Заманауи сабақ: оқытуды
ұйымдастырудың жаңа түрлері
Архабаева Айсулу
Турановна
Түркістан
облысы
Жетісай
ауданы
«Н.Оңдасынов атындағы №14
жалпы білім беретін мектеп»
Arxabaeva78@mail.ru
Қазақстанның бәсекеге
қабілетті, қуатты мемлекет болып қалыптасуын қамтамасыз ететін
негiзгi факторлардың бiрi және оның дамуының өзегi–бiлiм беру
жүйесi.Бiлiм беру жүйесiнің алдында тұрған басты міндет–білім
сапасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, бұл өз кезегінде
азаматтардың кез келген салада бәсекеге қабілетті болуын талап
етеді. Қазіргі заманның талабы – оқушылардың дайын білімді игеріп
қоймай, өз бетімен іздене алу қабілетін дамыту, өзгермелі
жағдайларға қарай шұғыл шешім шығара алуын, кең ойлап, кемел
пішетін ғылыми ойлау жүйесін қалыптастыру. Оқушыларға ғылыми білім
беру сапасын жетілдірумен қатар, оларды ғылыми – зерттеу
жұмыстарына баулу, шығармашылығын дамыту, өз бетімен іздендіру
арқылы тұлғалық бейімділігін аша отырып, ғылымның белгілі бір
саласындағы ізденістеріне бағыт беру болып табылады. Ұлы ойшыл,
қытай философы Конфуцийдің «Естігенімді–ұмытамын, көргенімді–есте
сақтаймын, ал өз ақыл ойыммен істеген ісімді- түсінемін» деген
даналық сөзі осы айтылғандарды дәлелдей түседі. Қазіргі уақытта
алған білімді жаңа проблемалар шешуде шығармашылықпен қолдана
білуіміз тиіс. Сондықтан талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблеманы
анықтай білу, шешу жолын іздестіру, іздену сияқты қабілетті
дамытатын, теорияны практикамен ұштастыратын ізденіс жолы -
тәжірибе мен бақылауды жүзеге асыру. Зерттеу әдісі оқытудағы басты
үдеріс болып табылады. Зерттеулермен айналысқан оқушылар сұрақтар
құрып, олардың жауаптарының нұсқаларын ойластырады. Олар
мәліметтерді жинап, оларды қалай көрсету керек екенін шешеді,
мағлұмат алу үшін мәліметтерін біріктіреді, сонымен қатар алған
білімдерінің дұрыстығын тексереді. Оқушылар өз міндеттерін
анықтайды, сын тұрғысынан және логикалық ойлауды қолданады,
сондай-ақ альтернативті түсініктерді қарастырады. Осылайша,
оқушылар ғылымды түсінуін ғылыми білімдері мен ой жүгірту және
ойлау дағдыларын қиыстыра отырып белсенді дамытады. Шығармашылық
тапсырмаларды орындау барысында оқушылар сын тұрғысынан ойлау
(сауатты сұрақтарды құру, тәжірибелік стратегиялар жасау, бар
қателерді табу мен тіркеу), үдерістегі біліктілік (жабдықтарды
калибрлеу, мәліметтерді жинау), жобалар мен құрылымдарды білу
(құрал-жабдықтарды жинақтау, қауіпсіздік шараларын сақтау,
ерітінділерді араластыру) және аналитикалық ойлау (графиктер құру,
модельдеу, статистика) сияқты дағдыларын дамытады. Интеграция
моделінің мүмкіндіктері: Міне, осылайша ғылыми білімді тәжірибелік
біліммен кіріктірудің бірнеше жолын атауға
болады.
оқушыны ғылыми-зерттеу
жұмысына баулу;
цифрлық білім беру ресурстары,
яғни сандық зертханалық кешен мүмкіндіктерін
қолдану;
STEM білім беру
бағыты;
Мектеп мұғалімі пәндік оқыту
міндеттерін, сонымен қатар тәрбиелік міндеттерді шешеді. Мысалы,
мұғалім сабақ барысында және сыныптан тыс тәрбиелік іс-әрекет
үдерісінде зияткерлік (ақыл-ой), рухани-адамгершілік, эстетикалық,
дене тәрбиесі мен салуатты өмір салтын қалыптастыру, еңбек тәрбиесі
мен кәсіби бағдарлау міндеттерін шешеді. Бұл міндеттер өз кезегінде
басқа жеке міндеттерден тұрады. Мысалы, зияткерлік тәрбиесі
білімдер жүйесін қалыптастыру, танымдық үдерістерді және ойлауды
дамыту міндеттерін қамтиды. Бұл педагогикалық міндеттердің әр бірі
көбірек нақты құрамдастар - ұғымдарды, ойлау іс-әрекеттерін және
операцияларын, қызығушылықтарды т.б. қалыптастыру арқылы, яғни
педагогикалық ойлау арқылы жүзеге асырылады. Шынында педагогикалық
мақсаттарға конструктивті амалмен қол жеткізіледі–тақырыптық
жоспарлар құру,сабақтардың жоспарларларынконспектілерін
әзірлеу,нақты оқу мазмұнын құрастыру, педагогикалық міндеттерді
шешудің қиысынында оқытуды ұйымдастырудың формалары мен әдістерін
таңдау және үйлестіру. Оқу үдерісіне мұғалім ұйымдастырушылық
міндеттерді– оқытуды ұйымдастырудың формаларын әзірлеу, нақты
міндеттерді шешу немесе коммуникативтік (қарым-қатынас) міндеттерін
шешу арқылы жүзеге асырады.Әрбір педагогикалық міндетті шешудің
барысында белгілі ойлау операциялары
өзектендіріледі.
Заманауи білім берудің негізгі
бағыттарының бірі-желілік қызмет, әлеуметтік желілерді білім беру
ресурстары ретінде пайдалану және шалғайшеберлік сабақтарын өткізу,
тренингтер. Желілік технологияларды қолданумен цифрлы білім берудің
типтік ерекшеліктері-бұл икемділік, ұтқырлық, өндіріс
қабілеттілігі, диалогтық және интерактивтілік, медиа ағындарды
қабылдауға бағдарлау. В.А.Галичин ұтқырлылық басқа міндеттерді шешу
үшін де маңызды деп санайды.Ол жеке даму,білім деңгейін арттыру
және адамдарды жұмысқа орналастыру үшін мүмкіндіктер жасау.Жаңа
білімді жинақтауға, түрлі оқытушылардан оқуға және жаңа жағдайларда
өзін, өз ұсыныстары мен құзыреттіліктерін тексеруге мүмкіндік
береді.
Бүгінде қашықтан білім беру
біздің өмірімізге сандық технологиямен бірге дендеп кіріп кеткен
сияқты. Бірақ шын мәнінде мінсіз ақпарат көзін іздеуде адамзат
біраз ғасырларды артта қалдырды. Зерттеушілер қашықтан білім алу
деген ой қашан, қайда пайда болғаны жайлы әлі де бірауыздан
келісімге келген жоқ. Кейбіреулер тіпті, алыстан білім беру туралы
ойдың негізін салушы жазбаларын ғибадатханаларға жіберуді алғаш
ойластырған апостол Павел деп есептейді. Қашықтан білім алудың
бастамасы тарих қойнауына кеткенімен, біз үшін жаңа білімдерді
жедел әрі тиімді түрде үйрену қажеттілігі қашанда өзекті болғаны
анық.Осы мақсаттың жолында адамдар өркениеттің барлық жетістіктерін
қолданды. ХІХ ғасырдың соңында Еуропа, Канада, Австралия және
Құрама Штаттар университеттерінде қашықтан білім беру бөлімдері
бірінен кейін бірі ашыла бастады. Телевидение мен радионың пайда
болуы оқушылар аудиториясын жүздеген есе арттырып, қашықтан оқыту
әдістемесіне түзетулер енгізді. Қашықтықтан білім беру ЮНЕСКО-ның
«Барлық адамдар үшін білім беру», «Өмір бойы білім алу», «Білім
беруде шекара жоқ» білім беру бағдарламаларының негізгі түйінді
бағыттарының бірі болып танылды. Қашықтықтан білім беруді дамытуға
қолғабыс тигізу Еуропа одағының құрылтайшы келісім-шарты болып
табылатын Маастрихт келісімшартының 126 бабына сәйкес негізгі
мәселе болып саналады. Қашықтан оқыту кезіндегі білім беру
үрдісінің негізін жеке кесте бойынша өзіне ыңғайлы жерде оқуға
мүмкіндігі болатын, оқытудың арнайы құралдары жиынтығы өзінде бола
отырып, электронды және қарапайым пошта, телефон арқылы
оқытушылармен келісілген байланыс жасауына, сонымен қатар, күндізг
бөлімде де мүмкіндігіболатын, білім алушының мақсатқа бағытталған
және бақыланатын қарқындыөзіндік жұмысы құрайды. Қашықтан білім
беру қызметін модельдеуде білімді берудің белгілі бір моделі
қолдану қажет. «Модель) деген сөз латын тілінен аударғанда «өлшем,
ұқсас,үлгі» деген мағына береді. Білім беру моделі қашықтан оқыту
барысында оқупроцесі не үшін қажеттігін анықтайтын білім берудің
мақсатын жән есхемасын қалыптастырады. Қашықтан оқыту кезінде
балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру маңызды. Ең алдымен
«креатив» сөзінің аудармасына тоқталсақ: «Современный словарь
иностранных слов» деген 1994 жылыПетербургте жарық көрген сөздікте:
1.Креатив( латынсөзі ) аудармасы « созидание » деп жазылған.
2.Креационизм – сотворение мира деп жазылған.
М.И.Махмутов:«Оқытылатын пәндердің дидактикалық жүйелері мен ғылыми
мәселелерін шешуге және оның жолдарын іздестіруге арналған
проблемалық ілім оқытудың креативтік жүйесіне сәйкес келеді. Бұл
технология күрделі мәселелердің шешімін табуға, тереңіне бойлап
интеллектуальдық, шығармашылық қабілетін жұмсауға итермелейді»
деген түсінік береді. А.В.Хуторской:«Креативтікбілім беру мен өз
бетімен біліктілігін жетілдірудің біртұтастық жүйесі эвристикалық
оқыту принциптерінен бастау алады» деген пікір қосады.
«Креативтік–тез ойлап табу, жаңалық ашу, аяқ астынан ақыл табу,
терең сезім, толғаныс, интеллектуальдық биіктік, ұшқыройлылық»
деген ереже шығарылған. Креативтік-өркендеуге, дамуға, нәтижеге
жетуге бағытталған. Креативтік технология бойынша ізденушілік,
зерттеушілік, эвристикалық әдістермен жұмыс жасалады. Әдістер
ойландырады, қиялдауға итермелейді, қысылмай өз ойын айтуға
мүмкіндік береді. «Өмірді тану–ғылым,өзіңді білу-өнер»деген тұжырым
бойынша оқушылардың бойында ғылым мен өнердің тоғысқан үлкен
біліктілігін қалыптастыру мақсатында оларға өзойынан өлең шығару,
ертегі, әңгіме құрастыру үшін шығармашылық тапсырмалар
орындатылады. Әлемдегіөркениетті Румыния, Венгрия, Польша, Латвия
т. б. елдерінде «Күтілетін нәтижеге бағдарланған білім беру
моделіне білім берудің мақсатын, мазмұнын, технологияларын оның
нәтижесіне қарап бағалайтын модельге көшіп отыр. Ұлттық
бәсекелестікке қабілетті оқушы ол тек білімділік, мәдениеттілік
деңгейі мен айқындалады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына жолдауы. 2018 .5.10.
2.Кларкин М.В.Педагогическая технология в учебном
процессе.-М.:Танио, 2004.
3.Чернилевский Д.В.Креативные аспекты становления
образовательной системы. - М., 2000. 4.А.В.Хуторской. Учебник для
ВУЗ-ов-СПб; Питер, - 2010.
5.Пидкасистый П.И.,Фридман Л.М.,
ГаруновМ.Г.Психолого-дидактический справочник преподавателя высшей
школы.М.:Пед.общество России,1999.352 с. 9.
6.Никитин И.Н.Становление культуры
профессионально-личностного самоопределения учителя.–М.,2002.–316
с.
7.Махмутов М. И. «Современный урок. Вопросы
теории: монография». 2-е изд., испр. и доп. М.: «Педагогика», 1986.
— 184