Материалдар / Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінен сахналық көріністер 5-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінен сахналық көріністер 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінен сахналық көріністер бастауыш және орта буын мұғалімдеріне арналады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қаңтар 2019
6293
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ыбырай Алтынсарин әңгімелері - мектеп сахнасында

Педагогикалық жұмыстағы шешуші нәрсе – ең жақсы оқыту әдістерін таба білуде.Ыбырай Алтынсарин

Мақсаты: Ыбырай Алтынсарин шығармаларын оқып-үйрену, сахналық қойылымдар арқылы оқушылардың өнерге деген қызығушылықтарын арттыру, балаларға сахна мәдениетін меңгерту, әдеби шығармаларды мәнерлеп жатқа оқыту арқылы тілдерін дамыту, әдеби тілде еркін сөйлеуге жетелеу. Әр оқушыны кейіпкердің өнегелі ісінен, ұлағатты сөзінен жақсы тағылым алуына баулу, оқушыларды үлкен достыққа, бірін-бірі түсінуге, бауырмалдық сезімге және сыйластық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Оқушы мен мұғалім ынтымақтастығын, өзара түсінісушілік қарым-қатынасты орнату. Өнерлі де білімді шәкірттер санының артуына жол ашу. Міндеттері:
  • балаларға сахна мәдениетін меңгерту;
  • тілдерін дамыту, әдеби тілде еркін сөйлеуге үйрету;
  • кейіпкердің өнегелі ісінен, ұлағатты сөзінен жақсы тағылым алуға баулу;


«Шеше мен бала» әңгімесі бойынша сахналық көрініс

Шешесі: - Берген ақшамды қайда қойдың? Бала: - Біреуге бердім. Шешесі: -Кімге? Б ала: - Бір тентек балаға бердім. Шешесі: - Мұнан былай тентек болма деп берген шығарсың? Бала: - Рас, ана, екінші рет тентек болма дедім. Құс та - құдайдың жәндігі ғой, ана? Шешесі: -  Біз де, құс та, бөтен жан-жануардың бәрі де құдайдың жаратқан жәндігіміз. Бала: - Әлгі тентек бала құдайтағаланың жаратқан кішкентай құсын ұстап алып, сатайын деп жүр екен. Құс кісі аярлық болып, шиқылдады. Сонда алып жүрген бала тұмсығын қыса береді, бишара құстың дауысын құдайтағала есітеді деп қорыққан шығар деймін. Шешесі: - Онда сен неғылдың? Бала: - Мен балаға ақша беріп сатып алып, құсты ұшырып қоя бердім. Менің бұл ісім сауап емес пе? Шешесі: - Әрине, сауап, бейшараларға қайырымды болғаның.

Бала: - Ол бала, кім біледі, жоқшылықтан құсты сатуға жүрген-ау? Шешесі: - Мен де солай ойлаймын. Бала: - Мана ақшамның бәрін бергенім жақсы болған екен.Сіңлісі: - Апаммен екеуіміз мана бәстесіп едік, ол балаға апам құсыңның бәсі не деп те сұрамай, ақшасының бәрін берді; мен айттым: құстың бәсі не деп сұрау керек еді деп, қайсымыздікі дұрыс? Шешесі үлкен қызына: - Сенің де бұл істеген ісіңді дұрыс демеймін. Егер тағы бір манағыдай бала жолықса, ақшаңның бәрін бастапқы балаға беріп қойдың, соңғыға не берер едің? Үлкен қызы: - Онда мен тағы да саған келер едім. Шешесі: - Егер менде де мал, ақша болмаса қайтер едің? Бала: - Онда... (ойланып қалады).Шешесі: - Көбірек жақсылық етуге шамам келсін десең, әр нәрсеге күтімді болу керек; құстың бәсін сұрап, кемге бермеймін десе, сонда ақшаңның бәрін беру керек еді. Ол құстың өзі не құс екен? Балaсы: - Мен сұрағаным да жоқ, әже, өзің айтушы емес па ең, жақсылық еткен жаныңның атын да сұрама деп. Шешесі: - Солай, солай, шырағым.Балaсы: - Анашым, сен көрсең еді, құсты қоя бергенімде, әуелі қуанғаннан тіпті ұша алмады; онан соң құсты сатқан баладан уәде алдым, екінші рет ұстама деп. Шешeci: - Қызым, жақсы ic етіпсің, мінекей саған тағы да теңге. Қызы: - Алла разы болсын, анашым. (әжесін құшақтап сүйеді).Шешeci: - Шырағым кызым, әрдайым осындай рақымды бол, саған мұның үшін құдай рақым етеді.

«Бақша ағаштары» әңгімесі бойынша сахналық көрініс

Автор: - Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді. Бала: - Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? Әкесі: - Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса кесіп тастаған. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен.Бала: - Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой. Әкесі: Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе тоқып алсаң болады; сен жас ағашсың саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің, балам.

«Мейірімді бала» әңгімесі бойынша сахналық көрініс

Автор: - Қытай жұртында ескі заң бар, біреуді алдаған кісінің қолын кесе-тұғын. Бір төре осындай іспен күнәлі болып, әлгі айтылған жазаны беруге тұрғанда... Қыз: - Мен әкем үшін жауап беремін! Тақсыр патшам, менің әкем жазаға лайық болғаны рас, сол үшін қолынан айырылуы керек. Мінекей, тақсыр, әкемнің қолы! (қыз өз қолын ұсынады). Бұл қол да менің жазықты болған атамның қолы, бірақ мұнымен бала-шағаларын асырауға шамасы келмейді. Бұйырыңыз, тақсыр, осы нашар қолын кесіп, жұмысқа жарап, бала-шағаларын асырайтын қолын атама қалдыруға.Патша: - Мына бала өте мейірімді екен. Мені қатты таң қалдырып отыр. Сондықтан да мен екеуін де жазадан босатамын.

«Дүние қалай етсең табылады» әңгімесінің желісі бойынша жазылған сахналық көрінісКөрініске қатысушылар:1.Француздың білімді адамы2.Қайыршы Антон3.Бейтаныс кісіФранцуздың білімді адамы: — 1791 жылы, өзім университет деген үлкен школда оқып жүрген жас кезімде, әр апта сайын Версаль қаласындағы шешеме жаяу барып тұрушы едім. Сонда әрдайым жолымда бір Антон деген жігіт қайыр сұрап отырушы еді. Бір күні тағы сол жолмен келе жатып, бір кісіге ұшырастым. Екеуміздің жүретін жолымыз бір болған сон, бірге келе жатқанбыз. (Осы кезде Антон алдарынан шығып қайыр сұрайды). Бейтаныс кісі: — Сен қарауға еп-есті кісісің. Жұмыс істеуге күшің де бар. Сөйтіп тұрып мұндай жаман іспен айналысып, өзінді кем санап жүрсің. Егер де сен бай болғың келсе, мен саған ақыл айтайын: мен өзім де сендей кедей едім, бірақ сендей тіленшілік қылғаным жоқ; елден, қала-қаладан қыдырып жүріп, әуелі қоқыс арасынан, не болмаса жай кісілерден ескі шүберек сұрап жинап жүрдім. Ол шүберектерді апарып қағаз істейтін фабриктерге сатып, соныменен азды-көпті ақша болған соң бір есек, бір арба алдым. Мұнан соң әуелі аздап, бара-бара көбірек, әр үйден ескі-құсқы, жарамайтын шүберектерді сатып алып, арбамен жүріп сауда ете бастадым. Осындай іспен жеті жылда он мың франк ақша тауып, енді бір қағаз фабрикасына кірістім. Басым жас, ісіме нық, жинақты және еріншектікті білмегеннен соң, осы күнде үлкен фабрикам бар, фабрикамды балама бердім, үмітім бар, балам да аштық көрмейді деген. Себебі: баламды да жастайынан бос жүруге, еріншектікке, қиналмай мал табуға үйретпедім. Осы айтқанымдай еңбектенуден қашпасаң, сен де бай боласың, Антон! (осы сөздерді айтып болған соң, ол қоштасып кетеді). (Антон терең ойланып қалады).Білімді адам: - 1815 жылы Брюссель қаласынан өтіп бара жатып, бір кітап сататын үлкен дүкенге кірдім.Антон: - Мына жаққа заттарды қойыңдар! Ана заттарды мына жаққа тасыңдар! (екі жүк тасушы қораптардағы заттарды тасып жүреді). Антон: (білімді адамға жақындап) — Айып етпесеңіз, мұнан жиырма бес жыл бұрын сіз оқу оқып жүріп, жұма сайын Версальге барып жүрген жеріңіз бар ма еді?Білімді адам: — Сен Антонбысың? — Иә, мен қайыршы Антонның өзімін. Сіздің қасыңыздағы бейтаныс кісінің айтқандары көңіліме келіп, қайыршылықты тастап, жұмысқа кірістім. Мен ерінбей-жалықпай еңбек еттім. Ақырында, сол кісінің айтқаны келіп, мінекей, осы зор дүкеннің иесі болдым.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!