Заманауи мұғалім тұлғасындағы адал ұстаз бейнесі
«Адалдық – ардың ісі.
Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен
адамнан артық ешкім жоқ»
Шоқан Уәлиханов
Қазақтың жарық жұлдызы, ағартушы, зерттеуші, ғалым Шоқан Уәлиханов әділдік пен адалдықты басты орынға қойған. Сондықтан, мықты мемлекет пен бірлігі бекем ел болуымыз үшін адалдыққа жол беруіміз керек, сонда ғана, өсеміз, дамимыз, шарықтаймыз, еліміз гүлденеді, әділдік салтанат құрады.
Адалдық туралы сөз еткенде, «Адал ұстаз қандай болуы керек?» деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа толғана отырып, мынадай уәж айтқым келеді.
Адал ұстаз бейнесі көз алдыма келгенде педагогикалық адалдық ұғымы да қатар есіме түседі. Менің көзқарасым бойынша, педагогикалық адалдық деген педагогикалық қызмет барысындағы адамдық өзара қарым-қатынасты реттей отырып, өз кәсібіңе зор құрметпен қарау, өз ісіңнің хас шебері болу, өзгеге көмектесу, айналаңа шуақ шашу. Бала тәрбиесінің үздік үлгісін көрсететін ұстаз міндетті түрде адал, әділетті болуы тиіс. Сол үшін де мен «өз оқушыларымның бойына тектілік пен адалдық қасиеттерді қалай сіңіремін?» деп жиі толғанамын. Орталық балалар кітапханасы және жасөспірімдер кітапханасына, тарихи мұражайлар мен тарихи орындарға оқушыларыммен бірге жиі саяхаттап отырамын. Алдымда отырған балаларымның саналы, адамгершілік қасиеті, оның ішінде адалдық қасиеті, олардың білім алудағы жауапкершіліктерін дамытуға бағытталған дағдыларын қалыптастыруда маған ұлттық құндылықтармен рухани сусындату да өз жемісін беруде. Ендеше заманауи мұғалім тұлғасындағы адалдық бейнесі басты рөлге ие болатындығы белгілі.
Рухы биік тұлға, бірлігі жарасқан халық – қуатты мемлекет негізі. Ендеше қуатты мемлекетіміздің әрбір кірпіші болып қаланатын бүгінгі шәкірттеріміздің жан серігі тек адалдық етіп тәрбиелеп, адалдық – адамдықтың белгісі екенін, сонымен қатар құқықты, заңдарды, құқықтық тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеуде мен де өз үлесімді теңіздің тамшысындай болса да қосудамын. Солардың ішіндегі маңыздыларын атап өтейін.
«Әділдік – ардың ісі» дегендей білім алушыларды әділ сөйлеп, таза жолмен жүруге бағыттап, дұрыс жол көрсетуде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырумен бірге сыбайлас жемқорлыққа соқтыратын жағдаяттарда құқықтық және моральді-этикалық нормалар негізінде әрекетті қамтамасыз ететін білім кешенін қалыптастыруда №180 жалпы білім беретін мектептің ұжымы белсене ат салысуда. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубына мектебіміздің барлық оқушылары мүше болып табылады. Бұл клубтың мақсаты: мектепте аса өнегелі, жауапты бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматты және патриотты қалыптастыру.
«Адал ұрпақ» клубының алдында мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру, т.б. міндетттері бар:
Адал ұрпақ еріктілерінің ішінде күнделікті өмірде ізгі, дұрыс шешім қабылдай алатын, жаны таза, рухы асқақ көшбасшылары белсенді түрде ауқымды іс-шараларда ат салысады. Қоғам қайраткерлерімен кездесуде тәлімді тәрбиені сіңіріп, рухани сусындап, ой көкжиектері кеңейіп отырады.
«Адамның әдемілігі шыншылдығында» демекші, бұл бағытта мектеп асханасында «Адалдық дүкені» жұмыс істейді. Оқушылар өздері адал сауда жасап, өтірік айтпауға дағдыланған. «Шындық жоқ жерде сұмдық көп», «Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам» екендігін ұғынған білім алушылар өтірік өрге баспайтынын терең түсінгенін адал сауда жасағандығынан білуге болады.
Білімді, саналы, жемқорлыққа жаны қас ұрпақ тәрбиелеу – мұғалімнің міндеті. Елдің абыройын асқақтатып, мәртебесін өсіретін, жаңа Қазақстанның адал ұрпақтарын қалыптастыратын, ел болашағын тәрбиелеуде, жемқорлықтың жолын кесуде мектебіміздің үлесі мол.
Ағымдағы жылдың 1-тоқсан қорытындысы бойынша өткізілген Ашық есік форматындағы ата-аналар мен барлық сабақ беретін ұстаздардың бетпе-бет кездесуі де кәсіби адалдық ұғымына жақындай түседі. Адалдық – сатылмайтын еңбек бейнесі, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықсыз болашаққа жасалған қадамдардың бірі екендігін ұғынған ата-аналарға бұл жаңа дәстүр ұнады.
Күрделі еңбекті іздену жолында, ақыл-ойды ұштау жетілдіру, жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігі мен жауапкершілігін арттыру мақсатында жолы қиын, ісі адал мамандықты таңдадым. әлемдік озық идеяларды ұжымның арасында табандылықпен таратып, үміт пен нәтиже күтетін шәкірттерді тәрбиелеудемін.
Ұрпақ тәрбиесімен айналысатындықтан, әр шәкіртті жақсылыққа, ізгілікке тәрбиелеу – менің басты борышым. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп, ақиқат пен туралықтың төрелігін айтқан бабаларымыздың сөзінің жаны бар. Осы мақсатта қалам тербеген менің мақалам «Алматы» ақшамы газетіне жарыққа шыққан болатын.
Білім алушы барлығын көруші, көшіруші, қабылдаушы болғандықтан, қазіргі ұстаздың бойында адалдық пен әділдіктің болуы шарт. Оқушыларды әділ бағалап, дұрыс таразылап, ұтымды шешім шығаруды ақыл-оймен ұштастыра отырып қолданамын.
Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді, адал ұрпақ – жарқын болашақ кепілі. Ендеше болашағымыз жарқын болуы үшін еш аянбай еңбек ету менің басты қағидам. Адам баласы бойындағы адал қасиеттерді саралап, оң-терісін оқушыға дұрыс бағыттап, дұрыс жеткізуде сынып жетекші ретінде де өз үлесімді қосудамын.
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!», «Адал ұрпақ – мәңгілік ел болашағы» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелдер мен сынып сағаттары барысында білім алушылар жемқорлық, адалдық ұғымдары туралы тағы да тереңірек санасына сіңіруде. Жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі ретінде тәрбиеленген бүгінгі білім алушылар келешегіміздің кемел болуына өз үлестерін аянбай қосады деген сенімдемін. Жемқорлық – қоғамға қастық болып саналатынын терең сезінген менің шәкірттерім болашақта елін сүйетін, еліне адал қызмет жасайтын, елдің қамын жейтін, халқымның игілігін ойлайтын адал азамат болатынындарына сенімім мол.
Заманауи мұғалімнің портреті қандай дегенде, менің ойыма кәсіби білігі мен білімі жоғары, талантты, шығармашыл, заманауи ұстаз – ұлттық құндылықтарды жаңа заманмен ұштастыра отырып, шәкірт тәрбиелейтін маман елестейді. Заманауи педагог – жан-жақты, жаңашылдыққа құмар қасиеттерге ие мұғалім бәсекеге қабілетті, болашақтың көшбасшы болатын шәкірт тәрбиелейді. Қазақстанның әрбір мүғалімі заманауи болмауына қақысы жоқ, себебі, президентіміз бізге барынша қолдау көрсетіп жатыр.
Таза сезім мен адал жүректен халықтың игідігіне жарап жүрген қабілетті азаматтар мейірімді жаннан жолдама алып, қанат қағып ұшқанын көргенде адал ұстаздың шәкірті екендігіне күмәнім болмай, керісінше көңілім марқаяды. Балғын ұрпақ заман көшімен ілескен шебер істі ұстаздан зерделеп зерттеуді, пайымды пікірді түйіндеуді, ойды жүйелеуді, ой-өрісін де ұштай түседі. Жас буын алдында өзімді биік бәйтерекке, олардың алтын діңгегі ретінде бейнеленсем, менің жүрегімнің түбіндегі асыл мұратымның орындалғаны деп білемін.
Сонымен қорыта айтқанда, болашақ – жастардың қолында екендігі белгілі. Білімнің даңғыл жолында білім алушыларды сынға сүрінбейтін, өмірдегі құбылыстардың сырын жетік танудағы төзімділігі мен рухани пайымдылығын арттырудамын.
Өз ойымды қорытындылай келе, білім шырағын жарқырата білген, жанам деген жүрекке от бере алған заманауи ұстаз сансыз шәкірттің есінде мәңгі жаңғырып тұратынына күмәнім жоқ. Елімнің ертеңі болар, қажырлы да қайырымды, адал еңбегімен өркениетті елдің ұрпағына сая болған, ары таза, рухы биік тұлғаны аялай білген ұлы қызметтің иесі ұстаз екенімді үлкен мәртебе санаймын және осы тынымсыз еңбегімнің арқасында тамыры тереңге тартқан алып бәйтерекке айналсам, білім алушыларым сол бәйтеректің түбінен шыққан шыбық болса арманым жоқ еді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз