Ырым-тыйым тәрбие
бастауы
Ырым-тыйым – халқымызда сан
ғасырлар бойы қалыптасқан, өзіндік шежіресі бар киелі дүние.Байқап
қарасақ, ырымды Түркі халықтары ғана емес, Еуропа елдеріде
қолданады екен. Десекте, бұл қазақ халқында өте ерекше
дамыған.
Меніңше ырым-тыйымдар
жаманшылықтан сақтай отырып, ең бастысы тәлім тәрбиенің бастауы
секілді. Мәселен біз күнделікті тұрмыста «табалдырықты керме», «үй
ішінде ысқырма» деген секілді ырымдарды көп естиміз. Бұның өзі
бізде қалыптасып кеткен нәрселер. Ырымның пайдасы да дерлік көп
десекте болады. Мысалы «нанның қоқымын жесең бай боласың» деп
жатады. Әрине бұдан байып кетуің екі талай, алайда осы сөзге үңіле
отырып, халқымыз ысырапшыл болмасын, нанның қадіріне жете білсін
деген мақсатта айтқанын аңғарамыз.Дастарқан басындада нанды екі
қолмен үзіп жеу керек деген ұғым қалыптасқан. Яғни нанды бір қолмен
үзіп жеу асқа құрметсіздік боп саналады.
Қазіргі таңдағы көкейтесті
сұрақтардың бірі – ол әрине «ырымға сенуге бола ма?»,
«ырым-тыйымдар біз үшін қаншалықты маңызды?» деген
секілді.
Дамыған технология заманы
болғандықтан жастардың басым көпшілігі ырымға сене бермейді.
Дегенмен, біз қазақ халқы болғандықтан кей ырымдарға еріксіз
сеніп,соның ыңғайына қарай тіршілігімізді істеп
жатамыз.
Мысалға алдымыздан қара мысық
кесіп өтседе, сол жолды жалғастыруға, бір түрлі жүрексініп
тұратынымыз рас. «Түнде суға барма», «бос бесікті тербетпе» деген
секілді үрей туғызарлық ырымдарды орындамауға тіпті батылың
бармайды. Қызық болған соң сұрайсың «неге?» деп, жауап тек біреу:
«жаман болады». Осы жауаптың өзі біраз мағлұмат беріп тұрғандай.
Анамның өзі айтатын «бұрыңғылар біліп айтқан» деп. Расыменде,
ата-бабаларымыз басынан өткендерін түйіндеп,тізе
бергендей.
Меніңше тәрбие беретін
ырым-тыйымдарды, яғни «көп сөйлеме», «үлкеннің алдын кеспе»,
«үлкеннен бұрын ас бастама», «тәкаппар болма» деген сияқты , міне
осы ырымдар өте дұрыс айтылған. Болашақта бала тәрбиесіндеде
қолданарлық керек дүние. Ырым мен тағлымды бір-бірімен байланыстыра
алатынымыз сөзсіз. Сондықтанда болар, өз басым ырымның барлығына
сене бермеймін. Ой елегінен өткізіп, ақ қарасын ажыратып алған
дұрыс деп санаймын.
Кейбір пікірлерге тоқталсақ,
ырым-тыйымдар өмірге әсер етеді екен. Мысалға, «бір нәрсені істеме,
жолың болмайды» десе соған кәміл сенетін жандар да өмірде кездесіп
жатады. Ал ендігі біреулер мүлде басқа пікірде: «ырымға сену
шариғатқа қарсы келумен тең» деген
секілді.
Ырымның менің өміріме қатты
әсері болды немесе өмірімді түбегейлі өзгертті дей алмаймын әрине.
Алайда, тәлімдік тәрбиелік жағынан әсер беретін, адамды
ойландыратындай ырымдар кездескенін жоққа шығармаймын. Жоғарыда
айтып өткендей, сыйластыққа, кішіпейілділікке ұлықтайтын ырымдарды
ұстана білудің еш айыбы жоқ.
Ал сіз қалай ойлайсыз? Ырымның
өмірге айтарлықтай әсері бар ма?
М. Мәметова атындағы
Қызылорда
педагогикалық жоғары
колледжінің
3 курс студенті Махмуд
Аружан
Жетекшісі: Ахунов Бақытжан
Кенжебекұлы