Материалдар / Украина елін жаудан тазартуға үлес қосқан қазақ жауынгері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Украина елін жаудан тазартуға үлес қосқан қазақ жауынгері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала мектеп оқушыларының тәрбие сағаттарына арналған. Биыл Ұлы Жеңіске 76 жыл толады. Оқушылардың патриоттық сезімін, өз Отанына деген сүйіспеншілін арттырады. Жеісті жақындатқан майдангерлердің ерлігін ұлықтау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Мамыр 2021
365
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Украина елін жаудан тазартуға үлес қосқан қазақ жауынгері

Биыл 1941 жылы басталған қанды соғыстың аяқталғанына тура 76 жыл толады. Бұл соғыстың аяқталғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе ұмытылған жоқ. Керісінше күн өткен сайын жарқырап, жаңарып, ол жайлы құпиялар ашылып жандануда. Жеңіс туын желбіретуге сол кездегі Кеңес Одағының құрамында болған қазақ елінің азаматтары қомақты үлес қосты. Бұл соғысқа қазақ жерінен 1 миллион астам жас боздақтар аттанып, жартысынан көбі майдан даласынан оралмады. Соғыс жойқын күшке ие. Иә, елестетіп көріңіз, барды жоқ ететін, тауды жер ететін, жерді жоқ қылатын жойқын күш. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрі жалмап жұтатын ажал. Осы от пен оқтың арасында жан аямай шайқасқан біздің батыр аталарымыз-ай! Ерліктеріңе мына көк аспан, қара жер, асқар тау куә! Енді міне, жыл сайын Жеңіс күні келгенде осы отты көргендей, соғыс өтін өшірген аталарымыз бен әкелерімізді көргендей боламын. Сөз осы әкелеріміздің бірі Алматы облысы Кеген ауданынан соғысқа аттанған Бекмолдаұлы Бүкен жайлы болмақ. Ол атақты Севск - Варшава Қызыл Тулы орденді Суворов атындағы 60-шы атқыштар дивизиясының құрамында болған. Енді осы жайлы толығынан ақтарылып толғайын.

Бекмолдаұлы Бүкен – 1925 жылы Алматы облысы Кеген ауданында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына 1941 жылы аттанып, 6 ай дайындықта болып, Мәскеудегі 1281АП60 Атқыштар дивизиясына түсіп қатардағы жауынгер, атқыш-мерген болады. Жастайынан қайсар, құралайды көзге атқан жас жігіт, соғысқа кірер алдындағы дайындықтарда мергендік қабілеттілігімен көзге түседі. 60-шы атқыштар дивизиясы 1941 жылы 26 қыркүйекте халық милициясының 1 Мәскеу атқыштар дивизиясынан өзгертіліп жасақталған. Ол негізінен Мәскеу қаласының Ленин ауданының еріктілерінен тұрды. Кадрлар құрамы бола отырып, дивизия халық милициясына тән ерекшеліктерді сақтап қалды. 1941 жылдың 3 қазанынан бастап 33 резервтік майдан армиясының 60-шы атқыштар дивизиясы Вязем қорғаныс операциясына қатысты. 1941 жылы 2 қазанда жау Батыс және резервтік майдандардың қорғаныс белдеуінде шабуылға шықты. Үлкен шығындардың арқасында ол жекелеген учаскелерде резервтік майданның қорғаныс шебін бұзып, 33-ші армияның құрамаларын бөліп алды.1941 жылдың 4 қазанында алға ұмтылған Гитлер бөлімдері 60-шы атқыштар дивизиясының басты қорғаныс жолағын бұзып өтіп, оның артына жедел шерумен шықты. Осы кезде көптеген алғашқы жауынгерлер мен командирлер соғыстың соңына дейін дивизия құрамында соғысқан Батыс майданының әскери кеңесінің шешімімен 60-шы атқыштар дивизиясы шұғыл түрде 49-шы армияға берілген еді. Форсирленген маршпен ол қазіргі Калуга облысының Таруса қаласының ауданына көшті. Мұнда оның бөлімдері ені 30-40 шақырым болатын қорғаныс жолағын алып, жаудың Серпухов қаласына барар жолын жауып, жауға соққы берді. Жаудың ең ықтимал шабуылының бағыттарына — Малоярославец қаласының аудандарынан, Высокиничи ауылынан Калуга қаласына ерекше назар аударылды. Дивизия полктері қазіргі Калуга облысы Жуковский ауданының Кузьмищево — Волковское — төменгі және жоғарғы Вязовня — Троицкое аймағында жаудың жаяу әскерлері мен танктерінің шабуылына тойтарыс берді. Волынь аймағын босату үшін 1-ші Украин және 1-ші Белорус майдандарының әскерлері шайқасты. Қиын шайқастар алты айға созылды. Осы қанды шайқаста Бекмолдаев Бүкен де армияның қатарындағы жауынгерлермен тең тұрып, небір ерліктер жасады. 1944 жылдың басында Ровно-Луцкий шабуылдау операциясында 1-ші Украина майданының 13-ші армиясының 1-ші және 6-шы гвардиялық атқыштар корпустары Волынның алғашқы аудандары-Маневичский мен Киверцовскийді фашистік басқыншылардан босатуға үлес қосты. Оңтүстік-батыс бағытта шабуылды дамыта отырып, 1-ші гвардиялық атқыштар корпусы облыс орталығы Луцк қаласын иеленді. Сәуірде 1-ші Белорус майданының 70-ші армиясының құрамалары жаудың қарсылығын жеңіп, ондаған елді мекендерді, соның ішінде Камен-Каширский қаласын азат етті. Волынияны босату 1944 жылдың шілдесінде аяқталды. 1-ші Белорус майданының 70-ші және 47-ші армияларының әскерлері қиян-кескі шайқастардан кейін облыстың батысындағы жаудың маңызды тірек нүктесін Ковель қаласын басып алды, жауды Любомльден қуып шығарды және 8-ші гвардиялық армиямен бірге Волыняның солтүстік бөлігін фашистерден тазартты. Осы оқ пен оттың ортасында болған Бүкен 1944 жылы шілде айында Ковель үшін қиян-кескі қанды шайқаста небәрі 20 жастан асқан шағында ерлікпен қаза тапты. Сүйегі Украинаның Волынск облысы Ковель қаласында жерленген. ДТК-нің 1943 жылғы 31 тамыздағы бұйрығымен 60-шы атқыштар дивизиясына ұрыстағы үздік атақтары үшін «Севская» құрметті атауы берілген еді. Бұл атақты алған кезде Бүкен тірі еді. Жау ошақтарын жоюда ерлік көрсеткен Бүкен «Қызыл Ту» ордені, «Жауынгерлік еңбегі үшін» ордендерін басқа да жауынгерлермен қатар төсіне таққан. Амал нешік, қандай марапат алса да оған көп емес еді. Жастығын ерлікпен ала жатқан Бүкен туған еліне деген сағынышы мен өзінің атақ даңқын бірге ала кетті. Соғыс бітіп, бар жоғын түгендеп ес жиған халық осы боздақтарға арнап ескерткіштер ашып, есімін құрметпен тақтаға жазды.



Шоранова Гульдария Ажикуловна

«Арыстан» мамандандырылған лицейінің

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!