ЗАМАНАУИ БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ТҰЛҒА ТҮСІНІГІН АЙҚЫНДАҒАН ЖОБА

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЗАМАНАУИ БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ТҰЛҒА ТҮСІНІГІН АЙҚЫНДАҒАН ЖОБА

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұлға деп жиі әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адамды атаймыз. Демек, тұлға сипаттамалары қатарына адамның генотиптік және физиологиялық ұйымдасуымен байланысты ерекшеліктер жатқызылмайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЗАМАНАУИ БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ТҰЛҒА ТҮСІНІГІН АЙҚЫНДАҒАН ЖОБА


Психологиялық ғылымда “тұлға” категориясы іргелі ұғымдардың қатарына жатады. Бірақ “тұлға” ұғымы тек психологияға тән емес, ол барлық қоғамдық ғылымдармен зерттеледі, оның ішінде философиямен, әлеуметтанумен, педогогикамен, т.б. Сонда психологиялық ғылым шеңберінде тұлғаны зерттеу спецификасы неде және психологиялық тұрғыдан тұлға дегеніміз не?ылыми әдебиеттегі тұлға анықтамаларының әрқайсысы тәжірибелік зерттеулермен және теориялық негіздеулермен бекітілген, сондықтан “тұлға” ұғымын қарастырғанда оларды ескеру қажет. Тұлға деп жиі әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адамды атаймыз. Демек, тұлға сипаттамалары қатарына адамның генотиптік және физиологиялық ұйымдасуымен байланысты ерекшеліктер жатқызылмайды. Адамның танымдық психикалық процестерінің немесе әрекеттерінің жеке дара стилі даму ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттер тұлға қасиеттеріқатарына жатқызылмайды, ал адамдар мен қоғамға қатысты көрініс беретін қасиеттер тұлғаның қасиеттері болып саналады.  Филология факультеті, шет тілі: екі шет тілі мамандығының магистранттарына да болашақ немесе қазіргі қызмет орындарындағы басшылармен және әріптестермен қарым-қатынаста арқа сүйейтін ақпарат болары анық.

Осы тұста айта кететін ерекше жағдай,Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің базасында оқытылатын «Басқару психологиясы» пәнінің оқытушысы, психология ғылымдарының кандидаты, профессор Жубаназарова Назираш Сүлейменқызының жетекшілігімен филология факультеті, шет тілі: екі шет тілі мамандығының 1-курс магистранттары «Тұлға теориялары және басқару жүйесі» тақырыбында магистранттың өзіндік жұмысын орындап, зерттеулерге шолу жасады. Нәтижелерді талдау семинары өткізіліп, онда магистранттар арасында кішігірім пікірсайыс ұйымдастырылып соңы рөлдік ойындарға ұласты.

Семинардың басты мақсатын айқындап және ой-талқыны кіріспе сөзімен ашып берген Назираш Сүлейменқызы адамның дара психологиялық ерекшеліктеріне байланысты және жеке тұлғаның өзіне тән құрылымын белгілеуге болатынын. Тұлға кұрылымын карастырғанда оған кабілеттерді, темпераментті, мінезді, мотивацияны және әлеуметтік нұскауларды енгізетінінатап өтті.Келесі кезекте магистрант Бөлекова Ақтоты  “Жеке тұлға” ұғымының қалыптасуы жайында өзінің қызықты ақпаратымен бөлісіп, “Тұлға” ұғымы адамды әлеуметтік тіршілік иесі ретінде сипаттау үшін керек,Мәскеулік және Санкт-Петербургтық психологиялық мектеп өкілдерінің әдебиеттерінде адам ұйымдасуының иерархиясына әр түрлі көзқарас берілген. Мысалы, Мәскеулік мектеп өкілдері “субьект” деңгейін бөлмей, адамның биологиялық және психикалық қасиеттерін “индивид” ұғымына біріктіреді деген тұжырымын айтты.Магистранттар арасында қызу талқыға түскен бұл тақырып әрі қарай жалғасын таба берді.Басқа да магистранттар кезекпен сөз алып,ғылыми әдебиетте “тұлға” ұғымының мазмұнына тоқталып, ойларын кеңінен өрбітті.



Семинар соңында Назираш Сүлейменқызы барлық магистранттарға белсенділік танытқандары үшін алғысын білдірді. Шет тілі: екі шет тілі мамандығы магистранттары да осы маңыздыақпараттар мен білімдерге ие болуға бағдар берген оқытушыларына өз ризашылықтарын білдірді. «Басқару психологиясын» оқығанның арқасында магистранттар болашақта қиын жағдайда тығырыққа тірелмей жол тауып шыға алады. Осы оқу орнының магистранты ретінде, болашақ студенттерге көптеген мүмкіндіктер ұсына алатын бірегей оқу орын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті екенін үлкен сеніммен айта аламын.


Жубаназарова Н.С.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

психология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а.


З.Б.Мадалиева

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы,

психология ғылымдарының докторы, профессор




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.04.2025
122
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі