"Заманауи мұғалімнің келбеті" эссе

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Заманауи мұғалімнің келбеті" эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
"Заманауи мұғалімнің келбеті" тақырыбына эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы


Заманауи мұғалімнің келбеті


Ұстаз – мәңгілік нұрдың бағбаны. Сөз басын «Ұстаз» сөзімен бастадым да, үлкен ойға қалдым. Сонда «ұстаз» сөзі қандай мағына береді және ол қандай болуы керек? Менің ойыма оралған осы бір пікірді көпшілікке ұсынғым келеді. Ұстаз сөзін қай тұрғыдан алып қа­расаңыз да мағынасы терең. Кез келген адамның өмірінде ерекше құрмет тұтатын ұстазы болады. Ұстаз деп мектептегі мұғалімді ғана айтуға болмайды. Сенің өміріңе, тәрбие - болмысыңа бағыт берген, кәсібіңнің қыр-сырын үйреткен, тіршілігіңе нәр берген адамның барлығы да ұстаз деген атқа лайықты. Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы: «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді» – дегендей ұстаздық кәсіпті таңдаған адамның бойында өз мамандығына берілген, бар қуатын оқушыға сарқып бере алатын, онымен бірге қуана да, қайғыра да білетін барлық асыл қасиеттер болу қажет. Менің ойымша, ұстаз болу кез келген адамның қолынан келе бермейді.

Енді осылай ерекше қадір тұтып, мақтан етіп жүрген педагогтарымыздың мәртебесі қоғамда қаншалықты бағаланып жүр деген сұрақ туындайды. Оның бастауы әріректе жатыр. Әрірек дегенім педагогтың мамандық таңдауынан бастау алған жері. Яғни, педагог оқушы кезінен педагог болуды мақсат еткен болып, осы саланың иесі болуды армандаған болса, онда жақсы нәтижеге қол жеткізген болар еді. Ондай мамандар жақсы педагог , үлгілі ұстаз болары сөзсіз. Себебі, оның бар мақсаты – оқушыны сауаттандырып, өз мамандығының нағыз майталманы болу. Өз мамандығын сүйіп, әр баланың жүрегінен орын тауып, нағыз білікті маманның орны қашанда төр болары анық. Ондай ұстаздарды, педагогтарды бір ғана оқушы емес, қоғам болып құрмет тұтып, бас иетінін байқаған болар едік. Жақсы ұстаз бала оқытып, білім беру үшін жайлы орын талғамайды. Бұл педагогтың мәртебелі болуының алғашқы қадамы деп ойлаймын.

Екінші қадамы – педагогтың ізденісі. Осы орайда «Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын, бар ынтасымен атқара білуі керек» деген атақты педагог В. Маяковскийдің сөзі ойға оралады. Педагог - қашанда ізденіс үстінде жүретін маман. Ол үнемі өзін өзі дамытып, әртүрлі қызықты әрі тың ақпараттарды жинап, оны балаларға білім беруде орынды қолданып отыруы тиіс. Себебі балалар оқулықтағы мәліметтерді өз бетінше оқып, тани алады да , оған көп жағдайда қанағаттанбайды. Сондықтан педагог өз оқырманына тың ақпараттар беріп, оларды қызықтыра алуы да үлкен рөл атқарады.

Педагогтың мәртебелі болуы үшін келесі қадам – оқи жүріп оқытуында жатыр деп ойлаймын. Өзі ғана біліп, оны өзгеге үйрете алмаса, ұстаз атанбаған болар еді. Атақты диқаншы атамыз Ыбырай Жақаев: «Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз» - деп орынды айтқан еді. Сол үшін өзін ұстаз санайтын әр тұлғаның ең үлкен міндеті шәкірт тәрбиесі болуы тиіс. Бойындағы бар жиған - терген ілімі мен білімін, тәрбие мен білігін өзі ғана емес, шәкірт арқылы да көрсете алатын нағыз педагогтар қоғамда жетерлік. Белгілі химик Д.Менделеевтің «Мұғалімнің бүкіл мақтанышы -шәкірттерінде, өзі шашқан ұрықтарының өсіп - өнуінде» деген пікірде де үлкен мән-мағына жатыр..
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсам, педагог мәртебесінің биік болуы алдымен өзіне, сосын өзгелерге байланысты болмақ. Жоғарыда аталған сатылардың талаптарынан бұлжытпай өте алған педагогты қоғам да, мемлекет те бағалайтыны анық. Көрнекті қазақ қаламгері Мәлік Ғабдуллин: «Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді» - деп, ұстаздарға тамаша баға берген еді. Демек, ұстаздар бар болмысымен, табиғатымен, білімділігі мен біліктілігінің арқасында зор құрметке ие бола алады. Мен үшін педагог туылып ұстаз болмайды, ұстаз болып туылады. Атақты педагог Алтынсаринше айтсақ, «мұғалім-мектептің жүрегі». Білімге бай педагогтың мәртебесі қашанда биік!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.11.2024
144
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі