жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Заман талабына сай іс тəсілдер
Таджибаева Г.Б.
БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы
№6 мектеп –лицей, ағылшын тілі пәні мұғалімі.
Қазіргі замандағы қашықтық оқыту
Аннотация: Мақала мұғалімнің заман талабына сай педагогикалық шеберлігін қашықтықтан оқытудағы тиімді әдістерін, оны оқу орындарында, білім беру мекемелерінде қолдануға арналған. Мұғалімнің кәсіби шеберлігінің мәні ашылды.
Түйінді сөздер: кәсіби; заман талабына сай педагогикалық шеберлік; тиімді әдістер
2019 жылдан бері әлемді дүр сілкіндірген «COVID-19» індеті бар жұртшылықты әбігерге салғаны бәрімізге де мәлім. Дерттің жаппай жайылып кету қаупінің алдын алу мақсатында түрлі шаралар жасалды. Осыған орай барлық білім беру мекемелері қашықтықтан оқыту жүйесіне ауыстырылды
Қашықтықтан оқыту туралы әдістемелердің жоқтың қасы болғандықтан, алғашында мұғалімдер де, ата-аналар да қалай боларын білмей, қобалжып қалғандары рас. Жұмыс барысында көптеген ізденістер арқылы ғана жетістікке жету мүмкін. «Оқу – инемен құдық қазғандай» деген аталы сөз бар халқымызда. Сол оқуды балаларға үйрету, оның үстіне қашықтықтан оқыту - үлкен мәселе.
Қашықтықтан оқыту барысында әр ұстаз өз шеберліктерін, білім берудегі тиімді әдістерді пайдаланғаны анық. Балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру барысындағы әдісімді өзгелермен бөлісуді мақсат еттім. Қашықтықтан оқытудың пайдалы жағы бала ата-анасымен көбірек бірге болып, сабақ дайындау барысы біраз қиындық тудырса да, ата-аналар балаларының қабылдау қабілеттерінің қай дәрәежеде екенін, өздерімен бірге сабақ дайындау үстінде терең түсінеді, әрі ата-ана мен балалардың қарым-қатынасы жақындай түседі. Өз баласының басқа қырларын (мысалы, есейіп қалғанын, мінезінің өзгергенін) көреді де, тәрбие жұмысымен айналысуға көбірек көңіл бөле бастайды. Ең бастысы бала ата-аналарының бауырында, бар болмысымен көз алдарында болады. Оқушыда да ата-аналарының алдындағы перзенттік борышын ескере отырып өзінің сабақты игеру барысындағы жауапкершілігін өзгеше түсініп, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланудың іргетасы қаланады. Барлық жаңа бастаманың жақсы жағы мен кемшілік жақтары болып отыратыны белгілі. Жақсы жақтарын жете меңгеріп, оны қолдана біліп, кемшіліктерді жеңу жолында талмай жұмыс істегенде ғана қашықтықтан оқытудың сапасын арттыру мүмкіндігі туары сөзсіз. Тиімді жақтары болып жатса, мүмкін келешекте тек қашықтықтан оқытатын арнаулы мектептер ашылу мәселесі қолға алынатын күн туар.
«Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым» деп Әбу Насыр Әл-Фараби IX ғасырда айтып тамаша баға берген болатын. Заман қарқындап зымырауда, технология ғасыры туып, өз талабына сай көптеген жаңалықтар ашылып отыр. Қай ғасырда болса да, білімділердің еңбегі еленіп, өз орнын тауып, жаңалықтың жаршысы бола білгендігін ешкім де жоққа шығара алмайды. XXI ғасырда технология мен коммуникация қарқынды даму салдарынан кез-келген мамандық иесі өз кәсібіне байланысты технологиялық білімін жетілдіріп отыруы тиіс.
Қашықтықтан оқыту - электрондық және телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану арқылы ұйымдастырылған оқыту процесі. Әрине қарапайым халыққа тосын, жаңа ұғым болып, күнделікті жаңарып отырған технологияларды меңгеріп кету алғашында ата-аналар мен оқушылырға қиындық туғызды. Барлық орта білім беру орындары еліміздегі Республикалық Білім беру мекемелерінің көмегімен өз оқушыларын керекті құрал - жабдықтармен қамтамасыз етіп, білім алушыладың қиындық туғызған мәселелері бірте-бірте шешімін табу үстінде.
Қашықтықтан оқыту негізінен баланың жеке оқуын талап етеді. Ал баланың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, талпына оқуын қамтамасыз етудегі басты тұлға - мұғалім. Өзінің әр сабағын қызықты да түсінікті өткізген әрбір мұғалім қашықтықтан оқыту барысында да оң нәтижелерге қол жеткізері анық. «Фантазия білімнен маңыздырақ...» деп Альберт Энштейн айтпақшы, мұғалім әрбір сабағын тақырыбына сай өз фантазиясын қоса отырып балаларды қызықтыра түссе, сабағы әрі түсінікті, әрі сапалы өтуі айдан анық.
Сандық технология қарқындап дамып жатқан керемет кезеңде, интернет желісін пайдалану күнделікті дағдыға айналған заманда, сол интернет желілерін қолдану арқылы сабақты ұнамды етіп, балалардың назарын аудара отырып, оқушының білімін арттыра түсуге көптеген қолайлылықтар бар.
Қашықтықтан оқыту кезіндегі 7-сынып оқушыларына«Reading for pleasure» бөлімінде Джейн Остиннің жазған романы, «Эмма» тақырыбы бойынша өз сабағымда қолданған әдіс-тәсілдеріммен бөліссем:
-
«Learningapp» Бұл тақырыпты ашу үшін,
берілген тапсырмада балалар шығарманың авторы мен олардың
жұмыстарын сәйкестендіруі керек. Балаларға жан-жақты білім беру
мақсаты көзделеді. Олар әрі шет ел жазушылары туралы, әрі өз
еліміздің жазушыларын, олардың шығармаларын қаншалықты деңгейде
білетінін тексеріп, оны ағылшын тілінде жеткізіп, әрі шығарманың
қай тақырыпты қамтығанын, көтерген мәселесін ауызша сұрақ-жауап
арқылы талқылауға болады.

Балалар тапсырманы түсінгеннен кейін шығармалар мен жазушыларды тапқан соң, оларды сәйкестендіре отырып тапсырманы орындай бастай- ды, жауаптар дұрыс болғанда ғана, торкөздер яғни пазлдар ашылады.
Соңында, өтілетін сабақ
тақырыбы, балалардың көз алдында көрнекі түрде айқындалып,
тақырыптың мақсаты терең түрде түсінікті
болады.
-
«Quizizz»
Бұл тапсырмада оқушыларға ссылка жіберіледі. Оқушылар берілген сұрақтарға жарыса отырып, дұрыс жауапты таңдап белгілейді. Интернет желісінің көмегімен қай сұрақтарға дұрыс жауап, немесе қате жауап бергенін көріп, өз қатесімен өзі жұмыс жүргізеді.
Жарыс түрінде болған сабақ балаларды қызықтыратыны баршаға аян.
Сайыстың аты сайыс.
Жеңімпаздарды марапаттау сәті туып, яғни, көбірек дұрыс жауап
берген оқушыларға жүлделі орындар беріледі. Оқушылардың білім
дәрежесі бағаланады.
Қашықтықтан оқу болғандықтан сабақ барысында ойын әдістерін көбірек қолдану өз пайдасын берері анық.
Біріншіден, ойын - баланың сабаққа деген ынтасын арттырады.
Екіншіден, бала ойынға қатыса отырып, қажетті білімді меңгереді. Үшіншіден, байқампаздығы, сақтығы арта отырып, келесі сабаққа ынталана кіріседі.
-
«Wordwall» Бұл әдіс балалар үшін өте қолайлы. Әр сұраққа жауап беру барысында оқушыларда үш мүмкіндік бар. Яғни, «х2 Score» - арқылы балалар өз ұпайларын 2 есеге көбейте алады. 50:50 - мүмкіндігі жауаптағы қате нұсқаларын алып тастайды, «Extra Time» - қосымша уақыт алуға мүмкіндік
Уақыт
мүмкіндіктер
Жауап нұсқалары
-
«Kahoot» Оқушылар қолындағы телефоны арқылы экрандағы кодты теріп, өз аттарын жазып ойынға кіреді. Экрандағы көрініс.
Ж
ауап берген оқушы саны
С
ұрақ
Уақыт
Жауап
варианттары
Ойынға қосылу
коды
Оқушылар телефон экранындағы қызыл, көк, сары, жасыл тетіктерді басу арқылы сұрақтарға жауап береді.

Ұпай санына қарай оқушылар музыкамен марапатталып, орындар беріледі.

Ал мұғалімдерге тағы да бір тиімды жолы «kahoot» ойынының соңында оқушылар смайлик арқылы кері байланыс орнатып, сабаққа өз бағаларын береді. Бұл баланың байқампаздығын арттырып, сергектігін оятады. Сергек адам көп нәрсеге қол жеткізеді. Ал байқампаз адам болса, өз жұмысын тиянақты орындайтын жақсы маман бола алады. Қазіргі заман талабының өзі сол емес пе? Келешек - жастардың қолында. Мектеп - сол келешектің іргетасын қалайтын мекеме. Іргетастың мықты болуы үшін білімді азаматтар дайындау, қымбатты оқытушылар, Сіз бен Біз аянбай ізденіп, еңбек етуге тиіспіз.
Қорыта келегенде, әр сабақ сайын балаларды заман талабына сай біліммен қаруландыру барысында оқытушы көп ізденуі, жаңа технологияны молынан пайдалануы керек. «Мың рет айтқаннан бір рет көрсеткен артық» дегендей сабақты ойын элементтерін қолдана отырып, жаңа әдістерді пайдалана білудің артықшылығы мол.
Жалпы «Ғасыр өмір сүр, ғасыр бойы үйрен» дегендей неше жылдық тәжірибесі болса да , оқытушы іздену, оқу, білімін арттыру, жаңалықтан алыс болмай, оны екжей-текжейлі меңгере білу үстінде болуы тиіс. Оқуын, ізденуін тоқтатқан оқытушы - ол нағыз оқытушы емес. Ел болашағы үшін дарынды балаларға айқара жол ашу осы мектептен басталады. Оқушылардың дайындығының еселенуі үшін олардың шығармашылық қабілеттерін оята отырып, қай салада болса да шабыттарын оята болашаққа жол сілтеу керек.
Бүгінгі дарын – ертеңгі ғалым. Интеллектуалды дарынды айқындау мен дамыту – ұстаздың парызы.
Пайдаланған әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік терминология комиссияcы мақұлдаған «Орфографиялық сөздік». Алматы – 2007 жыл
-
Қазақ халқының мақал-мәтелдері. Жинаған Қ. Саттаров.
Ташкент қаласы - 1989 жыл.
-
Мектеп бағдарламасы бойынша ағылшын тілін оқыту методикасы.
-
English Plus. Grade 7 Workbook. Oxford university press. Janet Hardy-Could, Kate Mellersh 2017.
3
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген