Материалдар / "Заңды білмеген зардап шегеді" тақырыбына арналған тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Заңды білмеген зардап шегеді" тақырыбына арналған тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
«Заңды білмеген зардап шегеді» Қауіпсіздік сабағының тақырыбы «АДАМНЫҢ ЖЕКЕ ШЕКАРАСЫН ҚОРҒАУДАҒЫ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2024
124
2 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты


Күні

18.11.2024ж

Класс жетекші:


Класс: 11

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Заңды білмеген зардап шегеді»

Қауіпсіздік сабағы: «АДАМНЫҢ ЖЕКЕ ШЕКАРАСЫН ҚОРҒАУДАҒЫ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР»

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру

Қауіпсіздік сабақтың мақсаты

Жеке шекара туарыл түсінік беру, жеке шекараны қорғау ережелерімен таныстыру.

Қауіпсіздік міндеті

  • Жеке шекараның бұзылуының кең таралған түрлеріне тоқталу;

  • Адамның жеке шекарасы: психологиялық, физикалық, эмоциялық түрлерін зерттеу;

  • Адам өзінің жеке шекарасын қалыптастыруда ұстану керек негізгі үш ережені анықтау.

Құндылықтарды дарыту

Ішкі құндылық

Апта дәйек сөзі

«Жауапкершілік - адамгершілік қасиеттің көрінісі»


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі (5мин)


Психологиялық тренинг. Мәтін оқылады.

Көзімізді жұмған сәтте алыстан бір қараңғы үңгір көрінгендей болады. Осылайша жүріп барам, жүріп барам. Кенет сүрініп кетіп, сол үңгірге қалай түсіп кеткенімді байқамай қалыппын. Іші тас қараңғы. Аяғымның астынан сыз өтіп барады. Жан-жағыма қарайлаймын, үңгірден шыға алатындай жағдайларды қарастырып көргім келеді. Бірақ еш нәтиже жоқ. Анда-санда естілетін сылдыраған судың дыбысы құлағыма келеді. Қай жақтан шығатыны белгісіз? Тас қараңғыда жар сипалауға кірістім. Тынысым тарылып, қорқыныш сезімі билеп алғандай.Үңгірден шыққым келеді, шыққым келеді, айқайлайын десем дауысым да шықпай қалыпты. Қылмыс жасаған адам да осындай күй кешетінін сонда түсіндім. Бірақ мен ешкімге жамандық жасамаған сияқты едім. Неге тағдыр мені осыншалық сынап, мына үңгірге қамады екен. Осылайша енді маған жарық көрер күн жоқ шығар деп ойлап өмірден үмітімді үзіп келе жатқанымда кенет қолым бір домалақ тасқа тигендей болды. Итеріп келіп қалып едім үңгірдің ішінен тағы бір бөлме ашылды. Мен қуана жар сипалап жүріп сонда кірдім. Алыстан жарық көрінді. Алақай , жарық! Кіп-кішкентай жарық болса да, мен жар сипалап сол жарыққа қарай жанталаса жүгірдім. О, жарық дүние, неткен қымбат едің, ешкімге соқтықпай, ешкімге ұрынбай, ешкімге жамандық жасамай еркіндікте жүргенге не жетсін, шіркін!

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.





-Не сездіңіз? -Қандай сезімде болдыңыз?

Оқушылар пікірі тыңдалады.



Компьютер
























Сабақ басы (10 мин)







Қауіпсіздік сабағы: 10 мин

«АДАМНЫҢ ЖЕКЕ ШЕКАРАСЫН ҚОРҒАУДАҒЫ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР»













-Дұрыс айтасыңдар! Құқық бұзушылыққа, қылмыстық іске, нашақорлық жолға түскен адамдар басынан дәл осы күйді кешеді. Тығырықтан шығатын жол іздейді. Бірақ бәрі де кеш болуы мүмкін. Өйткені бүлдірген істі бүтіндеу үшін көп уақыт қажет. Ал адамға өмір бір рет беріледі. Сол өмірдің әр жылын жарық күнде, бейбіт өмірде өткізу бәріміздің міндетіміз!

Қауіпсіздік сабағын негізгі бөлімі:

Жеке шекара әр адамға өзін жайылы ұстау үшін керек. Егер адам өзін жайсыз сезінсе, бұл кейін күйзеліске әкеп соқтыруы мүмкін. Мысалы, бейтаныс адам сізге сүйкеніп тұрса, рұқсатсыз қолыңыздан ұстаса, жаныңызға келіп отырса, көз алмай қарап тұрса немесе телефоныңыздағы хабарламаға көз салып оқып отырса, бұл сізге жайсыздық тудырады. Мұндай қылықтар жеке шекараны бұзуға жатады. Сонымен қатар, эмоциялық шекара деген де болады. Егер бейтаныс адам немесе жақыныңыз сізге ашуланып, дауыс көтерсе, ол да сіздің шекараңызды бұзғанға жатады. Себебі, бұл сізге жайсыздық тудырып тұр.

Жеке шекараны құру басқалардың сіздің өміріңізге араласпауына, өзіңізге сенімді болуыңызға көмектеседі. Бір сөзбен айтқанда, біздің эмоциялық, физикалық қауіпсіздігімізді қамтамасыз етеді. Кейбір адамның санасында «жеке шекара» деген ұғым жоқ. Мысалы, ол біреудің затын рұқсатсыз алады, сұрамайды. Ондай адамдарда жеке шекара бала күннен қалып-таспағандықтан, өзгелердің шекарасынан рұқсатсыз өте береді. Сондықтан, өзгелердің де шекарасына құрметпен қарау керек.

«Есте сақта!»

  • Ең алдымен, адам өзінің қалауын, қажеттілігін нақты білуі керек.

  • Екіншіден, өз шекараларыңа сенімді болу.

  • Біреу сізге ұнамайтын қағиданы ұсынса, өз шекараңызды қорғап, бас тарта білуіңіз керек.

  • Өз шекараңыздан ұялмауыңыз керек.

  • Үшіншіден, көмек сұраудан қорықпау қажет.


Окушылар жауап берді












презентация













Ортасы (15 мин)


Құқықтық сауаттылық - заман талабы (сұрақ-жауап)

1. Құқық деген не? (Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)
2. Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады? (БҰҰ).
3. Қазақстанның әрбір азаматының ең басты құқығын ата.(әркімнің өмір сүруге құқығы бар).
4. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды?
(2002 жылы 8-тамызда).
5. Заң бойынша бала деп кімді атайды?(18 жасқа толмаған адам).
6. Бала құқығы туралы Конвенция қашан қабылданды?(1989 жылы 20- қарашада).
7. Әлемде ең алғаш конституция қай елде жазылған? (АҚШ-та).
8. Адамның ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы не?(Бостандық).
9. Қазақстандағы ең қымбат қазына (адам).
10. «Жеті жарғы» заң жинағының авторы (Тәуке хан).


Оқушылар сұраққа ойланып жауап береді






конверттер


Соңы 5 мин






1)         Ерасыл сабақта болғанда анасы оның бөлмесін жинап жүріп, қажетсіз деген заттарының бірқатарын қоқысқа лақтырып тастады. Ерасылдың қандай құқығы бұзылды?

2)         Асқардың үйдегі інісін қарайтын адам болмағандықтан, оны анасы сабаққа жібермеді.

Асқардың қандай құқығы бұзылды, – деп ойлайсыңдар?

3)         Әсел мен Айжан дос еді. Әсел  жақсы оқитын. Ал, Айжан нашарлау оқитын. Бір күні екеуі ренжісіп қалды. Әсел Айжанды екіліксің деп, – келеке етті. Айжанның қандай құқығы бұзылды?

Балалар, жағдаят барысында қандай мәселені қозғадық?


«Тығырықтан шығар жол қайсы?» (ситуациялық жағдайды шешу


презентация


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!