Материалдар / "Ырымдар мен тыйым сөздер"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ырымдар мен тыйым сөздер"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ырымдар мен тыйым сөздер"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2018
1557
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қостанай облысы

Қарасу ауданы

«Шолақаша орта мектебі» ММ



Ата – бабамыздан қалған

ырымдармен тыйым сөздерді жаңғырту








Орындаған:

Шаяхметова Дамелі Бауржанқызы

7- сынып оқушысы




Ғылыми жұмыс жетекшісі:

Шаяхметова Мақпал Оразбековна

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі







DrawObject1 Қарасу, 2017 ж.


МАЗМҰНЫ

Абстракт (аннотация)

I.Кіріспе ..........................................................................................................7

II.Зерттеу бөлімі..............................................................................................8

  1. Ырымдар.

    1. .  Ырымдардың осы кезеңдерде жастардың қызығушылығын арттыру.......................................................................................................8

1.2. Қазақ пен түрік халқының ырымдарындағы ортақтық пен айырмашылықтар.........................................................................................12

1.3. Қонаққа қатысты ырым-тыйымдар....................................................14

2. Ұлттық ырымымыз.

2.1.  Қазақ халқының ырым-тыйымдары....................................................17

2.2 Ырым - тыйым сөздердің мән - мағынасын түсіндіру.............................18
2.3. Табиғатқа қатысты ырымдар................................................................21

3. Ырымдардың қолданылу аясы.

3.1. Отбасында.

Қорытынды...................................................................................................23

Ұсыныс..........................................................................................................25

Пайдаланған әдебиеттер............................................................................26





DrawObject2

Абстракт

Ғылыми жұмыстың мақсаты:

Ел есінен шығып бара жатқан қазақ халқының ырымдарының түрлері мен жоралғыларын тауып, жүйелеп ашып көрсету.  Оқушыларға ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан ырым-тыйымдар жайлы  айтып, заманауи балаларымызға жаңғырту. Ырым сөздерінің мән - мағынасын түсіндіру. Рухани жан дүниесін дамыту.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

Оқушылардың,  достарымның сөйлеу тілінде пайдалануын белсендіруге  және жеке  өмірлік тәжірибесін кеңейтуге  ықпал ететін қазақтың  тіл  шығармашылығының  бірегей  формасы, ырым-тыйым сөздерді зерделеп, мәнін  ашу.

Зерттеу гипотезасы ретінде қазақтың ырымдарының түрлерімен жан-жақты танысып, адам өмірінде алатын орнының зор екендігін анықтау. Әдетте ата-бабаларымыз өмірдің өзінен алынған ырымдар арқылы бала-шағасын кездейсоқ қауіп-қатерден, айтпай келетін алуан түрлі бәле-жаладан қорғап отырған.

Зерттеудің болжамы:

Қазақ ырымдардың тақырыптары мен мағынасын зерделеу  заманауи  адамның  тілінің  мәдениетін, нақтылығын, байлығын   анықтайтындығы  жөніндегі  болжам  алынды.

Зерттеу  объектісі:

Сонау ықылым  заманнан  бізге өзінің тағылымдық мәнін жоғалтпай  жеткен  ырым –тыйым сөздер.

Зерттеу  пәні:

Қазақ  халқының  мәдени  және  әдеби  мұрасы.

Зерттеу  әдістері:

Талдау,  бақылау,   іс-тәжірибеде  қолдану, сауалнама алу. Болашақты болжау, болуға ықтимал қатерден адамды сақтандырып отыратындығы жөнінде баяндалып жазылған газет, журнал, әдебиеттермен танысу. Ырымдардың күнделікті адам өміріндегі пайдасын білу. Яғни адамды белгілі бір қатерден қорғандыру, сақтандыру.

Зерттеудің  жаңалығы:

Зерттеу  жұмысында ырымдар арқылы қазақ  халқының  салттары мен  дәстүрлерінің  ерекшеліктері сараланды.

Жұмыстың нәтижесі  мен  қорытындылар:

Жастарға    тәлім-тәрбие беретін,  ұнамды үлгі қалыптастыратын ырымдарды насихаттау;  ырымдарды  мектеп  өмірінің  барлық  бағыттарына сабақта,  сыныптан тыс  өмірде ,т.б. кеңінен  енгізу  керек  деген  қорытындыға  келдім. Ырым-тыйым жақсылыққа бейімдеп, жамандықтан сақтандырып отырады. Міне, бұл–ырым-тыйымның басты қағидасы. Осыған байланысты арнайы ұйымдастырылған зерттеу жұмыстары барысында қазақ халқының өмірінде ырымдардың алатын орнын, маңыздылығын, оқушыларға күнделікті өмірде пайдалануға үйрету.
















DrawObject4 DrawObject3

   Абстракт

  Цель  исследования - определить путём анализа, общие и частные особенности ментальности казахского народа, закреплённых в метких выражениях;  рассмотреть своеобразие отражения в пословицах и поговорках  важные   черты   национального  характера.

Задачи исследования – изучить  тематику, расскрыть  значение  одной  из  форм казахского языкового  творчества – пословиц  и  поговорок,  которые  будут способствовать   активизации  их  применения  в речи,   расширению  индивидуального  жизненного  опыта школьников,  моих  сверстников. 

Гипотеза  исследования – предположение  о  том,  что  изучение  тематики  и  значения  казахских  пословиц  и  поговорок  определяет  культуру,  выразительность,   богатство   речи   современного  человека.

Объектом  исследования  являются  пословицы  и  поговорки казахского народа,  дошедшие  до  нас  с назапамятных    времен   и  не потярявшие  своеге  познавательного  значения, являющиеся неотъемлемой  частью  казахской  литературы,  а  так  же своеобразие  отражения  в них  культуры  нашего народа.

Предмет  исследования культурное  и  литературное  наследие казахского народа.

Методы  исследования:  анализ,  наблюдение,  практическое  использование

Новизна  исследования – работе анализируются  различные  черты  обычаев  и  традиций  казахского  народа, через пословицы и поговорки.  

Результаты  работы  и выводы – популяризация тех пословиц и поговорок, которые отражают положительные примеры воспитания, создающие положительный идеал;  внедрение таких пословичных выражений во все  сферы   школьной   жизни уроки,  внеклассные  мероприятия.  т.д .

Область  практического  использования – практические  занятия  в школе при преподавании школьных  предметов,  и  не  только  казахского  языка  и  литературы;   применение   в   речи   молодежи.

 DrawObject5                                                

 DrawObject6  Abstract

          The  aim  of  research  work is to define  with  analysis,  general and  private especially  of  kazakh  people,  which are  fixed  to  point expressions:  to  consider  special  reflection  into superstitions   important features  of  national  characteristics.

     The  tasks of  the research is  to  study  topic,  to  open  the  meaning  one  of  the forms of  kazakh  language,  creation  of superstitions  which  will promote  their increased   use in  speech,  extension  оf  personal  experience  life  of pupils,  my classmates.

  Hypothesis of research is  the  assumptions that  studying the topic  and meaning of   kazakh  superstitions to define the culture,  expression  wealth  of  speech  of modern man.

   The  object  of research  are superstitions of  kazakh people which  came  from  lost  times  and  doesn’t  lose own  important  meaning  which  is  main part  of  kazakh  literature  and  also  reflection  in their  culture  of air  people.

The subject  research  is  cultural  and  literary legacy of  kazakh  people.

The methods  of  research  is  analysis ,  observation,  practical   using.

The new  one  of research:  there  are different features  of customs  and  traditions  of  kazakh  people  through superstitions in  work.

The  results  of  work  and  conclusions  is popularizations  those superstitions which reflect  good examples  in  bringing up,  maxing  good ideal.

The  region  of  practical  using is  practical  lessons  in  school  in  teaching  school subjects  not  only  Kazakh  language  and  literature;  using  in  speech it young people.

DrawObject7

I. Кіріспе  бөлім

Ырым мен тыйым сөздер бір - бірімен сабақтас, өзектес болады. Халық ұғымындағы ырым ұрпаққа өнегесі, шапағаты тиетін, ізгі қасиеттер жұғысты болса екен деп қолданылатын ғұрыптың түрі. Ол негізінде жақсы ниет пен көңілге медеу, тілекке сүйеніш табу үшін қолданылады. Киелі, қасиетті ерекше бір рухтан сол арқылы медет тілейді. Ал кей әрекеттерден жамандық шақырады деп ырымдап, тыйым салады. Осы жерден біз осы екі ұғымның өзара байланысты қанаттас жүретінін аңғарамыз. Осы айтқанымыз сенімді болуы үшін мына мысалдарға назар аударыңыз: бүйіріңді таянба; үйге, ауылға қарай жүгірме; таңдайыңды қақпа; тізеңді құшақтама. Осы сөздерден жамандық шақырады деп ырымдап, тыйым салған.

Ата салт - дәстүріміз, рухани байлық, әдепті болып өсуге, ырым деп ізеттілікке тәрбиелеу халық қазыналарының бірі. Әр айтылған ырым мен тыйым сөздердің астарында мән жатады. Үлкендерден естіп жүрген осы өсиетті сөздерді естіп өскен әр қазақ баласы әдепті, инабатты болып өсері сөзсіз. Ырымдар мен тыйым сөздер балалардың бойында кездесіп қалатын ұнамсыз қылықтарды дер кезінде түзетіп отыруға, одан арылуға, дұрыс жолға түсуіне көмектеседі.
Әжемнен естіп жүрген өсиетті сөз ырымдарды жинақтап, құлағыма құйып, бойыма сіңіре өсіп келемін.
II тарау. Зерттеу  бөлімі

  1. Ырымдар.

 1.1 .  Ырымдардың осы кезеңдерде жастардың қызығушылығын арттыру.

Ата – бабамыздан қалған ырымдарды заманауи балаларымызға жаңғыртып, болашақ ұрпағымыздың сана – сезімдерінде, ой – өрістерінде қалу үшін заман талабына сай қызықтыру жолымен жаңғыртуға болады деп ойлаймын, заманауи балаларымызға жаңғырту. Электронды заман болғандықтан жастарымыз кітап, журнал, газеттерге көп көңіл бөле бермейтіні айдан анық. Сондықтан да жастарымызды ата – бабамыздан қалған ырымдар мұраларын ары қарай жалғастыру үшін осы заманымызға байланысты қызықтыра білуіміз қажет. Әрине электронды заман болғандықтан кез келген оқушы ғаламторда отырады. Мысалға тоқтала кететін болсақ, ғаламторды ашқан кезінде тиісті бір мәліметін код ретінде ырымдардың жалғасын табу арқылы өзінің қалаған бетін ашып барып жұмысын бастаса деймін. Міне, осы кезінде ғана менің ойымша бала ырымдардың басын оқып, жалғасын табу арқылы есінде сақтап қалады деймін. Сондай – ақ басқа да жолдарына тоқтала кетсек, қарапайым математика дәптерін алайық сол дәптердің артына санға байланысты түрлі ырымдарды жазуға болады. Мысалға «Үйге немесе мекемеге қандай да бір шаруаңның оңынан орындалу үшін, кірер есігіңе оң аяқпен кіру», «7 санын алатын болсақ өте киелі сан деп жатады» айдың 7 жұлдызы немесе 7 жасында мұсылмандар жеңіл болсын, тез жазылып кетсін деп 7 жасында сүндетке отырғызған. т.б. Ал тор көз дәптерге жалпы түрлі мақал – мәтелдер жазып жаңғыртып отыруға болады. Сонымен бірге сурет дәптерге, карандаштың қорабына, жылдық күнтізбеге, ашық хаттарға, сыйлық кәделерге, қоржынға, футболкаларға, ыдыс – аяқтарға жазып ата – бабмыздан қалған ырымдарды ары қарай заманнан заманға жалғастыруға болады деп ойлаймын.

Әр адамның өзінің ырымдары болады. Мысалы мен бала болсам да ырымдарға өте көп сенемін. Өйткені ата – бабаларымыздан қалған наным – сенімдер осы ырымдар деп айта аламын.

Ата – бабамыздан жалғасып келе жатқан ырым-тыйымдар бар. Жастар үшін көпшілігі негізсіз болып көрінгенмен, көпшілігі тәрбиелік мақсатта, бозбалалар мен бойжеткендерді жаман қасиеттерден аулақтатып, ізгілік, мейірбандық, қайырымдылық сияқты адамгершілік қасиеттерге бет бұрғызу үшін айтылып, ғасырлардан жалғасып келе жатыр.

Тілімізде жиі қолданылатын осы сөздің өзінде мән-мағына жатыр. Қалжаны кей өңірлерде қыздың төркіні де әкеп жатады, бірақ қалжа негізінен, келіншектің күйеуінің мойнындағы міндет-парызы болып есептеледі... 
Олардың ұмытылып, жойылып кетпегенінің сыры да осы өміршеңдігі мен ақиқат екендігінде болса керек. Төменде мен солардың бірнешеуінен мысал келтірмекпін.

Қазақ тұзды бекер босқа себепсіз шашпайды. Себебі барлық тағамның дәмін келтіріп тұрған – тұз. Сондықтан тұз жерге себепсіз төгілсе ырыс қашады, сол үйден ас қашады деген түсінік бар. Сондай-ақ сол тұз еріп жоғалғанша тұзды рәсуа еткен адам тұздай ащы тірлік кешеді деген сенім де бар.

Бас киімді жерге тастай салуға болмайды. Бас киімнің орны биікте. Бұлай етпеген жағдайда бастан бақ қашады, бас ауруы жабысуы да мүмкін. Адам баласы үшін ақылынан қадірлі ештеңе жоқ.

«Босағаны керме», бұл – қазақ ұғымында әйел мен ер адам үйдің қос босағасы секілді, оны керу – екеуінің арасын суыту, ажырату деп білген. Сондай-ақ бұрындары жаманат хабар алып келген адам ғана есікті керіп тұрып, хабарды жеткізетін болған. Тағы бір ерекшелігі, мұндай хабар әкелген адам үйге кірмей, тізе бүкпей кетеді.

Халқымыздың әдет - ырымдары - салауатты өмір салтының бастауы.

Саулықтың салауаты да, сауабы да денсаулықта екен. Дені сау әке-шешеден, дені сау ұрпақтың өмірге келетінін ата-бабаларымыз ерте кезден-ақ білген. Бізге жеткен тарихи деректерге сүйенсек  1465-1475  жылдары хандық құрған Әз-Жәнібек хан, сол кезде хан сарайында емшілік қызмет атқарған шипагер, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлынан, қазақтың денсаулығын қалай сақтаймыз дегенде төмендегідей жауаптар алған:

«Жеті атаға дейін қыз алысуға болмайды».

Себебі бұл  шарт бұзылған жағдайда өмірге  кемтар ұрпақтың  дүниеге келетінін, ата-бабаларымыз білген. Сол себепті «жеті өзеннен» өтіп, «жеті атаға» жетіп, қыз алысу шартын бабаларымыз қатаң сақтаған. Бұл шарт бұзылған жағдайда ауыр жазалар қолданған.

«Қазақ тұзды қалай болса солай шашпайды».

Себебі барлық тағамның қасиетін, дәмін келтіріп сақтайтын тұз екені белгілі. Осы орайда «ет бұзылса тұз себеді, тұз бұзылса не себеді» деген нақыл сөз осыдан  қалған.Тұз- берекенің белгісі,шашылған жағдайда береке қашады деп ырымдаған.Осылайша ысырапшылдықтың алдын алған.

«Таңертеңгі асты тастама».Таңертеңгі асты тастамай, көңілді  отырып ішсе адамның көңілі көтеріңкі болып, сол күнгі жұмыс алға басады деп есептелген. Қазіргі заманғы дәрігерлік есептеулер бойынша бір күндік тамақтың 30 пайызы таңертең ішілген жағдайда адам денсаулығына пайдалы екендігі дәлелденген. Мысалы таңертең дұрыс тамақтанбаған адамдардың көпшілігі асқазан, өт құрылысы жолдарының науқастарымен жиі ауыратыны нақтыланған жағдай.

«Нәрестенің еңбегін баспайды».Мұндай жағдайда сәбидің миына зақым келіп, өскенде ақыл-ойы төмендеп кетуі мүмкін деп есептелген.Мидың жоғарғы бөлігі тірек қимыл-қозғалысқа жауап беретіндігін бәріміз білеміз.

«Дастархан басында тамақтанып отырғанда сырттан сәлем беріп кірген кісінің қолын алмайды.Бас изеп «асқа кел» деп шақырады.Жуылмаған қолдан әр-түрлі жұқпалы ішек ауруларының жұғып кету қаупі өте зор. Сол себепті де  келген адамның дастархан жағалай отырған қонақтарға қол беріп амандасуы шарт емес.

«Қазақ баласы  бастау басына, бұлақтың қасына дәретке отырмайды».

Тазаны арамдасаң-арың кірленеді, абыройың төгіледі, ит қылықты болдың деп ырымдайды.

«Қазақ күнге, Айға қарап тұрып, құбыла жаққа,батысқа қарап түзге отырмайды».

Бұлай істеу күнә, аруақ-рух шамданады деп есептейді.

Осы орайда дәрігерлік зерттеулер жүйке науқастарының, көтеріліп ауыратын науқастардың асқыну кезеңі « ай жаңаруымен» байланысты екендігін, қан қысымы, жүрек-қан тамыры    науқастарының асқынуын, күннің магниттік өрісінің  белсенділігінің өсуімен дәлелдеп отыр.

«Түнде беті ашық қалған асты таңертең жемейді».

Себебі уақыты асқан тамақтардан: атап айтқанда салаттан, түрлі торт, кремдерден уланып қалу қаупі өте зор.Бұлай деу себебі,салақтықтың алдын алып,тазалыққа тәрбиелеу.

«Қазақта қыздардың кіндігін көрсетіп жүруін жаман балайды»

«Табақпен ас келгенде өзінің алдынан ғана алуға тиіс».

Басқалардың алдына қол созу әдепсіздік деп есептелінеді.

«Асты, шайды өте ыстық күйінде ішуге болмайды».

Ыстық тамақтар асқазанға дерт болып жабысады деп есептеген. Ғылыми зерттеулер бойынша асқазан, өңеш обырларының (рак ауруының) пайда болуына өте ыстық ішкен тамақтар себепші  болатыны нақты дәлелденген жағдай.

«Айт күні ренжуге болмайды».

Жайраң қағып, жылы шыраймен, мерейі тасыған көңіл күйде жүреді. Бұл күні ренжісу, біреудің көңілін қалдыру, ғайбат сөз айту мәдениетсіздік, рухани аурудың белгісі деп есептелінеді.

 Үйге қарай жүгірмейді. Себебі мұндай әрекет жамандық шақырады. Адам баласы тек қаралы хабарды естірткенде немесе мәйітті жерлеп қайтқан кезде ғана үйге қарай жүгіреді. Қазақтың салтында суыт хабар айтуға келген адам ғана ауылға шауып келеді.

 Екі бүйірді таянуға да болмайды. Себебі қазақтың салты бойынша жақынынан айырылған адам ғана қос қолын беліне таянып, өмірден озған туған-туысын жоқтайтын болған. Сонда, үлкендер балаларына беліңді таянба деп айтқан кезде «әулетке қандай да бір нәубет келмесін» деп ойлайды.

Жиі еститін тыйым сөздің бірі - «тізеңді құшақтама» деген сөз. Қазақта «қу тізесін құшақтап қалды» деген сөз бар. Бұл да – сол, барлығынан, әсіресе, перзентінен айырылып, қу тізесінен басқа сүйенер ешкімі қалмаған адамға қатысты айтылған.

«Жағыңды таянба». Неге? Жақты таяну, біріншіден, көрер көзге сүйкімді емес, өрескел көрінеді. Екіншіден, басына қам-қайғы түскен, өмірдің соққысын көріп, басы ойға толып ауырлап, басын көтеруге шамасы келмей қалған адам ғана жағын таянады. Бұл тыйым «осындай халге жетпесін», «мұндай қасіретті басына бермесін» деген ізгі ниеттен туған.

1.2. Қазақ пен түрік халқының ырымдарындағы ортақтық пен айырмашылықтар.

Қазақ ырымшыл,сенгіш халықпыз. Қарап отырсам, ырымшылдық жалғыз бізге тән емес, түрік халқының қанында да бар қасиет көрінеді. Кейде тіпті бұл түрік, қазақ қана емес, жалпы адамзат баласына тән бе деп те ойлаймын. Өйткені қара мысықтың жолды кесіп өткенін сәтсіздік санайтындар жер жүзінде жетіп жатыр. Немесе қытайлардың он үш пе еді, әлгі бір саннан шошитыны. Алты санын сайтаннан деп нанатындар… т.б.

Бірақ мен әрі қарай түрік пен қазақ ырымдарындағы айырмашылық пен ортақтықты сөз ететін боламын.

Түрік халқы да дәл біз секілді өліге құрметпен қарап, олар жатқан мекенді киелі санайды. Сол себепті мазарға қатысты ырымдары көп кездеседі. Мәселен, бейіттің басындағы ағашты кескен адам қайғыға душар болады деп сенеді. Сондай-ақ бейітті сұқ саусағымен көрсеткен адамның бармақтары кесіледі-міс. Бұл тыйым бізде де бар. Әжелеріміз сұқ саусағыңмен бейітті көрсетуге болмайды дегенде біз «неге болмайды?»деп қарсылықты сауал жөнелтеміз ғой. Бірақ сол «неге болмайдымызға» әр ырымда «жаман болады» деген жауап аламыз. Жауапқа қанағаттанбасақ та жамандық келетінінен қорқып, ырымды екі еткізбеуге тырысамыз.

Жолға шыққанда алдымыздан қоян кездессе біз жолымыз болады екен деп басымыздағы бөркімізді аспанға атып қуанамыз, ал түрік халқы керісінше жолымыз болмайды деп қайтып келеді екен.

Сондай-ақ түрік халқында түн, қараңғылыққа қатысты ырымдар көптеп кездеседі. Түнде тырнақ алма. Бұл бізде де бар. Бірақ бұл ырымнан гөрі әдеп, денсаулық тұрғысынан жасалған тыю секілді көрінеді маған. Ертеде түнде жарық жоқ-тын. Киіз үйде немесе бір, әрі кетсе екі бөлмелі баспанада тұратын бабаларымыздың аяқ-табағы жатар орнынан алыс емес еді. Тырнақтың байқаусызда табаққа түсіп кетуі ықтимал. Осы себепті тыйым салған секілді. Осылайша тазалыққа тәрбиелеген деп ойлаймын.

Сол секілді нанның күйгенін жесең, бай боласың, нанның үгіндісін жесең, бақытты боласың деп сенетіндер бар.Әрине жақсыға сенген дұрыс,

байыса байитын да шығар. Бұл ас атасын ысырап, әрі аяқ асты етпес үшін айтылған сөз бе деймін. Жоғарыдағы бидай төксең, өгіз сүзеді деген де осындайдың мысалы.Мұның бәрі үнемшілдікке тәрбиелейді.

Сондай-ақ, түнде сағыз шайнау- өлінің етін жеу, түнде тігіс тігу–өлінің етін тігу деген секілді ырымдары бар. Бұлар да жоғарыда айтқандай қараңғы жерде болуы ықтимал төтенше жағдайдың алдын алу секілді. Өйткені, қараңғыда киім тіккеннің қолына ине кіріп кетуі мүмкін, т.б.

Ырымға сену –Аллаға серік қосу деп қанша жерден туласа да қазақ ырымшылдығын қойып кете алмайды. Соңғы кезде ырымдар да заманына қарай жаңара бастады.Біреулер: «Ақшаң көп болсын десең, оны айнаның алдына қойып қой» десе, енді бірі: «Сен ақшаға қалай қарасаң, ақша саған солай қарайды. Ақшаны әмиянға ұмар-жұмар қып тыға салмай, бүктеуін жазып, ұқыптап сал» дейді. Тағы біріне ақша берсем, қолға бермейді, жерге қойып бер дейді...Ал осының бәріне сену адамның өз ықтиярында.

1.3. Қонаққа қатысты ырым-тыйымдар

Үйге кіріп келе жатқан қонақ абайсызда сүрініп кетсе, үй иесі марқайған түрмен төрінен сыйлы орын ұсынады. Мұның  түп төркіні «үйге күтпеген жерден байлық келеді, бақ дариды» деген ырымды білдіреді.
Қонақ болып барған үйінде қызды төрге отырғызады. Себебі, «қызда қырық шырақты бақыт бар» деп білетін халқымыз, «сол бақыттың жұғыны қыз отырған төрде қалады» деп ырымдайды. «Қызда қырық періште бар» деген наныммен де қызды төрге шығарады. Өйткені, сол періштелер қонақ күтуші үйге қонады. Сондай-ақ «қызда оттай ыстық мейір бар, қыз қонақ боп барған үйінде төрде отырса -бойындағы мейірі сол отбасына сіңеді» деген ырымды кез келген қазақтың біле жүргені жөн.

«Қызда қырық қырсық та бар» деген халық сөзін естіп пе едіңіз?  Ендеше, қыз қонаққа барған үйінде бойындағы қырсық сол үйде қалады-мыс. «Қызда мұздай суық ызғар да бар». Яғни, қыз қонаққа барғанда, сол шаңырақты есік жағынан орын алса, сол үйді ызғар шалады екен. «Қызда қырық сайтан да бар» деген ырыммен қонақ күтуші үй иелері қызды есік жаққа отырғызбайды. Әйтпесе, сайтандар сол үйде қалатын көрінеді.Халқымыз қыз баланы сыйлап,ерекше құрметтеген.Мұның астарында қыз балаға деген құрмет жатыр деп ойлаймын.

Жолаушылап келе жатқан адам бір үйге сусын ішуге түсетін болса, сол үйдің есігіне тура беттеп келіп, аттан түспейді. Үй иесі сыртқа шыққанда, амандық-саулық сұрасқан оң, атының оң жағынан түседі және үйді айналмайды. Өйткені, жау адамдар бөгде үйдің жай-күйіне қарамайды, баса-көктеп кіреді және өлімнің суық хабарын естірткелі келген адам да күй таңдамастан бірден үйге кіреді. Сол себепті, бұл «жолаушының жүрісі жаман ырымға ұқсамасын» деген мағынаны білдіреді. Дос-жаран, ағайын-туыстар да оң тілеумен үйдің оң жағынан келіп, үйге оң аяқпен кіреді.
Қыдырып, қонаққа келген жас баланы үйден құр қол қайтармайды. Бұл –«сәбидің меселі қайтпасын, көңілі қалмасын, жүрегі суымасын, келер бақытының беті қайтпасын, үйде оттай ыстық ықыласы қалсын» деген ырымнан туған ежелгі салт. Егер сәби үй иелерінен суық рай көріп, кейіген кейіппен қайтса, «бұл шаңырақтан – бақ, төрден – бақыт, дәннен – ырыс кетеді» деп ырымдалады.
Үйде отырған қонақты саусақпен санамайды. Малды, қолға түскен тұтқындарды ғана саусақты шошайтып санайды.
Үлкен тойда, аста немесе салтанатты мерекелерде  сыйлы қонаққа көк қасқа тай, ақ сары бас қой, аттан түйе, дөнен өгіз сойылады. «Сонда барлық тілек қабыл болып, зор бақыт қонады» деп ырымдайды.
Дастархан қос қабатталған болса, қонақ келгенде оның тұйық жағын төрге қаратып, оң бетін келтіріп жаяды. Бұл «дастархан оң болмай, ісіңде жол болмайды» дегенді білдіреді.

Қонақ келгенде есікті үй иесінің өзі ашады. Ал қонақ шығарда, есікті қонақ өзі ашып шығады. «Қонақ үйге келгенде-құт бірге кіреді, қонақ кетерде үй иесі есік ашып берсе, құт та әлгі кісімен бірге  ілесіп кетеді» деп ырымдалады.
Қонақтың пышағы немесе бәкісі дастарханмен бірге жиналып кетсе, қайтарып берілмейді. Қонақ ет тураған соң, пышағын өзі сүртіп, қынына салып алуы керек. Егер дастарханмен бірге жиналып кетсе, пышағын сұрамайды. Сұраса, «қырық пышақ боп өштеседі» деп жориды.
Қазақта кетік, сынық ыдыспен қонаққа ас бермейді. «Ыдыстың кетігінен шайтан қосарлана ас ішеді, қонақ қорланады, қонақтың жебеуші иесі шамданып, кәрін төгеді» деп ырымдайды.
Қонақты сыйламас бұрын үй қожасының өзі астан ауыз тиюі керек. Бұл ырым арқылы астың адалдығы, үй иесінің қонақжайлығы танылады.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Мұқанов С. Халық мұрасы. Қазақстан, 1974ж.

  2. Қазақ әдебиеті. 2006ж.№47

  3. Жалын /журнал/ 2008ж.№5

  4. Кенжеахметұлы С. Жеті қазына. Алматы, 2000ж

  5. Қазақстан мектебі. 2008ж.№3

  6. Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматыкітап, 2007ж.

  7. Қазақстан тарихы /әдістемелік журнал/ 2004ж.№8

  8. «Түс жору түрлері және қазақтың ырымдары» /кітапша/ Алматы, 2001ж.

  9. Күнқожаев Н. Адам және қоғам. Мектеп, 2003ж.


2


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!