Заманауи қазақ киносындағы тақырыптық түрлену мәселелері
Қазақ киносының тарихы XX ғ. 30 жылдардан бастау алып, бүгінгі күнге дейін өзінің жанрлық , тақырыптық тұрғысынан көптеген түрлену, даму сатысынан өтіп, белгілі бір мазмұны жағынан стилін қалыптастырды. Бұны біз қазір прокатқа шығып жатқан фильмдерден және көрерменнің бұған қандай көз-қараста екенінен аңғара аламыз. Жалпылама алғанда заманауи продюсерлер фильмдердің көптеген жанрларымен эксперименттік тұрғыда түсіріп, көрерменнің бұған ой-тұжырымдамасымен танысып, бүгінгі отандық кинематографтың бағытын айқындап жатыр. Осының бірден-бір себебі бұл заманауи қоғамның талғам өзгерісі. Соңғы 10 жылда ғылыми технологияның дамуы, соның бірі әлеуметтік желілердің қарқындауы, қоғамның ой-санасының өзгеруіне алып келді. Көптеген дәстүрлі деп саналған нормалар, оларға салт-дәстүрлер, адам қарым-қатынасы, жаңа мамандықтар, мемлекет пен халықтың жағдайы, экономикалық әлеуметтік мәселелер және тұрмыстық мінез-құлықтардың өзгеру процесінде екені айдай анық. Сөздің қысқасы әлеуметтік қоғамның өзгерісі, тікелей кино саласына әсері бар. Қазақстанның 30 жылдан аса тәуелсіздік алған сәтте кино өндірісі кеңестік кезінен салыстырғанда үлкен бетбұрыс жасады. Алғышқы қадамды авторлық режиссерлер бастады. Соның бірі Дәрежан Өмірбаевтың фильмдері, өзінің бір талғам режиссерлік стилімен бүгінгі күнге дейін ұлттық қоғамның ішкі сырын аша отырып, кинодағы тақырыптың түрленуін айқындап келе жатыр. Ол 1990 жылдардан бастап “Кардиограмма”, “Шілде”, “Киллер”, “Студент”, “Қайрат”, “Ақын” секілді бүгінгі күнге дейінгі фильмдерімен нақ айғағы бола алады.
Қазақ киносындағы тақырыптық түрлену болғанымен, ол ерте кездегі шыққан фильмдерден нәр татып, жаңа ойларды қоса отырып, бүгінгі тенденцияларға сай, жаңа туындыларды қарқынды шығарып отыр. Ең алдымен жанрлық жағынан қарастырсақ, заманауи фильмдер бір ғана емес, екі немесе одан асатын жанрлық ерекшеліктерді өзінде қамтиды. Бірден айтып кететін жайт, ол драма мен комедияның әр шығарманың түпкі жанры болады. Драма жанрындағы түрлену мәселесі соңғы 5 жылда жай қадаммен баса отырып, ұлттық қоғамда болып жатқан мәселелерді шынайы көрсете білді. Сонымен қоса, басқа жанрлық элементтерді өзіне икемдеді. Мысалы соңғы жылдары шыққан Фархат Шәріповтың “18 килогерц”, “Схема”, Әділхан Ержановтың “Голиаф”, “Черный, черный человек”, Айжан Қасымбектің “От”, Асқар Ұзабаевтың “Бақыт” және т.б. туындыларды келтірсек болады. Бұлар көбіне қоғамда, халық арасында болып жатқан шиеленістерді, жастардың, биліктің, отбасы мәселелерін ала отырып, ұлттық не адами тұрғыда шындықты бейнелейді. Тақырыптық және жанрлық ерекшелігімен Айсұлтан Сейітовтың “Қаш” атты картинаны қарастырсақ болады. Жанрлық түрлену жағынан қарайтын болсақ, тарихи драмалық хоррор болып саналады. Тақырыптық түрлену мәселесінде ол қазақ халқында болған ашаршылық заманын баяндап, кішкентай бір оқиғаны көрсету арқылы, бүкіл ұлттың үлкен қиыншылығын меңзей білді. Осы тұста алысқа кетпей Қуаныш Бейсековтың “Дәстүр” атты картинасын алып көрейік. Фильмнің аты айтып тұрғандай бір отбасының дәстүрлі ортадан, белгілі бір жағдайларға орай діни көзқарастарды жетекші орынға қоя отырып, хоррор жанрында картинаны ұсынды. Бұған қарай көп көрермендер бір текті ойда болмады. Оған қарамастан фильм үлкен прокат жинап, қазақ киносындағы белгілі бір тақырыптық бетбұрысты айқындады.
Комедия жанрдағы түрлену мәселесіне тоқтайтын болсақ, бұл жерде бәрі бір қалыпты. Фильмдердің бәрі коммерциялық мақсатта түсірілуіне қарай, картиналар бір-бірінен еш ерекшеленбейді. Драмалық туындылардың әр қайсысы жеке бір тақырыптық, нарратив, жанрлық, стильдік шешімдермен ерекшелене келе жаңа кино тәжірибе береді. Коммерциялық фильмдерді эксперименттік тұрғыда алатын болсақ, көп мүмкіншілік бар. Алдымен олардың бюджеті, авторың көптеген ойларын жеткіздіруге толығымен дайын. Екіншіден көп жанрлық ерекшеліктікті де молымен қолдана алады. Комедия жанрының, тақырыптық түрленуін Нұртас Адамбайдың “Келинка Сабина” атты 2014 жылы шыққан комедиясымен бастау алады. Ол комедияның жаңа тақырып идеясын айқындай тұра, жаңа тренд жүргізді. Яғни ұлттық колоритті ала отырып, самоирония тұрғысынан комедияны құрды. Кейінгі туындылар осы шаблонды қолданып, көптеген бірегейлік картиналарды, тіпті франшизаларды шығара білді. Қазіргі таңда шығып жатқан Нұрлан Қоянбаевтың “Бизнес по-казахски”, Ернар Нұрғалиевтің “Келінжан”, “Брат или брак”, Тимур Дулатовтың “Хотя бы в кино” және тағы сол сияқты ұқсас фильмдер комедияның түрлену мәселесін және халықтың ұлттық кодын құрайды деп айтсақ артық болмас. Осы тұрғыда тақырыптық тұрғыда жаңа жанр фантастика бола алады. Алғаш толықметражды фантастика, комедия жанрды қамтитын “Казахи против пришельцев” фильмін жатқыздырсақ болады. Тақырыптық түрлену мәселесінде бұл жанр көп орайға бара алмайды.
Қорытындылай келе қазір заманауи қазақ киносындағы тақырыптық түрлену мәселесі әлі де ашық. XXI ғасырдың постмодернисттік бағытта бола отырып, қазақ кино өндірушілері өздерінің тәжірибелеріне сыйына отырып, қатты бір өзгерістерге бармауда. Оларға ең алдымен қоғамның сұранысы қажет. Соған байланысты жалпы кинематографтың тақырыптық тенденцияларды ыңғайлыстырады. Яғни ең алдымен ұлттық талғамын біліп, өзгертуміз қажет. Осылайша кинодағы тақырып түрлілігінің алуандығы пайда болады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз