Пәні: қазақ
әдебиеті
|
Мектеп: Черкасск орта
мектебі
|
Күні:
07.12.2022ж
|
Мұғалімнің аты-жөні:
Ахметжанова Э.Т.
|
СЫНЫП: 5
А
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Ұзақ мерзімді жоспардың
тарауы
|
Тәрбиенің қайнар бұлағы
|
Сабақтың тақырыбы
|
Ы.Алтынсарин. "Қыпшақ
Сейтқұл". Сейітқұл бейнесі
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту
мақсаттары
|
5.1.3.1. Көркем шығармадағы
кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын
ашу
|
Оқу
мақсаты
|
Көркем
шығармадағы кейіпкерлер образын портреті
мен іс-әрекеті арқылы образын ашады.
|
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
|
Түсіну, талдау
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыты
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
10 мин
Үй тапсырмасы
|
Оқушылармен сәлемдесу;
1.Психологиялық ахуал
туғызу.
«Сағат» әдісі бойынша
Сыныпты сабақ басталмас бұрын 3 топқа бөліп
отырғызамын. Осы кезде топтың аталуына тоқталамын. «Еңбекқорлық»,
«Кәсіпкерлік», «Адалдық» топтары
Топқа бөлу арқылы оқушылардың бүгінгі сабаққа
деген қызығушылығын арттыру.
Жүру
барысы:
Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңдар, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Бұл өлең жолдары кімдікі?
Ыбырай
Алтынсарин
«Өткенге
үңілсек» әдісі арқылы өткен сабаққа
шолу жасау.
|
Оқушылар амандасып, топқа
бөлініп отырады
Оқушылар суреттерге қарап ойланып, сұрақтарға
жауап береді
|
|
№1
қосымша
№2
қосымша
|
Сабақтың ортасы
25
мин
|
Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатымен
таныстыру.
Ы. Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл». Сейітқұл
бейнесі
Оқушылар әңгіменің мазмұнымен таныс болғандықтан,
олардан шығарма мазмұнын сұраймын.
Топтық жұмыс.
1-топ: Әңгіме сюжеті
бойынша ретімен орналастыру
2-топ: Сейітқұлға тән
қасиеттерді кластер арқылы көрсет.
3-топ. «Жасырын сөзді тап»
әдісі.
Дәптермен жұмыс. Үш топқа да жалпылама
тапсырма.
Дескриптор:
-Кейіпкер іс-әрекетіне баға бере
алады;
-Мақал-мәтелмен мысал келтіре
алады;
-Әңгіменің негізгі түйінді идеясын
жазады.
|
Оқушылар әңгіменің мазмұнын
айтады
Топтық жұмыс
жасайды
Оқушылар дәптермен жұмыс
жасайды
Дәптермен жұмыс жасайды
|
ҚБ. «Басбармақ» әдісі
ҚБ
Смайликтермен бағалау
|
№3
қосымша
№4қосымша
№5
қосымша
№6
қосымша
№7
қосымша
|
5
минут
|
Сергіту сәті
«Жалғасын тап» ойыны
Мақал – мәтелдердің жалғасын
тапқызу.
|
Оқушылар мақал мәтелдердің жалғасын
табады
|
|
№8
қосымша
|
|
Постермен жұмыс.
«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі
|
|
|
|
Сабақтың соңы
|
Бекіту кезеңі
«Алты ойшыл қалпақ» әдісі
арқылы
|
|
|
|
Кері байланыс
Сабақ бойынша алған әсерін стикерге жазып,
жапсыру.
«Шабадан, қоқыс жәшігі, еттартқыш»
әдісі
|
|
|
|
Сабақтың соңы
3
мин
|
Үйге тапсырма:
«Еңбек мұратқа жеткізер»
тақырыбында эссе жазыңыз
|
|
|
|
№1 қосымша
Топ атаулары жазылған
қағаздар
№2
қосымша
1.Қоңыраудың Ыбырай өмірімен қандай қатысы
бар?
2.
Мынау кімнің үйі? Немесе қандай мақсатта салынған
ғимарат?
3.Егін даласының суретін Ыбырай өмірімен
байланыстырып көрейікші...
4.
Ы.Алтынсарин кім? Шығармаларын ата
5.Әңгімелерінің басты тақырыптары
қандай?
Мысал келтіру.
Сұрақтар қойылған кезде, тақтада бейнежазба ойнап
тұрады.
Сұрақтар, суреттер,
слайдтар
№3
қосымша
№4
қосымша
1-топ: Әңгіме сюжеті бойынша ретімен
орналастыру
1. Сейітқұлдың ойы;
2. Қабырға өзені бойына қоныстануы;
3. Егін егуі;
4. Артық астықты малға айырбастауы;
5. Сейітқұл елінің 400 үйге жетуі;
6. Қауіпсіздік шаралары;
7. Базар ашуы;
8. Сейітқұл жұртының бай болуы.
№5
қосымша
2-топ: Сейітқұлға тән қасиеттерді кластер
арқылы көрсет.
№6
қосымша
3-топ. «Жасырын сөзді тап»
әдісі. 1.Берілген сөйлемдерді әңгіме
мазмұнындағы сөзбен толықтыр?
1. Қабырғаның бойына келген соң,
Сейітқұл қолына кетпен алып, ... үйлі кедейіне де кетпен беріп, жер
тегістеп, егін егуге кірісті. (отыз)
2.
Сейітқұлдың өзі де, жыйылған халқы да
адалдары көбейіп, бай болды, ел жыйылып ... жұрт ағасы болды, енді
сол жұртының адал бейнет, табан ет, мандай терімен тапқан дәулетін
аңдыған жаудан, ұрыдан, даладағы бөріден сақтаудың қамын ойлап,
уайымға қалды. (Сейітқұл)
3. Бұл жағынан
көңілі тыныш болған соң, Сейітқұл енді Бұхара, Қоқанға мал айдатып,
ол кенттерден қазақ қолды әртүрлі товар алдырып, жылда егін піскен
уакытта манағы қорғанда ... реуішті базар болды.(
жәрмеңке)
№7 қосымша
Кейіпкер
|
Іс-әректі
|
Менің пікірім
|
Мақал-мәтел
|
Сейітқұл
|
Халықты егін егуге үйретті, еңбекке
баулыды
|
|
|
Сейітқұлдың ағасы
|
Барымта, ұрлық жасап, күн
көрдім
|
|
|
Әңгіменің негізгі
идеясы-
|
№8
қосымша
Сергіту сәті
«Жалғасын тап» ойыны
Мақал – мәтелдердің жалғасын
тапқызу.
Еңбек ерлікке жеткізер, …( ерлік елдікке жеткізер
)
Еңбек етсең емерсің, … ( ерінбесең жеңерсің
)
Еңбегіне қарай - құрмет, … ( жасына қарай – ізет
)
Еңбек ердің көркі … ( Ер елдің көркі
)
Еңбек етсең ерінбей, … ( Тояды қарның
тіленбей)
Еңбек ет те мақтан, … ( ойнап күл де шаттан
)
Еңбекке жастан, … ( өнерге бастан
)
№9 қосымша
Постермен жұмыс.
«Ойлан-жұптас-бөліс»
І топ
|
ІІ топ
|
ІІІ топ
|
Әңгіме мазмұнына байланысты 3 сұрақ
құрастырады.
|
Әңгіме бойынша сөздік жұмысын
жазады.
|
Әңгімені әрі қарай
жалғастырады.
|
|
|
|
№10
қосымша
«Ақ
қалпақ» әңгімеге қатысты нақты 5
деректі келтіреді.
«Сары
қалпақ» кейіпкер өмірінің сәтті
кезеңдерін айтады.
«Қара
қалпақ» кейіпкерлер өмірінің сәтсіз
тұстарын айтады.
«Көк
қалпақ» не үшін?неге?неге
байланысты?деген сұрақтарға жауап іздейді.
«Жасыл
қалпақ» кейіпкерлер өміріне қатысты
тың ақпарат айтады.
«Қызыл
қалпақ» оқиғаны оқу барысында бастан
кешірген сезімдерімен бөліседі.
№11
қосымша