Алматы
обылысы
Райымбек
ауданы
Нарынқол
ауылы
Б.Соқпақбаев атындағы орта
мектеп гиназия
Арнайы мұғалім: Турсунова
Сымбат Бақытқызы
XXI ғасыр дерті цифрлы
аутизм
Аутизм деген сөзге үрейлене
қараймыз.Бірақ күн сайын телефонның алдында телміріп отыру қалыпты
жағдай санап,телефонсыз бір сағатта қалуға қорқамыз. Цифрлық
аутизм. Ағылшын тілінде «virtual autism» деп келеді. Бұл термин
2013 жылы пайда болды. 10 жылға жуық аутист балалармен жұмыс
істеген румын психологы Мариус Теадор Замфир алғаш қолданған. Кейін
Франция, Жапония, АҚШ, Тайланд, Тунис дәрігерлері де румын маманына
ұқсас пікір білдіреді. Яғни тәулігіне 4 сағаттан артық телефон
қараған баланың бойында аутизмнің белгілері пайда болады дейді.
Бірақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Цифрлық аутизм» деген
дертті растамаған. Мамандардың айтуынша, цифрлық аутизм – ми
қызметі бұзылуының жаңа, әлі зерттелмеген түрі.Мұндай сырқатты
аурулардың халықаралық тізімінен де
таппайсыз.
Қызылорда обылыстық жастар
денсаулығы орталығының психолог маманы Еркебұлан Әбсамат «цифырлы
аутизм адамдарды рухани апатқа ұшыратты»деген пікір айтты.Цифырлы
аутизм қазіргі кездегі өзекті мәселерлердің бірі болып отыр.
Баланың қарқынды дамуын тежеп отыр. «Цифрлы аутизм»шынайы өмірден
алыстап кеткендер.Күн сайын телефон мен гаджеттте сағаттап отыру
қалыпты жағдайға айналып барады, Жалпы болжам бойынша 2 баланың
бірі цифрлы аутизмге шалдығады. Бала дүниеге келгеннен кейін 3
жасқа дейін ойлауы дамиды, сөйлеуі дамиды. Бала сұрақ қойғысы
келеді, сөйлегісі келеді. Бірақ оған жауап беретін тек қана
телевизор, телефон. Үш жастағы балалардың көбінің тілі анық
емес,өздерінің аттарын да нақты дұрыс айта алмайды. Балаларды
бақылап отсаңыз бір-бірімен тіл табысып ойнай алмайды..
Ата-аналардың басым көпшілігі уақыттың тығыздығынан телефон беруге
мәжбүрміз деп ақталады. Бірақ бұл қоғамда қалыптасқан түсінік дейді
психолог Балабек Сақтағанов. Әрі ересектердің өзінде телефонға
тәуелділік бары жасырын емес. Толыққанды зерттеп баланы
педагогикаға алып келу керек. Педагогика саласында өзі мамандар
диагностика жасайды. Кейбір балаларға психолог, деффектологтан
бастау керек болады, кейбір балаларға бейімделген спорт, АФК
маманымен жұмыс жасау керек. Бұрын 2 жарым жастан кейін жұмыс
істейтінбіз, қазір 1 жастан да бастай береміз дейді логопед
мамандар.
Қазіргі таңда отандық
психиатрлар «Баланың жанын ауыртпай, телефоннан қалай ажыратуға
болады?» деген әдістемелік құрал әзірлеп отыр. Бұған Алматы қалалық
психикалық денсаулық орталығы мен Қазақстан-Ресей медициналық
университетінің білікті психиатрлары, психологтері жаңа әдістемелік
құрал әзірлеуге кірісіп отыр. Өйткені цифрлық технология дамыған
сайын компьютерлік ойындарға үйір балалар көбейіп қана қоймай,
олардың көпшілігінің қоршаған ортамен қарым-қатынасы азайып,
қимыл-қозғалысы шектеліп, ойлау қабілетінің дамуы тежеле бастағаны
байқалып отыр. Шетел мамандарының зерттеуі бойынша бала телефонда 5
сағаттан артық отырса психалық дамуы кешігуі,тілінің кеш шығуы.
Атын атап шақырғанда қарамау сияқты аутизмге ұқсас белгілер пайда
бола бастайды. Цифрлық аутизм-психологиялық мәселе,балалардың да
ересектердің де психикасы ұзақ байланыстарды көтере алмай
жатады.Аутис балаларға сөйлеп жатсаң,атын атап шақырсаң қарамайды
назар аудармайды,ешқандай реакция жоқ. Цифрлы аутизм әр түрлі жаста
дамиды.Кіші кезінен бастап балаға телефон беру өте қауіпті,жалпы
бала 1 мен 7 жас аралығында тез дамып жатады. Телефон беріп жай
ғана отырғызып қойсақ бала да,баланың миыда,моторикалары да дамымай
қалады.Цифрлы аутизм болған балада болатын белгілер-мұндай балалар
қасындағы адамдардан эмоционалдық жағынан алщақтай береді.
Адамдармен кездесу барысында қарым-қатынасқа түсе алмай,өз әлемімен
жүреді. Белгілері көріне бастаған кезде психологпен жұмыс жасау
керек. Цифрлы аутизм нақты диагноз қатарына жатпайды,болшақта
дингноз болуы әбден мүмкін,себебі бұл нәрсеге үлкендер де, кішілер
де тәуелді болып қалған. Қазіргі таңда біздің міндетіміз-ақпаратты
азайтып,жақсы жаққа дағдылану.Ақпараттарды еңсеріп үйренуміз керек.
Цифрлық құрылғыларға жіпсіз байланған балалардың көру қабілеті
нашарлайды. Офтальмолог мамандардың кабинетінде қазір ұзын-сонар
кезекті көресіз. Екіншіден, бала телефонға телміргенде бірқалыпты
отырады. Бұл омыртқаларының қисық өсуіне тікелей әсер етеді.
Үшіншіден, олардың психикалық мінез-құлқы өзгереді. Мінезі тез
құбылады. Телефонды алып қойса, ашуланып, дау шығарады. Сіркесі су
көтермейді. Қаны басына шауып, жұлқынып, айбат көрсетуге де дайын
тұрады. Біздің орталықта емделген балаларды зерттеу барысында
мінез-құлықтағы ауытқуды, оқшаулану сияқты өзгерістерді байқадық, –
дейді орталықтың директоры С.Рахменшеев.. Жалпы цифрлы аутизм
емі-психотерапиялық жұмыстар,мамандармен бірге жүргізілген жұмыстар
жатады және ата-анасы болмаса бұл дертпен күресу қиын,себебі балаға
ата-ана ғана билік жүргізе алады. Балада цифрлы аутизм болып
жатса,әр жағында отбасылық мәселе жатыр деген сөз. Үйдегі атмосфера
дұрыс болу керек,сонда бала виртуалды дүниеге қарай
қашпайды.
Кәдімгі аутизмге келетін
болсақ мидың,жүйке жүйесінің бұзылуы,ол генетикалық тұрғыдан
беріледі. Аутизмнің қазіргі таңда заман қанша дамысада әлі толық
емі шыққан жоқ. Ата-аналар дәрігермен
кеңесіп,аутизмді болдырмау керек,егер бала өз атына жауап
бермесе,күлмесе және көзге тік қарамаса,ересектердің нұсқаулықтарын
байқамаса мінез-құлық көрсетсе (ойыншықтармен не істеу керектігін
білмесе,ойыншықтармен емес заттармен ойнайды)ересектерге өз қалауы
туралы айта алмайды.1 жасында бала заттарды көрсетіп,оларды ұстап
алуға тырысу керек.1,5 жасында жеке сөздерді айту керек,2
жасында-екі сөзден тұратын сөз тіркестерін қолдану керек. Бұл
дағдылар болмаса баланы арнайы тексеруден өткізу керек.Аутизм
диагнозы баланың мінез-құлқын бақылау және әлументтік өзара
әркеттесудің,қарым-қатынастың және стереотиптік мінез-құлықтың
жетіспеушілігін қамтитын үштікті анықтау негізінде жасалады. Сөйлеу
қабілетінің бұзылуын болдырмау үшін логопедтің кеңесін,есту және
көру қабілетінің болдырмау үшін сурдолог пен офтальмологтың
тексеруі тағайындалады.Аутизм ақыл-ой кемістігімен біріктілуі
немесе біріктірілмеуі мүмкін,ал ақыл-ой деңгейі бірдей
болса,олигофрениялық балалар мен аутист балалар үшін болжам мен
түзету схемалары айтарлықтай өзгереді,сондықтан диогноз қою кезінде
осы екі бұзылысты ажырата білу керек,науқастың мінез-құлқын мұқият
зерттеу керек.Қорта келгенде «цифрлы аутизм»қазіргі заман
дерті.