Материалдар / ЗАМАНАУИ БІЛІМ: ЖАҢА ТАЛАПТАР, ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР, ЖАҢА ЖАУАПКЕРШІЛІК
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЗАМАНАУИ БІЛІМ: ЖАҢА ТАЛАПТАР, ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР, ЖАҢА ЖАУАПКЕРШІЛІК

Материал туралы қысқаша түсінік
Заманауи білім беру дегеніміз – оқушыны өз пәніңнен ғана оқытып қоймай, өмірде қадамын нық басуға, қоғамнан өз орнын адаспай табуға, Абай атамыз айтқандай «Дүниедегі кетікке кірпіш болып қалана білуге» үйрету.Үш тілді толық меңгеруге баулу. Қазіргі таңда қазақ тілі – мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілі болып табылады. Мұғалімге берілген жаңа талап: оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қаңтар 2019
3089
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЗАМАНАУИ БІЛІМ: ЖАҢА ТАЛАПТАР, ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР, ЖАҢА ЖАУАПКЕРШІЛІК


Шығыс Қазақстан облысы,

Көкпекті ауданы,Раздольное ауылы

«Раздольное негізгі мектебі» КММ

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Сағындыкова Алтынай Әмірқызы

Соңғы жылдары мемлекетіміздің білім беру үдерісіне жаңалықтар еніп жатқаны барлығына мәлім. Жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Аталмыш бағдарлама жайлы мұғалімдердің де пікір, көзқарасы екіге бөлінуде. Бірі құптап, өз тәжірибесінде бірден қолданып кетсе, екіншілері үйрене алмай, өзін білім берудегі жаңашылдыққа дайындай алмай ұзақ жүрді. Оқуды аяқтап, ұстаздық өмірге енді ғана аяқ басқан мен үшін бұл жаңалықты қабылдау, іс-тәжірибеде қолдану еш қиындық тудырмады десем де болады. Оған себеп, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті бітіруші түлектерге жаңартылған білім беру бойынша бір айлық тренинг өткізіп, алда күтіп тұрған «жаңалыққа» даярлап жіберген болатын. Дегенмен, кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам басып, білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр – сырын зерттей бастаған сәтімде мен түсінбейтін сұрақтар өте көп болды. Осы орайда арнайы курсқа баруым бағдарлама туралы туындаған сұрақтарымның жауабын табуға берілген мүмкіндік секілді көрінді. Өскемендегі Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқыған бір айлық курс менің барлық сұрақтарыма, түсінбеген сауалдарыма жауап алған курс болды. Сөйтіп, жаңартылған білім беру бағдарламасымен бірге ең алғаш ұстаздық жолға қадам басқан болатынмын. Әр ғасырдың, әр жылдың, айдың өз «заманауи» жаңалығы болатыны белгілі. Сонда біздің білім беру саласында қандай өзгеріс болды?

Заманауи білім беру дегеніміз – оқушыны өз пәніңнен ғана оқытып қоймай, өмірде қадамын нық басуға, қоғамнан өз орнын адаспай табуға, Абай атамыз айтқандай «Дүниедегі кетікке кірпіш болып қалана білуге» үйрету.Үш тілді толық меңгеруге баулу. Қазіргі таңда қазақ тілі – мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілі болып табылады. Мұғалімге берілген жаңа талап: оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану.
Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды.
Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты
білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушыға үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ–ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыруға дағдыландыру. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі – спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттарын зерделей отырып, тапсырмаларды, ықшам сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік.


Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтті. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Критериялық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады.
Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Кеңестік заманнан қалған бес балдық бағалау жүйесі жойылады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасынның бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым
ды жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір –бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі.


Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады.


Жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымын, мақсат-міндеттерін меңгерту. Курста жаңартылған оқу бағдарламасы, оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, педагогикалық әдіс-тәсілдер және белсенді оқыту технологиялары да қарастырылды.
Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұс
таз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!