Материалдар / Ыбырай шағын әңгіме шебері 10 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ыбырай шағын әңгіме шебері 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
10 сынып оқушыларына.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Ақпан 2018
532
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

11 Ә.Хасенов атындағы орта мектеп











Ашық сабақ





10 «А» сынып









Пән мұғалімі:Алымкулова Айнур Алдабергеновна







Меркі ауданы

Ақермен ауылы

Пәні: қазақ тілі мен әдебиеті

Тақырыбы: Ыбырайдың әңгіме жазудағы шеберлігі

Сынып: 10 – сынып


Сабақтың тақырыбы: Ыбырайдың әңгіме жазудағы шеберлігі.

Сабақтың мақсаты:

  1. Ыбырай Алтынсариннің « Әңгіме шебері» екенін өз шығармалары арқылы дәлелдеп, соған оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы көз жеткізу.

  2. Оқушылардың тақырып бойынша ой тұжырымдарын, өздігінен ізденту, шығармашылық қабілеттерін, ой - өрісін дамыту.

  3. Жас ұрпақты ақын әңгімелері арқылы еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, тазалыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білім, білік, дағдыларын жетілдіру сабағы.

Сабақтың түрі: Іздендіру сабағы.

Сабақтың әдісі: логикалық әдіс, топтастыру, талдау, ой толғау, пікір алмасу, ізденіс.

Көрнекілігі: Ыбырай әңгімелері, итербелсенді тақта, қосымша дидактикалық материалдар.

Ұйымдастыру формасы: жаппай, топпен, жеке – дара.

Пәнаралық байланыс: тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: а) Амандасу

Қадірменді ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Ыбырайдың әңгіме жазудағы шеберлігі.» атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер!

Маған бақыт сабақ беру сіздерге,

Көріп тұрмын, қуаныш бар жүздерде!

Мол білімнің тереңіне бет бұрып,

Бәрімізге болсын серік – сәттілік!- дегендей, шағын әңгіме шебері - Ыбырайға арналған сабағымызды бастайық (1 слайд).

б) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Топқа бөлу. Топ басшысын сайлау. Әр топқа бағалау парағын тарату.

Сабақтың мақсатымен таныстыру (2 мин.)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (10 мин.) (2 слайд)

І. Ой қозғау.

«Оқығанның көңілі тетік, сөзі майда»


Мұғалім: Балалар, өткен сабақта сіздер «Ыбырайдың өмірі мен шығармашылығы» жайлы танысқан болатынсыздар. Бәріміз тақтаға назар аударайық.Осы тақырыптар аясында өз ойымызды ортаға салсақ.

  1. І топ: Ыбырай Алтынсарин – оқулық авторы.

2. ІІ топ: Ыбырай өлеңдерінің тақырыбы, көркемдік әлемі.

І. Проблемаларды шешу құзыреттілігі.

Тапсырмалар:

Жұмыстың түрі: графикалық талдау, топтастыру.

Шарттары:

  1. Қазақ хрестоматиясына” енген шығармаларын топтастырып,

тәрбиелік мәнін дәлелдеу.

2. Ыбырай өлеңдерінің тақырыбын, көркемдік әлемін ашып, дәлелдеу.

а)өз беттерімен іздену, топтастыру, жинақтау.


Мақсатқа жету технологиясы: топтық жұмыстар арқылы

проблеманы шешу, өзіндік ізденісті ұйымдастыру

ІІІ. Жаңа сабақ (20 мин.)

Ұлы ағартушының көрнекті прозашы ретінде әдебиетіміздің тарихынан ерекше орын алатынын таныту мақсатында жаңа тақырыпты Ыбырайдың әңгімелеріне арнаймыз. Бәріміз тақтаға назар аударайық.


ІІ. «Ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда»

Ақпараттық құзыреттілік.

Тапсырмалар:

І топ: “Ыбырай – шағын әңгіме шебері” моделін құрастырыңдар.

ІІ топ: “Ыбырай - қазақ балалар әдебиетінің атасы” моделін құрастырыңдар.

Шарттары:

Тәрбие мәселесіне және еңбек тақырыбына арналған әңгімелерін

талдау, саралау.

а) Өздерің таңдап алған әңгімелерден даналық, нақыл сөздерді теріп ал.

Өзіңе қайсысы ерекше ұнады, соны саралау.

Мақсатқа жету технологиясы: саралау, бөліп алу, анализ,

синтез жасау, жүйелеу, өзіндік баға беру.


Әңгімелері

Даналық, нақыл сөздер

Өз бағасы, пікірі





ІІІ. «Зерделі сұрақ, ұтымды жауап»

Коммуникативтік құзыреттілік.

Тапсырмалар:

І топ: . «Ыбырай – көрнекті прозашы» деген пікірмен келісесің бе?

ІІ топ: Қалай ойлайсыңдар, Ыбырай әңгімелерінің бүгінгі күн өміршеңдігі бар ма?

Шарттары:

Бір – біріңнен интервью алып, оны ортаға салуға әзірленіңдер. Ақын әңгімелерінде атап көрсетілген адамдық қасиеттердің болашақтағы өміріңе қажеті бар ма? Осы мәселе айналасында ой толғаңдар.Пікірлеріңді жинақтап, сыныптағы білім қоржынына салыңдар.

Мақсатқа жету технологиясы: сұхбат – интервью, ой толғау.

ІV. «Іздеген жетер мұратқа...»

Сабақты пысықтау. Топтастыру стратегиясы


1. «Ыбырай Алтынсарин –қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты»

«Оренбурский листок» газетінен


І топ: жоғарыдағы пікірді басшылыққа алып, Ыбырайдың әңгімелеріндегі адамгершілік қасиеттерді топтастыру.


DrawObject1













ІІ топ: Ыбырай әңгімелері арқылы нені үйрендім?


DrawObject2 DrawObject3














V. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.»


Сабақты бекіту:

Мен үшін...” әр жеке тұлғаның бүгінгі сабақ бойынша

өз ой – пікірлерін тыңдау.


1. Мен үшін Ыбырай атаның әңгімелерінің тәрбиелік мәні зор…

2. Қазағымның тұңғыш кемеңгер- ұстазы ,ойшылы - Ыбырай атаның арманына біздер жетіп отырмыз…

3. «Ғылым- жанып тұрған шырақ»,-дегендей…


Бағалау: Бағалау парақшасы бойынша бағалау.

Үйге тапсырма:

  1. Қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер” тақырыбына эссе жазу.

  2. Ыбырай және болашақтағы қазақ мектебі” тақырыбына пікір таласын жүргізуге сұрақтар әзірлеу

Кері байланыс:


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!