Материалдар / «Заманауи мектептегі үй жұмысы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Заманауи мектептегі үй жұмысы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Үйде оқу жұмысы – бұл жұмыста оқушылардың дербес қасиеті мен қабілеті байқалады. Бұл қасиеттер мен қабілеттер бірден қалыптаса қоймайды. Баланы өз бетінше оқу әрекетімен шұғылдануға үйрету, өз бетінше еркін іс – әрекеттер жасай білуге дағдылануы қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қаңтар 2022
368
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Заманауи мектептегі үй жұмысы»

Тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзілік қауымдастыққа танылып жаңа демократиялық қоғамның дүниеге келуі, Қазақстанда ғылым – білімнің жаңа бағытта сипат алуына кең жол ашып отыр. Елбасымыз Н.Ә.назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, ақыл – ой, мәдени дамуының жоғарғы деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған оқыту мен тәрбие берудің үздіксіз процесі» деп атап көрсетілген.

Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескере отырып, тәлімгердің білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақыл – ой қабілетін, диалектикалық дүниетанымын, өмірлік мақсат – мүддесін айқындауға, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу үздіксіз тәрбие процесінің нәтижесі болмақ.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында: «Бүгінгі өскелең ұрпақ нағыз білімді, жан – жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, нағыз өз елін сүйетін, ұлтжанды азамат болуы керек» - деп атап өтті. Білім беру жағдайында мұғалімнің алатын орны ерекше.

Демек оқушының  құзіреттілік  қабілетін дамыту, қазіргі техниканы пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мұғалімнің басты міндеті. Әрине бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, қабылдау мүмкіндігі әртүрлі. Дегенмен әр баланың бір нәрсеге бейімі болады. 

Бейімділік – оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау, тек оқыту үрдісі кезінде мұғалімнің басшылығымен жүзеге асады. Осыған орай оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың шарттарының бірі – өзіндік жұмыс пен өздігінен білім алу жұмысын ұйымдастыру педагогикалық  және әдістемелік тәсілдерін қазіргі заман талаптарына сәйкес жетілдіру. 

Үйде оқу жұмысы – бұл жұмыста оқушылардың  дербес қасиеті мен қабілеті байқалады. Бұл қасиеттер мен қабілеттер бірден қалыптаса қоймайды. Баланы өз бетінше оқу әрекетімен шұғылдануға үйрету, өз бетінше еркін іс – әрекеттер жасай білуге дағдылануы қажет.

Бастауыш сынып  оқушыларының үй тапсырмасын орындаудағы негізгі мақсаттары:

- мұғалімді мұқият тыңдап және ауызша түрде ұсынылған тапсырманы нақты орындай алуы;

- талап етілген тапсырманы көру, оқу, өз еркімен орындай алу қабілеті;

- мұғалім өзінің әдіс – тәсілін баланың іс – әрекетіне саналы түрде енгізу;

- баланың мектепке алғашқы психологиялық  дайындығы болуы тиіс;

Міне осы қабілеттерге мектепке келген күннен бастап мұғалім тарапынан жүйелі үйретіліп, баулу әрекеттері арқылы жүзеге асады. Баланың үй тапсырмасын өз бетінше орындауына күшті әсер ететін себептердің бірі – мотивтер.

Мотивтер- деп белгілі әркетке итермелейтін, бағыттайтын себепті айтады. Оқушының  құзіреттілігі оның қажеттері мен қызығушылығына байланысты. Үйдегі  өзіндік  жұмыс  оқу бағдарламаларының талаптарына сай түзіліп, оқушылардың қызығулары мен қажеттеріне, олардың даму деңгейіне орайластырылады. Дұрыс ұйымдастырылған өзіндік үй жұмысының есесі сыныпта орындалатын оқу жұмыстарының есесінен бірде – бір кем болмайды. Үй жұмысының құндылығы оқушылардың өздігінен атқаратын әрекеті арқылы орындалуында.

Үй тапсырмасының маңыздылығы туралы Қ.Айтмағамбетова «Үй тапсырмасы тек оқулық, хрестоматия және үлестірмелі дидактикалық материалдарды пайдалану дәрежесінде болмай, табиғат бұрышындағы сабақтардың жалғасы ретінде немесе тәжірибе жасау, топсаяхатқа шығу, оның қорытындасын жасауда сурет салу, мүсіндеуді қолданатындай дәрежеге көтерілуі тиіс» - деп көрсеткен болатын.

Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың үй тапсырмасы – өз бетімен білім алудың алғашқы қадамы. Үй жұмысы оқушы ойының және дәлелдемелерінің жолдарын, тәсілдерін және құралдарын өзі іздеуге мәжбүр ететін болғандықтан ол оқушының ойлау іс – әрекетін шапшаңдатады. Қасында мұғалім не жолдастары болмағандықтан, жұмыс барысында өзін – өзі бақылауға үйретеді, еңбекті ұйымдастыру білігі мен дағдыларын қалыптастырады.Үй тапсырмасы шағын шығармалар жазуға арналып, сонымен қатар қоршаған орта туралы байқағандары мен бақылағандарын қорытып жазуы сияқты  оқушы құзіреттілігін дамытатын жұмыс түрімен ерекшеленуі мүмкін.

Оқушыларға анкеталық сауалнама беру арқылы зерттеу жасауымызға да болады. Оның мазмұны мен нәтижесі төмендегідей:

1. Сен үй тапсырмасын қалай орындайсың?

а) өз бетінше;

ә) кейде ата – ананың көмегін қажет етемін;

б) үнемі ата – ана қадағалауымен;

Мұнда оқушылардың 12 пайызы өз бетімен орындайды, 34 пайызы ата – ана көмегін қажет етеді, 52 пайызы оқушының ата – ананың көмегінсіз орындай алмайтындығын көрсеткен.

2. Үй тапсырмасын өз бетіңше дұрыс орындауға қандай жағдай кедергі болады?

а) жаңа сабақты түсінбеуден;

ә) мұғалім орындайтын жолын түсіндірмейді;

б) ата – анам көмектеспейді.

Бұл сауалнама нәтижесінде  - оқушылардың 18 пайызы  жаңа сабақты түсінбегендігін, 30 пайызы мұғалімнің нұсқау бермегендігін, 52 пайызы ата – ананың көмектеспейтіндігін белгілеген.

3. Үй тапсырмасының қандай түрде берілгендігін қалар едің?

а) тек оқып келу;

ә) құрастыру, шешу;

б) түсінгенін жазып келу;

Мұнда 18 пайызы тек оқып келуді белгілесе, 61 пайызы құрастыру, шешу, 21 пайызы оқып, әрі жазып келуді белгілеген.

4. Үй тапсырмасын бағалауды қалай жүргізгенді қалайсың?

а) сабақ үстінде;

ә) жинап алып тексеру;

б) жауап беруге қиналамын;

мұнда 72 пайызы сабақ үстінде бағалауды, 22 пайызы жинап алып тексеруді көрсеткен, 6 пайызы жауап беруге қиналған.

Сауалнама арқылы үй тапсырмасын орындауда балаларда әлі дербестік қалыптаспағандығы және өз бетінше тапсырма орындау жауапкершілігін толық көрсете алмайды деген ой түйіндейміз.

Бастауыш сынып оқушыларының үй тапсырмасын өз бетінше орындау жауапкершілігін қалыптастырудың тиімді жолдары:

1.Оқушының үй тапсырмасын дұрыс, өз бетінше орындауына мұғалім мектепке келген күннен бастап бағыттап, талап қою.

2. Баланың жасы неғұрлым кіші болса, соғұрлым берілген тапсырмада қызықты болуы шарт.

3. Берілген тапсырма ойын оятып, қабілетін дамытатын, талдап, жинақтап, салыстыруға берілетін болу қажет.

Мұғалім кейде үйге тапсырма бергенде жеке пәннің жүйесі тұрғысынан ғана қарап, сол күні басқа пәндерден беріліп жатқан тапсырмаларды ескермейді. Бастауыш мұғалімі мұны тиянақты қарауына мүмкіндігі бар. Өйткені бастауышта жүретін жеке оқу пәндерінің көбі бір мұғалімге жүктелгендіктен, бұл өзекті мәселені шешуге болады. Бастауыш сыныпта жүргізілетін әр пәндер бойынша үй тапсырмасы түрлі әдістемелік  жағдайды талап етеді. Сондықтан әр пәннің өзіндік ерекшелігіне орай үй тапсырмасын беруді де соған ыңғайластырған жөн. [3] Мысалы: - Дүниетану пәні бойынша үй тапсырмасы табиғатқа тікелей бақылау жасау, суретке түсіру, картасын сызу, тәжірибе қою, табиғи заттардан коллекция жасау, табиғат материалдарынан түрлі заттар құрастыру;

-Әдебиет пәні бойынша шығарма жазу, сурет салу, өлең құрастыру, сөзжұмбақтар құрау, ертегі кейіпкерлеріне мінездеме, рөлдік ойындар;

- Қазақ тілінен ертегілер, мәтіндер құрастыру, ребустар бойынша сөйлемдер құрастыру, дыбыс түрлерін ажыратуға тапсырмалар;

Үй тапсырмасын орындауға берілген тапсырмалар  түрлендіріліп,  ойластырылған болса, ол баланың кез- келген тапсырмаларды өз бетінше дербес орындауға құлшынысын, танымдық қабілетін  дамытып, құзыреттілігін,   өз бетінше біліп, тануға деген белсенділігін қалыптастырып,  қызығушылығын арттырады.  Сонымен қатар, ырықты зейін, рефлексия, құзіреттілік,  өзін – өзі бақылау сияқты әрекет амалдың ішкі жоспары сияқты басты – басты жаңа қабілеттер пайда болады.

Қазақ елі әлемдегі дамыған елдермен тең  дәрежеде білім алуы жастарымыздың қолында. Олардың ақыл – ойын барынша дамыту үшін білім беру жүйесін тиімді құра білген ұлттың еңсесі биік, абройы жоғары, мерейі үстем болары сөзсіз.



Мақала авторы: Хуaныш Гулзaдa

Ақмола облысы, Степногорск қаласы, С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!