Материалдар / «В.В.Воскобовичтің дамытушы ойындары »
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«В.В.Воскобовичтің дамытушы ойындары »

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау, сөйлеу, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуда В.Воскобовичтің дамытушы ойындарын пайдалану
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Сәуір 2021
548
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы : «В.В.Воскобовичтің дамытушы ойындары »

Мақсаты:
-
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау, сөйлеу, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуда В.Воскобовичтің дамытушы ойындарын пайдалану
-
В.Воскобовичтің дамытушы ойындары арқылы балалардың қол моторикасын, таным қабілеттерін, оқу үрдісінде тілін дамыту

«
Қазіргі заманда мектеп жасына дейінгі балаларға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет», - деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, жаңа типпен білім беруді жаңаша әдіс - тәсілмен жүргізу керек Мектеп жасына дейінгі балалардың  ойлау, сөйлеу, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуда В.Воскобовичтің дамытушы ойындарын пайдалану тиімді.

Осыған орай дамыту ойындарының әдістемесін негізін қалаушылардың бірі осы Вячеслав Вадимұлы Воскобович. 40 астам дамытушылық ойындар мен құралдарды шығарған.
В.Воскобович ойындары-мектеп жасына дейінгі баланың дамуына қойылатын заманауаи талаптарына сай келетін ғажап құрал. Олардың  жеңілділігі, қарапайымдылығы, тәрбиелік және білімдік міндеттерді шешудегі мүмкіндігі зор. Мұндай ойындар психологиялық тұрғыдан жайлы. Бала өзіне және ойыншыққа зиян келтірмей жаттығады, тәжірибе жасайды, шығармашылықпен айналысады. Жаңа педагогикалық технологияны пайдалану нәтижелерін дамыта отырып, ойын технологиясын баланың интеллектуалдық дамуына, денсаулығына, жақсы көңіл-күйде болуына бағыттап қолдануда. Мектепке  дейінгі  жастағы балаларға арналғандықтан, автор ойын мен ертегіні біріктірген. Білім беру мақсаттары ойынның барысына енгізілген. Ал ертегілер ол мотивация, баланы қызықтыру әдісі. Аталған технологиядағы дамыту ойындарының бірқатар ерекшеліктері бар.


Воскобовичтің дамытушы ойындарының принциптері.

Осы ойындарының негізгі принциптері қызығушылық - таным шығармашылық максималды түрде әрекетте болады, өйткені ойын балаға мейірімді, өзіндік ерекшелігі, көңілді және мұңды ертегі, қызықты кейіпкер немесе қызықты сапарларға шақыру тілімен берілген. Осы ойындарды ойлап табуға өзінің балалары себеп болған. Вячеслав Воскобовичтің балалары қиыншылық заманда дүниеге келген, ойын дүкендері жас әкені тығырыққа тіреді. Онда бар ойындарды біздің әжелеріміздің әжелері ойнаған ойындарды ұсынды. Ал елімізде альтернативті педагогика туралы әңгімелер белсенді жүріп жатты. Сондықтан да Вячеслав Вадимұлы Воскобович тәрбие берудің алдыңғы қатарлы әдістеріне өзінің лебін қосуды жөн көрді. Воскобовичтің алғашқы ойындары 90-шы жылдардың басында пайда болды. "Геоконт", "Ойын шаршысы", "Складушки", "Түс сағаттар" бірден өзіне зейін аударды. Жылдан жылға олар көбейе берді -  "Мөлдір шаршы", "Мөлдір цифр", "Домино", "Көбейту планетасы", "Сиқырлы басқатырғыштар", "Математикалық себеттер" сериялары. Бірінші әдістемелік ертегілер де пайда болды. Воскобовичтің практикасы отбасы аясынан тез шықты. Оны тәжіриемен бөлісу үшін әр түрлі семинарларға алдымен өзінің туған қаласы
(
одан әрі Ленинград) шақыра бастады, ал содан кейін оның аумағынан да шыға бастады. Осылай технология дамып отырды.

Қолданудың тиімділігі және нәтижелері:
Балалар алдарына қойылған міндеттердің мәнін түсінеді, олардың талдау, салыстыру дағдылары дамиды сары, қызыл, көк түстерді оңай ажыратады, жасыл, күлгін, көгілдір, қызғылт сары түстерді шатастырмайды ұсақ қол және білек моторикасының жоғары деңгейі байқалады. Бес-алты жасар балалар
күрделі тапсырмаларды орындауда жинақталып, бастаған істі аяғына дейін жеткізе алады. Сандарды, әріптерді меңгереді, түстерді, пішіндерді ажырата алады, және есінде сақтайды, сөйлеу, ойлау, зейін, есте сақтау, қиялдау қабілеттерін жетілдіреді.
Қорытынды:
В.В.Воскобовичтің ойындарын қолдана отырып, балалардың білімін арттыратындығына сенімдімін.
Бала біздің болашағымыз, олай болса, балаларымыздың болашағы жарқын болсын, егемен елдің көк байрағы әлемді шарлай берсін дегім келеді.

 

 



















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!