Материалдар / Ынтымағы жарасқан Қазақстан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ынтымағы жарасқан Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылар мен оқытушыларғы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Желтоқсан 2018
2785
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ынтымағы жарасқан Қазақстан

Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілім сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Мұқағали Мақатаев

Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер және тағы басқа ұлттар еңбектенуде. Мен соңғы жылдары Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық –қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл Қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын Қазақ халқының мінезінен жаралған. Осында тұрушылардың барлығы Қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі керек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғы көркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.

Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Отанымыздың басты байлығы-тұрақтылық пен тыныштық. Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық орын алған елімізде өмір сүретін өзге де этникалық топтардың тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай жасалған. Кейбір деректерге қарағанда, әлемде 256 ұлт бар екен. Ресми мәліметке сенсек, соның 130 дан астамы Қазақстанда тату-тәтті өмір сүріп, тіршілік кешіп жатыр. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы-өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді. Елімізді әлемге танытып, Елбасы Жолдауындағы жұмыстарды атқару үшін, алдымен жақсы білім алып, тәрбиелі болуымыз қажет. Бізге өз тәуелсіздігіміз қымбат. Неге дейсіз ғой? Ол бізге тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді сақтағаны, Отан деп жүрегімізді қақтырғаны үшін қымбат. Қазақ елінің дербес ел болуына орай байтақ та бағалы елден бата алған Нұрсұлтан Әбішұлындай Елбасының ел билігін ұстауы, біз сияқты ұрпақтарының бағы деп білемін. Тәуелсіздік тұғырын тарихи ерлікке жалғастырған Елбасының парасаттылығы, ойшылдығы деп түсінемін. Кең байтақ елімде жүз отыздан астам ұлт өкілдері тұрады. Қазақ халқы: «Байлық - байлық емес, бірлік - байлық», - дейді. Біздің ауылда бір шаңырақтың астында көп ұлт өкілдері тату тұрады. Бәріміз бір үйдің баласындай бірге діни, халықаралық мерекелерді тойлаймыз. 

Бүгінгі таңда осындай бақытты, барша әлемге үлгі бола алатын елде тәлім-тәрбие алып жатқаныма өте ризамын. Тек әрдайым еліміз аман, аспанымыз ашық, көк байрағымыз биікте желбіреп, жас ұрпақ өз елінің патриоты болып, әрқашан Қазақстанды мақтан тұтсын деймін. “Отан - оттан да ыстық” деген дана халқымыз. Адам баласының жүрегінде ақ сүт берген туған анасына, Отанға деген жалынды, ыстық сезім ерекше орын алады. Мен өз Отанымды, туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін. Біз - Қазақ елінің болашағымыз. Қазақстанымның келешегі зор екеніне сенемін, өйткені біздің елімізде татулық та, достық та, байлық та бар. Тәуелсіздігіміздің қасиетті белгілерін ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Бұл - біздің туған ел алдындағы перзенттік борышымыз деп білемін. 























Отан туралы

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен...

Мұқағали Мақатаев

 

Туған еліме

Үміт қып менен қарайсың,
Көңіліңе медеу санайсың.
Балалыққа жарасам,
Аталыққа жарайсың.
Қайтейін, елім, қимаймын,
Қия алмай жанды қинаймын.
Қимай қалсам, ішіңде
Тағы тыншып сыймаймын.
Алты қырдан ассам да,
Сөздеріңді сыйлаймын,
Тек қалауым сіздерден:
«Серіктікті» милаймын.
Сіздерге әкеп шашуға,
Ілім, білім жинаймын.
Келді хатың мен шаршап
Отырғанда дамығып,
Хабарыңа бек аңсап
Сүзіліп көңілім талығып.
Сөзіңнен көріп өзіңді,
Құшақтай алдым қамығып.
Кім сүртті сонда көзімді,
Қамықпайын не ғылып?
Сөйлесіп гүлдей жайнады,
Булыққан көңілім тарығып.
Қапалы лебізің айдады,
Гүл самалға малынып.
Хатың болып бір айна,
Қарай қалдым аңырап.
Баяғы Махмұт жоқ, қайда?
Өзімді қаппын жаңылып.
Сарғайған түсі өзгерген,
Шаң басып, кеуіп қақырық.
«Кімсің?» - дейді кез келген,
Достына жалғыз танылып.
Айнадан көріп бұл түсті,
Кете жаздым жарылып.
Қуат бітті бір күшті
Жеңілерлік тағдыр жаңылып.
Мысал етіп бұл жөнге,
Көрсетейін мынаны:
Қуаты күш вулкандар
Сөнгендей біраз тұрады.
Өлусіреп, әлсіреп,
Түтіні кейде шығады,
Булыққан сайын қуатты
Бойына жиып нығады.
Ал, қуатпен атылды,
Кім қарсылық қылады?
Бетін жапқан тау - тастар,
Быт-шыт болып сынады.

Сұлтанмахмұт Торайғыров

 

Менің елім

Көкірегімнің үміті мен тілегі
Күй боп түлеп, күн боп шығып күледі.
Күн астында көк төбелер түледі —
Менің елім, менің елім — гүл елі!

Айтпағым бір ағыл-тегіл сыр еді —
Шежіреңе ол өлең болып кіреді.
Мендегі өнер сен деп өмір сүреді
Менің елім, менің елім — жыр елі!

Қанат қомдап таң атқанда шығыстан
Торғайым бар қыраныңмен бір ұшқан.
Жүрегім бар жүрегіңмен ұғысқан,
Менің елім, менің елім — гүлстан!

* * *

Салқындап саясында самал-көлдің,
бұла өскен баяғыдан балаң менмін.
Сіміре саумалыңды, бұл жолы да,
Сабылып, сағымды өлке, саған келдім.

Тағы да топырағыңда жаңарды ізім,
Сен десем бал-бұл жайнап жанар жүзім.
Бір пейіл,
бір ықылас — қолда бары,
әкелген базарлығым — сол болады.
...Тікенге балтырымды талатып ем,

ал қазір дала барқыт, дала — кілем.
Кетіп ем сол даладан шыбық мініп,
Оралдым бір талаптың қанатымен.
Сырым бар тереңімде көрінбеген,
жырым бар шебер қолмен өрілмеген.
Әйтеуір біреуімін көп балаңның
өзінді елім деген, жерім деген!

Жұмекен Нәжімеденов

 

Қазақ жерлері

Мың жеті жүз отыз бір сәнасында,
Біз кірдік Руссияның фанасына.
һүнерсіз бостығымыз көрінген соң,
Қызықбас кім қазақтың баласына?
Жылында мың сегіз жүз алпыс сегіз
Қазналық, деді, жердің һәммәсін да.
Таралып жылдан жылға жер-суымыз
Мұжықтың кетті бәрі қаласына.
Қадірдан халық билеген ақсақалдар,
Бұл іске фәһім назар саласың ба?
Темірді қызуында соқпай қалып,
Нәсіліңнің көз жасына қаласың ба?
Кір жуып, кіндік кескен хайран жерлер,
Мұжыққа, хош аман бол, барасың да.
Қасиетті бабамыздың зияраты,
Қалдың ғой көшесінің арасында.
Моншаға зияраттың тасын алып,
Ағашын отқа мұжық жағасың да:
Таба алмай бір барғанда еш белгісін,
Көзден жас көлдей болып ағасың да.
Шалқар көл, аққан бұлақ, жайлы қоныс
Орман-тоғай кетті ғой ағашың да.
Ойласам мұның бәрін хиялы боп,
Хафадан ішім оттай жанасың да.
Әуелде жерімізбен кіріп едік,
Тұрмақта ғаділдіктің саясында.
Айрылсаң қалған жерден осы күнгі
Топыраққа малды қазақ бағасың да.
Адасты ғақылынан қара халық
Білгіштер өзің хайлә табасың да.
Қазағым, жерің қайда ата мекен,
Қазақ қазақ болғалы мекен еткен.
Хазірде бәріңізді қуып шығып,
Орныңа қала салып хахол жеткен.
Шығарған жер өлшеуге землемерлері
Қала үшін кеткен бізден жақсы жерлер.

***
Тәтті су, тұщы судың бәрі сонда,
Табатын бұған хайлә қайда ерлер?
Зеңгір тау, аққан бұлақ шалқар көлдер,
Кетті ғой бетегелі биік белдер.
Қысқарып жер кеткен соң өрісіміз,
Қалды ғой жатақ болып хайран елдер.
Ащы су бізге қалды шөл далалар
Жақсы жер қалдырмады егін салар.
Қалайша тау мен тасқа баға алады
Қоралы қой, қосты жылқы байларда бар.
Мінікей келді мұжық көшкен бұлттай
Қазақтың қояр емес жерін құртпай.
Келді де егін салып байып кетті,
Жалқау ма бұлар тәңірі-ай біздің жұрттай.
Көрдің ғой бұл уақытта тарылғанын,
Алынбас илтифатқа жалынғаның.
Он бестен кісі басы десятина
Жер берсе сонда қазақ нешік хәлің?

Міржақып Дулатұлы

 

Туған елім

Менде сөйлер сөз болса –
Өзің берген сөзің ғой!
Менде көрер көз болса –
Өзің берген көзің ғой!

Шаттық құшқан шеруде,
Күйді өтерген өзің ғой!
Қиындықты жеңуге
Үйреткен де өзің ғой!

Толқығанда сезім –ой,
Әппақ арым, тілегім.
Туған елім өзің ғой –
Арқа сүйер тірегім!

Туған елім, өзіңнің,
Жазираңды кездірдің.
Жайма –шуақ кезімнің,
Рахатын сездірдің!

Туған елім – гүл елім,
Қасиетіңді білемін.
Өзіңе деп жүремін –
Лүпілдеген жүрегім!

Бәкір Тәжібаев

 

Жан дала – жәннат дала

Өзіңсің , Қазақстан, ән, арманым да,
Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.
Бір нәрсе жетпейді деу қате болар
Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.
Гүл дала – Қазақстаным.

Сен үшін бар сөздіктен сөз таңдайын көп,
Сен барда басылмайды жез таңдайымда от.
Мен сенен кете алмаспын, амалсыздан
Бір кетсем, оралармын бозторғайың боп.
Ән дала – Қазақстаным.

Сен барда ғажап шебер, ғажап ұстамын,
Түсінем өзендердің саз ағыстарын.
Қалай ақын болмайын, мен түгілі
Ұшады көгіңе жыр жаза құстарың.
Қырандар қанатында даңқы кеткен,
Дән дала – Қазақстаным.

Сен менің шұғылаға толған даламсың,
Жасампазым, сан асу жолдарды аларсың.
Бабамның көздерінің қарашығы ең,
Баламның бақытына да қорған боларсың.
Жан дала – Қазақстаным.

Керемет өріледі гүл өңірде өлең,
Кезің қандай өрік пен шие гүлдеген.
Жүрегіме сыйғызып бар бейнеңді,
Қалсам деп ем өзіңнің жүрегіңде мен.
Кең дала – Қазақстаным.

Керегі жоқ даңқ дейтін маған сөренің,
Жетер біраз есіңде қала алса өлеңім.
Халқым маған сенеді әлсіз демей,
Үйткені мен, туған жер, саған сенемін.
Жасай бер , Қазақстаным.

Күләш Ахметова







































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!