"Зат есім" қазақ тілі 3-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Зат есім" қазақ тілі 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: зат есім туралы түсінігін кеңейту; зат есім болатын сөздерді мағынасы, грамматикалық белгісіне қарай талдату; сөздерді белгісіне қарай топтау арқылы оқушыларды ойлау жұмысына бейімдеу. Сабақта қолданылатын әдістер: топтастыру, Венн диаграммасы. Қығушылықты ояту
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы: Зат есім


Сабақтың мақсаты: зат есім туралы түсінігін кеңейту; зат есім болатын сөздерді мағынасы, грамматикалық белгісіне қарай талдату; сөздерді белгісіне қарай топтау арқылы оқушыларды ойлау жұмысына бейімдеу.


Сабақта қолданылатын әдістер: топтастыру, Венн диаграммасы.

Қығушылықты ояту

Сөз таптарының бірі - зат есімге арналған бірінші сабағында мұғалім оқушыларға зат есім туралы бұрынғы оқығанын еске түсіре отырып, енді сол сөздердің сөйлемге қатысты басқа да формалары бар екенін айтуы керек. Біріншіден, оқушылар бұл тақырып бұрынғы оқығандарының жалғасы екенін біледі, екіншіден, келесіде өтетін тақырыптың мәні мен мақсатымен танысып, сабаққа ынталанады.

Оқушылар топтарға бөлінеді.

Зат есімдердің мағыналары кең, өте бай болып келетінін аңғарту үшін мынадай тапсырма беріледі:

Тақтаға әртүрлі ұғымды білдіретін зат есімдер жазылады. Мысалы, құрылысшы, сәби, кітап, үй, жаңбыр, найзағай, қой, торғай, қияр, жолжелкен, т.б.

Әр топ өзіне берілген тапсырма бойынша зат есімдерді топтастырады. Оқулықтар тақтаға жазылған зат есімдерді қолдануына, сондай-ақ өздері де қосуына болады.

1 – топ




















Мағынаны тану кезеңі

1-жаттығудағы сөзжұмбақты шеше отырып, оқушылар зат есім туралы бұрынғы алған білімін еске түсіреді, зат есімге сұрақ қояды, зат есімнің ережесін қайталайды.

2-жаттығуда берілген мәтіннің мазмұны талданғаннан кейін, оқушылар мәтінді зат есімдерсіз оқып көреді. Содан кейін сөйлем ішінде ең көп кездесетін сөз табы - зат есім екендігі, ол сөздерсіз сөйлемнің мағынасыз болатыны тура-лы қорытынды жасайды.

3-жаттығу бойынша сөздер тобын толықтыру арқылы зат есімнің нақты заттардың атауы екенін ұғынады. Сонымен бірге, белгілі бір ұғым, құбылыстардың атауы болатынына да назар аудару керек.

4- жаттыру кім? не? сұрақтарын дұрыс қоя білуге үйретеді.

5- жаттығу арқылы зат есімнің қандай сөйлем мүшесі болып тұрғанын анықтайды. Бастауыштан кейін қай кезде сызықша келетінін естеріне түсіреді.

Ой толғаныс

«Қазақ тіліндегі зат есімдердің маңызы» деген тақырыпта өз ойын жазуға болады. Тақырыпты мұғалім өз қалауынша өзгерте алады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.08.2018
678
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі