Волейбол жарысы өтті

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Волейбол жарысы өтті

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жастарды салауатты өмір салтына баулуда «Жастар есірткіге қарсы» атты ұранымен волейбол жарысы өтті. Мақсаты жасөспірімдерді құқықбұзушылықтың алдын алу, патриоттық рухта тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Волейбол жарысы өтті

Өткен жылы сәуір айында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарық көрген болатын. Содан бері бүкіл ел аумағында ондағы тапсырмаларды жүзеге асыруға бағытталған түрлі іс-шаралар өтуде. Сондай іс-шаралардың бірі жастарды салауатты өмір салтына баулуда «Жастар есірткіге қарсы» атты ұранымен Жамбыл ауыл әкімшілігіне қарасты мектептер арасында Жамбыл атындағы жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімдері Ж.Бижігітов, С.Тәтеев және Ш.Бектасов атындағы жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Н.Қалауов ұстаздарымыздың ұйымдастыруымен Ш.Бектасов атындағы жалпы орта мектебінде мектеп оқушылары (ұл балдар) арасында волейбол жарысы өткізілді. Волейбол жарысында Ш.Бектасов ЖОМ, Қ.Үкібаев ЖОМ, Жамбыл ЖОМ, С.Мұқанов ЖОМ, №117 НОМ мектеп оқушылары өзара мықтыны анықтады. Жарыс өте тартысты жағдайда, қызықты өтті. Бірінші орын үшін басты тартыс Қ.Үкібаев ЖОМ, Жамбыл ЖОМ, Ш.Бектасов ЖОМ оқушылары арасында өтті. Барлық ойында жеңіске деген жігерлік таныта білген Жамбыл ЖОМ оқушылары бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Ш.Бектасов ЖОМ, үшінші орынды Қ.Үкібаев ЖОМ оқушылары иеленді. Барлық орынға ие болған командаларға аудандық спорт бөлімінің дипломдары тапсырылды. Бірінші орын алған Жамбыл ЖОМ оқушылары дене тәрбиесі мұғалімдері Ж.Бижігітов, С.Тәтеев, А.Қантөреев ағайларына өз алғыстарын білдірді. Жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға бейімдеу, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында осындай жарыстар көбейе берсе деген ауыл тұрғындары тарапынан ұсыныстар айтылып өз ризашылықтарын білдіріп жатты.





Мақтарал ауданы Жамбыл ауыл әкімшілігі Жамбыл атындағы жалпы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: С.Зеилбек



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2018
879
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі