жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ
Шәкірттерді қанаттандырған 40 жыл
Мұғалім ісі сырттай
қарапайым
болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі
К. Д.
Ушинский
Маңғыстау облысы , Бейнеу
ауданы , «Ыбрай Алтынсарин» атындағы орта
мектебіне 40
жыл. « Сам » өңіріне
орналасқан осынау шағын ауыл – Бейнеу ауылы деп аталады. «Сам құмы»
деген атау туралы бабаларымыз айтқан естелікті еске сала кетейін.
Өткен ғасырда бір ғұлама зерттеуші: «Жер шарының геологиялық
тарихын білгіңіз келсе, Маңғыстауды бір рет аралап көріңіз» деген
екен. 1900 жылдар шамасында ағылшындардан Маңғыстау түбегін,
қырдағы ұшан-теңіз аймақты топографиялық картаға түсіру үшін
экспедиция келген. Сол экспедицияға жол көрсетіп отыратын, жолды
жақсы білетін адам қажет болғанда, шоңай ауылынан Малкелді баласы
Сам ерген. Экспедицияда барлық жұмысында адал, шын ниетімен еңбек
еткен Самға риза болған экспедиция бастығы, аумағы 1000 километр
болатын осы құмды «Сам құмы» деп атап, дүниежүзілік топографиялық
картаға енгізген. Міне, осы Сам өңіріне Маңғыстаудан ең алғаш рет
келіп, (бұл да аға ұстаздардың
жазбаларынан,) мектеп ашып оқыту 1950 жылдан
басталды. Осы жылы аудан басшыларының жұмсауымен Қызыләскер жеріне
мектеп салып, бала оқыту үшін сонау Маңғыстаудың ойынан
бала-шағасын атқа мінгізіп, үй жүктерін түйеге артып, білім
саласының ардагері Көшекен Қалауов келген еді. Ол өзінің ерекше
еңбекқорлығымен келе сала балшықтан кірпіш құйып, ең алғаш Сам
құмында екі сыныптық бөлмесі бар мектеп салып, бала оқытқаны ел
аузында аңыз болып қалған. Бұл өңір Маңғыстау халқы үшін мал
шаруашылығына қолайлы болған соң қоныс аударып келе бастаған. 1962
жылы Тұрыш жерінде кәзіргі «Тұрыш » орта мектебі, 1969 жылы Ақжігіт
орта мектептері салынып, малшы балалары оқыды. Өскелең талаптың
қажеттілігіне қарай 1973 жылы Бейнеу ауданы, Бейнеу жерінде
құрылды. Бейнеу ауданының орталығы тоғыз жолдың торабында
орналасқан: Алматы, Орта Азия, Ақтөбе, Атырау, Ақтау қалаларына
баратын пойыздардың жолдары осы біздің Бейнеу арқылы өтеді. Ақын
атамыз Уәйс Қайралапов жырлағандай:
... Бейнеуге келіп тоқтасаң,
Қаққандай бір боласың
Орта Азияның қақпасын....
(2018 жылдан бастап Бейнеу- Қоңырат асфальт жолы салынып жатыр, ендігі жерде Орта Азия еліне машинамен де жетіп барасың)
Бұл жолдардың арқасында Орта Азия елдерінен көшіп келушілер көбейді, әуелде 1973 жылдарда селода 11 мыңдай халық болса, кәзір 60 мыңнан астам адам тұрады. Селода оқушы санының өсуіне байланысты 1977-1978 оқу жылында «Ыбрай Алтынсарин » мектебі ашылып, мектеп үйінің құрлысы бітпегендіктен ол оқу жылын «Абай» атындағы орта мектеп үйінде үш кезекте оқып шықты. 1978 жылы «Ыбырай Алтынсарин » атындағы орта мектеп құрлысы аяқталып, сол жылдан бастап жаңа мектеп үйінде оқи бастадық. Міне,биыл 40 жыл. Қырық жылдық тарихты айтып жату оңай емес, дегенмен кейбір білгенімді ортаға салайын.
Осы қырық жылдық тарихында мектеп басшылығына сегіз адам келіп , өздерінің барлық білгендері мен әдістерін жас мұғалімдерге үйретті. Олар: марқұм Дәулетбаев Сейлхан – 1977-1980 жылдар да, марқұм Насухаев Мұхамеди -1980-1991 жылдарда, марқұм Сынабаев Құрмаш- 1991-2000 жылдар аралығында, ШығанбайұлыӨтес- 2000-2005 жылдар аралығында, Амалбаев Таңат- 2005-2006 жылдар аралығында, марқұм Бердіханұлы Тұралхан 2006-2012 жылдар аралығында, Бурин Нұрбол- 2012-2016 жылдар аралғында, Мансуров Қуан 2016 жылдан бастап. Осы қырық жылда бұл мектепті 2893 оқушы бітіріп, оның 17-і алтын белгі, 4-і үздік аттестат алды. Мектепті 1979-1980 оқу жылында тұңғыш бітірген қарлығаштардың класс жетекшісі- «Қазақ ССР-ы халық ағарту ісінің үздігі», «Ардагер ұстаз»медалінің иегері Самешова Әсима апай болды. Ол кісі тәрбиелеп, аттестат беріп, өмір жолына аттандырған шәкірттері жоғарғы оқу орындарын бітіріп, Республикамыздың түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүр. Кейбіреулерін атасақ : Есбосынова Айман- орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі-Ақтау қаласы, Көшерова Сара- Бейнеу мұражайының қызметкері, Ережепова Сая – Алматы қаласы ГИОВ емханасының медбикесі, Жақашов Мұқан- КазМұнайГаз мекемесінің қызметкері, Ерғалиева Ұлмекен- КС лаборанты, Атырауқаласы, марқұм Тегісов Алдаберген-заң қызметкері, ауданымызға белгілі, ауылымыздың көркейуіне қаржы саласында,өз үлесін қосқан мектебіміздің түлегі Нысанбаев Мақсат т.с.с. (өтініш- аттары аталмай қалған шәкірттер не ұстаздар өкпелемесін, өйткені барлығын атап шығу қиын ғой ). Енді қалған жылдарда бітіріп шыққан шәкіртеріміздің көпшілігі жоғарғы оқу орындарын бітіріп, Республиканың өн бойында мамандықтары бойынша, ал көпшілігі Осы Бейнеу ауданында еңбек етуде: Ең алғаш «Ы.Алтынсарин» орта мектебін «Алтын медальға» бітірген Қанатов Берік- заңгер, Ережепова Бөбек- Ақтөбе облысы, Алға қаласындағы 1 мектеп директорының орынбасары, Ходжаева Бағила- КС лаборанты, Сейлханов Арыстан- халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы, Адаева Шолпан- «Алтын белгі» иегері, кәсіпкер, Гарабаев Беркінбай – аудандық «Рауан» газетінің редакторы, Шүкірбаева Гүлжан- полиция майоры, Ходжаева Мәншук- «Бейнеугаз» мекемесінің бөлім бастығы, Шонтыбаева Әсия- Бейнеу орталық ауруханасының балалар бөлімінің бастығы,Әбілов Бейнеубек- Бейнеу ауданының әкімі, Бақытова Гүлжан- Бейнеу ауданы әкімшілігінің аппарат басшысы, Шонтыбаева Әсем- «Өнер» мектебінің директоры, Хайруллаев Нұржігіт- «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының орынбасары, Әзірханов Бекзат- қаржы бөлімінің бастығы, Бекқожаев Кеңесбай- жеке кәсіпкер, Мендикулов Еркинбай- КазТрансОйл мекемесінде жауапты инженер, Оңғарбаев Бауыржан- өрт сөндіру мекемесінің бастығы, Жылқыбаев Сырым- Өзен қаласының миграция бөлімінің бастығы т.с.сияқты қалған шәкірттер де республиканың түкпір-түкпірінде өз мамандықтары бойынша еңбек етіп, семья құрып, бала тәрбиелеп жүрген азаматтар. Ол шәкірттердің уақытында тиянақты білім алуына қамқорлық жасап, өз білгендері мен саналы тәрбиелік болмыстарын ұсынған мектеп директорлары: марқұм- Сейлхан Дәулетбаев, Мұхамедин Насухаев, Құрмаш Сынабаевтар болса, солармен тұстас еңбек еткен, кемеңгер, аға ұстаздардың ерен еңбектері әлі күнге дейін көзге елестейді. Әкелеріміз, қазақтілі мен әдебиетінің мамандары Адаев Шеркешбай, Нұранов Қуандық, география пәнінің мұғалімі Халиманов Әмин, тарих пәнінің мұғалімі- Дәрменбаев Таңжарбай, математик- Демеев Ыбырай, аналарымыз- орыстілі мен әдебиетінің мұғалімдері Қосщиева Нұрбибі, Наурызалина Клара, Құлманова Нұрила, тарих пәнінің мұғалімі- Есенғалиева Нұржамал, биология маманы- «Қазақ ССР-ы халық ағарту ісінің үздігі» Есбосынова Зәуреш, география пәнінің мұғалімі- «Қазақ ССР-ы халық ағарту ісінің үздігі» Шұнғылова Тұрсын, математика пәнінің мұғалімдері- Аманқосова Ақмарал, Байдығұлова Айткүл. Ғалымдар айтқандай : «Білім негізі- бастауышта» деп, бастауыш класс оқытқан мына ұстаздардан дәріс алған шәкірттер жоғарғы кластарда да алдарына жан салмастан мектепті аяқтады. Ол ұстаздар : «Ыбырай Алтынсарин» медалының иегері, «Қазақ ССР-ы халық ағарту ісінің үздігі» - Қозбағарова Ажар, марқұм Асанова Изат, Есбергенова Баян, Махамбетова Әлия, «Аға мұғалім», «Қазақ ССР-ы халық ағарту ісінің үздігі», «Білім саласының ардагер ұстазы » медальдарының иегері, сол уақытта облысқа, республикаға танымал болған «бастауыш класс мұғалімдері үшін Нажмеденова мектебін» ашқан- Нажмеденова Сәния. Жоғарыда айтылған аталар, ағалар, аналар, апалар өз білімдерін, сабақ үсті этикалық, эстетикалық тәрбиелерді беру, оқушылармен қатынас жасау әдістерін, оқушылардың алдыңғы, орта буын, әлсіз оқитын топтарының арасын қалай жалғау керектігін, оларды бір-біріне қалай жеткізу әдістерін, ата-аналар қауымымен қарым-қатынас жасау жолдарын өздерінен кейінгі ізбасар ұстаздарына үйретті. Бұл өмірдің жалғамасы іспетті. Мысалы, «Халық ағарту ісінің үздігі» Аманғалиева Сәуле Орал қаласының мұғалімдер даярлайтын институтының денетәрбиесі факультетін бітіріп келіп, мектепте денетәрбиесінен сабақ берді. Бұл оқушылар арасында үлкен бетбұрыс жасады, бұрын қалай болса-солай киімдерімен сабақ оқитын оқушылар тап-таза спорттық киіммен сабаққа келіп, мұғалім тапсырмаларын орындап отыру, бір-біріне деген ықластықты, достықты ұштаса, қызбалалардың спорттық киіммен сабақта болуы тәртіптілікті, ілтипаттылықты, кішіпейілділікті өрістетті. Сәуле өз шәкіртерінің ішінен Ережепова Шырайгүлді дайындады, ол Ақтөбе қаласының мұғалімдер даярлайтын институтының дене тәрбиесі факультетін бітіріп, апайы Сәуледен үйренген барлық адамгершілік тәрбиесін жастарға үйретіп, оларды жарыстарға апарды. Шырайгулдің тәрбиелеген шәкірттері Саурбаева Айгүл, Сарина Айгүл сынды шәкірттері осы мектепте дене тәрбиесінен сабақ беріп жүр. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын сабақтастық деген, міне, осы емеспе. Олардың тәрбиелеп, дайындаған спортшы қыздары 2002 жылдары «Ақ бидай» программасы бойынша Жамбыл қаласында республикалық жарысқа қатысты. Осы сияқты жоғарыда айтылған аға ұстаздардан тәлім-тәрбие алған ізбасарлары олардың өнегелі еңбек жолдарын жалғастыруда. Олар:«Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі»тарих пәнінің мұғалімі - Тажымханова Раиса, химия-биология пәнінің мұғалімі, зерттеуші педагог- Рсалиева Көңіл, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жаулы Гүлістан,мектеп директорының әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары – Дуйсалиева Айконил, педагог-психолог- Ақкөзова Қарылғаш, мектеп директорының бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары-Кокогова Айгүл, орыстілі мен әдебеті пәнінің мұғалімі –Шариғат Жәлит, шәкірт жүрегіне жол тапқан бастауыш сынып мұғалімдері- Наурызбаева Нұрсұлу, Есбергенова Раушан, Серикова Гулнар,Мақсымбаева Сұлу, Тасболатова Қания, Утетилеуова Балерке, Ақоразова Бақтыгул.
Бұл мектепте тәжірибемен өмірдегі ізгілік істер жалғасып жатқандығын жоғарыда айтып өттім. Ол жалғасу мен атап отырған аға буын ақылшы абзал жандардың бала тәрбиесі мен оқыту істеріндегі жақсы жақтарын жүрегімен қабылдап, кәзіргі заман талабына сай, елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қайта жаңғыру», «Цифрлық Қазақстан» саясаттарының негізінде Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп ұстаздары химия -биология пәнінің мұғалімдері-Темирханова Қалбике, Надирова Алтын, математика пәнінің мұғалімі- Жанибекова Әлия,физика пәнінің мұғалімі Бозаева Нұрғайша, география пәнінің мұғалімдері- Тілеп Жаңылсын, Сайынова Қымбат, жоғарғы санатты, тарих пәнінің мұғалімі Отеулиева Орынгүл,қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері- Оразалы Перуза, Сартбаева Лена.
Тәжірибелі ұстаздарымызбен қоса, жас болса да мектеп өміріне етене араласып, еңбек етіп, келе жатқан бірнеше ұстаздарымызды да, айта кетуді жөн санадым. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Оразалиева Ләззат,Наурызбай Сымбат және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Баймуналова Арай, Шомақ Орынгүл сынды ұстаздарымыз еңбек етіп келеді.
Елбасының сындарлы саясатының арқасында саналы да, сауатты оқушыларды тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп, шәкірттеріңіздің қанаты талмай шарықтай берсін деген тілек білдіремін.
Ережепова Алмагуль Есетмергеновна
«Ыбырай Алтынсарин» атындағы орта мектебінің
орыс тілі менәдебиеті пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген