400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдер - оқытудың құзіреттілік құралы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала мұғалімдерге заманауи педагогикалық тәжірибелерді қолдануға мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдерді қолдануда көмектесе алады. Бұл баяндамада цифрлық ресурстардың сабақтағы рөлі, олардың түрлері және тиімді пайдалану жолдары қарастырылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР –

ОҚЫТУДАҒЫ ҚҰЗІРЕТТІЛІК ҚҰРАЛЫ


А.К. Акпанбетова


Қостанай облысы білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, Қостанай обл., Б.Майлин ауданы, Әйет ауылы

akpanbetova89@mail.ru

Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында түрлі педагогикалық тәсілдерді қолдануды талап етеді. Соның ішінде құзіреттілік тәсілі оқушылардың білімді тек меңгеріп қана қоймай, оны өмірде қолдана білуіне бағытталған. Бұл баяндамада заманауи педагогикалық тәжірибелер мен құзіреттілік тәсілінің маңыздылығы қарастырылады.

Цифрлық ресурстар – оқыту процесін тиімді ұйымдастырудың маңызды құралы. Олар оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттырып, оқу материалдарын меңгеруді жеңілдетеді. Бұл баяндамада цифрлық ресурстардың сабақтағы рөлі, олардың түрлері және тиімді пайдалану жолдары қарастырылады.

Құзіреттілік тәсілі білім алушының жеке қабілеттерін дамытып, өмірлік жағдайларда білімді тиімді пайдалануға үйретеді. Бұл тәсіл дәстүрлі оқыту әдістерінен айырмашылығы – дайын білімді беру емес, керісінше, оқушылардың өз бетінше шешім қабылдап, шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін жетілдіруге бағытталған.

Қазіргі таңда білім беру жүйесінде кеңінен қолданылатын педагогикалық әдістер мыналар:

  • Жобалық оқыту әдісі – оқушылардың нақты бір тақырып бойынша өз бетімен зерттеу жүргізіп, нәтижелерін талдап, шешім қабылдауына көмектеседі;

  • Проблемалық оқыту – білім алушыларға нақты мәселелерді шешу арқылы өз бетінше ойлау қабілетін дамытады;

  • Ойын технологиялары – оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, оқыту процесін қызықты етеді;

  • Интерактивті оқыту әдістері – топтық жұмыс, пікірталас, миға шабуыл арқылы оқушылардың коммуникативті дағдыларын жетілдіреді;

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану – мультимедиа, онлайн платформалар, цифрлық ресурстар арқылы оқушылардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Құзіреттілік тәсілін енгізу барысында бірқатар қиындықтар кездесуі мүмкін:

  • Мұғалімдердің жаңа тәсілдерді меңгеру қажеттілігі;

  • Материалдық-техникалық базаның жеткіліксіздігі;

  • Бағалау жүйесінің өзгеруі.

Цифрлық ресурстар оқыту сапасын арттырып, оқушылардың пәнге деген ынтасын күшейтеді. Олардың көмегімен оқу материалын интерактивті түрде ұсынуға, күрделі тақырыптарды визуализациялауға және оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға болады. Сонымен қатар, цифрлық ресурстар қашықтықтан оқыту мен инклюзивті білім беруді жүзеге асыруда ерекше рөл атқарады.

Білім беру процесінде әртүрлі цифрлық ресурстар пайдаланылады, олардың негізгі түрлері мыналар:

  • Электронды оқулықтар мен кітаптар – мәтіндік, аудио және видео материалдарды біріктіре отырып, оқу процесін жеңілдетеді.

  • Интерактивті тақталар мен презентациялар – оқушылардың назарын аударып, сабаққа белсенді қатысуына мүмкіндік береді.

  • Онлайн платформалар мен қосымшалар – Kahoot, Quizizz, Google Classroom, Moodle сияқты құралдар бағалау мен қашықтықтан оқытуды жеңілдетеді.

  • Виртуалды және толықтырылған шындық (VR/AR) – оқу материалдарын тереңірек түсінуге көмектеседі.

  • Бейнесабақтар мен подкасттар – оқушыларға өз бетімен білім алу мүмкіндігін береді.

3. Цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану жолдары

Сабақта цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану үшін келесі әдістер қолданылады:

  • Оқушылардың деңгейіне сәйкес цифрлық құралдарды таңдау;

  • Интерактивті элементтерді пайдаланып, оқушылардың белсенділігін арттыру;

  • Қиын тақырыптарды түсіндіруде анимация мен бейнематериалдарды қолдану;

  • Цифрлық платформалар арқылы оқушылардың жетістіктерін бағалау және кері байланыс орнату;

  • Мұғалімдер үшін цифрлық сауаттылықты дамытуға бағытталған курстар мен тренингтер өткізу.

Осы мәселелерді шешу үшін мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру, жаңа технологияларды білім беру жүйесіне енгізу және құзіреттілікке негізделген бағалау жүйесін қалыптастыру қажет.

Құзіреттілік тәсілі заманауи білім берудің негізгі бағыты болып табылады. Ол оқушылардың алған білімін өмірде қолдана білуіне мүмкіндік беріп, олардың шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамытады. Білім беру үдерісінде заманауи педагогикалық тәжірибелерді тиімді пайдалану – болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына және бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.


Әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 2007 жылғы шілденің 27-сі №319-ІІІ ҚРЗ.

  2. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары.-Алматы: Казпрофтех, 2007.-144б.

  3. Өстеміров К., Айтбаева А. Қазіргі білім бері технологиялары. – Алматы: АГТУ, 2006. – 108 б.

  4. Жанпейсова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. – Алматы, 2002.

  5. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Оқу құралы. – Алматы. Жазушы, 2004.-208 б.

  6. Сейталиев К.Б. Педагогика тарихы – Атырау, 2007.-336 б.

  7. Педагогика тарихы. Оқулық: ҚазМемҚызПУ-Алматы, 2009.-398 б.

  8. Әбиев Ж. Педагогика тарихы: Оқу құралы.-Алматы: Дарын,-2006.-480 б.

  9. Әлемдік Педагогикалық ой-сана. . 10-томдық. 1-2 том-Алматы,-400 б.

  10. С. Бабаев, Ш.Б. Оразов, Қ.С. Бабаев Педагогика.


Аннотация. Мақала мұғалімдерге заманауи педагогикалық тәжірибелерді қолдануға мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдерді қолдануда көмектесе алады. Бұл баяндамада цифрлық ресурстардың сабақтағы рөлі, олардың түрлері және тиімді пайдалану жолдары қарастырылады.

Аннотация. Статья может помочь учителям использовать методы, позволяющие использовать современные педагогические практики. В этом отчете рассматривается роль цифровых ресурсов в классе, их типы и способы их эффективного использования.

Abstract: The article can help teachers to use methods that allow them to use modern teaching practices. This report examines the role of digital resources in the classroom, their types and how to use them effectively.



Түйінді сөздер: білім беру жүйесі, оқытудың тиімді тәсілдері, құзіреттілік, цифрлық ресурстар, тиімді педагогикалық тәжірибе, визуализациялау.

Ключевые слова: образовательная система, эффективные методы обучения, компетентность, цифровые ресурсы, эффективная педагогическая практика, визуализация.

Key words: educational system, effective teaching methods, competence, digital resources, effective teaching practice, visualization.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 мамыр
179
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі