Материалдар / ЗЕЙІНДІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЗЕЙІНДІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушының қызығушылығын қарым-қатынас деңгейін, жаңа ортаға бейімделуін, ішкі энергиясын, лидерлік қабілетін анықтауды қамтамасыз етеді және де оқушы туралы жалпы мағлұмат алуға мүмкіндік береді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қазан 2018
11381
24 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЗЕЙІНДІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР

«Зейін» деп психикалық әрекеттердің айналадағы заттар және құбылыстарға бет алып, бағытталып түйдектелуін айтады. Зейін бізге сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын анығырақ және ашығырақ сәулелендіру үшінпсихикалық әрекетіміздің оларға бет алып жинақталуымыз үшін қажет.

Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылап, толығырақ, ашығырақ қабылдауға болмас еді. Адамның күнделікті тұрмысында да, еңбекте де зейін үлкен орын алады. Зейін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан жүйке процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады. Б.Г.Ананьевтің зерттеулері бойынша зейін көлемінің ең жоғары деңгейі 33 жаста, ал төменділігі 19-21 жаста, ауысуы 24 жаста болғаны байқалады, тұрақтылығы 34 жаста деп тұжырымдады. Сонымен бір нәрсеге зейін аудару адамның сыртқы кейіпінен де (дененің, бастың, көздің, түрлі қозғалыстары, бет бұру, үңілу, құлақ тігу , т.б.) жақсы көрінеді. Түрлі тәсілдер арқылы оқушы зейінін арттыру мектептегі барша мұғалімнің ат салысатын негізгі педагогикалық істерінің бірі. Іске шын мәнісінде зейін қойып кіріскенде ғана әрекеттінәтижелі етіп орындауға болатындығы мұғалім үшін аксиомалық қағида болуы қажет.

Зейінді дамытуға арналған жаттығудың мақсаты: Оқушының қызығушылығын қарым-қатынас деңгейін, жаңа ортаға бейімделуін, ішкі энергиясын, лидерлік қабілетін анықтауды қамтамасыз етеді және де оқушы туралы жалпы мағлұмат алуға мүмкіндік береді.

Көрнекіліктері: қалам, А4 парағы, үнтаспа, слайдтар.

І. Ұйымдастыру кезеңі сабаққа психологиялық дайындық:Оқушылар шаттық шеңберіне жиналып, жылы шырайменсәлемдесіп, мына өлең жолдарын бәрі біргелікті айтады.

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толы жанымыз жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

ІІ. Сабақ барысы

1)Көру зейінін дамыту: Фигураларды есте сақтау

Шарты: Шағын өлшемдегі әртүрлі фигурлар тақтаға салынып беті жабылып қойылады. Балалар дәптерлері мен қаламсаптарын дайындайды.

Жүргізілуі: Мен қазір фигураларды тақтаға саламын. 1,2,3, деп санап мен сендерге тақтадағы фигураларды көрсетемін. Мен беске дейін санап бұл фигураларды қайта жауып қоямын. Сіздердің міндеттеріңіз – фигураларға зейін салып қарап есте сақтау.

2)Дыбыстық жаттығу

Мақсаты: Дыбыстық гимнастикамен таныстыру, рух пен дененің тынығуы.

Дыбыстық жаттығуды бастамас бұрын, өзімізді бірқалыпты, жайлы сезінеміз, тік тұрамыз, арқамызды тік ұстаймыз. Алдымен мұрнымызбен терең дем аламыз, ал дем шығарғанда дыбысты қатты, әрі қуатты етіп шығарамыз.

Келесі дыбыстарды «әндетіп» айтамыз:

«А» — барлық ағзаға жайлы әсер береді;

«Е» — қалқанша безге әсер етеді;

«И» — миға, көзге, мұрынға, құлаққа әсер етеді;

«О» — жүрекке өкпеге әсер етеді;

«У» — асқазан маңындағы ағзаларға әсер етеді;

«Я» — барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;

«М» — барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;

«Х» — көңіл-күйді көтеруге әсер етеді.

 

3)«Ауа, жер, су» жаттығуы

Нұсқау: жеткіншек қолындағы допты кез-келген қатысушыға лақтырып, «СУ,ЖЕР, АУА» стихияларының бірін айтады. Допты қағып алған қатысушы аталған стихияда тіршілік ететін жануарды атап, допты келесі қатысушыға басқа стихияны атап лақтырады.

Ескерту: жануарлар қайталанбауы тиіс.

4)«Корректуралық байқау»

Мақсаты: Жазылған әріптер мен сандарға талдау жасауға үйрету және ішінен керегін таба білуге үйрету арқылы зейіннің тұрақтылығын және концетрациясын дамыту.

Нұсқау:  Қағаздағы әріптер мен сандардың жиынтығына мұқият назар аударайық. Сендердің тапсырмаларың-әріптер мен сандардың жиынтығын мұқият,әрі шапшаң қарап отырып оның ішінен «а» әріпі мен «2» санын сызып шығыңыздар

8 а б в г д 4 ж з е 2 а т у н о л 9 с т у ф ғ ы ю а т о 2 я 3 с 2 и о м 6 а б в г д 2 у м л и к а л 2 м р т 4 с н ж с т 2 а 5 и 6 м н 2 с э е т у о 2 л с у а х ғ ы я 0 л а 5 е п и а б 6 р ы 2 р о 8 л б а 7 г л п а 5 ж р 8 н г ы 2 з щ

5)«Алақан шапалақтау»

Мақсаты: Бала зейінін тез аударуға қабілеттілігін және тез бөлінгіштігін дамыту.

Нұсқау:  «Мен қазір сіздерге әртүрлі сөздер оқимын, ал сіздер осылардың ішіндегі тірі табиғатты бейнелейтін сөздерді оқығанда алақандарыңды шапалақтап отыруларыңыз сұралады.» (топпен)

6)«Рұқсат етілмейтін түстер»

Нұсқау:  «Алдымен мені мұқият тыңдыңыздар! Қазір мен сіздерге сұрақтар қоямын, ал сіздер жауаптарын баған бойына тез жазып отырасыздар, және де бұл ойынның барысында мына 2 ережені есте сақтауымыз керек:

  • Ойын барысында ақ және көгілдір түсті айтуға рұқсат етілмейді.

  • Бір түсті екінші рет қайталауға болмайды.

Сонымен ойын шартына түсінсек ойынымызды бастайық

1.Шөптің түсі қандай?

2.Аспанның түсі қандай?

3.Күнбағыстың түсі

4.Түймедақтың (ромашка)

5.Күзде жапырақтың

6.Құрбақаның түсі

7.Қардың түсі

8.Теңіздің түсі

9.Күннің түсі

7)«Рұқсат етілмейтін қимыл»

Мақсаты: Баланың зейінінің тұрақтылығын дамыту

Нұсқау:  «Балалар,қане бәріміз түзу тұрып маған назар аударыңыздар. Қазір мен қолыммен түрлі қимылдар жасаймын. Ал сіздер осы қимылдарды мұқият қарап отырып,менің артымнан қайталап отырыңыздар. Бірақ мына шартты ұмытпаңыздар; қолыңызды төмен түсіруге болмайды. Мен қолымды төмен түсіргенде,сендер жоғары көтеріңіздер. Кім қателесіп менімен бірге қолын төмен түсіріп қойса,сол ойыннан шығады.» (топпен)

8)«Көзбен сана»

Мақсаты: Белсенді зейінді,оның шоғырлануын қалыптастыру

Нұсқау:  «Алдарыңыздағы суретке мұқият, зейіндеріңізді салып қараңыздар.Бұл суретте дөңгелектер мен қосу таңбасының суреттері бейнеленген. Ал енді мұқият болыңыздар? Саусақтың немесе карандаштың көмегінсіз әр қатардағы қосу таңбасы мен дөңгелектің санын,содан соң қосу таңбасының санын есептеп шығып, жанына жаз»

++ 0 0 + 0 +++ 00 + 0 +

0 + + 000 + 0 + 00 ++

+ 0 + 0 ++ 0 + 00 + 00 + 0

+ + + 0 + 0000 + + 0 +

+ 0 + 00 ++ 0 + 00 + 0

+ 00 + + 00 + 00 + + +

000 + 0 + 0 + + 000

+ 0 + + 0 + + 0 + 00 ++

9)«Сурет сал»

Мақсаты: Ырықты зейінді қалыптастыру

Нұсқау:  «Алдымен балаға қағаз бен түрлі-түсті карандаштар береміз. 10 үшбұрыштың суретін бір қатарға салғызамыз да, балаға мынадай тапсырма береміз. Алдымен берілген тапсырманы мұқият тыңдап ал. Мына суреттегі 3-ші 6-шы және 9-шы үшбұрыштарды қызыл бояумен боя, 2-ші және 5-ші үшбұрыштарды жасыл түспен боя, ал 4-ші және 8-ші үшбұрышты көк түспен боя, ал енді осы айтылған бойынша үшбұрыштарды бояуға кірісейік»

10)«Іздеп тап»

Мақсаты: Зейінділік пен байқампаздықты жаттықтыру

Нұсқау:  «Үш үлестірме қағазда әртүрлі суреттер салынған. Суретте салынған заттардың саны бірдей болғанымен, басқа суретте кейбір заттар жоқ, ал бір заттар екі суретте де салынған. Ол қандай заттар? Міне, осы заттарды тап

11)ҒАЖАЙЫПТЫҢ СИҚЫРЛЫ ОРМАНЫ

Мақсаты: Эмпатия сезімін дамыту.

Нұсқау: Қазір біз түрлі ғажайыптар болатын ғажайып орманға айналамыз, онда әрқашан да жақсы және жағымды. Ұстаным бойынша 2 топқа бөлінеміз:

«Орман» — «Бау» деген 2 қатарға тұрамыз. Біздің қолдарымыз бұтақтар, бұл бұтақтар орманнан өткен адамның басынан, қолынан, арқасынан сипап аялайды. Ал енді әрқайсысыңыз осы ғажайып орманнан өтіңіздер.

Талдау сұрақтары:

1.Орманнан өткенде қандай сезіндіңіз, топ қатысушылары сізге әсер етті ме?

2.Ағаш болған кездегі, сіздің сезіміңіз?

3.Жаттығуға дейінгі және кейінгі жағдайыңызды айтып беріңізші?































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!