Заман талабы- ұстаздың беделі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Заман талабы- ұстаздың беделі

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ұстаз талантты болса,шәкірті талапты болады»,- болады деген халық даналығы. Олай болса бүгінгі заман талабына сай шәкірт даярлау, ол- әрбіріміздің борышымыз, міндетіміз. «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі»- деп К.Д.Ушинский айтып өткендей білімді, тәжірибелі, оқытуда жан-жақты меңгерту бейімділігі бар , құндылықты бейнелейтін ұлы тұлға- ол ұстаз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы, Кентау қаласы

Кентау көпсалалы колледжінің

информатика пәнінің оқытушысы

Ботабекова Асия Ердебековна



Заман талабы- ұстаздың беделі


«Ұстаз талантты болса,шәкірті талапты болады»,- болады деген халық даналығы. Олай болса бүгінгі заман талабына сай шәкірт даярлау, ол- әрбіріміздің борышымыз, міндетіміз. «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі»- деп К.Д.Ушинский айтып өткендей білімді, тәжірибелі, оқытуда жан-жақты меңгерту бейімділігі бар , құндылықты бейнелейтін ұлы тұлға- ол ұстаз. Осы орайда педагог кадрлардың біліктілігін арттыру оқыту сапасын жақсарту болып табылады. Педагог – тиісті кәсіби қызмет шеңберінде жұмыстарды орындау үшін қажет кәсіби білім, іскерлік, дағды және жұмыс тәжірибесімен бөлісе алатын қоғамда өз орны бар тұлға. Абай атамыз айтқандай , «Адамның адамшылдығы… жақсы ұстаздан болады» демекші ұстаз бойынан білімді іргелі де жүйелі білім, кәсіби іскерлік пен дағды, шығармашылық белсенділік пен еркіндік, мәдени ойлай білу қабілеттерін көреміз. Жаңа оқыту технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық және ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу білім беру жүйесін одан әрі дамытуда жаңа тұрпатты ұстаздың шығармашыл ізденісте, білімді, кәсіби білікті болуын міндеттейді. Кез –келген заманауи ұстаз өз шәкіртіне бағдарлы білім беретін, білім алушылармен кері байланысты ұйымдастыра білетін, өзінің ұстаздық іс-тәжірибесін сыни бағалайтын және білім беру жүйесінде шығармашылықпен жұмыс істейтін, арнайы білім, білік, дағдыларды меңгеру нәтижесінде инновациялық білікті ұстаз ретінде қалыптасуы тиіс. «Шәкіртсіз ұстаз – тұл» өте орынды айтылған , өйткені ұстаздың еңбегі ,мәуелі ағаштың жемісіндей ол- шәкірті . К.Д.Ушинскийдің «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деп атап көрсеткендей біліктілікті жетілдіру үдерісін бүгінгі күн талабына сай жаңаша ұйымдастыру бұл ұстаздар үшін өте маңызды. Міне, сол үшінде әрдайым барлық уақытта ұстаз өз білімін шыңдауы қажет, білім қоғамның алға жылжуымен бірге келе жатқан басты құндылықтардың бірі. Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. Бүгіннен немесе кешеден ғана ұлы мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп келе жатқан жоқ, ұстаздықтың шоқтығы биік тұрғанын мойындауымыз қажет.

Осы орайда айта кететін болсақ «Талап» БАҰО және «Өрлеу» БАҰО барлық Қазақстан Республикасы білім мазмұнын жаңарту аясында педагог кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы» бойынша курстар жүргізіп жатыр.

Курстың мақсаты – ұстаздардың педагогикалық шеберлігін дамыту және критериалды бағалау жүйесін енгізу білім алушылардың коммуникативтік іс-әрекетін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған болып саналады. Бұл курстарда тыңдаушылар оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын, оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолдану жолдарын, критериалды бағалау жүйесін енгізу және графикалық органайзерлердің мүмкіндіктерін және көптеген мәселелерді қарастыра алады және осы курстарда шеберлігін үлкен шабытпен дамытып, де алған білім, білік, дағдыларын болашақта өздерінің сабақтарында қолдануды үйренеді. Әрине бұндай курстар жиі болса, нұр үстіне нұр болар еді. Ұстаздың заман талабына сай шәкірт дайындауы үшін білікті маман, біліммен жан-жақты қаруланған, ой көкжиегі биік ұлы тұлға болуы қажет. Баланы білім биігіне ұмтылдыру, ұстаздан алған білімді өмірде тиімді қолдана білуге үйрету, білімге деген қызығушылығын ояту ұстаз қауымының басты міндеті болып саналады.

Ұстаз деген сөзді, ұстаз деген мамандықты мен ең қадірлі де қасиетті кәсіп деп есептейміз. Олай айтатын себебім, Кез-келген ұстаз шәкіртін  адалдыққа, өмірлік азық боларлық пайдалы білім мен жанына ізгіліктің нәрін береді. Бір сөзбен айтқанда, ұстаз – бүгінгі қоғамды алға сүйрейтін озық ойлы адамның тәрбиешісі, өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялаушы жан.«Ғылымды күшті меңгерген және оны сүйетін мұғалім ғана өз шәкірттерінің бәріне жемісті ықпал жасайтын болады» ,- дегендей ұстаз да өз кезегінде осы міндетті жан жүрегімен сезініп, қоғам жанашыры болуы керек. Жас келең ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Тәуелсіз еліміздің даңқын шығаратын төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артыратын , әлемге атымызды танытатын -жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуіміз қажет. Жарқын болашаққа бастар жол- ол ұстаз. Олай болса, болашағы жарқын өміріміздің аса бағалы иелері, еліміздің ертеңі, жас өркендерімізді жаңа заманға сай жігерлі де намысты ұлдарымызды, инабатты да ибалы қыздарымызды білім нәрімен сусындатып , қазақ ұлтының мәртебесін асқақтатуға өз үлесімізді қосайық!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.10.2021
598
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі