Материалдар / Зерттеу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Зерттеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Дейгей курсын оқыған мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
320
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Зерттеу тақырыбы:



Математика сабағында әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар оқушылардың өздігінен білім алуына көмектесе ала ма?



Мақсаты:

Математика пәнінен әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар

арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыс істей отырып, белсенділігін арттыру.




Міндеттері:

- Оқушылардың ойлау жылдамдығын арттыру;

- Оқушыларды шапшаң қимылдауға, ұжыммен жұмыла

бірлесе жұмыс істеуге баулу.

- Қарастырып отырған есептерге талдау жасай білу,

қорытындылар жасауға, оқу қызметін өздігінен бақылау

жасау машығын дамытуға жағдай жасау, сабаққа

белсенділігін, қызығушылығын арттыру;




Мен Байзақ ауданы Аймантөбе ауылы Берікқара орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеймін. Осы аталған білім мекемесіндегі еңбек өтілім 9 жыл. Бұл білім саласында 6-8 сыныптар аралығында дәріс беремін. Мен зерттеу жұмысын жүргізу үшін 6 сыныпты таңдап алдым. Себебі, бұл сыныпқа 5 сыныптан бастап дәріс беремін. Зерттеу жүргізбес бұрын мен бұл сыныптың сынып жетекшісімен әңгімелестім. Сол сыныптың әлеуметтік, психологиялық, тұрмыстық жағдайлары туралы ақпарат жинап, оқушылардын және ата-аналардан сауалнама алдым. Ата-аналардан сауалнама алған себебім, балаларының сабағына қаншалықты көңіл бөлетінін білгім келді. Ал оқушылардан алғандағы мақсатым, қиын тапсырма орындағанда саған кім көмектеседі? және тапсырма бергенде қалай жұмыс жасағанды ұнатасың? (топпен, жұппен, жеке).

Сауалнама жүргізген кездегі ата-ананың 14%-ы ғана балаларының сабағына көңіл бөлетіндігі, 40%-ы анда-санда, ал 44%-ы мүлдем көңіл бөлмейтіндігі анықталды.

Сыныпта 18 оқушы оқиды. Олардың 8 ұл бала, 10 қыз бала. Сыныптағы оқушылардың білім деңгейлері әртүрлі. Үздік оқушыларым: Бейсен Диана, Кеңес Диас, Қошанова Феруза, Жұмажанова Аяжан. Жақсы оқитын оқушылар: Құттымұратова А, Ынтықбаев Б, Бейсен А, Шамшатов Е. Қалған оқушылардың оқу үлгерімі орташа.

Бұл сыныпты зерттеудегі менің мақсатым 11 сыныпқа дейін өзім дәріс беріп, осы курстан үйренген әдіс-тәсілдерімді (7 модуль) пайдаланып, білім сапасын жоғарылатқым келеді. Мен мына оқушыларымды зерттеуге алдым. Олар

Сатылған Ақерке, Мырзабаева Саламат, Есенов Абылай деген оқушыларым.

Мен бұл оқушылардың өздігінен жұмыс жасай отырып, оқуға деген қызығушылығы мен белсенділігін арттырғым келеді.

Мәселен Сатылған Ақерке деген оқушым математика сабағында ережелер мен анықтамаларды, формулаларды біледі, бірақ есеп шығарған кезде оларды қолдана алмайды. Ал Мырзабаева Саламат математика сабағына бар ынтасымен қатысады, есеп шығаруға келгенде қиналады. Есенов Абылай деген оқушым берілген есепті шығарады, көбінесе менің нұсқауым өзіне көңіл бөлгенді ұнатады. Ол сыныпта тынымсыз, қасындағы оқушыларға тапсырма берген кезде кедергі жасайды.

Бастапқы зерттеу кезінде менің іс-тәжірибемде оқушылармен көптеген қиындықтар туындады. 6-сыныпты топқа бөлу кезінде олар өз қалаулары бойынша отырғысы келді. Сыныптағы жақсы оқитын оқушылар бөлек топ құрғысы келді.

Олардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыру үшін «Ізгі тілек», «Есіміңді кім қойды?», «Әдепті ұрсу» деген түрлі тренингтер өткіздім. Мен оқушыларды әртүрлі топқа бөлу әдістерін пайдалана отырып, білім деңгейі төмен және білім деңгейі жоғары оқушыларды араластырып отырғыздым.

Бірінші күннен бастап оқушыларды топқа бөлген кезде оларға әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды бердім.

«Рационал сандарды көбейту мен бөлу» тақырыбын өткен кезде, топ мүшелері өз бетімен жұмыс жасауға тырысты, бірақ топтың ішіндегі Мырзабаева Саламат, Есенов Абылай деген оқушыларым тапсырмаға селсоқ қарап қызығушылық танытпады. Ал Сатылған Ақерке тапсырманы орындай алмай, жан-жағына қарап, мазасызданып, алаңдап өзге топтағы оқушылардан көмек күтті.

Бұл тапсырманың орындалу жолы: әр оқушы төмендегі есептерді шығарады, дұрыс жауаптарын табады, әр есептің жауабына сәйкес келетін әріпті реттлігі бойынша қойып шығады. Нәтижесінде «фламинго» деген құстың аты шығу керек.


1-тапсырма

Тапсырмалар

Жауабы

Сәйкес келетін

әріп

Деңгейі

Баллы

1

56:(-7)+3

-38,6

И

А

1

2

(12-28):(-4)*5

1

Н

В

2

3

0,75:(- )-8,4:(-2)

20

Л

С

3

4

(*) (- 4) = 36 жұлдызшаның орнындағы санды тап

-0,8

А

В

2

5

0,05 (-100)+(-11,2) 3

-5

Ф

В

2

6

(-0,1) 10 (-0,2) 5

6

О

А

1

7

Өрнекті ықшамдап, мәнін тап:

0,2 (а+6) -11, мұндағы а = -7

-9

М

В


2

8

-76,3 (х-6) = 0 теңдеуін шешіңдер.

-11,2

Г

С

3

ОShape1

ФЛАМИНГО

қушылар есепті дұрыс шығарса төмендегі сөз шығуы тиісті:




Есенов Абылай деген оқушым мен тапсырманың орындалу жолын түсіндіргеннен кейін, есепті шығармай-ақ «фламинго» деген сөздің шығатынын анықтап қойды. Мен бұл жерде оның логикалық ойлау қабілеті мен шапшаңдығын байқадым.

Ал Сатылған Ақерке тапсырманы орындай алмай, жан-жағына қарап, мазасызданып, алаңдап өзге топтағы оқушылардан көмек күтті.

Топтық бақылау кезінде менің байқағаным ол менің берген тапсырмамды орындау үшін қасындағы оқушы Құттымұратова Алтынайдан тапсырманың орындалу жолдарын сұрады. Алтынай тапсырманың орындалу жолдарын түсіндірді.

Алтынай: Егер сен мына есептерді орындау кезінде дұрыс жауабын тапсаң жасырын сөз шығады деп қызықтырды.

Ақерке мен Алтынай арасындағы еркіндік қарым-қатынас орнап, бір-бірінің білімін жетілдіруге көмектесті. Менің түсінгенім топтағы оқушыларға бірін-бірі оқытуға мүмкіндік беру керек екендігін анықтадым.

Выготскийдің айтуынша, жақын арадағы даму аймағы – оқушының өз бетінше шешкен міндеттердің көмегімен анықталған өзекті даму деңгейі мен үлкендердің басшылығымен және анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы анықталатыны туралы болжам жасаған. Выготскийдің түсінігінше адам өз бетімен игермесе немесе көрсете алмайтын болса, біреудің көмегімен үйренуге болатындығын зерттеген.



Түрлі деңгейдегі тапсырмаларды берудегі оқушылардың іс-әрекеті.


Сабақ барысында оқушылар өз бетімен жұмыс жасап, математикалық анықтаманы, оқу құралы тәрізді басқа да қосымша материалдарды қолдануда.


«Рационал сандарды қосу мен азайту» тақырыбын өткен кезде деңгейлік тапсырмалар тараттым. Бұл тапсырмаларды топқа берген кезде әр оқушы өз деңгейіне қарай есептерді бөліп алды. Мысалға Есенов Абылай деген оқушым А деңгейіндегі есепті таңдап алды. Ол Кеңес Диастан есептің шығару жолдарын сұрап, есепті арықарай өзі шығарды. Ол шығарған есепті тексергенімде жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырып дұрыс қосқанымен, таңбасын дұрыс қоймады. Мен Абылайдан таңбалар ережесін қайталап сұрадым, сонда ғана ол өзінің қателігін тауып түзеді.


2-тапсырма. А деңгейіндегі тапсырмалар.

2)

Ал А тобындағы екінші есепті ол ешкімнің көмегінсіз өзі қателеспей шығарды.


В деңгейіндегі есептер

1)

2)

С деңгейіндегі есептер

1)

2)

Ал В, С деңгейіндегі есептерді жақсы оқитын және үздік оқушылар таңдап алды. Ол есептерді шығару арқылы мен көшбасшылыққа бейім оқушыларды анықтадым. Олар Бейсен Диана, Жұмажанова Аяжан, Кеңес Диас.

Келесі «Тікбұрышты координаталар жазықтығы» тақырыбындағы сабақты өту барысында Сатылған Ақерке мен сөзжұмбақтың сұрағын қойған кезде еш ойланбастан бірнеше сұрақтарға жауап берді. Ол өзінің тобындағы оқушыларды өз жауабымен таңқалдырды. Осы кезде мен де өзім таңқалып, Ақеркені мадақтадым.


Сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.




















































































































Семантикалық карта

Шешімдері


Тапсырмалар


Деңгей

-7

6,3x-5,3

0,1+a-b

6

0,1+(а-b)


А





а-(5,6+а)-1,4


В





х+2(х+13)=44

В






5,3x+x-2,5+x-2,8-x

С







Жоғарыдағы деңгейлік тапсырмаларды бере отырып, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына, осындай әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар көмектесе алады. Бұл деңгейлік тапсырмалар математикадан алған білімдерін тереңдетіп, пысықтап, білік дағдыларын іздендіре отырып, сыни тұрғыдан ойлауын жетілдіреді. Әрбір оқушыны ұқыптылыққа, жылдамдыққа, өз бетінше тапсырманы орындауға, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттері мен логикалық ойлауын дамытады.

Қорыта келгенде Ұлы Абай атамыз айтқандай «Ісім өнсін десеңіз, ретін тап» демекші, бұл сөзден есеп шешуге шеберленем деген әр адам ең әуелі есеп шешудің ережелерін, әдіс-амалдарын және жаңа жолдарын жақсы білуі қажет екенін айқын аңғаруға болады.

Есеп шығаруға кіріскен кезде кім де болса “Неден бастау керек?” деп ойлағаны жөн. Бұл есеп шығарудағы ең маңызды мәселе. “Істің басталуы ғана қиын” – деп халық бекер айтпаған.












білімін тексеру.Карточканың сол жақ бетінде формула жазылған,ал оң жақ бетінде формуланың шашыраңқы түрі.Дұрыс формула алу үшін,оларды қосу керек.

Жауап кестесін толтырыңдар. Бірінші нұсқадан сіздер шифрмен жазылған сөз аласыз- ғалымның есімі,15 ғасырда «косинус» термині үшін «қосымша синус»,яғни доға жасайтын қосымша синус. «Sinus compltmtnty». Осы сөздердің орын ауыстыруымен қысқарту арқылы «косинус» сөзі жасалады.Екінші нұсқаға – 14 ғасырдағы ғалымынң есімі қайта ашқан Европа үшін тангенса и котангенс түсінігі.







Бөлшекті қысқартыңдар.


3) 4) ;


«Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» (топ лидерімен жұмыс)

Ойлан да тап!
























































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!