Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық еңбектері және оның бүгінгі маңызы
Ансабаева Асыл Еркинкызы
Аннотация: Бұл жұмысымның өзектілігі деп Ыбырай атамыздың педагогикалық еңбектеріне және оның маңызына толықтай тоқталғанымды айта аламын. Бүгінгі күнде ыбырай педагогикасының маңызы қаншалықты екенін көрсеттім. Қазір білім саласы даму үстінде, әр түрлі жаңа технологиялар пайда болып жатыр. Ал біздің міндет – жаңа технология мен ата-бабамыздан келе жатқан педагогикалық тәсілдерді ұштастыра қолдану. Қандай тиімді технология пайда болса да, біз Ыбырай педагогикасын ұмыт қалдыра алмаймыз.
Тірек сөздер: Ыбырай педагогикасы, Ыбырай еңбектері, ақынның өмірі, тұлғаның еңбек жолы, еңбектерінің бүгінгі маңызы, өмірін педагогика саласына арнаған жан.
Қай тұлғаның болмасын еңбегін, жасаған істерін талқыламас бұрын оның өміріне зер саламыз. Сондықтан, Ыбырай атамыздың педагогикалық еңбектеріне тоқталмас бұрын, өміріне бір шолу жасайық.
«Білім», «педаогика» деген сөздерді естігенде көз алдымызға «Кел, балалар, оқылық» деп балаларды білімге шақырған Ыбырай атамыз елестейді.
Бүкіл ғұмырын қазақ балаларын оқытуға, мектеп ашуға сарп еткен Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда азіргі Қостанай облысы Қостанай ауданында дүнеге келген. Азан шақырып қойған аты – Ибрагим.
Бала Ыбырай үш жасқа толғанда әкесі Алтынсарыдан айырылады. Осыдан кейін туған атасы, сол кездегі белгілі би, рубасы Балқожа Жаңбыршыұлының қолында тәрбиеленеді.
Немересінің білім алғанын қалаған атасы тамыр-танысының көмегімен Ыбырайды Орынбордағы Шекара коммиссиясы жанынан ашылған мектепке жаздырады. 1850 жылы 22 тамызда Ыбырай сол мектепке алғашқы 30 баланың бірі болып қабылданады.
Балғожа би немересін кішкентайынан адалдыққа, тапқырлыққа, турашылдыққа, шешендікке баулыған. Өзімен бірге жиын-тойларға ертіп, билік айтқызып, қанатын қатайтқан. Ыбырай жасынан зерек болып, алғырлық танытып, көпшілік құрметіне бөленіп өседі.
Еңбек жолы:
1857 жылы жазда Ыбырай Орынбордағы мектепті үздік тәмамдап шығады. Осыдан кейін екі жылдай атасы Балқожа бидің хатшысы болып жұмыс істейді. Кейін Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаш болып қызметке алынады.
1864 жылы 8 қаңтарда Торғай жерінде алғашқы мектебін ашты.
1866-1868 жылдары Торғай уезінде уақытша судья болып қызмет етті.
1868 жылы Торғайдағы қазақ мектебі бір класстық орыс-қазақ училищесі болып қайта құрылды. Сол жылы Ырғыз қаласында екі класстық орыс-қазақ училищесі ашылады.
1869 жылы ол уезд бастығының аға жәрдемшісі болып тағайындалды. 1871 жылдар аралығында Торғай уезінің судьясы болып жұмыс істеді.
1874 жылы орыс географиялық қоғамына мүше болып сайланды. 1875-1876 жылдары Орынбор, Қазан, Петербург қалаларына сапар шегіп, ол жақтан оқушыларға қажет әдістемелік және тағы басқа кітаптар әкеліп, ағартушылық ісіне қызу кіріседі.
1879 жылы 1 қыркүйекте Торғай облысындағы мектептердің инспекторы болып тағайындалды.
Ыбырай Алтынсариннің отбасысы:
Ыбырай 1864 жылы Сырдария облысы (қазіргі Қызылорда облысы ) Перовский уезіне қарасты Жаппас руындағы Шолақ деген кісінің Айғаныс атты қызына үйленеді. Ерлі-зайыпты көпке дейін бала сүйе алмайды, сөйтіп олар туысқандары Оспанның Хамитбек деген баласын бауырына басады. Алайда ол алты жасында қайтыс болады.
Ыбырайдың тұңғыш баласы Абдолла 1880 жылы дүниеге келеді. 1887 жылы Әбдірахман деген екінші ұлы, 1888 жылы Шарипа атты қызы туды. Балалары Әбдірахман мен Шарипа кішкентай кезінде ауырып қайтыс болды.
1920-1930 жылдардағы дүрбелеңнен Ыбырайдың ұрпақтары да байдың тұқымы ретінде қуғындалған. 1928 жылы Алтынсариннен қалған жалғыз тұяқ Абдолла да Қазақстаннан тыс жерге қоныс аударады.
Нағима Абдоллақызы — Ыбырай Алтынсариннің жалғыз немересі. Нағима атасын көрмесе де, 1924 жылы қайтыс болған әжесі Айғаныстың көзін көріп өскен.
Нағима Ыбыраева 1916 жылы Қостанай облысы Талапкер ауылында дүниеге келді. Бала кезінде атасы Ыбырай ашқан Қостанайдағы мектепте үш жыл оқиды. 11 жасында анадан айырылады. Нағима Ыбыраева екі баланы дүниеге әкелген, өмірінің соңғы жылдарын Тараз қаласында өткізді. 1998 жылы 30 наурызда 82 жасында қайтыс болды.
Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы 17 шілдеде Қостанай қаласынан үш шақырым жердегі көл жағасында салдырған ағаш үйінде ауырып өмірден өтті. Өлерінің алдында өзіне тиесілі жерлерді Қостанай қаласындағы ауыл шаруашылық училещесінің меншігіне беруді тапсырды. Ұлт ұстазының жасы бұл кезде небәрі 48-де еді.
Не бәрі қырық сегіз жыл ғана ғұмыр кешкен Ыбырай атамыз осынша аз ғұмырында педагогиканың негізін салып, аты өшпестей ізі қалды. Ыбырайдың атын тарихта мәңгі қалатындай еткен еңбегі ол педагогикалық қызметі.
Білімін өзі жүйелі жетілдірудің нәтижесінде ол өз заманының аса білімді азаматы болды. Орыс педагогика ғылымының тарихы мен өз тұсындағы жағдайын терең зерттеп білу оны қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы етіп қалыптастырды. Ы. Алтынсарин орыс-қазақ мектептерінің оқушыларына арнап екі оқу құралын: «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы» мен «Қырғыздарга (қазақтарга) орыс тілін үйретуге алғашқы басшылық» жазып шықты.
Ол қазақ балалары үшін зайырлы мектептер ашуды армандады. 1860 жылы облыстық басқарма оған Торғай қаласында қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырды. Өзі сол мектепте орыс тілінің мұғалімі етіп тағайындалды. Ағартушылық идеялары жігерлендірген ол ауыл-ауылды аралап, жергілікті халыққа білім алудың маңызы мен қажеттілігін түсіндіруге күш салды. Ондай мектептер ашу үшін қаржы-қаражат жинауды қолға алды. Ондай ақшаның алғашқы үлесін Ы. Алтынсариннің өзі қосты.
Осыдан бастап оның ағартушылық және педагогикалық қызметі басталды. 1864 жылы қазақ балаларына арналған интернаты бар мектеп салтанатты түрде ашылды. Үгіт жұмыстарының нәтижесінде оқуға 16 бала жазылды. Кейінірек бұл мектептердегі оқушылардың саны арта бастады. Халық ағартушысы жүргізген үгіт жұмыстары нәтижелі болды. Бұл ретте ол былай деп қуана жазды: «Аш қасқырдың қойға ұмтылғаны сияқты, мен балаларды оқытуға қызу кірістім және мені өте қанағаттандыратыны — бұл балалар әлдеқандай уш айдыц ішінде оқуды, тіпті жазуды үйреніп алды».
1879 жылы Ы. Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалды. Оның еңбегінің арқасында білім беру саласы қазақ даласында кең орын алды. Атап айтқанда, облыстың барлық уездік қалаларында училищелер ашу қолға алынды. Ол осы мақсатпен Торғай облысының қазақ ауылдарын түгел аралап шықты. Халықтан қажетті қаржы жинастырды. Соның нәтижесінде Ырғыз, Николаев, Торғай және Елек уездерінде екі сыныптық орыс-қазақ училищелерін ашты.
Оларды мұғалімдермен және оқушылармен толық қамтамасыз етті. Ол мектептердің жабдықталуына, олардың жанында шағын кітапханалар ұйымдастыруға ерекше күшті мән берді. Қазақстанда қыз балаларға білім берудің басталуы да Ы. Алтынсариннің есімімен байланысты. Аса көрнекті халық ағартушысының басшылығымен қыз балаларға арналған бірнеше мектеп ашылды. Ол мектептердің жанында интернаты болды. 1886 жылы мектеп-интернаттарда 211 қыз бала оқыды. Ы. Алтынсарин мектепті халық ағарту ісінің маңызды буыны санады.
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының тағдырына ерекше мән берген ұлы ағартушы – педагог. Ы.Алтынсарин педагогикасының мұраларының негізгі идеяларының бірі – адамның өзара қарым – қатынасы, жастарды еңбекке баулу. Өзінің барлық педагогикалық теориясында жас жеткіншектердің ұлттық тәрбиесін қалыптастырып, жетілдіруде қазақ халқының ғасырлар бойы тәрбие саласында жиған бай тәжірибесін негізге алу қажет деген пікірді ұстанғандардың бірі Ыбырай. Оның дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына әсіресе , қазақтың мәдениетін , өнерін терең білетін, ақыл – парасаты жоғары, сөзге шешен , елге сыйлы атасы Балғожаның ықпалы ерекше болды. Ыбырай бала жастан халықтық педагогикадан алған тәлім – тәрбиесін , үлгі – өнегесін көңіліне түйгендерін оқу ағарту істері арқылы қазақ балаларының бойына сіңдіре білді. Ы. Алтынсариннің ұлттық эстетикалық тәрбие проблемаларын қозғайтын арнайы еңбектерін жазып қалдырмағаны белгілі, бірақ Ы. Алтынсариннің ұлттық – эстетикалық тәрбиеге қатысты оның педагогикалық қызметінен көрініс тапты. Ы. Алтынсарин шығармалары халқымыздың салт – дәстүрі, әдет – ғұрыптарын сипаттайтын этнографиялық мәнде келеді. Ы.Алтынсарин жастарды оқу – білім, өнерге үндегенде құрғақ насихатқа ұрынбайды, айтпақ пікірін оқушы зердесіне сіңіру үшін әр түрлі ұстаздық амал тәсілдерді қолданады.
Бір Аллаға сыйынып Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! – деген өлеңінде білім алуға үндесе, екінші жағынан , өмірдің бір қызығы тек байлықта деп ұғатын, оқу, өнер, ғылым – білімге мін бермейтін кертартпа көзқарасқа соққы береді. Өмірде сарқылмас мол байлық – білім екендігін айта келіп, оған қол жеткізу үшін ерінбей – жалықпай еңбектенудің керектігін түсіндіреді. Өнерді үйрен, үйрен де жирен деп санаған халқымыз ұл қыздарының оң қолынан өнер тамған шебер болуына да мән берген.
Ы.Алтынсарин өзінің төл туындыларында тәрбиелік , нақыл – насихаттық мәніне ерекше көңіл аударып отырды. Сол арқылы жас буынды адамгершілік пен ізгілікке, еңбек пен зейінділікке, өнер – білімге баулуды көздейді. Ол ел жұртқа қажет білім мен өнерді игерудің төте жолы тұрақты мектептер арқылы жүзеге асады деп санады. Ы. Алтынсарин қызметінде балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысы ерекше орын алады. Мектептегі оқыту мен тәрбие процесін жүргізуші мұғалім деп таниды.Ы.Алтынсарин надандықтың зиянын, ғалымның қоғамдық маңызын түсіндіреді. Бұл әсіресе «Талаптың пайдасы» т. б. әңгімелерімен көрінеді.
Шығармаларында оның өнерге деген ықылас – ілтипаты анық байқалады. Өзінің өлеңдері мен әңгімелері арқылы жастарды табиғаттың әсемдігін , адам сезімін қабылдап, түсіне білуге тәрбиелейді, оның өлеңдері мен ғибрат әңгімелері жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуда күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Ол аймақта мектептер мен кәсіптік училищелер ашу арқылы жалпы және кәсіптік білім беру ісінің негізін қалады.
Сиса көйлек үстінде,Тоқуменен табылған.Сауысқанның тамағы, Шоқуменен табылған,- деп педагогтік тәсіліменен балаға еңбек атаулыдан хабар аңғартады. Мектеп – қазақтарға білім берудің басты құралы. Біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осында , тек осы мектептерде ғана деп жазған болатын. Ы.Алтынсарин шығармаларында еңбекті сүю, білімдіден үйрену , талпыну, адамды сыйлау үгіттеледі.
Ы.Алтынсарин – қазақтың салт – дәстүрін зерттеумен айналысқан ғалым этнограф. Еңбек тақырыбы – Ыбырай әңгімелерінің арқауы. Ол техниканы меңгерген адам зор игілікке ие болады, жаратылыстың тілін біледі, оны өзінің айтқанына көндіреді , халықтың жалпы мәдениетін көтерумен қатар негізінен олардың тұрмысын жақсартады дейді. ХХ ғасырдың басында бір кезде Шоқан, Ыбырай, Абай көтерген ағартушылық қозғалыстың туын А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатовтар жалғастырды.
Сонымен Ыбырай өзінің бүкіл саналы өмірін қазақ халқының жаңа буынын тәрбиелеп, олардың озық мәдениетті елдерден үлгі ала отырып, білімді де саналы азамат болып жетілуіне айтарлықтай үлкен үлес қосты.Ыбырайдың бұл тарихи қызметі кезінде өзінің замандас достары Н.И.Ильминскийдің, А.А. Мазохиннің, Ф.Д.Соколовтың, А.В.Васильевтің, А.Е.Алекторовтың, Ғ.Балғымбаевтың естеліктерінде жылы ілтипатпен аталып жоғары бағаланды. Алайда ұлы ағартушының сан қырлы педагогикалық, ғылыми зерттеулері, сондай – ақ өлеңдері мен прозасы , аудармалары біздің заманымызда ғана терең зерттеліп, өзінің тиісті , әрі байсалды бағасын алды. Қоғамдық ой – сананың дамуына өзіндік үлес қосқан ұлы тұлғалардың қатарында Ыбырай Алтынсарин есімі де тұрады.Ұлы ғалым – педагог Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» және «Таза бұлақ» деген оқу – әдістемелік еңбектері қазақ халқының рухани мәдениетінің даму тарихында аса зор оқиға болып бағаланады. Және болашақ ұрпақтың ақыл ойы мен жеке тұлғаны қалыптастыруда адамгершілік , эстетикалық еңбек дағдылары мен қасиетін тәрбиелеудің негізі болып есептеледі. Жеке тұлғаны оқу мен өнерге , мәдениетке, адамгершілікке тәрбиелеуде Ы.Алтынсарин аса бағалы, бай қор – қазақ фольклорына ерекше назар аударды. Бұлдан ұлы ағартушының істеген ісінен, шығармаларынан бала тұрғысынан қалыптастыру мен тәрбиелеуде қазақ отбасының тәлім аларлық ең жақсы дәстүрлеріне жоғары баға бергендігін көреміз.
Кім сендерді, балалар тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін ?
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін,- деген, ақын бұл өлең шумақтарынан отбасындағы ата – ана тәрбиесі мен баланы сүйіп, еркелететіндігін және ата – ана баланың алғашқы табиғи тәрбиешісі, балажандық қасиеті мен ерекше мейірімдігін көреміз. Ы. Алтынсарин еңбек процесінің бала тәрбиесіндегі ерекше маңызын көре біледі. Сондықтан оның көптеген әңгімелерінің идеясы Абай айтқандай «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген қағиданың төңірегінде топтасқан. Мәселен. «Бай баласы мен жарлы баласы». Асан мен Үсен әңгімесі шындық реалистік әңгіме. Осы әңгімесінде Алтынсарин бүкіл ағартушылық еңбегінің негізгі сырын, әлеуметтік тенденциясын айқын ашып береді.Үсен арқылы еңбекші бұқараның жас ұрпағының еңбек сүйгіштігін , әр нәрсенің ретін таба білетіндігін көрсетеді. Ал Асан бейнесінде мұндай қасиет байқалмайды. Үсен бейнесінен тек еңбексүйгіштіктен басқа дәрменсіз Асанға көмегі оның адамгершілік жағынан бейнесін сомдай түседі. Мұнда қазақ өміріндегі Асанға лайық ұқсас мінездерін айқын көрсетіп береді. «Ол жастайынан сұрағанын әперетін, дегенін істейтін кісі болғандықтан жатып ішер болуға әрекеттенеді» … «Ол еш нәрсе істеуге әдеттенген жоқ, демек, өзінің не істей алатынын, несі жоқ екенін жақсылап айыра алмайды». Осы жерде қортынды жасай кететін болсам: мұндай балалар қазірдің өзінде де кездесіп отырады. Олар әке – шешелерінен көмек күтіп таңнан кешке дейін отырудан тайынбайтындар кездессе, керісінше бос уақыттарында пайдалы іспен айналысып , ата – аналарынан көмектерін аямайтын балаларды да жиі кездестіруге болады. Осы әңгіме арқылы мектеп оқушыларына жақсы мен жаман, кедей мен бай, сараңдықпен жомарттық туралы сөздермен біраз мағлұматтар беруге болады. Ы.Алтынсарин осы іспеттес әңгімелерінде еңбек процесінің адамның сана – сезімін, психологиясын қалыптастыруда ерекше орын алатынын жақсы түсінген. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей жасөспірімдердің басында кездесетін түрлі жаман мінездерді отбасындағы тәрбиемен терең астастырады. Адамның жеке басының мінез – құлқын қалыптастыру, оның бойынан жойылып бара жатқан адамгершілік қасиеттерді сіңіру, иманжүзді етіп тәрбиелеу ата – ананың тікелей әсерімен отбасынан басталып, мектепте жүзеге асатынын ескерген жөн. Ыбырай келешегінен үміт күткен, өз халқын жан тәнімен сүйген, халқының мәдени көркейіп өсуі үшін бойындағы бар күш жігерін аянбай жұмсаған нағыз патриот азаматтар еді.Өз заманының ақыл ойшылдары ірі қоғам қайраткерлері, олардың дарқан бейнелері мен іс әрекетінен қазақ халқының мәдени экономикалық дамуын, қазақтың ұлт болып бірігуін, жаппай сауатты, мәдениетті, оқыған ел болуын көксеген біртуар асыл азаматы. Қазақ педагогикасының дамып, өркендеуіне белсене ат салысып мынандай үлес қосты: қазақ балаларына алғаш мектеп ашты, Ырғыз қазақ қыздарына арналған мектеп – интернат ашты, «Қазақ хрестоматиясын», «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралын» жазды. Қоғамның заңды тіршілік етуі тек қана халықтың ағартушылық деңгейі қоғамдық және дара санының дамуы арқылы мүмкін болатынын тарихи іс тәжірибе көрсетіп отыр.Әлемдік деңгейдегі балық құқықтық мемлекеттерде азаматтық қоғам ғасырлар бойы жинақталған құндылықтар негізінде қалыптасқаны белгілі. Сондықтан да , Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Тарихты танып зерделеу керек, тарихты таразылау керек, сонда тағдырыңды, бүгінгі тұрпатыңды танисың, келешегіңді бағдарлайсың, алдағы жүрер жолыңның сілемін табасың» деген сөздерінде тарихтың шексіз тағылымы да ақиқаттың құдіретті мейлінше айқындала түседі.
Ыбырай туралы жазушы М.Әуезов «Ыбырай орыстың мәдениет мектебін танымаса, Ушинский бастаған педагогикалық жаңалықтарды білмесе, орыстың адамгершіл, прогрессшіл классикалық әдебиетінің нәрінен қорек алмаса, Ыбырай болмас еді… Ыбырай да сол бір бағытта болумен қатар, өмірі, еңбек еткен ортасы, әлеуметтік-қоғамдық қайраты, әрекеті жөнінде Шоқанға да, Абайға да ұқсамайды. Ыбырай жаңағы екеуінің де ісін өз өмірінде еңбегіне түйістіріп, қоса білді. Сөйтіп, ол екеуі де істеген тың тарихтың ұзақ өрісі бар, зор келешегі бар істердің үлгісін өз қолымен орнатты. Әрі ол жаңа үлгідегі ақын, әрі сол кездегі Ресейде батыл жаңалық жасап, «бұратана» елдер үшін тың үлгідегі мектеп ашушы. Қазақтың ең алғашқы мәдениетті мектебін жасаумен қатар, жазушылық пен оқытушылықты ол аса шебер өнерлі түрде қабыстырушы» деген еді. Иә, Ыбырайды Ыбыра еткен оның еңбегі мен ізденісі.
Педагог ретінде біз Ыбырай атамыз салып кеткен жолмен жүріп келеміз. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық еңбектерін қанша зерттесек те толық зерттедік дей алмаймыз. Ыбырай педагогикасын бүгінгі таңда өз тәжірибемізде қолдану – біздің мақсатымыз әрі міндетіміз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
-
https://sputnik.kz/spravka/20201129/15609706/Ybyray-Altynsarin-derekter.html
-
https://dalanews.kz/tek/33004-ybyraj-altynsarinni-pedagogikaly
-
Әбиев Ж. Педагогика тарихы: Оқу құралы. - Алматы: Дарын, - 2006.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз