Материалдар / Зат есiм.

Зат есiм.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: Зат есiм. Сабақтың мақсаты: А)Білімділік: Сөз таптары және зат есiм туралы жан – жақты түсінік беру, оқушылардың білімділік дағдысын қалыптастыру. Ә) Дамытушылық: Оқушылардың ақыл – ойын, байқағыштық қасиеттерін, сөздік қорын дамыту. Б) Тәрбиелік: Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа және тіл өнерін құрметтеуге тәрбиелеу
Авторы:
05 Желтоқсан 2023
282
8 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Зат есiм.

Сабақтың мақсаты: А)Білімділік: Сөз таптары және зат есiм туралы жан – жақты түсінік беру, оқушылардың білімділік дағдысын қалыптастыру.

Ә) Дамытушылық: Оқушылардың ақыл – ойын, байқағыштық қасиеттерін, сөздік қорын дамыту.

Б) Тәрбиелік: Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа және тіл өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта.

Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, мәтін құрастыру, мақал – мәтелдер, ойын түрлері.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, дүниетану, өзбек тілі, орыс тілі, математика

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу.

2. Әнұран.

3. Оқушыларды түгелдеу.

4. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.


Біздің ұранымыз: «Білімді мыңды, білекті бірді жығар».

Алдымен сыныпты 2 топқа бөлемін.

1 – топ: «Барыс» тобы.

2 – топ: «Қыран» тобы.

Топ басшыларын сайлау. Бағалау парақтарын беру.

Сабақ “Ашық журнал” сабағы деп аталады. Журналдың әр парағында тақырыптар берілген.


І. «Қайталау – білім анасы»

  1. Қазақ тілінде қанша дыбыс, қанша әріп бар?

  2. Қазақ тілінде қанша дауыссыз дыбыс бар, олар қаншаға бөлінеді?

  3. Сөйлем мүшелерi қанша түрге бөлiнедi? Атап көрсетiңiз.

  4. Тұрлаулы сөйлем мүшелерiн атаңыз.

  5. Қос сөздерге мысал келтiрiңiз.

  6. Бiрiккен сөз дегенiмiз не?

  7. Қазақ халқының атақты палуаны кiм?

  8. Қысқарған сөздер дегенiмiз не? Мысал келтiрiңiз.

  9. Қосымшаның қанша түрi бар? Атап көрсетiңiз.

10.Қазақ тілінде қанша септік бар?

11. Көп мағыналы сөздерге мысал келтiрiңiз.

12. Қазақ халқының тұңғыш ғарышкерiн атаңыз.


ІІ. “Жаңа сабақ құпиясы”

Математикалық есептiң жауабын шығару арқылы,

жаңа сабақтың тақырыбын ашу



2

3

4

5

6

7

8

9

2









3


З







4



С



Е



5




А





6







I


7





Т




8









9

М








Мінекей, математикалық есепті шығару арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылды. Яғни, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы- Зат есім.


Морфология - ( грек. «түр») – сөз құрамын зерттейтін, тілдегі сөздердің формаларын, сөзге қатысты грамматикалық мағыналарды тексеретін сала. Тілдегі сөздердің өзгеруі, түрленуі туралы тіл білімінің саласы. Морфология сөз таптарында қарастырады. Өздерің төмендегі суреттен көріп отырғандай қазақ тілінде сөз таптары 9-ға бөлінеді. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбындағы зат есімде осы сөз таптарының бір түріне жатады екен.


Ал, енді зат есімнің анықтамасына көңіл бөлейік. Оны балалар төмендегі схемадан көреміз. Зейін салып жақсылап тыңдап отырыңдар.





Shape1

Дара зат есiм

Құрамына қарай

Күрделi зат есiм

Кемiнде екi сөзден тұрады.

Мысалы: кемпiрқосақ, ата-ана, ҚазМҰУ

Бiр ғана түбiрден тұрады. Мысалы: от, ара, қант, оқушы

Заттардың iшiндегi бiр түрiнiң өзiне ғана қойылған аты.

Мысалы: Астана, Ақтөс.

Бiркелкi заттардың жалпы атауы кiсi, адам т.б.

Жалқы есiм

Жалпы есiм

Заттың атын бiлдiрiп, кiм? не? деген сұраққа жауап бередi.

Зат есiм






















ІІІ. кезең “Кітап – досың, ақылшың” (оқулықпен жұмыс)

1. Дәптермен жұмыс. “Тапқыр болсаң”

1-топ

209-жаттығу

1. Берiлген зат есiмнен сөйлем құра.

Сиыр, жылқы, құстар.

2. “Талдау табыс кiлтi” сиыр, құстар сөзiне дыбыстық талдау жаса.


2-топ

1. Көп нүктенiң орнына зат есiмдi қойып, жаз.


  1. . . . . бұтаққа қонды. (Сауысқан)

  2. . . . . гүлге су құйды. (Қыз)

  3. . . . . кітап оқыды. (Оқушы)


2. “Талдау табыс кiлтi” Берiлген сөйлемдерге синтаксистiк талдау жаса.


2. Тiл дамыту.

Қыс келбетi” өлеңiн мәнерлеп оқу.


Осы өлеңнің ішінен зат есімді табу.


  1. Сөздiкпен жұмыс.

сөз таптары – суз туркумлари

ежелгi – қадимий

ғалым – олим

бұлт – булут


ІV. «Білім – таусылмас кен». “Ғажайып жетi” ойыны


1 – “Қазақ әдебиетi” Қазақтың ұлы ақынын атаңыз? (Абай)

2 – “Дүниетану” Мысық тектес аң? (Қаблан)

3 – “Өзбек әдебиетi” Өзбек тілінің ағартушысын атаңыз. (Ә.Науаи)

4 – “Кино әлемi” Кинодан үзiндi. (Менiң атым Қожа)

5 – “Тарих” Отырар қаласының ежелгi атауы? (Фараб)

6 – “Орыс тiлi” Что такое имя существительное? ( Обозначает предмет отвечает на вопросы кто? что?)

7 – “Сыйлық”

V. “Асыл тастан шығады, өнер жастан шығады”

Мульттоптамадағы көріністерден зат есiмдерді атаңыз.


VI. “Сергіту сәті” мақалдарды жалғастыр.

І-топ

1 . . . . . – елдiң көркi, (Қыз)

. . . . . – жердiң көркi. (Гүл)


2 . . . . . азбайды, (Ақыл)

. . . . . тозбайды. (Бiлiм)

ІІ-топ

1 . . . . . бiрдi жығар, (Бiлектi)

. . . . . мыңды жығар. (Бiлiмдi)


2 . . . . . жерге нәр бередi, (Адам)

. . . . . адамға нан бередi. (Жер)


VІІ. “Білімінді байқап көр” Сабақты қорыту.

Топтастыру стратегиясы



Үйге тапсырма.


208 – жаттығу. Зат есiмдердi құрамына қарай талда.



Оқушыларды бағалау.


Топ басшыларының ұпайларын жинақтап, бағалаймын.



Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі