Заттар және олардың қасиеттері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Заттар және олардың қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар: судың қажеттіліктерін атау. Көптеген оқушылар: судың табиғи көздерін атау, судың физикалық қасиеттерін анықтау. Кейбір оқушылар: судың табиғи көздерін анықтау, судың физикалық қасиеттеріне тәжірибе жүргізу, түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану 2 сынып


Ортақ тақырып

Бөлім

Бөлімше

Сабақ тақырыбы


Туған өлкем

Заттар және олардың қасиеттері

Су

Су. Ол қандай екен?


Құрастырған:

Себепова Меруерт Зекеновна


Сынып 1

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу бағдарламасына

сілтеме)

2.3.3.1 - судың физикалық қасиеттерін анықтау (дәмсіз, иіссіз, белгілі бір формасының болмауы, аққыштығы);
2.3.3.3 -судың табиғи көздерін анықтау.




Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: судың қажеттіліктерін атау.


Көптеген оқушылар: судың табиғи көздерін атау, судың физикалық қасиеттерін анықтау.


Кейбір оқушылар: судың табиғи көздерін анықтау, судың физикалық қасиеттеріне тәжірибе жүргізу, түсіндіру.



Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Білу және түсіну, қолдану



Бағалау критерийлер

- судың қажеттіліктерін атайды;

-судың физикалық қасиеттерін анықтайды;

-судың табиғи көздерін анықтайды;


Тілдік мақсат


Оқушылар: судың қасиеттерін ауызша сипаттайды. Өз өлкесінің су қоймаларын атайды.

Пән лексикасы мен терминология:

қасиеттер: дәм, иіс, пішін, аққыштық

су қоймалары: өзен, көл, бұлақ, құдық, теңіз.

Талқылауға арналған сүрақтар:

Неліктен судың дәмі мен иісі болмайды?

Неліктен судың тұрақты пішіні жоқ.


Құндылықтарды дарыту

Еңбек пен шығармашылық, ынтымақтастық, ашықтық, өмір бойы оқу, туған өлкенің табиғатын аялау.


Пәнаралық байланыстар

дүниетану/ судың табиғи көздері/, әдебиеттік оқу/ жұмбақ /, көркем еңбек / шарларды жапсыру/.


АКТ қолдану дағдылары

Табиғаттағы су көздері слайд.

Жаңбыр тамшысы туралы бейнекөрініс.


Бастапқы білім


Оқушылар судың маңызын біледі.



Жоспар



Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы



Ұйымдастыру кезеңі:

-Балалар, сабағымызды Ыбырай Алтынсариннің

«Кел. Балалар, оқылық» өлеңімен бастайық.

Оқушыларды жасырын саралау арқылы ресурстар тарата отырып, деңгейлеп /жоғары, төмен , орта/ топқа бөлдім.

«Бұлақ»

«Өзен»

«Көл»

-«Ой қозғау » тәсілі бойынша сабақтың тақырыбын ашу мақсатында жұмбақ жасырдым.

Жұмбақ

Дәмі жоқ , түсі жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ. /Су/

Оқушыларды сабақтың мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстырып өтемін.


Сабақтың мақсатын анықтау:

-судың қасиеттерін анықтауды үйренеміз.

-судың табиғи көздерімен танысамыз.



Су көздері /өзен көл,бұлақ/

суреттері



Сабақтың ортасы




































































1-тапсырма . (Топтық жұмыс)


Тыңдалым, айтылым, оқылым , жазылым дағдылары.

«Кластер құру» әдісі. Су туралы не білеміз?


Белсенді оқытудың «Нұсқау беру және айту» тәсілі.


Саралаудың «Қарқын» тәсілі.


Ынталандырушы бағалау : «Үш шапалақ» тәсілі.


Қалыптастырушы бағалау:

Шардың бөліктерін тапсырманы орындағандарына қарай түрлі бояумен бояп отыру.


Бағалау критерийі


Дескриптор

-судың қажеттіліктерін атайды.



-судың пайдасын айтады;

-топта талқылайды.



2-тапсырма . (Ұжымдық жұмыс)

«Ойлан, жұптас, бірік!» тәсілі.

Тыңдалым және айтылым дағдылары.

Судың қасиеттерін қарапайым тәжірибе жасау арқылы анықта.


Белсенді оқудың « Зерттеу және зерделеу» тәсілі.


Саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі,


Оқушыларға түрлі пішіндегі шұңғыл ыдыстар, стакандар, қасық , сызғыш т.б тәжірибеге қажетті заттарды ұсынамын.


1 -тәжірибе. Әртүрлі ыдыстарға су толтыр. Судың пішіні қандай? /пішіні жоқ/

2 - тәжірибе. Стакандағы таза суды иіске және дәмін татып көр.Енді стаканға қант салып араластыр. Дәмін татып көр.

Судың дәмі , иісі туралы не айта аласың? /су дәмсіз, иіссіз/

3- тәжірибе. Стаканға таза су құй. Оның түсі қандай?

Стақанға қасық, сызғыш сияқты заттарды салып көр. Олар анық көріне ме?

Демек судың түсі қандай? / түссіз, мөлдір/

4- тәжірибе. Алақаныңа суды толтырып ал. Алақандағы суды ұстап түру мүмкін бе ?

Бұл судың қандай қасиетін білдіреді?/ аққыш/


Қорытынды шығару: судың қандай қасиеттерін анықтадық? /түссіз, иісі мен дәмі жоқ, тұрақты пішіні болмайды/.



Ынталандырушы бағалау : «Үш шапалақ» тәсілі.


Қалыптастырушы бағалау: Шардың бөліктерін тапсырманы орындағандарына қарай түрлі бояумен бояп отыру.





Бағалау критерийі


Дескриптор


- судың физикалық қасиеттерін анықтайды.


-судың пішіндерін анықтайды;

-судың дәмі мен иісін анықтайды;

-судың түсін анықтайды

-судың аққыштығын анықтайды


Ширату жаттығуы

Сағаттың тіліндей,  иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей, иіліп солға бір.

Оң аяқ, сол аяқ.

Жаттығу оңай ақ


3-тапсырм . (Жұптық жұмыс)

(Тыңдалым , айтылым, оқылым ,жазылым )

«Дұрысын таңда» әдісі.

Белсенді оқудың «Түсіндіру және сипаттау» тәсілі.


Саралаудың «Тапсырма» тәсілі.


-Өздерің тұратын жерде қандай су қоймалары бар?

1 -топ. Суретке мұқият қара. Су көздерінің атауларын жаз.

2 -топ. Сурет арқылы таза ауыз суын қай табиғи көзден аламыз? Атауларын қоршап сыз.


3- топ. Таза суды сипаттайтын сөздерді белгіле.


Ынталандырушы бағалау : «Үш шапалақ» тәсілі.


Қалыптастырушы бағалау: Шардың бөліктерін тапсырманы орындағандарына қарай түрлі бояумен бояп отыру.




Қорытынды шығару: «Кір жайғыш» әдісі арқылы зерттеген судың қасиеттерін, табиғи су көздерін , жалпы бүгінгі сабақтан не үйренгендерін іліп қояды.




Бағалау критерийі

Дескриптор

- судың табиғи көздерін анықтайды



-суреттер арқылы су көздерінің атауын жазады;

-суреттер бойынша таза су көздерін анықтайды;

-таза суды сипаттайтын сөздерді айтып береді.



кластер



















«Үш шапалақ»


















Стакандар, әр түрлі пішіндегі ыдыстар, қасық.






































«Үш шапалақ» тәсілі





















Өзен ,көл, құдық, бұлақ суреттері




























«Үш шапалақ» тәсілі




Сабақтың соңы



Кері байланыс. Шарды бояғандарына қарай тапсырманы қаншалықты орындап шыққандарын

тексеріп шығып, сабаққа кері байланыс жасатамын.



Бағалау критерийлері

Дескрипторлар


-судың қажеттіліктерін айтады

-судың пайдасы туралы жазады;


-топта талқылайды;


- судың физикалық қасиеттерін анықтайды.



-судың пішіндерін анықтауға тәжірибе жасайды;


-судың дәмі мен иісін анықтауға тәжірибе жасайды;


-судың түсін анықтауға тәжірибе жасайды;


судың аққыштығын анықтауға тәжірибе жасайды;


- судың табиғи көздерін анықтайды

-суреттер арқылы су көздерін атап жазады;


-суреттер бойынша таза су көздерін анықтайды;


-таза суды сипаттайтын сөздерді айтады..




Қосымша ақпараттар

  • -суреттер арқылы су көздерін атап жазады;

Саралау – оқушыларға қалай

көбірек қолдау көрсетуді

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары

оқушыларға қандай міндет қоюды

жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың

материалды меңгеру деңгейін

қалай тексеруді жоспарлайсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы


Оқытуды саралау дегеніміз: Оқушылардың қажеттіліктері мен қабілеттеріне сәйкес әртүрлі оқу ортасын құру;

Жағымды аспетілері:

Қоғамдық нормаларға бейімделе алмайтын қиын балалармен тиімді жұмыс істеуге және мықты оқушылардың тереңінен білім алуға деген ынтасын жандандырады.

Мен сабақты ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды ресурстар таратып «Жасырын» саралау арқылы үш топқа бөліп алдым.

Жоғары деңгейлі оқушыларға- көлдің суретін,

орта деңгейлі оқушыларға – өзеннің суретін , төмен деңгейдегі балаларға- бұлақтың суретін өзім таратып беру арқылы топарға бөліп алдым.

Жасырын саралау әдісін оқушыларды топтарға бөлуде қолданғандағы мақсатым – сыныбымдағы әр оқушының білім деңгейін мен тек өзім ғана іштей білемін. Сол себепті оқушыларға жария етпей жасырын түрде әртүрлі суреттермен деңгейлеп бөлуді ұйғардым.

Судың қажеттіліктерін анықтауға арналған 1- тапсырма- да «Кластер құру » әдісі кезінде саралаудың көзге көрінб ейтін «Қарқын» әдісі жүзеге асты.Себебі кейбір оқушылар басқаларға қарағанда тапсырманы жылдам орындады. Баяу оқушыларға қосымша уақыт бөлдім.

Судың қасиеттерін

тәжірибе жасау арқылы анықтауға арналған 2- тапсырмада саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілін пайдаландым.

Мақсатым: оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру маңызды болды.

Жұппен орындауға арналған «Дұрысын таңда» әдісімен орындалатын 3- тапсырманы орындау кезінде саралаудың «Тапсырма» тәсілін жүзеге асырдым.

Мақсатым: деңгейлік тапсырма бере отырып білім деңгейі әртүрлі оқушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету.


Критерийалды бағалау дегеніміз- оқушының нақты алған білімімен күтілетін нәтижені сәйкестендіру үдерісі. Критериалды бағалау сабағымның әрбір кезеңдерінде мүғалім мен оқушылар арасында үздіксіз жүріп отырды. Әрбір критерийді орындауда түрлі тапсырмалар құрастырдым. Әр тапсырманың соңында қалыптастырушы бағалау мен ынталандырушы бағалауды қатар жүргізіп отырдым .

Қалыптастырушы бағалаудың құралы ретінде – барлық тапсырмаларымда шарларды бояп отыруды ұсындым.

Жасыл түс –тапсырманы толық орындадым.

Сары түс –жартылай орындадым.

Қызыл түс - түк түсінбедім дегенді білдіреді.

Мақсатым:

Оқушылар тапсырмадағы дискрипторлардың әрбір қадамын дұрыс орындаған сайын шардың біреуін бояп отырады. Сол арқылы өзін –өзі бағалап отырады.

Оқушылардың ішкі уәжі мен мативациясын көтеру мақсатында

ынталандырушы бағалау құралы ретінде «Үш шапалақ» тәсілін қолданып отырдым.


Сабақ соңында шарлардың

түстеріне қарай және «Кір жайғыш» әдісі бойынша

оқушылар сабаққа кері байланыс жасады.

Мақсатым: «Кір жайғыш» әдісі арқылы сабақтан алған білімдерін көз алдарына іліп қойып жинақтау және шарларды бояу арқылы білім баспалдағының қай сатысында тұрғанын анықтайды.





-партада дұрыс отыру

- көзге , қолға арналған жаттығулар жасау

-ширату жаттығуларын жүргізу.



Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Сабақтың оқу мақсаты жаңартылған білім беру мазмұнына сай құрылған .Оқушылар бүгінгі сабақтан судың әртүрлі қасиеттерін тәжірибе жасау арқылы сынап көрді.табиғи су көздерінің атауларын жазып. Оларды таза ауыз су көздерінен ажыратуды үйренді.сабақтың әр кезеңінде оқушылардың деңгейлеріне қарай саралау жұмыстарын үздіксіз жүргізіп отырдым. Уақытты тиімді пайдалана алдым. Мен өз жоспарыма оқушының ішкі уәжі мен ынтасын ояту мақсатында қалыптастырушы бағалаудың түрлерін енгіздім.






































































































































































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.06.2018
1165
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі