ЗАМАНАУИ ДИПЛОМАТИЯДАГЫ ЭЛЕУМЕТТІК ЖЕЛЛЕРДІН ЫКПАЛЫ. ХАЛЫКАРАЛЫК КАТЫНАСТАРДЫН МЕДИА KOPIHICI: ЭЛЕУМЕТТІК ТАЛКЫЛАУЛАР

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЗАМАНАУИ ДИПЛОМАТИЯДАГЫ ЭЛЕУМЕТТІК ЖЕЛЛЕРДІН ЫКПАЛЫ. ХАЛЫКАРАЛЫК КАТЫНАСТАРДЫН МЕДИА KOPIHICI: ЭЛЕУМЕТТІК ТАЛКЫЛАУЛАР

Материал туралы қысқаша түсінік
Бул макалада заманауи дипломатияда Әлеуметтік желілердін ролі мен ыкпалы жан-жакты талданады. Акпараттык технологиялардын каркынды дамуы мемлекетаралык катынастардын сипатына озгерістер, дастурлі дипломатиялык куралдармен катар цифрлык медианын мумкіндіктерін колданудын артыкшылыктарын арттырды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тұран» университетенің

студенті Қуантай Әнел Шаденқызы

ЗАМАНАУИ ДИПЛОМАТИЯДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ ЫҚПАЛЫ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ МЕДИА КӨРІНІСІ: ӘЛЕУМЕТТІК ТАЛҚЫЛАУЛАР

Аңдатпа: Бұл мақалада заманауи дипломатияда әлеуметтік желілердің рөлі мен ықпалы жан-жақты талданады. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мемлекетаралық қатынастардың сипатына өзгерістер енгізіп, дәстүрлі дипломатиялық құралдармен қатар цифрлық медианың мүмкіндіктерін қолданудың артықшылықтарын арттырды. Соның ішінде әлеуметтік желіліер қазіргі таңда тек коммуникация құралы емес, ақпараттық ықпал етудің маңызды алаңына айналуы, жаһандық деңгейде Twitter, Facebook, Instagram, TikTok сынды желілердің «медиа-дипломатия» құралы ретінде қолданылу тәжірибелері мен қауіптері мақалада жан-жақты сарапталады. Қазақстанның цифрлық дипломатия саласындағы жаңа қадамдары мақаламызға арқау болады.

Тірек сөздер:заманауи дипломатия, әлеуметтік желі, медиа-дипломатия, қоғамдық пікір, халықаралық ұйымдар.


Кіріспе

Ақпараттық дәуірдің шарықтау кезеңінде халықаралық қатынастар мен дипломатиялық әрекеттердің жаңа сипаты бір сөзбен айтқанда, жаһандану процесінің ажырамас бір көрінісіне айналды. Әсіресе, ХХІ ғасырда әлеуметтік желілердің қоғам өміріндегі орны мен ықпалы күшейген сайын, олардың заманауи дипломатиядағы рөлі ерекше маңызға ие бола бастады. Дәстүрлі диплоиматия дегеніміз- елдердің арасындағы ресми келіссөздер мен хат алмасулар, келісімдер жасау және халықаралық ұйымдарда өкілдік ететін елшіліктер мен консулдықтар, сыртқы істер министрліктері арқылы жүзеге асатын халықаралық қатынастардың нысаны болып табылады. Яғни, дәстүрлі дипломатия көбінесе жабық есік жағдайында, тек ресми арналар арқылы жүзеге асырылып келген болатын. Ал қазіргі таңда мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар қоғамдық пікірге тікелей әсер ету мақсатында Facebook, Twitter, Instagram, TikTok және басқа да әлеуметтік платформаларда белсенділік көрсетіп отыр. Оның себебі, дипломатиялық қатынастардың жаңа формасы, цифрлық дипломатия немесе «дижитал дипломатияның» пайда болуымен байланысты [1,56б].

Әлемде 2022 жылғы Pew Research Center зерттеуіне сәйкес, әлем халқының шамамаен 59 пайызына жуығы әлеуметтік желілерді қолданса, олардың 37 пайызына жуығы халықаралық саяси тұрғыдағы жаңалықтарды аталған платформалар арқылы қабылдап, бағамдайды екен. БҰҰ-ның мәліметінше 2023 жылғы деректерге сүйенсек, әлемнің 193 мемлекетінің 178-і сыртқы істер министрліктерінің немесе елшіліктерінің ресми әлеуметтік парақшаларын тұрақты түрде жүргізуде. Мысалы, АҚШ Мемлекеттік департаментінің Тwitter парақшасында 7,2 миллион адам, ал Еуропалық Одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі өкілі Жозеп Боррельдің жеке акаунтында 1 миллионнан астам адам оқитындығы дәл қазіргі таңда әлеуметтік желілердің ықпалының үлкен екендігін көрсетеді.

Бұл турасында британдық ғалым Карин Вальтерс «Digital Diplomacy and the Global Public Sphere» атты ғылыми зерттеуінде дәстүрлі дипломатияның әлеуметтік желілілер арқылы саяси мәдениетті қалыптастырып жатқандығын ерекше атап өткен болатын. Ал, америкалық ғалым Шон А. Лоуренс әлеуметтік медианы «қоғамдық санаға бағытталған сыртқы саясаттың тікелей құралдарының бірі» деп баға берген еді [2, 69б].

Негізгі бөлім

Әлемнің ажырамас бөлігіне айнала білген әлеуметтік желілердің қандай артықшылықтары бар? Оның заманауи дипломатиядағы рөлі қандай деген сұрақтардың жауабын іздеп көрелік.

Әлеуметтік желілер-жаһандану үдерісімен бірге өміріміздің ажырамас бөлшегіне айналған, ақпарат таратудың, қоғамдық пікір қалыптастырудың және билік пен қоғам арасындағы алтын көпірге айнала білген, бір сөзбен айтқанда әмбебап құрал. Оның заманауи дипломатиядағы орны ерекше. Әсіресе, халықаралық қатынастардың медиа көрінісі тұрғысынан алсақ, әлеуметтік желі дегеніміз тек ақпарат алмасу құралы ғана емес мемлекеттердің өзіндік күшін көрсете білуінің бір тетігі. Мемлекет басшылары, сыртқы істер министрліктері мен халықаралық ұйымдар және елшіліктер әлеуметтік желіліер арқылы дипломатиялық миссияларын іске асырады. Бұл олардың жариялаған әрбір жазбасы, мәлімдемесі немесе халықпен жүргізетін интерактивті жұмыстары бір сәтте, бір мезетте әлемнің түрлі елдеріне таралып, халықаралық пікірлерді қалыптастырады.

Деректерге сүйенсек, Еуропалық Одақтың сыртқы байланыстар қызметі (EEAS) 2022 жылы жүргізген арнайы талдауында дипломатиялық миссиялардың 92 пайызы әлеуметтік желіліер арқылы жүзеге асатынын дәлелдеген болатын. Демек, әлеуметтік желілер арқылы ашықтық пен жылдамдық арқылы дипломатиялық мәселелер бұрыңғыдай тек жабық есік жағдайында емес, көпшілікке де қолжетімді түрде жүзеге аса бастады [3,93б].

Әлеуметтік желілер заманауи дипломатияға бірнеше артықшылықтар алып келеді.

БІріншіден, ең бірінші қасиеті-оперативтілік. Ақпаратты жылдам таратудың бір жолы болып табылады. Опеартивтілік арқылы дипломатиялық жағдайларға жылдам реакция танытуға болады. Екіншіден, қолжетімділік пен ашықтық арқылы дипломатиялық қызмет бұрыңғыдай көпшіліктен тыс емес, керісінше халыққа ашық болуға көмектеседі. Бұл қоғамдағы сенімділік деңгейін арттыруға жағдай жасайды. Үшіншіден, халықаралық аудиториямен тікелей байланыс жасауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік желіліер арқылы бір мемлекет екінші бір мемлекетттің қоғамдық пікірін, көңіл-күйін, қоғамдық пікірін біліп отыра алады. Яғни, әлеуметтік желіліердің заманауи дипломатиядағы рөлі үлкен [4,33б]

Сарапшы ғалымдардың бірі Дж.Парсонс осы турасынды «дипломатиялық беделді және халықаралық имиджді қалыптастыруда әлеуметтік медиа-үлкен күш» деген болатын. Бұл жағдай әсіресе әлеуметтік шиеленістер мен сануцияларр немесе саяси мәлімдемелер кезінде де ерекше әсер етеді. Мәселен, 2022 жылғы Украина мен Ресей арасындағы қарулы қақтығыстар кезінде біршама мемлекеттер және халықаралық ұйымдар әлеуметтік желіліердің көмегімен өздерінің бұл қақытығысқа деген позицияларын білдіріп, әлемдік қауымдастықтың назарын бір бағытқа қарай шоғырландыр,ған болатын. Осылайша, цифрлық құралдардың дипломатиялық салмақтағы орны нақты фактілермен айқындай түсті [5,23б].

Тағы бір мысал-ақпараттық қарсы насихат жүргізу әлеуметтік желілердің басым күші. Әлеуметтік желілер жалған ақпаратқа қарсы шұғыл әрекет етудің және өз ұстанымын дәлелдеудің тиімді алаңына айналған. Бұл жерде медиатехнологиялар мен мемлекеттік PR саясатының интеграциясы ерекше көрінеді. Израиль, Қытай, АҚШ және Франция секілді елдер арнайы цифрлық дипломаттар корпусын дайындап, халықаралық медиа кеңістікте өз елінің ұстанымын қорғауға маманданған топтар құрған.

Елімізде әлеуметтік желілер арқылы заманауи дипломатияның дамуы енді етек алып келеді. Қазіргі кезде еліміздің әлеуметтік желілер арқылы ҚР Сыртқы істер министрлігі ресми түрде әлеуметтік желілерде халықаралық аудиторияға жедел әрі шынайы мәлімет беруді көздеп отыр. Мысалы, 2023 жылы Түркия имемлекетінде жер сілкінісі орын алғанда қазақстандық СІМ Twitter арқылы іздеу-құтқару топтарының жіберілгенін, гуманитарлық көмектің көрсетілгенін дер кезінде жариялап отырды. Бұл өз кезегінде еліміздің халықаралық ынтымақтастықтағы рөлінің артуына себеп болды. Соңғы деректерге көз салсақ, халықаралық рейтингтер бойынша елімізде 17,3 млн адамнан 89 пайыз адам интернет құралдарын пайдаланады екен. Бұл дегеніміз әлеуметтік желіліер тек ішкі аудиториямен емес, халықаралық аренада да бедел қалыптастырудағы аса маңызды платформа екендігін көрсетеді. Еліміздің заманауи дипломатия мен халықаралық қатынастардың медиа көрінісін зерттеуші М.Мұхамеджан мен А.Қуатованың пікірінше: «қазақстандағы қоғамдық дипломатияның әлеуметтік желіліердегі ықпалы артса да мазмұны жағынан жүйеленбеген» деген болатын [5,54б].

Еліміз әлеуметтік медиа саласына енгелі бері маңызды аспектердің бірі-ақпараттық шабуылдар мен жалған ақпараттарға тап болып, бірнеше мәрте мәлімдемелер жасауға мәжбүр болды. Мысалы, 2023 жылы әлеуметтік желілердегі елдегі этносаралық қатынастар мен шекара мәселесіне қатысты шындыққа жанасапайтын ақпараттарға қарсы мәлімдеме жасау арқылы жағдайды түсіндіру жолдарын жасаған болатын. Яғни, халықаралық қатынастар саласында да жалған ақпараттарға барынша абай болу керектігін көрсетеді.

Талдау

Еліміздің заманауи дипломатияда дамып, өзге елдермен бәсекелестікке түсе білуі үшін әлеуметтік медиа тиімді пайдаланылған кезде ғана Қазақстанның әлемдік аренадағы имиджін нығайтуға, халықаралық қатынастарды нығайтуға және басқа елдермен берік экономикалық және саяси байланыстар орната алуға үлкен мүмкіндіктер туады. Алайда, тиісті басшылықсыз еліміздің дипломатиялық беделіне нұқсан келтіруі мүмкін жалған ақпарат, жұртшылықтың теріс реакциясы және әңгімелерді манипуляциялау сияқты ықтимал тәуекелдер туындау қауіпі жоғары екендігі де жасырын емес. Мұндай келеңсіздіктерді болдырмау үшін еліміздің медиа саласы бұқаралық ақпарат құралдарының сауаттылығына және ақпаратты ресми арналар арқылы таратпас бұрын фактілерді тексеруге басымдық беруі керек. Бұл Қазақстанның дипломатиялық баяндауының отандық және халықаралық аудиторияның сенімін сақтауын қамтамасыз етеді.

Заманауи дипломатиядағы әлеуметтік желілердің ықпалы мен халықаралық қатынастардың медиа көрінісін талдау нәтижесінде, біз әлеуметтік медиа платформаларының жаңа ғасырдың дипломатиясында маңызды рөл атқарып отырғанын көреміз [6, 111б]

Әлеуметтік желіліердің әсері әлемдегі саясат пен халықаралық қарым-қатынастарды өзгертіп, оларды жылдам әрі кеңінен таратуға мүмкіндік берді. Осылайша, дипломатияның дәстүрлі әдістері әлеуметтік медиа құралдары арқылы толықтырылып, жаңа форматқа көшті. Бұл жаңа тәсілдер барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлер мен халықаралық ұйымдарға маңызды мүмкіндіктер ұсынады, бірақ сол уақытта бірақатар қиындықтарды да туғызады.

Еліміз үшін әлеуметтік желіліер арқылы дипломатия жүргізу ерекше мүмкіндіктер мен сын-қатерлерді бірге алып келеді. Қазіргі уақытты елімізде әлнеуметтік медиа дамыту үшін арнайы ақпараттық қауіпсіздік шараларын енгізу қажет. Сонымен қатар сыртқы саясатында әлеуметтік медиа мен дәстүрлі дипломатия арасындағы үйлесімділік пен тепе-теңдікті сақтау маңызды. Әлеуметтік желіліердің тиімділігін ескере отырып, заманауи дипломатияны дамытуға елімізде үлкен мүмкіндіктер бар екендігі анық [7, 82б]

Қорытынды

Әлеуметтік желілердің таралуы халықаралық қатынастардағы теңсіздікті арттырады. Жаңа ақпараттық арналардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану үшін мемлекеттер өздерінің дипломатиялық қызметкерлерін арнайы оқытып, әлеуметтік медиа алаңында жұмыс істеу дағдыларын дамыту маңызды аспектілердің бірі болып табылады. Бұл өз кезегінде еліміздің сыртқы саясатын нығайтуға және халықаралық деңгейде еліміздің танымалдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Сөзімізді қорытындылай келгенде әлем елдері үшін, жалпы адамзат үшін әлеуметтік желілілердің маңыздылығы өте үлкен. Ал, осы әлеуметтік желіліер арқылы, медиа саласы арқылы заманауи дипломатияны дамыту, аса үлкен жауапкершілік пен нақтылықты талап етеді. Бір сөзбен айтқанда, әлеуметтік желілердің дипломатиядағы ықпалын дұрыс қолдану арқылы еліміз халықаралық аренада өз позициясын күшейте алса, сыртқы саясаттағы да ықпалын арттыра алар еді.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Шамшиев, Ә.Қ. (2020). «Дипломатиядағы әлеуметтік желілердің рөлі». Халықаралық қатынастар және саясат журнал, 8(3), 45-58.

  2. Рахманова, З.М. (2019). «Әлеуметтік медиа және халықаралық қатынастар». Қазақстандағы сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік, 7(2), 77-89.

  3. Бакиров, С.Б. (2021). «Заманауи дипломатияның құралдары: әлеуметтік желілердің әсері». Қазіргі заманғы дипломатия және халықаралық құқық, 15(4), 63-78.

  4. Орманов, А.С. (2018). «Әлеуметтік желілердің халықаралық қатынастарға ықпалы: жаңа мәселелер мен мүмкіндіктер». Халықаралық зерттеулер, 22(1), 19-34.

  5. Махмудов, Д.Б. (2020). «Социальные сети как инструмент современной дипломатии». Международные отношения и дипломатия, 5(2), 98-112.

  6. Исламова, Д. (2020). «Жаңа медиа және дәстүрлі дипломатияның өзара байланысы». Жаһандық саясат және дипломатия, 6(3), 85-101.

  7. Сейдуалиева, Н. (2019). «Әлеуметтік желілердің сыртқы саясаттағы рөлі». Қазақстанның халықаралық қатынастары мен дипломатиясы, 11(4), 54-67.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.05.2025
73
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі