Тақырып бойынша 11 материал табылды

Зәр шығару жүйесінің құрылысы мен қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім оқушы
Материалдың қысқаша нұсқасы












Тақырыбы:

«Зәр шығару жүйесінің қызметі мен құрылысы»


/ашық сабақ, 8 «А» класс/

















Сабақтын тақырыбы: Зәр шығару жүйелерінің құрылысы мен қызметі.


Сабақтың мақсаты: Бүйректің организмде орналасуын және сыртқы құрылысының ерекшеліктерін атқаратын қызметіне сай бүйректегі құрылымын анықтау. Зат алмасу процесінің соңғы өнімдерінің шығуының мәнін, олардың адам организмінен шығу жолдарын түсіндіру.


Дамытушылық: Оқушылардың білімге құштарлығын, пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін, шапшандығын, тіл байлығын дамыту.


Тәрбиелік: Оқушылардың үйлесімді жұмыс жасауын қалыптастыру. Оқу үрдісінде әр оқушыны қабілетіне сай шығармашылық ізденіске тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Экран, проектор, компьютер т.б.


Сабақтың әдісі: ұжымдық ойлау әрекеті технологиясы


Сабақ түрі: Аралас сабақ


Сабақтын барысы:


І. Ұйымдыстыру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ.Жаңа сабақ түсіндіру.

ІV.Жаңа сабақты бекіту.

V.Қорытынды.

І.Сәлемдесу. Оқушылардың класта орналасуын, қатысуын, дайындықтарын, тәртіптерін қадағалау. (1мин)


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1.Сұрақтарға жауап. /Флипчарт №1/

1.Ас қорыту жолының ұзындығы шамамен қанша болады? /8-10 м/.

2.Ас қандай мүшеде ағзаға сіңеді?

3.Өңештен кейін ас қайда барады?

4.Асқазанның сыйымдылығы қанша?

5.Тістер туралы не білесің?

6.Ашішек пен тоқішектің қосылған жерінде не бар?

7.Бауырдың салмағы қанша? Қандай қызмет атқарады? /1500 г/.


2.Суреттен асқорыту мүшелерін орналастыру. /Флипчарт №2,№3/

ІІІ.Жаңа сабақ. /флипчарт №4/.


Зәр шығару жүйесіне кіретін мүшелер


2DrawObject3 DrawObject2 DrawObject1 бүйрек 2 несепағар қуық зәр шығару өзегі


Бүйректің басты қызметі – организмдегі су-электролиттік алмасуды реттеу. Су-электролиттік алмасу реттелген жағдайда, организмдегі қанның көлемі мен осмостық қысымы және денедегі сұйықтық өз қалпын сақтайды. Сондай-ақ, бүйрек организмдегі қышқылды-сілтілі тепе-теңдіктің негізгі реттегіші болып саналады. Организмнен шығуға тиісті зәр бүйрек астауларынан несеп ағарға, одан біртіндеп қуыққа түседі.

Несеп ағар – трубка тәрізді орган, оның бас жағының диам. 2 – 4 мм, ұзындығы 30 см-дей. Несеп ағар төмен қарай, кіші жамбасқа түсіп, одан әрі қуыққа кірігеді. Бұл тұста несеп ағар жақсы дамыған бұлшық ет талшықтарымен (сфинктер) қапталған. Сфинктер зәрдің қуықтан кері қарай, несеп ағарға өтуіне жол бермейді. Қуық – дөңгелек пішінді қуысты орган, сыйымд. 400 мл, кіші жамбаста орналасқан. Оның түбі, денесі және төбесі болады. Қуықтың қабырғалары жақсы дамыған бұлшық ет қабатынан тұрады. Бұлшық еттің жиырылуы нәтижесінде қуық зәрден босайды. Зәр шығарушы канал – несеп түтігі арқылы қуықтағы зәр сыртқа шығарылады.[1] Ер адамдардың несеп түтігінің тағы бір қызметі – шәуҺетті шығару және жыныстық қозу кезінде үрпінің алдыңғы бөлімінің бездерінен арнайы сөл бөлу. Дені сау адам тәулігіне 4 – 6 рет дәрет сындырады (шамамен 1,5 л-дей).

Зәр  - ашық сары болып келетін мөлдір сұйықтық. Егер зәрдің түсі қою сары немесе қоңыр түсте болса, денсаулық тұрғысында қиындық туындағанын, яғни, ақау пайда болғандығын білдіреді.

Зәр шығару жүйесінің көп таралған аурулары:  нефрит пиелонефрит (бүйректің қабынуы), цистит (қуықтың қабынуы), уретрит  (несеп түтігінің қабынуы), т.б. Ер адамдарда, көбінесе, несеп түтігінің қабынуы, әйелдерде қуық пен бүйрек қабынуы жиі кездеседі.


IV.Жаңа сабақты бекіту. /Бейне сұрақ/.

1.Зәр шығару мүшелерін ата. /бүйрек, несепағар, қуық, зәр шығару өзегі/.

2.Адамның бүйрегі қайда орналасқан, салмағы қанша, пішіні қандай? /бүйрек құрсақ қуысында орналасқан, салмағы 150 г, үрмебұршақ пішінді жұп мүше/.

3.Бүйрек арқылы бір тәулікте қанша қан ағады? /Бүйректен тәулігіне1500 – 1700 л қан өтеді. Яғни әр 5 минут сайын ағзадағы қан бүйрек арқылы өтеді/.

4.Қуық қандай қызмет атқарады? Сыйымдылығы қанша? / Құрамында зиянды заттары бар су бүйрек астауына, несепағар арқылы қуыққа жиналады. Қуықтың сыйымдылығы 400-500 мл.болады/.

5.Зәр шығару жүйесі ауруларын зерттейтін ғылымды ата. /Зәр шыңару жүйесі ауруларын зерттейтін ғылым урология деп аталады. Емдейтін адам уролог деп аталады.


V.Қорытынды


Бағалау. Үйге тапсырма.

&51 оқу. 120 – сурет. 199-беттегі кестені жазу.




























ІІІ. Негізгі бөлім

Жаңа сабақтың барысын оқушыларға түсіндіріп, әр топтың басшысы өз топтарының тапсырмасын алады. Топтың тапсырмалары:

  1. Ыдырау өнімдеріне түсінік

  2. Зәр шығару жүйесіне кіретін мүшелер

  3. Бүйректің құрылысы мен қызметі

  4. Зәрдің түзілуі және шығарылуы


І. Ыдырау өнімдері


DrawObject4 Тұз

DrawObject5 Су

DrawObject6

DrawObject7 Зат алмасудың

DrawObject8 қалдық өнімдері


DrawObject9 улы заттар

бөгде заттар




ІІ. Зәр шығару жүйесіне кіретін мүшелер


2DrawObject12 DrawObject11 DrawObject10 бүйрек 2 несепағар қуық зәршығару өзегі




ІDrawObject13 ІІ. Бүйректің құрылысы m-150г


НDrawObject15 DrawObject14 ефрит өзекшелері үрме бұршақ тәрізді

DrawObject16

DrawObject17 75%

БDrawObject18 үйрек астаушасы

DrawObject20 DrawObject19 Құрсақ қуысында

БDrawObject22 DrawObject21 үйрек денешігі

DrawObject25 DrawObject24 DrawObject23 Қоңырқай түсті

1 – 2 бел омыртқасы

Сыртқы қыртысы

Ішкі бозғұлт

Сыртқы май қабат



Қысымын реттейді

DrawObject27 DrawObject26

СDrawObject29 DrawObject28 у мен тұздың

МDrawObject31 DrawObject30 өлшерін реттейді сүзгіштік

Зәр түзіледі

Тұрақтылықты сақтайды


IV. Зәрдің түзілуі мен шығарылуы

ІDrawObject32 DrawObject34 DrawObject33 І кезең Кері сіңіру І кезең фильтрация

DrawObject35

ТDrawObject36 әулік ішінде шығарылады Тәулігіне 1700-

DrawObject37 1800 қан ағып кетеді

DrawObject38 1,5л

Бірыңғай салалы бұлшық ет


(Оқушылармен осы тірек – сызбаларды басшылыққа алып, толықтырып айтады.)




IV. Қорытынды

Мұғалім тақырыпты қорытындылап, өз ойын оқушы ойымен ұштастырады.


Ойын «Кім жылдам?»


Соңғы керексіз қалдық, нәжіс пен зәр бөлініп сыртқа шығады.

Бүйректің жұмысы қалыпты жағдайда болу үшін не істеу керек?

Бүйректің жұмысы қандай жолмен реттеледі?

Бүйрек қайда орналасқан?

Ересек адамның бүйрегінде әр минут сайын түзілетін қанның мөлшері?

Бүйрек пішіні

Зәрдің пайда болу механизмі

І – реттік зәрдің пайда болуы

ІІ – реттік зәрдің пайда болуы

Нефрон деген не?


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.01.2019
646
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі