөйлем жазады, кейін поэма құрастырып отырады. Қорқынышты емес пе?! Жасанды интеллекті қолдаймын. Дегенмен қатаң протоколдар арқылы оған шектеу қажет. Мысалы, жасанды интеллектің адамға зияны тимеуі керек, ол толық адамның басқаруында болуы қажет.

Google іздеу жүйесінің негізін қалаушы Сергей Брин жасанды интеллекті бағдарламалап шығарды. Қазір ол түрлі зат ойлап таба бастаған. Дизайн үйлестіреді, басқа да қызметтерді атқарады. Бірақ бұларды қалай жасап жатқанын тіпті оны құрастырушы да түсінбейді.

Конституцияда заң қалай жазылса, код та тура солай жазылады. Бірақ өкінішке орай Конституцияны айналып өтетіндер бар ғой. Сол тәрізді роботтардың ішінде кодты айналып өтетіндері бар. Жоғарыда айтқандай шектеу болмаса, “Матрица” фильмі шындыққа айналуы таңқаларлық жағдай болмай қалады.


“Компьютер ойнағандар озады”

Фукусимада жарылыс болған орынды зерттеу үшін, дрон жасадық. Біз жасадық, бірақ оны басқара алмадық. Оны басқару үшін геймерді (компьютер ойыншысы) жалдадық. Ол – таңнан кешке дейін компьютер ойнайтын бала. Қазіргі уақытта пилотсыз аппараттар көп. Оларды басқаратындар – геймерлер. Пилотқа 10 мың $ мың доллар төлегенше, геймерге 2 мың $ доллар төлеген әрине тиімді. Танымал “Pokemon Go” ойынын құрастырған Nintendo компанияcы да геймерлерді жұмысқа алады. Қазір ойнап отырған балаларға қарап, “болашағы бар екен” деп те қаламын. Бұрын ойын ойнап ақша табуға болады десе, сенбес едім. Ал қазір роботохника, жасанды интеллект, пилотсыз аппараттардың дамуына қарап, ойыншының табысты “маман” болатындығына көзім жете бастады. Болашақта кәдімгі көліктер де роботпен басқарылатын болады. Менің ойымша, робототехника алдағы уақытта медицина, қызмет көрсету және қорғаныс саласында қатты дамиды.

  • Бір студент қыз жұмысындағы гүлінің ылғи суарылмай қалатындығын айтты. Содан мынадай жобаны жасап шықтық: топырақтың ішіне сенсорды салып қоямыз. Ол топырақтың ылғалдылығын анықтап отырады. Сенсор ақпаратты микроконтроллерға береді. Егер ылғалдылық 20, 30 пайыздан төмендеп кететін болса, микроконтроллерға жалғанған түтікше арқылы гүлге су құйылып отырады. Ылғалдылық 80 пайызға жеткен кезде, микроконтроллер автоматты түрде сөндіріледі. Осы жобамен шәкірттерім роботехника олимпиадасына қатысып, 3-орын алды. Бұл – болашағы бар жоба. Болашақта Алматы көшелеріндегі өсімдіктерді суарып отыратын лайн-фоллеуер роботтарды жасау жоспарымызда бар.

  • Бір бала: “Көлігім бар, ағай. Маған жол берген адамдарға апат белгісін жақпай, көліктің жүксалғышынан “Рахмет” деген жазуды көрсеткім келеді,”- деп айтты. “Тамаша” деп қостадық. Жарықдиондармен ORP әйнекке “Рахмет” деп жаздық. “Енді қалай басқарамын?” – деп сұрады. Көрсеттім. Жасап шықты. Оны көлігінің артқы терезесіне қойды. Жол берген жүргізушілерге осылайша “рахметін” айтып жүріпті. Бір күні біреу келіп “сатасың ба?” деп сұраған. “Қанша теңгеге сатайық?” деп сұрады. “20 мың теңге деп көр” дедік. Сатылып кетті (күледі). Әлгі студент бір күні тағы жүгіріп келіпті: “Ағай, енді үш адам сатып алмақ”. “Жаса онда, достарыңды жина,”-дедім. Сөйтіп олар бизнеске кірісіп кетті. ЖК (жеке кәсіпкерлік – авт. ред.) ашты. Қазір олар тек “рахмет” деп емес, дүкендердің атауын, “ашық”, “жабық” деген хабарламаларды жарықдиондармен жасайды. Менің шәкірттерімнен күтетінім – осы. Олар мен қажет еткен қабілетті меңгеріп шықты.

  • Бір шәкіртім үстелдің астына айна салып, саңылаумен бетіне тонировка жапты. Бұған да жарықдиондарды пайдаланды. Нәтижесінде шексіздік тәрізді әсер берді. Бұрын осындайдың кішкентай нұсқасын қызыма сыйлық ретінде жасағам, шәкіртім одан керемет қылып жасап шықты. Шәкіртім жасаған үстелдерге кафе, караоке-барлардан сұраныстар түсті. Қазір ол да ЖК ашып, бизнеспен айналысып кетті. Бір қызығы, мұндай балалар сабақтарын үштікке оқитындар еді. Біздің мақстамыз маман даярлау еді. Олар біз күткен нәтижеге қол жеткізді.

©Baribar.kz

Роботтар себебінен жұмыссыздық көбеюі мүмкін”

Адам жұмысын роботтар алмастыра берсе, жұмыссыздық көбеюі мүмкін. Шетелдерде осындай мәселе көтеріліп жатыр. Жапонияда бүкіл зат роботтандырылған, бірақ “жұмысшы керек” деп жар салып жататындар қаншама?! Жұмыссыздық көбейеді, егер барлығы бір орында тұратын болса. Мысалы, он жыл бұрын “SMM маман” деген түсінік те жоқ еді. Техника дамыған сайын, жаңа мамандықтар пайда болып отырады. Бұл – заңдылық.

Жұмыссыздық болашақта қара жұмыста көбеюі мүмкін. Мұндай жұмыстарды роботтандыру жеңілірек. Сол тәрізді пошта, клерк қызметтері керек емес болады. Оның орнына қызмет көрсету саласы жақсы дамып, жұмысшыларға сұраныс осы бағытта артуы мүмкін. Шығармашылық, ой жұмыстарында, интеллектуалды ортада, медицина саласынада қызметкерлерге сұраныс көбейеді. Қазақстан – әзірге дамушы ел, қызмет көрсету салалары енді дамып келеді.

Алдағы 10-20 жылда Қазақстан қарқынды дамиды”

Көп жыл шетелде жүріп елге оралдым. Біздің елде тәртіпті ең көп бұзатындар – үлкендер. Ауруханаға барып қалсаңыз, үлкендер келіп кезексіз қабылдауға кіріп кетеді. “Өкіметтің затын аясың ба?”, “Бастық болып тұрған кезіңде, басып-басып ал” детіндер бар арамызда. Өкінішке орай, бұның бәрі – құлдық сананың әсері. “Елу жылда ел жаңарады” дейді ғой. Біздің қазіргі жастардың талпынысы, құштарлығы өзгеше. Болашақта экономикамызды алға тартады деген ойдамын. Алдағы 10-20 жылда Қазақстан қарқынды дамиды деген сенімдемін. Өйткені бүгінгі жастар бәрін түсініп, не қажет екенін біліп келеді. Мемлекет оларға ақырындап мүмкіндіктерді де ашып жатыр. Дегенмен, көп нәрсе басшыға байланысты. Басшының миы қандай болса, жұмысшылары да солай әрекет етеді. Мөлшермен жасап, есеп өткізуге бейім болса, жұмыстың нәтижесі де “мөлшермен” болады.

Ал қазіргі жастар басқаша ойлайды. Олар бай болғысы келеді, Google, Facebook тәрізді корпорация, компаниялар құрғысы келеді. “Болашақ” бағдарламасымен оқығандардың көпшілігімен жақсы араласамыз. Олардың барлығы – шетелдегі топтарының ішінде көшбасшы. Қазақ балаларына жылына алты миллион теңге беріп, өздері оқытқан университеттер бар. Егер олар дарынды болмаса, қазақ баласын өздері оқытқан шетелдік университеттерге не пайда? Менің білетінім: бізде болашақ бар әрі ол жарқын.

Роботехниканы Қазақстанда қалай дамыту қажет?

Роботехникада жұмыс істеймін десе, барлығы “керемет мамандық” деп, таңдай қағып жатады. Бірақ бұл сала біздің елде тым танымал емес. Олимпиадалар, жарыстар өтіп жатады. Бірақ ол туралы тек ұйымдастырушылар мен қатысушылардан артық адам біліп жатқан жоқ. Жапонияда күнделікті теледидардан, радио т.б. роботехника туралы ақпараттар өте жиі беріліп отырады. Бұл – таза маркетинг. Идеологиясы осы бағытта.

Робот құрастырушы үшін өзінің жасаған затына баласындай қарайды. Сен оны құрастырасың, оған код бергенде роботқа жан бергендей боласың. Ол балаң сияқты қозғалады, өзіңе ыстық болып тұрады. Түрі жаман болса да, жақсы көріп тұрасың. Шәкірттерімнен осы сезімді байқаймын.

Жапонияда қонақ үйлерде немесе ресепшндарда роботтар отырады. Олардың сенімен сөйлескені, қарым-қатынасы сондай қызық. Мұндайды жастайынан көріп өскен бала болашақта өзінің жеке туындысын жасап шығаруды армандайды. Бастысы, қызығады. Бұл қызушылықтың артында халықтың экономикасы мен әлеуетін көтеруге септігін тигізетін үлкен күш бар. Қаншалықты қызығушылық көп болады, елімізде робототехника соншалықты тез дамиды. Адам азайған сайын, даму да төмендейді.


Бәлкім, қазақтар роботты жапондар тәрізді жасай алмайды деп ойлайтын шығарсыздар. Қате. Одан артығын жасауға қауқарлы. Егер бір жапон мен бір қазақты алып салыстырар болсаңыз, қазақтың білімі артық болады. Неге? Өйткені біздің елде түрлі пәндерді қатар өтеді, сол себепті де қазақ балаларының ой-өрісі кең. Бірақ он жапон мен он қазақты салыстырар болсаңыз, жапондар артық болады. Тағы да “неге?” деген сұрақ туады. Жауап:өйткені көбіне қазақтар топтасып жұмыс істей алмайды. Ал жапондар бірін-бірі толықтыра біледі. Бірі білмесе, екіншісі дамытады. Жапонияда тимбилдинг өте жиі ұйымдастыралады. Бұл ортақ, қуатты идеяның дүниеге келуіне септігін тигізеді. “Бір бас жақсы, екі бас одан да артық” деген – осы. Бірақ біз – азиатпыз. Қазақтарды ұйымшылдыққа бейімдеу, қалыптастыру оңайырақ.

Жапония қалай жылдам дамып кетті?

Жапондар үлкендерді қатты сыйлайды. Бізде де дәл солай. Бірақ біздің мынадай артықшылығымыз бар, автобуста, басқа жерлерде қазақтар үлкендерге орын береді. Ал ол жақта үлкенге орын берсеңіз, “сен қартайдың” деп кемсіткендей қабылдайды. Жапонияда үлкенге орын беремін деп, екі рет басым дауға қалған (күледі). Қазақтар қыздарды жақсы сыйлайды, қыздарға қызметтегі мансабын қалыптастыруға еркіндік береді. Ал Жапонияда әйел адамның басты міндеті -күйеуінің жетістікке жетуіне қолынан келгенше көмектесу. Болды. Олар үй ішіне бас-көз болып, ерінің жағдайын жасауы керек. Зейнет жасына келген кезде, күйеуінің зейнетақы қоры екеуіне теңдей бөлініп беріледі. Осы тұрғысынан қарасақ, әділетті үкім.

Мұғалім – Жапонияда Құдайдан кейінгі екінші орынға ие тұлға. Жасы кіші, үлкеніне дейін сіздің мұғалім екеніңізді білсе, орнын беріп құрметтейді. Маған бір шәкіртім сабақ кезінде: “Ағай, білімдісіз. Мына жақта мұғалім болып жүре бермексіз бе?!” деп сұрап қалды. Сол кезде біздің елде бұл мамандықтың осыншалықты төмендеп кеткеніне қайран қалдым. Мен білетін дамыған мемлекеттерде мұғалім, дәрігер болу тым қиын. Сәйкесінше оларға төленетін еңбекақы өте жоғары.

Жапондар неге қатты дамып кетті?” дегенге күле отырып, былай жауап берер едім: “Жапонияның жері тарлау, аралда тұрады. Ешқайда көшіп кете алмайды. Ал Қазақстанның жері кең. Бір-бірімен ренжіссе, екінші бір түпке кетіп қала алады (күледі). Халықтарынан осындай бір қорқынышты байқауға болады.

Исмаилов Бектилеу Талгатович мұғалімС.Сейфуллин атындағы орта мектебіБайзақ ауданыЖамбыл облысыbeksl@bk.ru



Инновациялық-индустриалды Қазақстанның болашағы жарқын болмақ!

Қазақстан және робототехника.

Қазірге кезде робототехника саласы қарқынды дамып келеді. Егерде, біз көптеген елдерді жетіп алғымыз келсе не болмаса олармен пара пар болғымыз келсе, Қазақстандағы робототехника саласындағы әр адам сол елдердегі ғалымдармен салыстырғанда бірнеше есе көбірек жұмыс істеп, тынымсыз еңбектену керек. Сонда ғана Қазақстандағы робототехника саласы белгілі бір жетістіктерге жетіп, өзіміздің индустриялды роботтарды шығара алатын зауыттарды құра аламыз. Әрине, бұл мақсатқа жету өте қиын, бірақ жүзеге асырылмайтын іс деп ойламаймын. Ең бастысы шын ниетпен еңбектенсек, алдымызға қойған мақсатымызға жетеміз.   Робототехника саласында Қазақстанның жетістігі көп емес. Назарбаев Университеті және мектептері Робототехника саласы енгізілді. Осы сала бойынша студенттер және оқушылар жұмыс істеу арқасында робототехника саласындағы практикалық білімдерін тереңдетіп, нағыз ғылыми жұмысқа қатысуға мүмкін боладыҚазақстандағы робототехника өте жас сала болғандықтан, айтарлықтай жетістіктерге әлі жетпедік. Мысалы, Қазақстандағы робототехника саласын балабақшаға барып жүрген жас баламен салыстыруға болады. Ол енді аяққа тұрып, есейіп келе жатыр, сол сияқты робототехника Қазақстанда енді ғана қарқынды дами бастады. Мектептерде робототехника үйірмелері ашылып, оқушылар робототехника саласымен танысып келе жатыр. Робототехникамен мектеп кезінен танысқан оқушыларда бұл салаға қызығушылығы пайда болып, соның арқасында болашақта робототехника саласында көптеген жас ғалымдар істейтін болады. Сол себепті, меңім ойымша, жетістіктер бізде әлі де болады, тек қана сәл ғана күте тұру керек.Қазіргі таңда роботтар көбінесе өндіріс саласында көп қолданылса, болашақта роботтар адамдармен тығыз қарым-қатынаста болады деп ойлаймын. Біздің елде де басқа елдегідей роботтардың тұрмыста үлкен рөл атқаратынына сенемін. Мысалы, үй жинауда робот-көмекші шет елде шығарылған. Сол автоматты үй жинағышты үйде қалдырып, кейін келгенде үй тап-таза болып тұрады. Сонымен қатар, роботтар үйде жалғыз қалған балаға үй жұмысымен көмектесе алады және оған дос бола алады. Келешекте роботтардың кең қолданысы медицина саласында болады деп ойлаймын. Қазір дамыған мемлекеттерде реабилитация мақсатында қолданылып жүрген физиотерапияны роботтар жасайды. Бізде де роботтардың әкелер мол пайдасын көре отырып, робот технологиясын халық денсаулығын жақсартуда, олар медицина саласына белсенді түрде енгізіледі деген сенімдемін.  «Робот техникасы» курсы оқушылар тарапынан жоғарғы қызығушылықпен жүргізілетініне сенімім мол...Дәйексөз: Өсіп келе жатқан жас буынмен бірге еліміздің робототехника саласы да бой көтеруде. Адам өмірін жеңілдетуге арналған роботтарды күнделікті  өмірде қолданатын уақыт та алыс емес.Инновациялық-индустриалды Қазақстанның болашағы жарқын болмақ! 

>


Озимиздин тарапынан тусау кесер жибин жасадык

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.01.2019
740
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі